Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



бет3/3
Дата24.02.2016
өлшемі0.57 Mb.
#14651
1   2   3

Тапсырмалар

1. Жоғарыдағы үзінді бойынша Ромео мен Джульеттаға мінездеме беріндер.

2. Ромео мен Джульетта некелерін қалай қияды?

3. Ромео мен Джульеттаның қарым-қатынасы не себепті үзіліп қалады?

4. Джульетта Париске күйеуге шықпау үшін қандай қадамға барады?

5. Джульетта мен Ромео қалай қаза табады?

6. Осы тақырыптас шығармалардан бұл трагедияның айырмашылығы неде?

7. «Шаң тимеген пәктігімнен алғаш рет қағылдым» деген Джульеттаның сөздерін түсіндіріңдер.

8. Отеллоға мінездеме беріндер.

9. Дездемонаға мінездеме беріңдер.

10. Дездемона мен Отелло арасындағы сүйіспеншілік қалай пайда болды?

11. Яго қандай адам?

12. Яго Отелло мен Дездемона арасына не үшін от тастады?

13. Яго Кассионы шырмауына қалай түсіреді?

14. Дездемона орамалын қалай жоғалтады?

15. Дездемонаның орамалын кім ұрлап алады?

16. Яго Отелло мен Дездемонаның арасын ашу үшін неліктен Кассионы таңдап алады?

17. «Отелло» мен Л.Толстойдың «Крейцер сонатасында» қандай ұқсастықтар бар?

18. «Мың бір түндегі» үш алма туралы хикая мен «Отеллоны» салыстырыңдар.

19. Яго мен Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясындағы Жантықты салыстырыңдар?




3-тақырып. Мольер шығармалары

Жоспар:

  1. «Сараң» комедиясы

Тапсырмалар

1. Гарпагонға сипаттама беріңдер?

2. Гарпагон мен Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясындағы Қарабайды салыстырыңдар?

3. Гарпагонның сараңдығы қызметшілері арқылы қалай ашылады?

4. Гарпагон шығарманың соңында қалай өзгереді?

5. «Сараң» мен Бальзактың «Гобсек» повесін салыстырыңдар.


4-тақырып. Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» романы

Жоспар:

  1. «Робинзон Крузо» романы

Тапсырмалар

  1. Робинзон аралға қалай тап болды?

  2. Робинзон өзіне үйді қалай салды?

  3. Робинзон қандай заттарды қолдан жасады?

  4. Аралдың ауа райы қандай еді?

  5. Робинзон басқа аралдағы үндістердің қандай салтын байқады?

  6. Ол үндіс жігітін не үшін құтқарды?

  7. Робинзон аралда неше жыл болады?

  8. Робинзон аралдан қалай кетті?


5-тақырып. Гюго, Стендаль, Бальзак, Флобер, Мопассан, О.Уайлд шығармалары

Жоспар:

  1. Гюгоның «Аласталғандар» романы

  2. Стендальдың «Қызыл мен қара» романы

  3. Бальзактың «Горио атай», «Гобсек» повестері

  4. Флобердің «Бовари ханым» романы

  5. Мопассанның новеллалары

  6. О.Уайлд ертегілері

Тапсырмалар

Гюгоның «Аласталғандар» романы бойынша

1. Гюгоның «Аласталғандар» романындағы Жан Вальжанға мінездеме беріңдер.

2. Жан Вальжан не үшін түрмеге түседі?

3. Жан Вальжанның басқа адам болып өзгеруіне эпископ қалай ықпал етті?

4. Жан Вальжан Монрейль қаласының өркендеуіне қандай үлес қосты?

5. Жан Вальжанның күшінің көптілігіне байланысты қандай лақап аты болды?

6. Жан Вальжан Шан Матьені құтқару үшін қандай шешім қабылдайды?

7. Жан Вальжан Козеттаны Тенардьелерден қалай құтқарады?

8. Жан Вальжан Фантинаға қалай көмектеседі?

9. Жан Вальжан Мариусты қалай құтқарады?

10. Жавер не себепті Жан Вальжанның соңына түседі?

11. Романда жетім балалар мәселесі кімнің бейнесі арқылы беріледі?

12. Ватерлоо атауы қандай тарихи оқиғаға қатысты алынған? Ватерлоо соғысында Наполеон қалай жеңіледі?

13. Романда қандай идеялар бар?



Стендальдың «Қызыл мен қара» романы бойынша

1. Жюльеннің портретіне сипаттама беріңдер.

2. Де Реналь ханымға мінездеме беріңдер.

3. Матильдаға мінездеме беріңдер.

4. Жюльенге мінездеме беріңдер.

5. Жюльен қандай мақсатпен Реналь ханымға көңіл білдіреді?

6. Жюльеннің бойынан аббат қандай қасиеттер көреді?

7. Вально мен Реналь мырза арасындағы бақталастықты жазушы қалай суреттейді? Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы Жұман мен Игіліктің арасындағы бақталастықты салыстырыңдар?

8. Реналь мырза не себепті Жюльенді гувернер етіп алады?

9. Жюльеннің жұртты таң қалдыратын қандай ерекше қабілеті бар?

10. Романның «Қызыл мен қара» аталуының мәні неде?

11. Роман қандай жанрға жатады?

12. Жюльеннің өлім жазасына кесілуіне кім себепкер болды?

13. Романның идеясы не?



Бальзактың «Горио атай», «Гобсек» повестері бойынша

1. «Вокенің үйіндегі» адамдарға сипаттама беріңдер?

2. Гориоға мінездеме беріңдер?

3. Горио неліктен Вокенің үйінде тұрады?

4. Горионың қыздарына мінездеме беріңдер?

5. Горио қыздарына не үшін ренжиді?

6. Горионың қайтыс болардағы айтқан «Ақшаға бәрін де, тіпті қыздарынды да сатып алуға болады» сөздерінің мәнін ашыңдар?

7. «Горио атай» романындағы қоғам көрінісі?

8. Гобсек сөзі қандай мағынаны білдіреді?

9. Гобсектің сараңдығын ашатын детальдарды келтіріңдер?

10. Гогольдің «Өлі жандар» шығармасындағы Плюшкинмен, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы Қарабаймен Гобсекті салыстырыңдар?

11. Гобсек өлер алдында неліктен каминдегі үюлі күлден көзін алмай жатады?

12. Гобсек байлығы құдіретінің қоғамға қандай ықпалы болды?

Флобердің «Бовари ханым» романы бойынша

Эмманың ішкі психологиясын көрсететін теңеулерге мысалдар келтіріңдер.

2. Эмма махаббатты қалай түсінді?

3. Эмманың өмірді дұрыс түсінбеу себебі не?

4. Шарльға мінездеме беріңдер.

5. Родольфқа мінездеме беріңдер.

6. Леонға мінездеме беріңдер.

7. Романның 244-бетіндегі қайықтың түбінен тауып алынған қызыл лента деталь ретінде қандай қызмет атқарып тұр?

8. Кәрі моряктың Родольф туралы айтқаны Эммаға қалай әсер етті?

9. Осы үзіндіде Родольф бейнесі қалай ашылады?

10. Осы үзіндіде астарлы сөз (подтекст) қалай берілген?

11. Романда мүгедек қайыршының өлеңі қандай символдық қызмет атқарады?

12. «...екі бетінің быттиып кетуіне орай, онсыз да сығырайған көзі шекесіне қарай тартылып бара жатқандай көрінетін». Шарльдің осы портреті нені аңғартады?

13. Эмма неліктен күшәла жеуге мәжбүр болды?



Мопассанның новеллалары бойынша

1. Новелладағы табиғат суреттері қандай көркемдік қызмет атқарып тұр?

2. Келтірілген үзіндіде жазушы шеберлігін көрсететін психологиялық детальдарды табыңдар?

3. Томпыштың маңындағы жолсеріктеріне мінездеме беріңдер?

4. Томпыштың отансүйгіштігі қалай беріледі?

5. Франк-прусстар соғысын суреттеудегі Мопассанның өзіндік ерекшелігін табыңдар?

6. Мопассанның франк-прусстар соғысы туралы басқа қандай новеллаларын білесіңдер?

7. Новеллада соғыстың суреттелуіне назар аударып, мысал келтіріңдер.

8. Мопассанның дилижанс пассажирларын – әлеуметтік топтарды суреттеудегі ерекшелігін табыңдар.

9. Сюжеттік әрекетті анықтайтын үш басты бөлімді жазыңдар.

10. «Ар-ұяты бар адамдардың» әрқайсысына мінездеме беріңдер. Олардың екіжүзділігін жазушы қандай көркемдік құралдармен жеткізеді? Мәтіннен сол тұстарды тауып, жазыңдар.

11. Корнюдеге қысқаша сипаттама беріңдер.

12. Мопассан «тәртіпті» қоғамның адамдарынан «тәртіпсіз» әйелдің адамгершілігінің жоғары екендігін қалай көрсетеді?

13. Флобердің новелла туралы: «Пейзаж бен персонаждар анық көрініп, психология күшті суреттелген» деп әділ айтқан бағасын дәлелдеңдер.



О.Уайлдтың «Бақытты ханзада» ертегісі бойынша

1. Ертегіден қандай өмір шындығын көруге болады?

2. Қаланың мэрі мен оның кеңесшілерінің сөздерін талдаңдар.

3. Жаңа ескерткіш орнату жайлы таластан не аңғарамыз?

4. Ханзаданың жүрегі неге пеште балқымады?

