Пән: «Метеорология климатология негіздерімен» №1 дәріс. Кіріспе. Метеорология климатология негіздерімен пәні. 1сағ



бет6/7
Дата12.06.2016
өлшемі2.11 Mb.
#129863
1   2   3   4   5   6   7

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1.Ауа температурасының тқмен түсуі немен байланысты.

2.географиялық таралуда ненін орны ерекше болып табылады.

Әдебиеттер тізімі

1.Байшоланов С.С., Қожахметов Г.Н. Жалпы метеорология: Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті,2005.

2.Моргунов В.К. Основы метеорологии, климатологии. Метеорологические приборы и методы наблюдений: Учебник.-Ростов-на Дону: - Фнеикс,2005.

3.Неклюкова Н.Л. Общее землеведение.-М.:-Просвещение,1967.

4.Виткевич В.И. Практические занятия по метеорологии.-М.:-1957.

5.Шубаев Л.П. . Общее землеведение.-М.:- Высшая школа,1977.

6.Шубаев Л.П. . Общее землеведение.-М.:- Высшая школа,1969.

7 дәріс Климаттың жіктелуі



Мақсаты: климатқа әсер етуші факторларды қарастырамыз. Ботаникалық жіктелудің негізін қарастырмыз.

Сұрақтары:

  1. Л.С. Бергтің климаттың ландшафттық – ботаникалық жіктелуі.

  2. Б.П. Алисовтың климаттың генетикалық жіктелуі.

Алғаш ғылымды дүние жүзілік климаттық жіктелуі Ресейде 1872 жылы ботаник Гризебах жасаған болатын. А,И Воейков 1884 жылы өзендерді индикаторлық режимдеріне қарап климаттарды жіктеген болатын. Л,С Бергтің тұжырамдамасы бойынша климаттық орнығуы географиялық зоналыққа байланысты. Зоналық климаттардың типтері келесілер:



  • Тундра : а) солтүстік жарты жағажай, б)оңтүстік жарты жағажай,

  • Тайга,

  • Орманды дала,

  • Дала,

  • Субтропикалық орман,

  • Тропикалық шөл,

  • Саванна,

  • Ылғалды тропикалық орман,

  • Шөл

10.Жерорталық

Б,П Алисов 1936жылдан бастап генетикалық климаттардың жіктелуін жасай бастады. Ол атмосфераның динамикасына байланысты климаттық әр-бірігуінің пайда болуын зерттейді. 1962жылы жұмысында ол географиялық климаттардың түрлерін келтіреді:



  • Экваторлық: а)материктік, б)мұхиттық,

  • Экваторлық муссон: а)мұхиттық, б)материктік,

  • Тропиктік: а)материктік, б)мұхиттық, в)шығыс жағажайлық,

  • Субторпикалық: а)материктік, б)мұхиттық, в)батыс жағажайлық, г)шығыс жағажайлық,

  • Субтропикалық және субантарктикалық: а)материктік, б)мұхиттық,

  • Полярлық: а)материктік, мұхиттық,

Ыстық климаттар. Экваторлық климат боп келеді: Амазонка өзені, Гвинеялық шығанақ және Конго, Малакке, Зонд және Жаңа Гвинес.

Климат мына жағдайларға байланысты қалыптасады:

а)бір жыл ішіндегі көп мөлшерлі ыстықтың әсері, бұнда 60%-70% күн радиациясының мөлшері қарастырылады, яғни жылына 80-120 калонна қамтиды.

б)үзіліссіз байқалатын ыстық конфекцияның ауа массадағы 10-12км байқалады.

Температуралық режим жыл сайын тұрақты боп келеді.Орташа айлық темперетура 24-тан 28с- градусқа дейін барады, сирек минемалды түрде 20с-қа дейін жетеді, ал максималды шкаласы 35с градус. Температураның аз мөлшердегі көптігі оның 75% күн жылуын булануға кететіндігімен сипатталады. Аз мөлшердегі тәулік ішіндегі амплитуда көрінбейтін жылудың шығуымен байланысты. Экваторлық климат өсімдіктер әлеміне, олардың өсіп дамуына ыңғайлы боп келеді. Ол экваторлық ормандармен көп қамтылған.

