Пән: «инклюзивті білім беру» 6В01- педагогикалық ғылымдар бб арналған Қарағанды-2023


тақырып: Инклюзивті (интеграцияланған) білім беруді енгізудің ұйымдастырушылық шарттары



бет16/29
Дата31.01.2024
өлшемі6.79 Mb.
#490366
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Инклюзивті білім беру 3

11 тақырып: Инклюзивті (интеграцияланған) білім беруді енгізудің ұйымдастырушылық шарттары
Жоспар:
1. Оқушыларды инклюзивті білім беру мектептеріне қабылдау қағидалары.
2. Сыныптар мен топтарды құру (комплектация) қағидалары.
3. Инклюзивті мектепке қабылдауға қарсы көрсетілімдер.
4. Оқу материалын бейімдеу әдістері.

Инклюзивті білім беруді дамытудың шарттары

  • нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және мемлекет тарапынан инклюзивті білім беру процесін енгізу мен дамыту үшін тиісті қаржылық-экономикалық қолдаудың болуы;
  • жалпы білім беру ортасында БАҚЕ балаларға әлеуметтік-психологиялық ыңғайлы жағдайлар жасау және оларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
  • қоғамның бейімделуі мен балаларының өзін-өзі жүзеге асыруына қолдау көрсету және ықпал ету үшін қоғам тарапынан толерантты орта құру;
  • білім процесіне мұғалімдердің, ата-аналардың, үкіметтік емес ұйымдардың және дамуға және инклюзивті білім беруге мүдделі тұлғалардың қатысуы;
  • инклюзивті оқытуды енгізу бойынша зерттеулер мен практиканы тарату.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды

инклюзивті оқытуды ұйымдастыру бойынша

ұсыныстар

(ҚР БжҒМ 2009 ж. 16 наурызындағы № 4-02-4/450 хаты)

Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектепке қабылдау ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің жазбаша өтініші және психологиялық-медициналық –

педагогикалық кеңесі ұсынған оқыту нысаны көрсетілген

қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.


4. Ата-аналардың (өзге де заңды өкілдердің) мүдделерін ескере отырып, жалпы білім беретін мектепте даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың контингенті жеткілікті болған кезде білім беру органдарымен келісім бойынша сыныптар ашылуы мүмкін:
  • даму мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне толық интеграциялауды жүзеге асыратын инклюзивті оқыту сыныптары. Инклюзивті оқытудың бір сыныбында мүмкіндігі шектеулі екі оқушыдан артық оқылуы мүмкін;
  • даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне ішінара интеграциялауды жүзеге асыратын арнайы (түзету) сыныптар (бұдан әрі - арнайы сыныптар).

5. Арнайы сыныптар даму бұзылуының түріне байланысты сараланады және келесі түрде жинақталады:
  • естімейтін балалар үшін-8 адамнан артық емес;
  • нашар еститін және кейін естімей қалған балалар үшін 10 адамнан артық емес;
  • зағип балалар үшін-8 адамнан артық емес;
  • нашар көретіндер және кейін көрмей қалған балалар үшін-12 адамнан артық емес;
  • ауыр тілдік бұзылулары бар балалар үшін-12 адамнан артық емес;
  • тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін-12 адамнан артық емес;
  • эмоция-ерік саласы бұзылған балалар үшін (аутизм) – 6 көп емес;
  • психикалық дамуы тежелген балалар үшін, оның ішінде түзету-дамыту сыныптарында — 12 адамнан артық емес;
  • ақыл-ойы жеңіл бұзылған балалар үшін-12 адамнан артық емес;
  • ақыл-ойы орташа бұзылған балалар үшін-10 адамнан артық емес.

6. Инклюзивті сыныптар ПМПК-ның тиісті қорытындысы берілген балалар контингенті болған жағдайда ашылуы мүмкін.
Арнайы сынып ашу үшін балалардың саны жеткіліксіз болған жағдайда даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға оларды инклюзивті сыныпта оқыту үшін жағдайлар жасалуы тиіс.
7. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы сыныптар (түзету-дамыту сыныптары) негізінен бастауыш білім беру деңгейінде бірінші немесе екінші оқу жылының басында ашылады және негізгі орта білім аяқталғанға дейін жұмыс істейді (мектеп алдындағы дайындық кезеңінде да ашылуы мүмкін), ерекше жағдайларда аталған сыныптар негізгі орта білім беру деңгейінде ашылады, бірақ 5-6-сыныптан кейін жалғастырмаған дұрыс.
8. Оқу бағдарламасының дамуы мен табысты игерілуі оң динамика көрсетсе, дамуындағы тежелуді түзеткен және оқуға қажетті дағдыларды меңгерген арнайы сынып оқушылары оқудың кез келген кезеңінде ПМПК шешімі бойынша оқушылардың өздерінің және олардың ата-аналарының (өзге де заңды өкілдерінің) келісімімен жалпы білім беретін сыныптарға ауыстырыла алады.
9. МШ оқушылардың бұзылған немесе жоғалған функцияларын түзету және орнын толтыру, оқыту және тәрбиелеу мақсатында білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар бұл балаларды оқытатын жалпы білім беретін мектептерде арнайы білім беру және материалдық-техникалық жағдайлар жасайды, оқу-әдістемелік жарақтандыруға және қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптардың нормативтеріне сәйкес қазіргі заманғы техникалық және қосалқы құралдармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, осы санаттағы барлық оқушыларға жалпы білім беру және арнайы білім беру бағдарламаларын толыққанды меңгеру үшін қажетті қолдау деңгейін көрсетеді.
10. Даму мүмкіндігі шектеулі оқушылар жалпы білім беретін мектепте түзету-педагогикалық қолдаумен (сүйемелдеумен) қамтамасыз етіледі.
Білім беру ұйымының ішінде түзету педагогикалық қолдауды арнайы педагог (педагог-дефектолог), психолог, әлеуметтік педагог жүзеге асырады.
Білім беру ұйымынан тыс жерде даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту процесін сүйемелдеуді арнайы түзету білім беру ұйымдарының, ПМПК, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің, логопедтік пункттердің мамандары, сондай-ақ медициналық мекемелердің мамандары шарттық негізде жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет