Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Крылов Иван Андреевич (1769-1844)



бет2/3
Дата24.02.2016
өлшемі0.57 Mb.
#14651
1   2   3

Крылов Иван Андреевич (1769-1844)


Жоспар:

  1. Өмірі мен қызметі

  2. Мысалдары

Орыс жазушысы, мысалшы,Петербург Ғылым Академиясының академигі (1841). «Почта духов» (1789) атты сатиралық журнал шығарған.Трагедия, комедия, опералық либретто жазған. 1809-1843 жылдары 200 –ден астам мысал жазған. Онда қоғамдық және адамдардың кемшіліктері сыналады. Гоголь оның мысалдарын «халық даналығының кітабы» деп атаған.

Мәскеуде 2 ақпанда кедей армия капитанының отбасында туған, әкесі шенін 13 жылдық солдаттық қызметтен соң алған. Крылов жөнді білім алмағанымен, үйінде өз бетімен білім алып, білімділердің қатарына қосылады.

Әкесі қайтыс болған соң 10 жастағы Крыловқа сотта қағаз жазушы болып жұмыс істеуге тура келеді.

ІІ Екатерина қайтыс болған соң князь Голицынның жеке хатшысы және оның балаларының мұғалімі болып жұмысқа орналасады.Голицынның үйіндегі театрда Крыловтың «Триумф» трагедиясы қойылды.Онда Павел І мен патша сарайы сынға алынады.1801 жылы «Пирог» комедиясын аяқтайды, ол Мәскеу мен Петербургте қойылды.

1806 жылы Петербургке оралады. "Модная лавка" (1806) ,"Урок дочкам" (1807) комедияларын жазды. 1809 жылы Крыловтың алғашқы мысалдары кітап болып шығады.200 –дей мысалдары 9 кітап болып шықты.

1812 жылы көпшілікке арналған кітапханада кітапханашы болып жұмысқа кіреді.Ол жерде 30 жыл қызмет етеді.1841 жылы демалысқа шығады.Библиографиялық көрсеткіштер мен славян-орыс сөздігін құрастыру үшін көп еңбек етті.

1844 жылы 75 жасында қайтыс болып, Петербургте жерленді.


А.С.Пушкин (1799-1837)

Жоспар

  1. Өмірі мен қызметі

  2. Шығармашылығы

1799 жылы 6 маусымда Мәскеуде дүниеге келген.Әкесі Сергей Львович бұрынғы дворян әулетінен шыққан, Гвардия офицері, шешесі Надежда Осиповна, Абрам (Ибрагим) Петрович Ганнибалдың немересі, ол эфиопия князінің баласы, Ресейге 1706 жылдары келген (Петр патшаның арабы).

Пушкин француз гувернерлерінің тәрбиесінде өседі.Бала кезінде Ломоносов, Жуковский поэзиясымен таныс болып өседі, Мольер мен Бомарше комедияларын, Вольтер шығармаларын оқиды.Әжесі Мария Алексеевна Ганнибал орыс тілінде еркін сөйлеп, сауатты жазатын, күтушісі – Арина Родионовна.

Александр Сергеевич Пушкин 1799 жылы 6 мамырда Москвада туып,  1837 жылы 10 ақпанда Петербургте қайтыс болды. Александр Сергеевич Пушкин – орыс халқының ұлы ақыны, жаңа орыс әдебиетінің негізін салушы. Кедейленген дворян семьясында туған. Ардақтылар балаларына арналған оқу орны – Лицейде оқып тәрбие алды. Бұл уақыт 1811-1817 жылдар аралығында өтті. Пушкин өкеңді 13-14 жасынан жаза бастады. Өлең-жыр, поэмаларымен қатар аса күрделі туындылары – «Борис Годунов» атты тарихи драма (1825), «Дубровский» (1832-1833), «Капитан қызы»  (1833-1835) повестерін жазды.
Пушкиннің лирикалық поэзиясының тақырыбы шексіз бай, идеялық маңызы мейлінше терең. Оның саяси-әлеуметтік лирикасында отаншылдық идеясы аса қуатты, әсерлі бейнеленген. Тұңғыш поэмасы «Руслан мен Людмилада» және «Кавказ тұтқыны» (1820-21), «Цығандар»  (1823-24) дастандарында ақын өз заманының ең күрделі қоғамдық мәселелерін қозғады. «Борис Годунов» трагедиясында тарихи дамудың бағытын белгілейтін ең үлкен күш – халық, халықтың мүддесі, ниет тілегі деген ойды меңзейді.
«Евгений Онегин» романында Пушкин халықтың өмірін мейлінше  талық, жан-жақты суреттеді, дворяндар мен жаруалардың өзара қарым-қатынасын айқын көрсетті. Халықтың күнделік  тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, әр алуан адамдардың мінезін, табиғат көрінісінбәрін де терең және көркем бейнелегендіктен, бұл шығарма шын мәнінде «Орыс өмірінің энциклопедиясы» (В.Г.Белинский) атанды. Пушкин «Мыс салт атты» (1833), «Полтава» (1828) поэмаларында Петр 1-нің дәуірін суреттеп, Россия мемлекетінің құаты арта түскенін сүйсіее жырлады.
Пушкин қарапайым халықтың, орыс шаруаларының тағдырын «Дубровский», «Капитан қызы» сияқты шығармаларында шебер бейнеледі. «Пугачев тарихы»  (1833-34) атты еңбек жазды. Онда Емельян Пугачевтің халық ортасынан шыққан нағыз қарапайым адамға тән қасиеттерін, ерлігін, батылдығын, ақылдылығын, қарапайымдылығын сүйсіне сипаттады. Пугачев бастаған кқтеріліске орыс шаруаларымен бірге басқа халықтар өкілдерінің – балқұрт, қазақ кедейлерінің де қатысқаны әсерлі суреттелген. Пушкин орыс халқымен тарихи жақын, тағдыры бір, туыстас барлық халықтардың өміріне үңіле қарады, Россия халықтарының бәрінің тілек-мүддесін, арманын терең түсінді. Қазақ жерінде Орынбар, Орал қалаларында болған кезінде   1833 жылы қазақ халқына сүйіспеншілік сезіммен қарап, оның өміріне, әдетғұрпына, мәдениетіне зер салды. Қазақтың лиро-эпостық жыры – «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дастанын әдейілеп жаздырып алып, ол жөнінде шығарма жазуды ойлады.
Лермонтов Михаил Юревич (1814-1841)

Жоспар

1) Өмірі

2) Өлеңдері

1814 жылы Мәскеуде туған. Үш жасында анасынан айрылып, дворяндық тәрбиесі бар, адуынды, қатал әжесі Арсеньеваның қолында өседі.Әкесі Юрий Петрович отставкадағы офицер екен, ұнамсыз мінездері болғандықтан Арсеньева одан Михаилды заң жүзінде айырып алады.Михаилды ақсүйектер баласынша тәрбиелеп, Мәскеу, Петербургтегі шонжар балаларына арналған әскери оқу орындарына орналастырады. Михаилды 13 жасында Мәскеу университетінің ізгілік пансионына оқуға береді.Өлең жазуды сол кезден бастайды. Мұнда екі жыл оқығаннан кейін Мәскеу университетінің саяси-ғибрат бөліміне түседі. Ол оқу орнында өзінен жас жағынан да, ой жағынан да үлкен Белинский, Герцен, Огаревті кездестіріп, олармен пікірлес болады.

Табиғатынан өр, емін-еркін албырт ақын университеттің профессорларының кейбір қисындарына келісе алмай, Петербургқа кетеді. Онда Лермонтов гвардия мектебіне түседі. Әскери машық қиындығын екі жылдай көреді. Бұл кезде халықтың еркіндік күресін сипаттайтын «Вадим» романын жасырын түрде жаза бастайды. Патша селосында гусарлар полкында әскери қызметте жүрген шағында Петербург шонжар қауымының топас қылықтарына жиренішпен қарайды. «Маскарад» драмасын, «Княгиня Лиговская» повесін жазады. 1837 жылы Пушкин дуэльден қаза тапқанда «Ақын ажалына» атты өлеңін жазып, атағы аспанға көтеріледі. Билеуші топқа деген бүкіл ой-пікірін , ыза-кейпін айқындап берді.

Лермонтов осы өлеңі үшін абақтыға жабылады. Ақынның ізін аңду да, қуғын-сүргін де осы өлеңнен басталады. Патша үкімі бойынша Лермонтов Кавказға әскери қызметке жіберілді. Бұл жер аударғанмен бірдей еді.Пушкин өліміне байланысты шыққан бұл өлең батылдығы мен жүрек жұтқан өжеттігі жағынан Пушкинді қайғылы қазаға ұшыратқан қауымға, зымиян билеушілерге деген саяси наразылық еді.Абақтыда отырғанда 1837 жылы ақпанда «Тұтқын» деген өлең жазады:

1841 жылы жазылған ең күшті, ең өжет саяси туындыларының бірі – «Қош, Ресей, тазармаған қоқыстан». Кавказға қуылғалы тұрғанда жазылған.

1841 жылы дуэльде 27 жасында қаза тапты.


Николай Васильевич Гоголь (1809 - 1852)

  1. Өмірі мен қызметі

  2. Шығармалары. «Өлі жандар» романы

Николай 15 жасқа келгенде әкесі қайтыс болады.Әкесі ақжарқын, әңгіме айтудың шебері болады. Ол он жасқа келгенде Полтавадағы гимназияға алып барады. 1821-1828 жылдары Нежиндегі жоғары ғылым гимназиясында оқиды. Оның есте сақтау қабілеті жоғары болды. Сурет пен әдебиет сабағында ғана жетістікке жетті.

1828 жылы петербургке барады. Үлкен қалада оның аз қаражаты түкке де жетпеді. Оның күткен үміті жуық арада орындалмайтынына көзі жетеді.Ол сахнаға шықпақшы болады, бірақ оны театрға алмайды. Содан соң әдебиет үйірмесіне қатысады. Америкаға баруды армандап жүргенде департаментке жұмысқа кіреді. Ол жерде 1830-1832 жылдары жұмыс істейді. Осы кезде Жуковский мен Пушкин ортасына тап болады. Ол 1828 жылдан бастап еліндегі шешесіне хат жазып, кішіресейліктердің салт-дәстүрі, киімдері туралы мәлімет жіберуін өтінген болатын. Бұның бәрі болашақ әңгімелердің материалдары еді.1830 жылы «Вечер накануне Ивана Купала» шығармасы басылып шықты.

Жуковскийдің досы Плетнев Гогольды патриоттық институтқа мұғалім етіп қабылдайды. Плетнев ол жерде инспектор еді.

Оның атағын шығарған шығарма «Диканька хуторы маңындағы қоңыр кештер» (Вечера на хуторе близ Диканьки) повесі еді. 1831-32 жылдары шыққан әңгімелері Пушкинге қатты ұнайды. Оған Пушкин қатты әсер етеді, өмір бойы оған табынып өтеді.

1835 жылы «Миргород» кітабы шықты.Оның бірінші бөлімінде "Старосветские помещики" , "Тарас Бульба" повестері болды. Екінші бөлімінде «Вий», «Тарас Бульба» т.б. 1836 жылы Пушкиннің «Современник» журналында "Шинель", "Коляска" повестері шықты.

1836 жылы «Ревизор» шықты. Сахнаға Николай патшаның рұқсатымен қойылды. Ресей халқы оған дейін мұндай комедияны көрмеген еді.Мұнда провинциялық алты шенеуніктің іс-әрекеті сөз болады. «Ревизор» Петербургтың жоғары мансабында дүрбелең туғызады. 1836 жылдың мамырында Погодинге жазған хатында Гоголь: «Астана провинциялық алты шенеуніктің бар болмысын ашып көрсеткеніме осынша бұрқан-талқан болып жатыр; ал егер олардың өз болмысын сәл ғана ашып көрсеткен болсам, не айтар еді?», - дейді.

1836 жылдың маусым айында шетелге кетіп, сол жақта біраз жылдар болады.Ол Германияда, Швейцарияда, Парижде тұрды. Парижде Пушкин қазасын естиді.1837 жылы наурызда Римге барады. Рим оған екінші отаны секілді болады. Римде ежелгі ескерткіштерді, картиналар галереясын зерттейді. Суретшілердің шеберханаларына барады. Халық өмірімен танысады. Келген орыс таныстарына Римді көрсететін. Мұнда «Өлі жандарды» жазумен айналысты. Осында «Шинельді» аяқтайды. 1839 жылы Мәскеуге келеді. Ол қайтадан Римге аттанады. Бір жылдан соң «Өлі жандардың» 1-томын алып келемін деп достарына уәде береді. 1841 жылдың жазында «Өлі жандардың» 1-томы дайын болады. Осы жылдың қыркүйегінде кітабын шығару үшін Мәскеуге барады. Кітап алдымен Мәскеу цензурасынан өтпейді.Мәскеу бұл кітапқа тыйым салмақшы болды. Одан соң Петербург цензурасына тапсырылады. Белинскийдің көмегімен кітап цензурадан өтеді. 1842 жылы Мәскеуде «Өлі жандар» басылып шығады. Маусымда Гоголь тағы да шетелге кетеді. Ол біресе Римде, біресе Германияда, біресе Франкфуртте, Дюссельдорфте, Ниццеде, Парижде, Остендтте Жуковский, Смирнова, Толстойлар секілді достарының ортасында болды. 1847 жылы Неапольге барып, 1848 жылдың басында Палестинаға барады. Ол жақтан Константинополь мен Одесса арқылы Ресейге қайтып келеді. Көктем, жаз айларында шешесінің қасында болып, 1 қыркүйекте Мәскеуге барады. 1849 жылдың жазын Смирнованың деревнясында және Калугада өткізеді. Смирнованың күйеуі ол жерде губернатор еді. 1850 жылы тағы өз үйінде болады. Одессада біраз тұрады. 1851 жылдың күзінде Мәскеуде болады.Онда граф А.П.Толстойдың үйінде тұрады.

1852 жылы 21 ақпанда қайтыс болады. Мәскеуде жерленеді.


8-тақырып. Толстой, Чехов, Достоевский, Горький, Есенин

Лев Николаевич Толстой (1828-1910)

Жоспар

1) Өмірі және шығармашылығы

2) «Әзәзіл» әңгімесі, «Адамға қанша жер керек», «Крейцер сонатасы» повестері
16 жасында Қазан университетінің философия факультетінің араб-түрік тілі бөліміне түседі.Одан заң факультетіне ауысады.Университетті тастап, деревняға барады, онда да көп тұрақтай алмай, Мәскеуге, Петербургқа барып, қайтадан деревняға келеді.1851 жылы, 23 жасында ағасы Николаймен Кавказға барады, онда әскери қызметте болады. 1847 жылдан бастап ол күнделік жазады. 1852 жылы Толстой «Детство» повесін «Современник» журналындағы Некрасовқа жібереді. Өзінің алғашқы повесімен ол өзін танытады. Оның шығармашылығының қағидасы, көркемдік әдісі алғашқы шығармасынан бастап «жан диалектикасы» болды. Ол ешкім қозғамаған шындықтың қабаттарына бойлады.

1856 жылы «Помещиктің сәскесі» («Утро помещика») атты повесін жариялады.Мұнда жазушы шаруаның жертөлесіне кіреді.Чернышевский осы повесть туралы былай дейді: «Граф Толстой с замечательным мастерством воспроизводит не только внешнюю обстановку быта поселян, но их взгляд на вещи. Он умеет переселяться в душу поселянина».