Субэкваторлық муссон немесе саванна климаты. Бұл климат, экваторлық климатқа қарағанда көп мөлшерді аймақты қамтиды. Оңтүстік Америкадан Гвияналық және Бразиялық таулы бөктері, Орталық Африка, Конго өзенінің солтүстігі шығысы және оңтүстігі, Индостан, үнді-қытай, Солтүстік Австралия. Жаз айында жаңбырлы мезгіл, температура сол төмен көктемге қарағанда. Аграрка мамыр айының температурасы 34с, қаңтар айында 15с, Атмосфера церкуляциясы саванна аймақтарында ауыспалы боп келеді, жазда онда экваторлық ауа массалары болса, қыста тропикалық ауа массалары пайда болады. Экваторлық ауа массаларының қозғалысына байланысты муссондық циркуляция пайда болады. Саванналық климат екі климаттық түрді қамтиды:



  • жазда; экваторлық

  • қыста; тропиктік

Л,С Бер таулы аймақтарда климат түрлерін алып қарастырған.

  • Мәңгі суық полярлық мұзды аласа таулар: Гренландия, Арктика, Антарктида,

  • Далалы және шөлейт таулар: Армян таулары

  • Шөл таулары: Орталық Азия

  • Тибет таулары: Памир, тибет

  • Субтропикалық дала, және ирандық таулар: Иран, Кіші Азия,

  • Саванналық үлкен таулар: Мексика, эквадор, Боливия, Перу, Чили, Атлас тауының жартысы.


Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1.Ауа температурасының тқмен түсуі немен байланысты.

2.географиялық таралуда ненін орны ерекше болып табылады.

Әдебиеттер тізімі

1.Байшоланов С.С., Қожахметов Г.Н. Жалпы метеорология: Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті,2005.

2.Моргунов В.К. Основы метеорологии, климатологии. Метеорологические приборы и методы наблюдений: Учебник.-Ростов-на Дону: - Фнеикс,2005.

3.Неклюкова Н.Л. Общее землеведение.-М.:-Просвещение,1967.

4.Виткевич В.И. Практические занятия по метеорологии.-М.:-1957.

5.Шубаев Л.П. . Общее землеведение.-М.:- Высшая школа,1977.

6.Шубаев Л.П. . Общее землеведение.-М.:- Высшая школа,1969.

8 дәріс Климаттың өзгерістері



Мақсаты: Климаттың өзгерістерді және климатқа әсер етуші факторларды қарастырамыз. Ботаникалық жіктелудің негізін қарастырмыз

Сұрақтары.

1.Климатқа антропогеннің әсері

2.Ғаламдық жылынудың салдары

3.Климаттың өзгеруін түсіндіретін гипотезалар


Климаттың өзгерістері.Климат өзгермей қала алмайды, өйтекні уақыт ішінде оның қалыптасу факторлары өзгереді.

Бұрынғы өткенткездегі Жердің климаты қандай болғандығы туралы организімдердің қазба қалдықтарын, гидрологиялық процестердің іздерін, литогенездерді т.б.зерттеу үстінде алынған жанама деректер бойынша ғана пайымдауға болады.Бұл деректерді сөзсіз ақиқат деп айтуға болмайды, бірақ бұлар неғұрлым көп болса, соғұрлым қорытындының дұрыстығы ықтималдырақ болады.Өткен кездегі климаттарды қалпына келтірудің ықтималдығы Жердің қазіргі климаты туралы білімдердің дамуына,сондай-ақ жанама белгілерді зерттеудің жаңа әдістерін қолданумен арта түседі.

Зертттеушілердің арқасында соңғы маллиард жыл ішінде Жер бетіндегі климат және жоғарғы ендіктер арасында қазіргіден температуранық едәуір аз контрастары арқылы айырымдалады деп жобалауларына негіздер бар.Мұнда тропиктік ендіктерде температура қазіргіге жақын, ал қоңыржай және жоғарғы ендіктерде қазіргіден едәуір асып түскен.Климаттық зоналылық қазіргідей нақтылы айырымдалмаған.Бірақ жылы климаттың жалпы фонында кезінде жоғарғы ендіктерде мұздану дами алатын біршама қысқа мерзімде(жүздеген мың, мүмкін милиондаған жыл)суынулар болған.Соңғы төрттік-бұдан 600-700 мың жыл бұрын басталған дәуір нақ осы суық кезеңге жатады.Осы уақыт ішінде мұздану талай рет ұлғайып өсіп,қысқарды,мұздық дәуір мұздық аралықтармен алмасты.Соңғы мұздану бұдан 10 мың жыға жуық бұрын аяқталды.Жоғарғы ендіктердегі мұздану қысқарды,бірақ жоғалып кетпеді.Қазіргі климат Жердің «қалыпты» климатынан суығырақ.Осының негізінде қазіргі дәуір – мұздықтықтың бөлігі деп жобаланады.

Тарихи уақыт ішінде климаттық өзгерістері туралы, әрине ең жақсысы аспаптық метерологиялық бақылаулардың дерегі бойынша пайымдау.Бірақ бұлар 200жылдан сәл асатын уақыттан бері, ал жаппай аспаптар көмегімен бұдан да аз не бары 100 жылдан бері жүргізіледі.Сондықтан да археологиялық, фольклорлық, әдеби материалдардың маңызы зор.Климат өзгерістерінің табиғи кепілдіктері – мұздықтардың, көлдердің,өзендердің ауытқуы,ағаштардың өсуі т.б.пайдаланылды.Жинақталған бұл деректер тарихи уақыт ішінде климаттың күрт өзгерістері болмады,бірақ орта күй маңыздағы баяу ауытқулар үнемі болып тұрады,мұнда олардың белгілі ритімдері білінеді деп санауға мүмкіндік береді.Орта есеппен 11 жыл ішінде

климат ауытқулары күдік тудырмайды, ал 80-90 жылдық кезеңдер байқатып отыр.Ішкі ғасырлық кезеңдер басқа ұзақтығы бірнеше жүз жыл кезеңдер белгіленеді.

Солтүстік жарты шар материктерінің ылғалдылық өзгерістері туралы материалды талдай отырып А.В.Шнитников кезеңділігі 1800 жыл климат өзгерістері туралы қорытындыға келеді.Әр кезең 2 фразаға:қоңыр салқын-ылғалды климаттық ұзақтылығы азырақ (300-500 жыл) және жылы әрі құрғақ климаттың ұзақ фазасына (1000 жылдан астам) бөлінеді.Фазалар арасында ұзақтығы 100-300 жыл өтпелі кезең болжалынған.

XX ғасырда алғашқы 3-10 жылдықтар ішінде климаттың жылынуы байқалды.Бұл солтүстік жарты шардың жоғарғы және қоңыржай ендіктерінде (солтүстік Европада қысқы 3 айдың температурасы 2,80-қа көтерілуі ерекше)байқалады.

Осы жылынудан туған температураның елеусіз өзгерістері табиғаттың көптеген құбылыстарынан байқалады, тіпті адамдардың шаруашылық қызыметіне біраз ықпал етіп үлгерді.Жылыну өзендердің біраз ертерек ашылуынан(Батыс Дивана 17күнге,Нева 3 аптаға т.б.)Альпа,Гренландия,Скандинавия,Аляска,Памир,Килиманджаро,Антарктида т.б.мұздықтарының кейбір шегіну тенденциясына көрінеді.Мәселен,Памирдегі Федченко мұздығы 1933 жылдан 1957 жылға дейін 280-300 м шегінде,Росса шельфтік мұздығы «Антарктида» 30 жыл ішінде 300 м қысқарды.Канадада егіншілік шегі солтүстікке жылжыды.Лапландияда тундра мен орман шегі солтүстікке ығысқаны байқалды, Исландияда бұдан 600 жыл бұрын егін егілген,содан кейін мұз басып қалған Жер мұздан арылды.Арктикада солтүстікте кемелер осыншама қашықта тарихта ешқашанда болып көрмеген.Шпицбергенде гаваньдар 1990 жылғыдай 3 ай емес,жылына 7 ай кемелерге қолайлы болды.Суық суды жақсы көрген балықтар (сельділер) Норвегия жағаларынан солтүстікке жылжыды.Солтүстік жарты шардың барлық континенттерінде қуаңшылық аудандардың біраз ұлғайғаны байқалды.

