Cұрақтары.
3 жастағы қызға жедел жәрдем шақырылды. Қыздың анасы пештің үстіне май құйылған қазанды қойып, өзі бөлмесіне кіріп кеткен. Қыз бала ас бөлмесінде қараусыз қалған, 5 минуттан кейін анасы қатты жылаған дауыс естиді. Анасы қызының денесіндегі күйікті және көпіршіктерді көріп жедел жәрдем шақырды. Қарау кезінде баланың есі анық, біршама тежелген, әлсіз. Бет терісі, мойын, кеуде клеткасының алдыңғы беті және оң қолы аймағы гиперемияланған. Зақымдалған аймақта эпидермис жойылуы және көпіршіктердің көп болуы анықталады.
1.Сіздің болжам диагнозыңыз?
2.Күйік қандай дәрежеде және көлемі қандай?
3.Күйік формуласын жазыңыз?
4.Қандай алғашқы көмек көрсету керек?
5. Сіздің емдік тактикаңыз? (50 балл)?
Хирургиядағы заманауи телемедицинаның артықшылығы мен кемшіліктерін сипаттаңыз, телемедицинаның түрлерін көрсетіңіз (30 балл)?
Десмургия түсінігі, түрлерін және қолдану мақсатын көрсетіп сипаттаңыз (20 балл)?
Ескерту: Сұрақ № 6-нұсқаулықтың ережеcіне сүйене отырып жасалған. Сұрақтың күрделігіне байланысты, бірінші сұрақ 50 бал, екінші сұрақ 30 бал, үшінші сұрақ 20 бал есебімен бағаланады.
Кафедра мәжілісінде талқыланды.
№1 хаттама. 01.09.2021 ж.
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
«Жалпы хирургия» кафедрасы
Жалпы хирургия.
__.__.2022 ж.
Аралық бақылау-1.
Нұсқа-10.
Аты-жөні______________________________________
Тобы:__________
Cұрақтары.
Ауруханаға жедел жәрдем көмегімен 32 жастағы әйел адам жеткізілді. Сұрастыру барысында, әйелдің кір жуу алдында қазандықтағы ыстық суға ағартқыш пен сабынның үгіндісін салып жатқанында, байқаусызда үстіне ыстық су құйылып, денесін күйдіріп алған. Денесінің алдыңғы беті толығымен, білектері мен қолдары қызарған. Жараның беті ақшыл түсті, ауырсыну бар.
1.Болжам диагноз қойыныз?
2.Күйіктің формуласын жазып көлемі мен деңгейін анықтаңыз?
3.Науқасқа қандай алғашқы көмек жасайсыз?
4. Сіздің емдік тактикаңыз? (50 балл)?
Қан кету, жіктелуі, патогенезін, жергілікті және жалпы көрінісін сипаттаңыз (30 балл)?
Оптикалық құрал-саймандарды залалсыздандырыңыз (20 балл)?
Достарыңызбен бөлісу: |