Theme № 23 The Passive Voice / Ырықсыз етіс
Ырықсыз етіс баяндауыш қызметінде жұмсалған сөйлемде қимыл иесіайтылмайды,яғни ол сөйлемде қимыл иесінің кім екені белгісіз болады.
Былайша айтқанда,бастауыш қызметінде жұмсалған қимыл иесі өзіқимыл - әрекет істемейді , керісінше, ол басқа біреудің қимыл-әрекетінің объектісі болады. Қазақ тілінде ырықсыз етіс сабақты етістіктің түбіріне- л(-ыл,-іл),-н(-ын,-ін),-л жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
Мысалы : кір жуылды,тақта сүртілді, т.б.
Ырықсыз етіс баяндауышы ағылшын тілінде (to)be көмекші етістігі мен өткен шақ есімшеден (Participle 2) құралады.
Баяндауыштың өзгеретін (to) be бөлігі тиісті шақта, жақта және тұлғада
(көпше, жекеше) тұрады:
to be + Participle II
Мысалы :
Хат қарындашпен жазылған.
The letter is written with a pen.
Бұл жұмыс кеше біткен.
This work was finished yesterday.
Сұраулы сөйлемдер :
Is that letter written? Сол хат жазылдыма?
Will the letter be sent tomorrow?
Хат ертең жіберілеме?
Болымсыз сөйлемдер :
That book was not read.Ана кітап оқылған жоқ.
This work will not be finished next week.
Бұл жұмыс келесі жетіде бітпейді.
Төмендегі сөйлемдерді салыстырып талдау арқылы ырықсыз етістің қолданылуын, мағынасын айдын анғаруға болады :
Asanov built the bridge last year.
The bridge was built (by Asanov) last year.
Бірінші сөйлемде қимыл иесі (субъект)- Asanov бастауыш қызметінде,
оның қимылы – built баяндауыш (жай етіс) толықтауышты (the bridge) меңгеріп тұр. Яғни, бұл сөйлемде субъект те, предикат та, объект те - әрқайсысы өз орнында жеке сөйлем мүшесі болып тұр.
Баяндауыш ырықсыз етіс түрінде берілген екінші сөйлемде объект (the bridge) бастауыш ретінде жұмсалып, қимыл иесі сөйлемде айтымай немесе by қосымшасы бар толықтауыш (by Asanov) арқылы көрсетілген. Ырықсыз етісті сөйлемнің шақтары , сұраулы және болымсыз түрлері жай етісті сөйлемнің шақтарына, сұраулы және болымсыз түрлеріне
сәйкес жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |