Cұрақтары.
Сізге оң иығының ауыратынына шағымданып науқас келді. 3 сағат бұрын ол халатын шешіп, ілгішке ілер мезетте ауырсынғанын айтады. Бір жыл бұрын оң иығының травмаға байланысты шыққанын еске салады. Қараған кезде, оң қолы мәжбүрлік жағдайда екендігі және оң иығының баспалдақ тәрізді деформациясы бары айқындалды. Тоқпан жілік басы қолтық астынан анықталады.Егер қолын қозғап көрсеңіз, иық буыны серіппе (пружина) тәрізді серпінділік танытады және ауырсыну артады.
1.Сіздің болжам диагнозыңыз ?
2.Негізгі емдеу міндеттері мен принциптерін атаңыз?
3.Мүмкін болатын асқынуларды атаңыз? (50 бал)?
Күйіктік жарақат, жіктемесі, клиникалық көрінісі және дәрежесіне байланысты ем көрсеткіштерін сипаттаңыз (30 бал)?
Оптикалық құрал-саймандарды залалсыздандырыңыз (20 бал)?
Ескерту: Сұрақ № 6-нұсқаулықтың ережеcіне сүйене отырып жасалған. Сұрақтың күрделігіне байланысты, бірінші сұрақ 50 бал, екінші сұрақ 30 бал, үшінші сұрақ 20 бал есебімен бағаланады.
Кафедра мәжілісінде талқыланды.
№1 хаттама. 28.08.2020ж.
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
«Жалпы хирургия» кафедрасы
Жалпы хирургия.
__.__.2020 ж.
Аралық бақылау-1.
Нұсқа-16.
Аты-жөні______________________________________
Тобы:__________
Cұрақтары.
Кешкі сағат 20.00 Түркістан қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне 22-23 жас шамасындағы ер бала жедел жәрдем көлігімен әкелінді. Кезекші дәрігер хирург қарағанда: (науқас мүсәтір спиртін байқасызда су деп ішіп қойған) балада жұтыну қиын, өңештік бөлікте қатты ауырсыну бар, Пульс-110 рет мин., АҚ 90\60 мм.сб.б., ТАЖ-43 рет мин. Науқас жұтынғанда өңеште күйдіріп, ауыру сезімі болғандықтан су сұрады, бірақ ол суды іше алмады.
1.Болжам диагнозаңыз?
2.Алғашқы көмек қандай болады?
3.Жасалған емнен науқастың жағдайы жақсара ма? (50 бал)?
Күйіктік жарақат, жіктемесі, клиникалық көрінісі және дәрежесіне байланысты ем көрсеткіштерін сипаттаңыз (30 бал)?
Ауалы-тамшылы инфекцияның жұғу жолдары, оталық бөлімінің құрылысы және оның санитарлы-гигиеналық тәртібін сипаттаңыз?
Ескерту: Сұрақ № 6-нұсқаулықтың ережеcіне сүйене отырып жасалған. Сұрақтың күрделігіне байланысты, бірінші сұрақ 50 бал, екінші сұрақ 30 бал, үшінші сұрақ 20 бал есебімен бағаланады.
Кафедра мәжілісінде талқыланды.
№1 хаттама. 28.08.2020ж.
Достарыңызбен бөлісу: |