5. Жазушының айтпақ ойы не?



8 СӨЖ тапсырмалары

Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар

  1. Гомердің «Илиада», «Одиссей» поэмаларының зерттелуі (конспект)

  2. Вальтер Скот шығармашылығы (конспект)

  3. Байрон шығармашылығы (конспект)

  4. Бальзак шығармашылығы (конспект)

  5. Мопассан шығармашылығы туралы зерттеулер (күрделі конспект)

  6. Пушкиннің табиғат лирикасын талдау

  7. Лермонтовтың «Біздің заманның қаһарманы» романы (образдарға мінездеме жасау)

  8. Тургеневтің «Муму» повесіне талдау жасау

  9. Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романындағы Наташа Ростова, Болконский, Пьер Безухов бейнелері

  10. Блок, Бальмонт өлеңдері

  11. Толстойдың «Крейцер сонатасы» повесі бойынша эссе жазу


9 Реферат тақырыптары.

  1. Александр Блок шығармашылығы

  2. Марина Цветаева поэзиясы

  3. Анна Ахматова поэзиясы

  4. Бальмонт поэзиясы

  5. Чехов әңгімелері

  6. Тургенев әңгімелері

  7. Пушкин әңгімелері


10 СОӨЖ кеңестерінің кестесі



Сабақ түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс бойынша кеңестер







10.00

11.00











2.

Тәжірибелік сабақтар бойынша кеңестер










11.00

12.00








3.

СӨЖ бойынша кеңестер




11.00

12.00








10.00

11.00





4.

Реферат бойынша кеңестер




12.20

12.40














5.

Тест сұрақтары бойынша кеңестер

11.15

12.20


















11 Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тапсырманың мазмұны, мақсаты, тақырыбы

Қолданылатын әдебиет

Орындалу ұзақтығы

Бақылау түрі

Бақылауды тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

1-4 тақырып

5-7 тақырып






7 апта

Реферат-ты қорғау

3,4,5,6- апта

10,11,12-апта



2

Тезис

1-5 тақырып




2 апта

Тезисті конспектілеп, қорғау

4- апта


3

Конспект

(күрделі түрі)



1-5 тақырып




7 апта

Күрделі конспект жазу

9 -15 апта

4

Межелік бақылау

Гомер поэмалары





1 апта

Тест

8- апта


5

Эссе

Толстойдың «Крейцер сонатасы» повесі бойынша




1 апта

Эссе жазып, қорғау

13- апта

6

Баяндама

Пушкин әңгімелері

Тургенев әңгімелері






2 апта

Қорғау

3-апта

14-апта


7

Межелік бақылау

Толстой, Пушкин, Чехов шығармалары бойынша







коллоквиум

15- апта


12 Курс саясаты

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету. Студент аудиториялық сабақтарға, міндетті түрде дәріс сабақтарына, тәжірибешілік сабақтарға қатысып, кешікпей, берілген тапсырмаларды уақытында орындауы керек, сондай-ақ ішкі ережелерді сақтап, өздеріне тиісті жүктелген міндетті дұрыс атқаруы керек. Сабақты босатқан жағдайда деканаттың шешімімен босатқан сабақты қайта толықтырады. Сабаққа екі рет кешігу – бір рет босату болып есептеледі. Сабақты екі реттен артық босатса, оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуге құқығы бар.

Студентке берілген тапсырманы уақытында тапсыру керек. Емтихан сессиясына үш күн қалған кезде тапсыру ең кеш тапсыру болып саналады.Берілген тапсырманы және курстық жұмысты тапсырмаған студенттер емтиханға кіре алмайды.

Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы балл 100 б. қойылады.


Студенттердің білімін аралық бақылау тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.
Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жеткіліксіз немесе айып санкциялары қолданылады:

  1. сабақты босату (себепсіз);

  2. тапсырмаларды уақытымен орындамау;

  3. тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберу, яғни,студент материалды толық меңгермеген жағдайда.

Егер студент сабаққа себепті жағдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаққа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ ұпай азайтылады.
13 Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1 Қобланов Ж. Шетел әдебиетінің тарихы. Алматы, 2011



Қосымша

2 Мұқажанова Р. Шетел әдебиетінің тарихы (19-20 ғасыр). Семей, 2007

3 Әшімханова С. ХІХ ғасырдағы батыс Еуропа әдебиетінің тарихы. Алматы, 2006

4 Тебегенов Т. Әлем әдебиеті. Алматы, 2004



Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақы- лау түрлері

барлы-ғы

дәріс

практика

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СӨЖ

Б бар-лығы

33


135

30

15

-

-

-

135


90

емтихан


Кафедра меңгерушісі ______ Н.Қ.Жүсіпов 2013 ж. «__» __________



(қолы) (аты-жөні)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет