3.3. Білім мен дағдыны бағалау өлшемдері Пән бойынша барлық бағалар білім алушылардың оқу жетістіктерін есепке алуды бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша пайыздық мазмұнда қойылады және олар дәстүрлі бағалау шкаласы мен ESTS-ке ауыстырылады
«А», «А-» («өте жақсы») - егер білімгер барлық бағдарламалық материалдарды терең меңгеріп, толық, сауатты, дәйекті және логикаға сәйкес оны баяндап, тапсырманың түрін өзгерту барысында дұрыс жауап берсе, қойылған мақсаттарды дұрыс шеше білсе, монографиялық материалды біліп, қабылданған шешімдерді дұрыс негіздеп, практикалық жұмыстарды орындаудың әр түрлі дағдылары мен әдістеріне ие болып, қателеспей, материалды өздігінен жинақтап қорытып баяндай алса;
«В+», «В», «В-», «С+», («жақсы») - егер білімгер бағдарламалық материалды жақсы біліп, оны сауатты, мәнімен баяндап, сауалға жауап бергенде елеулі дәлелсіздіктерді жібермей, теориялық ережелерді дұрыс пайдаланып, практикалық міндеттерді орындау барысында қажетті дағдыларға ие болса;
«С», «С-», «D+», «D» («қанағаттанарлық») - егер білімгер тек қана негізгі материалды меңгеріп, бірақ кейбір нақтылауларды білмей, дәлелсіздіктерді, дұрыстау емес тұжырымдамаларды жіберіп, бағдарламалық материалды баяндау және практикалық тапсырманы орындау барысында қиындық көрсе;
«FХ», «F» («қанағаттанарлықсыз») - егер білімгер бағдарламалық материалдардың маңызды бөлігін білмей, елеулі қателерді жіберіп, практикалық жұмыстарды әрең орындаса.
Оқытушы емтихан бағасын қою барысында осы өлшемдерді (критерийлерді) жетекшілікке алады.
А «-»-тан А-ға дейін, С «+» -тан В «+»-қа дейін, D-дан С-ға дейін ауытқу амплитудасында бағаны таңдау білім алушының жоғарыда баяндалған критерийлерге білімі мен біліктерінің дәрежесімен анықталады.