40-шы жылдардың басында жылыну қазірде де жалғасып отырған суынумен алмасты, бірақ бұл әлі әзірге мұның алдындағы жылыну нәтижелерін жоққа шығарған жоқ.Сондай-ақ бұл процесс солтүстік жарты шарда, әсіресе жоғарғы ендіктерде көбірек байқалады.Орташа жылдық температураның не барі 10С-қа төмендеуі Англияда вегетациялық кезеңнің екі аптаға қысқаруын тудырды.Солтүстік Анталияда судың температурасы төмендеді, Гольфстрим оңтүстікке қарай біраз жылжыды.

Климат өзгерістерінің себептерін, ең алдымен климат түзетін факторлардан-Күн радияциясынан және жердің бетінің сипатынан іздестіру керек, әсіресе әңгіме геологиялық уақыт көлеміндегі климат өзгерістері жөнінде болса, космостық ықпалды бастан өткеріп жатуы мүмкін,егер бұл солай болса,климатта өзгетуге тиіс.Ауаның интенсивті меридиональдық ауа тасымалын тудыра алатын толысу түзілетін күштердің күшеюі Ай мен Күннің 1800-1900 жылда бір рет болатын ерекше өзара орналасуы кезінде(бір түзуде және бір жазықтықта) Жерге ықпалынан деп түсіндіреді.

Жердің бүкіл тарихында Күннің шығарған энергиясының мөлшері өзгерді ме өзгерсе, нақ қалай өзгерді, ол жағы белгісіз.Алайды оған қарамастан Жер бетіне түсетін Күн радияциясының мөлшері және оның Жер бетіне таралуы тұрақты болып қала алмайды.Жер орбитасының эксцентриситеті 92000 жыл кезеңде ауытқитыны және тиісінше Жер мен Күн аралығы да өзгеретіні мәлім.40000 жыл кезеңде эклиптикаға қарай Жер осінің еңістігі өзгереді.Бұл еңістік неғұрлым аз болса, поляр облыстары Күн жылуын соғұрлым аз алады.Күн жылуының Жер бетіне таралуына процессия ықпал етеді.

Аталып өткен себептердің ықпалымен Жер беті алатын жылу мөлшеріндегі өзгерістер түрлі ендіктерде әр түрлі ендіктерде әр түрлі көрінеді.Бұл өзгерістер төменгіге қарағанда жоғарғы ендіктерде үлкен дәрежеде көрінеді Мысалы,эклиптикада ось еңісін 10-қа ұлғайтсақ, 800ендіктің Күн радияциясының жылдық шамасы 4,02%-ке артады,ал 00 ендікте не барі 0,35 %-ке азаяды.Күн активтілігінің ауытқуы да климатқа әсер етеді.Күн активтігі күшейе түскенде ультракүлгін сәуле шығару көбейеді.Бұл тропосфера жылу күйінің тікелей өзгерістерін тудырмайды, бірақ аралық процестер арқылы климатқа ықпал етеді.Күннің ультракүлгін сәулесін ала отырып,атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы оттек молекулалары ыдырайды, Жердің жылу сәулесін жұтатын озон молекуласы түзіледі.Сонымен Күннің ультракүлгін сәуле шығаруының көбеюі Жердің бетінде температураның артуына әкеп соғады.Ультракүлгін сәулелер тропосфераның жоғарғы қабаттарында конденсация ядроларының-азот ангидритының гигроскопиялық молекулаларының түзілуіне жол ашады.Су буының конденсациясы жылу бөлінумен қосарланады;су буы Жердің жылулық сәуле шашуын кідіртеді.Сонымен күннің қысқа толқынды радияциясы атмосфераның потенциялық энергиясын кинетикалық энергияға айналдырады.Атмосфера циркуляциясының күшеюі осыған байланысты мұнда меридиональдық тасымал күшеюіне әкеп соғады.Күн активтігі әлсіреген кезде меридиональдық тасымал ендіктің тасымалдық басым болуымен алмасады, төменгі ендіктерде температура төмендейді, жоғарыда артады.Күн активтігі ауытқуының цикл ұзақтығы қазір байқалып отырғандай едәуір көп болуы және олар үлкен уақыт аралығында климат ауытқуларын тудыруы мүмкін.Күн активтігі цикілдерінің «салымы» климат өзгерістерін қиындата түседі.Рельеф өзгерістерінің ықпалы да өте үлкен, өйткені таулардың үстінде атмосфера сирелген, су буы мен тозаң тапшы, мұнда шығыны көп.Жер бетінде таулар неғұрлым көп, неғұрлым биік болса соғұрлым ауа температурасы төмен.Қазіргі рельефті толық тегістеп шығу,ауа температурасының 0,70-қа арттырғанболар еді.Тау түзілу дәуірінде ауа температурасы төмендеуге тиіс.

Климат өзгерісіне қандайда болмасын себептердің шынайы рөлін анықтау, олардың ықпал нәтижелерін өзара «силмалау» салаларына өте күрделі болып келеді.

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1.Ауа температурасының тқмен түсуі немен байланысты.

2.географиялық таралуда ненін орны ерекше болып табылады.

Әдебиеттер тізімі

1.Байшоланов С.С., Қожахметов Г.Н. Жалпы метеорология: Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті,2005.

2.Моргунов В.К. Основы метеорологии, климатологии. Метеорологические приборы и методы наблюдений: Учебник.-Ростов-на Дону: - Фнеикс,2005.

3.Неклюкова Н.Л. Общее землеведение.-М.:-Просвещение,1967.

4.Виткевич В.И. Практические занятия по метеорологии.-М.:-1957.

5.Шубаев Л.П. . Общее землеведение.-М.:- Высшая школа,1977.

6.Шубаев Л.П. . Общее землеведение.-М.:- Высшая школа,1969.

9 дәріс. Метеорологиялық приборлар мен бақылау әдістері.

Мақсаты: Термодинамикалық параметрлерін қарастыра отырып ауаның ылғалдылығын қарастыра отырып қысымды өлшеу және көрсету болып табылады.
Температураны өлшеу


  1. Ауаның ылғалдылығын өлшеу.

  2. Атмосфералық қысымды өлшеу.

  3. Желдің бағыты мен жылдамдығын анықтауАтмосфералық жауын-шашын мен булануды өлшеу.

  4. Бұлтты бақылау.



Термодинамикалық параметрлер.

Температура және оны өлшеу тәсілдері.
Термодинамикалық параметр деп – макродененің күйін сипаттайтын физикалық шаманы атайды, оған қысым, көлем, тем- пература жатады.

Термодинамикалық процесс дегеніміз-қандай да бір термопараме- трлердің өзгеру құбылысы немесе жүйенің бір күйден екінші күйге өтуі.


Барлық макроденелер микроденелерден (атомдармен молекулалар- дан тұрады).

Микроденелердің де өз сипаттамалары (микропараметрлері) бар. Оларға молекуланың (атомның ) көлемі, молекуланың (атомның) массасы, молекуланың (атомның) жылдамдығы, молекулалардың

(атомдардың) концентрациясы жатады. Макроденелерде өтіп жатқан процестердің осы мароденені түзетін микроденелердің параметрлерінің өзгерісінен туатыны анық.

Физикалық шаманың белгілі информация беретінін, яғни оның физикалық мағынасы болады. Мысалы : макродененің массасы- денеде заттың қандай мөлшері бар екенін, көлем-дененің кеңістікте қандай орын алатынын білдіреді, газ қысымы-газдың бірлік ауданға қандай күшпен әрекет ететінін сипаттайды.





Микроденелердің сипаттамасы

( микропараметрлер)


Белгіленуі

Көлемі

V0

Массасы

m0

Жылдамдығы

Ű0

концентрациясы

n0

Температура: Жылулық тепе-теңдік кезінде барлық денелердің температуралары бірдей, сондықтан оны жылулық тепе-теңдік күйінің сипаттамасы деп есептеуге болады. Температурамен таби- ғаттағы барлық сұйық заттарды қарастыруға болады.

Мысалы: мұнай өнімдерінің салаларын қарастырсақ, майды қоюландырып, оның қозғалтқышын жоятын температура қыста 5 градустан 20 градусқа дейінгі температурада пайдаланылады, ал жазда 20 градусқа дейін.

Ал, дене мен температураны өлшейтін аспапты- термометр деп атайды. Оларды тікелей жанастырсақ температуралары теңеседі, яғни жылулық тепе-теңдік орнайды.


Топтастыру стратегиясы
Қайнау Жылу
Термометр Салқын

Суық
Қатаю Ыстық
Термометрлер және температуралық шкалалар.

Температураны өлшеу үшін денелердің кейбір қасиеттеріні температураға тәуелді өзгеріп отыратыны пайдаланылады.

Термометрлік дененің температурамен бірге үйлесімді өзгеріп отыратыны белгілі бір сипаттамасын, мысалы,газдың көлемін немесе қысымын алып, қайталануы жеңіл, бірқатар тұрақты температуралық нүктеледі тағайындайды. (судың қайнау, қатаю

нүктелері) . Бұл нүктелер реперлік нүктелер деп аталады. Реперлік нүктелерді таңдау арқылы түрліше температуралық шкалаларды алады.


1. Фаренгейт шкаласы.1724 ж. Ұлыбританияда және Голландияда жұмыс істеген неміс физигі Фарангейт ұсынған. Реперлік нүктелер:

0 F -1709 ж. ерекше суық қыстың температурасы 32 гр F – мұздың еру температурасы 98 гр. F . бұл шкала бойынша судың қайнау температурасы 212 гр F . Фаренгейт шкаласын АҚШ-та пайдалана- ды.



2. Реомюр шкаласы. 1730 ж.француз жаратылыстанушысы Реомюр жасаған. Реперлік нүктелері : 0 гр. Р –мұздың еру температурасы:100 гр С-судың қайнау температурасы.

3. Цельсий шкаласы. 1742ж. швед астрономы және физигі Цельсий жасаған. Реперлік нүктелері: 0 гр С –мұздың еру температурасы; 100 гр С- судың қайнау температурасы.
Абсолют температуралар шкаласы. Тұңғыш рет температуралық шкаланы физикалық құбылыстың негізінде жасаған ғалым, ағыл- шын физигі 1848 жылы Томсон Уильям ғылыми жетістіктері үшін лорд Кельвин атанды. Цельсий шкаласы бойынша -237 гр С температураға 0 К сәйкеc келеді. Бұл мынадай байланыста болады. Т = t + 237
( Цельсия мен Томсонның суреттері )
Термометрлердің негізге түрлері

Спирттік немесе

сынаптық Газдық Электрлік Пирометрлер

Термометрдің түрлері
Термометрді алғаш ойлап тапқан ғалымдар

(суреттерін тақтадан көрсету)

Интерактивті тақтаны пайдаланып есептер шығару.
11 есеп

Берілгені:

О2



υ1 = 460 м/с

N2

υ2 - ?

Шешуі:

Газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы мына өрнекпен анықталады:



v = √3RT /M; мұндағы М –газдың мольдік массасы. Оттегі молекула- ларының орташа квадраттық жылдамдығы v , болған кездегі тем- пературасына тең: Т = υ2 1 М1 / 3R. Осы температурада азот молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы :

υ2 = √3R υ2 1 M 1 / M2 3R = υ1 M 1/M2 = 492 м/с

14 есеп



Берілгені :

P = 105 П а

ρ = 1,29 кг/м3

v - ?
Шешуі: Газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы анықталады: υ = √3 k T /m0 ; ьұндағы m0 – бір молекуланың массасы.

Ауаның тығыздығы ρ=m0 n болғандықтан, мұндағы n = P kT – оның

молекулалар шоғыры, онда υ =√ 3р/ρ = 482 м/с.

15 есеп



Берілгені :

t1 = 370C

t2 = 400 C
Δυ/υ1- ?

Т1 температурада су буы молекулаларының квадраттық жылдамдығы Т1 температурада тең болады: υ1 = √3 RT / M , Т2 температурада : υ2 = √3RT2 /M . Сонымен T1 ден T2 дейін температура- ны арттырған кезде молекулалар жылдамдығының артуы:

υ 1/ υ 2 –υ 1 100% = √T 2 – √T1 /√ T1 100 % = 0,5 %
Ауа райын бақылайтын станцияларда термометр жан-жағында желбезек тәріздес саңлаулары бар қораптың ішіне қойылады.Желбезектер термометрге ауаның еркін өтіп тұруына қолайлы жағдай жасайды, соңымен бірге оған күн көзін түсірмейді. Қораптың есігі міндетті түрде солтүстік жаққа қарап ашылады.


53- сурет. Ауа райын бақылайтын станциядағы термометр

орнатылатын қорап.
Аэрологиялық бақылау
Аэрология –термині гректін аэро.. logos- ілім деген сөзінен шыққан. Атмосфераның жоғары қабатарында болып жататын физикалық құбылыстар мен процестерді зертейтін Атмосфера физикасының бөлімі. Аэрологияның негізгі әдістері –метеорологиялық элементерді өздігінен жазып отыратын немесе оларды радио арқылы жерге хабарлайтын Аэрологиялық аспаптарды белгілі бір биіктікке көтеру немесе берілген бір изобара бетімен ұзақ уақыт ұшыру. Мұңдай аспаптар 7-10 киллометрге , шар және радиозондпен 40 киллометрге, ракеталармен 450 киллометрге , Метеорологиялық спутниктермен 1000 киллометрден астам биіктікке дейін көтеріледі.

Аэрологиялық аспаптар –Атмосфера қабатарындағы ауауның температурасын, қысымымен ылғалдылығын, күн радиациясын, бұлттылықтың биіктігін және оның жоғары, төменгі шекаралырын, Атмосфера турбуленттілігін, ондағы озон мен аэрозольдың мөлшерін, электр өрісінің потенциалын тағы да басқаларды өлшеу үшін қолданалатын аспаптар негізгілері: Радиозонд ауаның температурасын қысымын, ылғалдылығын, желдің жылдамдығын және Аэрологиялық теодолиттің радиотеодолитпен радиолокатордың көмегімен жасалған траекториялық деректер бойынша желдің бағытын анықтайды; метеограф лентасына метеорологиялытқ элементердің мәндерін өздігінен ,үзбестен азып отырады . Атмосфераны зерттеу кезінде бұлттармен жауын-шашын жағдайын ,ауадағы су тамшыларының мұзға айналуын , турбуленттігін байқау үшін жоғарыда аталғандардан басқада самолетке орнатылған немесе ұшқыш шар, шар зондтардың көмегімен жоғары көтерілетің Аэрологиялық аспаптар қатысады. Көлемді кеністікті алып жатқан Атмосфера параметрі самолетерге орнатылған метеорологиялық лабораторияда өлшенеді. 100 киллометрге дейінгі, кейде одан жоғары Атмосфер қабатарындағы ауаның температурасын, қысымы мен тығыздығын, құрамын анықтауға метеорологиялық ракета, Өте үлкен кеңістіктегі метеоэлементерді зертеуге метеорологиялық жер серіктері пайдаланылады . Олардың ұзақ бақылаулары нәтижесінде бұлтылықтын глобальдық жағдайы , дауылдармен нөснерлердің ошақтары , жер, мұхит, бұлт беттерінің температурасы, жердін радиациялық балансы анықталады.

Аэрологиялық Обсерватория (расытхана) – Атмосфераны зерттеу жұмысын жүргізетің ғылми мекеме. Аэрологиялық Обсерваторияда қолданылатың приборлар Атмосфераға радиозонд , самолет, Аэростат, ракета және жасанды спутникпен көтеріледі. Атмосферажердегі аппаратармен – радиолокациялық оптикалық (прожектор) дыбыс жаңғырту, лазер сәулесін шағылту, тәсілімен де зертеледі. Аэрологиялық Обсерваторияда 100 киллометрге дейін және одан астам биіктіктегі атмосфералық процестер ,ауа ағындары, жылу режимі,бұлтпен жауын-шашын, Атмосфера турбуленттігі, радиациялық баланс, бұлтпен тұманға тиетін әсер зертеледі. Еліміздегі тұңғыш Аэрологиялық Обсерватория Ленинград түбіндегі Павлов Аэрологиялық Обсерваториясы, ол1902 жылы құрылған. Ең ірі Аэрологиялық Обсерватория Москва түбіндегі орталық Аэрологиялық Обсерватория.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет