Cұрақтары.
Сізге оң иығының ауыратынына шағымданып науқас келді. 3 сағат бұрын ол халатын шешіп, ілгішке ілер мезетте ауырсынғанын айтады. Бір жыл бұрын оң иығының травмаға байланысты шыққанын еске салады. Қараған кезде, оң қолы мәжбүрлік жағдайда екендігі және оң иығының баспалдақ тәрізді деформациясы бары айқындалды. Тоқпан жілік басы қолтық астынан анықталады.Егер қолын қозғап көрсеңіз, иық буыны серіппе (пружина) тәрізді серпінділік танытады және ауырсыну артады.
1.Сіздің болжам диагнозыңыз ?
2.Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер жүргізесіз?
3. Негізгі емдеу міндеттері мен принциптерін атаңыз?
4.Мүмкін болатын асқынуларды атаңыз? (50 балл)?
Жұлын ми анестезиясының жүргізу көрсеткіші, орындалу альгоритімі, асқынуы. Паранефральді және паравертебральді тосқауылдың көрсетілімін сипаттаңыз (30 балл)?
Хирургтың қолын өңдеу әдістерін келтірініз (20 балл)?
Ескерту: Сұрақ № 6-нұсқаулықтың ережеcіне сүйене отырып жасалған. Сұрақтың күрделігіне байланысты, бірінші сұрақ 50 бал, екінші сұрақ 30 бал, үшінші сұрақ 20 бал есебімен бағаланады.
Кафедра мәжілісінде талқыланды.
№1 хаттама. 01.09.2021 ж.
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
«Жалпы хирургия» кафедрасы
Жалпы хирургия.
__.__.2022 ж.
Аралық бақылау-1.
Нұсқа-7.
Аты-жөні______________________________________
Тобы:__________
Cұрақтары.
Спорттық жарыс уақытында, қатысушы сол аяғының төменгі бөлігінен қатты соққы алды. Осыдан кейін соққы орнында ауырсыну басталды. Пальпацияда балтыр аймағының ортаңғы үштігі тұсында қатты ауырсыну мен деформация белгісі, айналасындағы тіндер ісінген. Аяқ басы сыртқа қарай айналған. Балтырдың ортаңғы үшітігінде патологиялық қимыл анықталады. Аяқ басының саусақтарының қимылдары, сезімталдығы сақталған. Аяқ пульсациясы қанағаттанарлық.
1.Сіздің болжам диагнозыңыз қандай ?
2. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер жүргізесіз?
3.Транспортты иммобилизация қалай жүргізіледі?
4.Қандай ем тиімдірек деп ойлайсыз? (50 балл)?
Мойынның ваго-симпатикалық қоршау, Школьников-Селиванов қоршау және Ретромамарлы қоршауды көрсетіп сипаттаңыз (30 балл)?
Хирургиядағы АИВ-инфекциясының алдын алуы (20 балл)?
Достарыңызбен бөлісу: |