1859 жылы Толстой «Ясная Полянада» мектеп ашып, шаруалардың балаларын оқыта бастайды.1863 жылға қарай мектепке деген қызығушылығы болмай қалады. Ол «Казаки» повесін жазады. Мұнда Мәскеулік жас дворянин Дмитрий Оленин жастық шағының босқа өтіп жатқаны үшін қаланы тастап, Кавказға барады.Тау әйелдеріне ғашық болып, жаңа өмір бастағысы келеді.Бірақ Оленин өз ортасына қайтады.

В.Шкловский «Война и мир» романындағы тарихи оқиғалар мен адамдардың жеке өмірі Стендальдың «Пармская обитель», Теккерейдің «Ярмарка тщеславия», Гюгоның «Отверженные» романдарындағы секілді бір-бірімен астасып жатқанын айтады. Роман 1812 жылғы Наполеонмен болған Отан соғысы оқиғаларын суреттейді.Негізгі кейіпкерлер – граф Ростов отбасы.Олар: Николай Ростов, Наташа Ростова, Петя Ростов. Николай Ростов соғысқа қатысады, Петя соғыста қаза табады.Наташа Ростова басында князь Болконскийдің қалыңдығы болғанымен, Пьер Безуховқа күйеуге шығып, төрт баланың анасы болады.Болконский де Бородино шайқасында қаза табады, өлер сәтінде оның жанында Наташа болады.



«Әзәзіл» әңгімесінде Иртеньев деген жігіт Степанида дейтін әйелмен уақытша көңілдес боламын деп, оған деген құштарлығынан құтыла алмай қалады. Кейін басқа әйелге үйленсе де, Степаниданы ойлауын доғара алмайды. Соңында өзін атып тастайды. Жазушының айтайын дегені – адамның нәпсісін тыюы қиын нәрсе.

«Адамға қанша жер қажет» повесі 1885 жылы жазылған. Қалада тұратын әпкесі деревнядағы сіңлісіне қонаққа келіп, біреуі қала өмірін, біреуі ауыл өмірін мақтайды.Үйдің қожайыны Пахом болса : «Біздегі бір қасірет – жер тапшылығы. Шіркін, жер жеткілікті болса, мен ешкімнен де, тіпті жын-шайтаннан да қаймықпас едім», – дейді ол. Ал шайтан бұл әңгімені пештің артында отырып, бәрін естіген екен. «Мақұл,- деп ойлады шайтан, - екеуміз бәстесіп көрелік. Мен сенен жерді аямайын. Жермен алдап, түбіңе жетермін».

Башқұрттардан тегін жер аламын деп, Пахом зорығып өледі. «Пахом ең соңғы күшін жинап, безіп келеді, ал күн де еңкейіп, жиектеп барып, қан сияқты ұйып тұрып қалды». Ол межелі жерге жеткенімен зорығып өліп кетеді. «Пахомның көрін қазды.Оның басынан аяғына дейін шақтағандағы қажет жер үш-ақ кез екен,- байғұсты сол жерге көме салды». Жазушы қанағатсыздықты сынайды.



«Крейцер сонатасы» повесінде Позднышев пойызда келе жатып қасындағы жолаушылармен махаббат, семья туралы пікірталас құрады. Ол үйленіп, бес балалы болады. Кейін әйелі өзімді күтемін деп өзгере бастайды. Позднышев оны тексеру үшін музыкадан сабақ беретін мұғалім жалдайды. Әйелі мен мұғалімнің бір-біріне деген қатынасын олардың көзқарастарынан сезе бастайды. Скрипкашы Трухачевский Позднышев жоқта оның үйінде түнде отырады. Позднышев білдірмей үйіне кіргенде залда әйелі мен Трухачевскийдің отырғанын көріп әйеліне пышақ салып өлтіреді. Повесте сол кездегі әйелдердің киім киісі сыналады. Үйінде отырып бала табатын қыздар мен күйеуі әскердегі әйелдердің сол балаларды қалай өлтіретіндерін айтады. Дені сау әйелдерге кейбір дәрігерлердің бала тапқызбай қоятынын сынайды. Музыканы гипноз деп есептейді.

Чехов Антон Павлович (1860-1904)

Жоспар

1) Өмірі

2) Шығармалары

Таганрогта 17 (29) қаңтарда 1860ж. туып, 2 (15) шілдеде 1904 ж.. Баденвейлер қаласында қайтыс болады. (Оңтүстік Германия).Мәскеуде жерленген.


1876 жылы Чеховтар отбасы Мәскеуге көшіп келеді.Әкелерінің саудасы жүрмей , қарыздарынан қашып кетеді. Олар Мәскеуде үш жылдай кедейшілікте өмір сүреді. Барлық балалары сонда да оқуларын тастамайды. Антон Таганрогтағы гимназияны бітіріп, репетиторлықпен күн көріп, Мәскеуге 1879 жылы университеттің медицина факультетіне түсу үшін келеді.

1880 жылы «Стрекоза» журналында Чеховтың алғашқы шығармасы шығады. Ол қысқа әңгімелер, юморлық, сценкаларды Антоша Чехонте немесе «Человек без селезенки» деген псевдониммен жариялап жүрді. 1884 жылы әңгімелерінің бірінші кітабы шықты.

Университетті бітірген соң Воскресенск қаласындағы ауруханада уездік дәрігер болып істейді. Бұл кезде «Қашқын», «Хирургия», «Өлік», «Сирена» әңгімелері жазылды.

1885 жылы Чеховтар отбасы Воскресенск қаласының маңындағы Бабкино усадьбасына көшіп келеді. 1887 жылы Чеховтың «Иванов» пьесасы қойылды. Пьеса Мәскеудегі Корш театрында қойылды. Көрермендердің кейбіреулері қол шапалақтап, кейбіреулері аяқтарымен жер тепкілеп, кейбіреулер жұдырықтасып жатты.

1888 жылы ғылым Академиясының шешімімен Чехов «В сумерках» деп аталатын әңгімелер жинағы үшін Пушкин премиясын алады.

1890 жылы Чехов Сібірге , каторга орналасқан Сахалин аралына аттанады. Осы саяхатынынан көргендерін «По Сибири» деп аталатын очеркінде жазады. Ол Сахалинде халық санағын жүргізеді. Он мың карточка толтырады. Ресейге келгенде «Сахалин аралы» деген кітабын шығарады. Ресейге бұл кітап қызығушылық туғызады. Юстиция министрлігі мен түрме басқармасы Сахалинге өз өкілдерін жібереді. Сахалинді зерттеуге орыс, шетел зерттеушілері барады.

Чехов Батыс Европаға сапарға шығады. Вена, Болонья, Венеция, Флоренция, Рим, Неаполь, Италияда болады. Одан кейін Монте – Карлоға, кейін Парижге барады.

1891-92 жылдары Ресейдің орталық бөлігі мен Поволжьяда құрғақшылықтан ашаршылық болады. Чехов аштарға көмек ұйымдастырады. Осы кезде «Жена» деген әңгіме жазады.

Лев Толстой : «Чеховты суреткер ретінде алдыңғы орыс жазушыларымен – Тургенев, Достоевский немесе менімен салыстыруға болмайды», – деді. Чехов жаңа характерлер, образдар, детальдар іздеп, тапты. Прозасы мен драмаларының тілін қарапайым да әсерлі ете білді. Ол ешкімге еліктемей, өз жолымен жүрді.

Достоевский Федор Михайлович (1821-1881)

Жоспар

1) Өмірі

2) Шығармалары

Әкесі Михаил Андреевич дәрігерлік білім алып, 1821 жылы Мәскеудегі Марийнск ауруханасында кедейлерді емдейтін лекарь болады. Шешесі Мария поэзияны ұнататын, музыкалық қабілеті бар, діншіл, балаларының алғашқы ұстазы болды. Федор Михайлович Мәскеудегі Марийнск ауруханасының флигелінде дүниеге келеді. Сол жерде оның балалық шағы өтеді.

1834-1837 жылдары үлкен ағасы Михайлмен жекеменшік пансионда білім алады.

1838 жылы ағайынды Достоевскийлер әкелерінің қалауымен инженерлік училищеге түседі.

Ол алдына шығармашылық міндет қояды: «При полном реализме найти в человеке человека». 40 жылдардың басында ол инженерлік жұмысқа ыңғайы келмейтінін, оған әдебиет керек екенін түсінеді.

Ол бастапқыда Бальзактың «Евгения Гранде» повесін 1844 жылы аударады. Достоевский үшін бұл аударма тәжірибеден өту болады. Ол Бальзактың барлық шығармасын оқып шығады. Оған Бальзактың кейіпкер жасау тәсілі ұнайды. «Его характеры – пройзведения ума вселенной!» деп жазады ағасына.

Алғашқы романы «Бейшара жандарды» қолжазбасын Некрасов 1845 жылы оқып, «жаңа Гоголь пайда болыпты» деп, Белинскийге көрсетеді. Белинскийге бұл роман ұнайды. «Более всего поразила критика раскрытая в романе трагедия бесконечной униженности героя. И тем выше ставил он дар писателя, сумевшего непосредственным чутьем открыть эту «страшную правду». Белинский бұл романды алғашқы әлеуметтік роман деп атады.

1850-1854 жылдары Достоевский Омск острогында каторгада болады. Одан соң ол Семейде қатардағы әскеи қызметте болады. 1855 жылдың соңында унтер-офицер шенін алады. Бір жылдан соң прапорщик болады. Семейдегі прокурор Врангельмен достасады.Ол Достоевскийге көмектеседі. 1859 жылы Достоевский Ресейге қайтуға рұқсат алады. 1859 жылдың жазында ол Тверьге келеді. Кейін Петербургке орналасады. 1860-61 жылдары «Униженные и оскорбленные» романын жазады. Негізгі кейіпкердің бірі Птербург әдебиетшісі Иван Петровичтің әңгімелеуімен оқиға баяндалады.

1862-63 жылдары Достоевский шетелге барады. Лондонда Герценмен кездеседі. Париж, Германия, Италияда болады.

«Қылмыс пен жаза» романында орыс романының жаңа формасын жасады. Бұл шығармада романның әр түрлі белгілері жинақталды: қылмыс пен арандатушылық, роман-трагедия.1929 жылы шыққан Бахтиннің «Проблемы поэтики Достоевского» кітабында бұл сұраққа жауап береді. Біздің алдымызда Петербург бейнесі суреттеледі. Жазушы қала тұрмысын көз алдымызға елестетеді: қазына жұмысындағылар, қолөнершілер, саудагерлер, өсімқорлар, жезөкшелер. Кедейлер мен маскүнемдер, әр түрлі қылмыскерлер өмірімен қала қыж-қыж қайнап жатады.Жазушы бұл романда сол кездегі қылмыстық хроникадан материалдар қолданған.Романда 1860 жылдардағы капитализмнің дамуы, діни, адамшылық құндылықтардың жоғалып бара жатқанын, маскүнемдік пен қылмыс, жезөкшеліктің өршіп бара жатқанын сөз қылады. Достоевский кейіпкерлерінің басқа әдебиеттегі, шетелдегі әдебиет кейіпкерлерінен айырмашылығы – оның кейіпкерлері істеген істерінің арты не болады деп қорықпайды, олар сол сол қиындықтарға қойып кетеді, қылмыс жасай отырып өздерін адам ретінде сынайды.
Есенин Сергей (1895-1925)

Жоспар


  1. Өмірі

  2. Өлеңдері

Сергей Есенин 1895 жылы 21 қыркүйекте (3 қазан) Константинов селосында дүниеге келді. Әкесі Александр Никитич Есенин, анасы Титова Татьяна Федоровна. Үш жасар кезінде нағашы атасы мен апасының тәрбиесіне берілді. Олар Константинова селосының бір бөлігі Матовта тұрады. Атасы Федор көңілді, ақылды, байыпты шаруа еді. Атасы мен апасы да діншіл, салтшыл еді. Ескі өлеңдер, ертегі көп білуші еді. Міне, осындай мейірім толы ортада Сергей тәрбие көрді. 5 жасында Сергей оқып үйренеді. 9 жасында ол Константиновадағы төрт жылдық  училищені бітіреді. 8-9 жасының өзінде – ақ ол өлең жаза бастайды. Оқуын бітірген соң оны ата – анасы Спас – Клепиков атты церковно – учительдік мектепке жібереді. Онда тек мұғалім емес, сонымен діни адам да болу қажет еді.

Сергей Есенин Ленинградта «Англетер» гостиницасында 1925 жылы 28 желтоқсанда асылып қайтыс болады.


7 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Гомер поэмалары

Жоспар:

1. «Илиада» поэмасы

2. «Одиссей» поэмасы

Тапсырмалар:

1. Троя соғысының себебі.

2. Агамемнонға мінездеме беріңдер.

3. Ахиллеске мінездеме беріңдер.

4. Париске мінездеме беріңдер.

5. Гекторға мінездеме беріңдер.

6. Сол кездегі гректерге тән әдет-ғұрыптар қандай? Мәтіннен мысал келтіріңдер.

7. Поэмадағы теңеулерге мысалдар келтіріңдер.

8. Поэмадағы психологизмге мысал келтіріңдер.

9. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры мен «Илиада» арасында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?

10. Троя соғысындағы батырлардың ерліктері қандай эпизодтарда көрінеді?

11. Главк Диомедке сыйға тартқан алтын сауыт-сайманының құны қанша?

12. Агамемнон Ахиллеске не үшін елшілер жібереді?

13. Патрокл қалай қаза табады?

14. Гекторды кім өлтіреді?

15. Ахиллес қалай өледі?

16. Ахиллес пен Гектордың жекпе-жегіне сипаттама беріңдер.

17. Несторға сипаттама беріңдер.

18. Агамемнон мен Ахиллес арасындағы араздықтың себебі не?

19. Приам Гектордың денесін қалай сатып алады?

20. «Илиада» поэмасында кімдер жеңіске жетеді?

21. «Одиссейдегі» жалғыз көзді дәудің үңгіріне сипаттама беріңдер.

22. Одиссейлер жалғыз көзді дәуден қалай құтылады?

23. Пенелопа күйеу жігіттерге қандай қулық жасайды?

24. Одиссей кімнің қолында тұтқында болады?

25. Одиссейлер Трояға ағаш атты қалай кіргізеді?

26. Одиссей еліне кімнің бейнесінде оралады?

27. Одиссейге еліне жетуіне кім көмектеседі?

28. Евриклия Одиссейді қалай таниды?

29. Пенелопа Одиссейді тексеру үшін қандай сұрақ қояды?

30. Одиссей еліне неше жылдан соң оралады?

31. Жалғыз көзді дәудің үңгірінің аузын жабатын тастың ауырлығы қандай?

32. Поэманың көркемдігіне мысалдар келтіріңдер.

33. Поэмада жерлеу рәсімі қалай өтеді?

34. Ахиллес өлімі қай өлеңде сөз болады?

35. Скилла, Харибда және сирена (әнімен азғыратын қыздар) туралы түсінік беріңдер.

36. Агамемнон қалай қаза табады?

37. Одиссейдің бейнесін ашыңдар.

38. Он алтыншы өлеңдегі Одиссей мен Телемахтың кездесуін автор қандай бейнелілікпен жеткізген?
2-тақырып. Шекспир шығармалары

Жоспар:


  1. «Ромео мен Джульетта» трагедиясы

  2. «Отелло» трагедиясы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет