Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет18/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

Дағды, әдет-ғұрып деген ұғымдар адамның мінезі мен тіршілігіне байланысты. Олардың кейбіреулеріне тоқталып көрелік:
Шашу – әдет-ғұрыптың бір түрі. Жаңа түскен келіннің, жаңа туған нәрестенің тойына барғанда, қуаныштың белгісі ретінде құрт, ірімшік, кәмпит, өрік-мейіз шашады. Шашуды әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да оны жас балалар теріп алады. Халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша, той жасаған үйге оның жақындары «тойға шашу» деп, тәтті тағамдар әкеледі.
Тұсау кесу – бала тәрбиесіндегі әдет-ғұрып, ырым. Баланың аяғын жіппен немесе қойдың піскен майлы ішегімен тұсап, бала-шағалы, аяғы жеңіл, ақкөңіл адамға кескізеді. Тұсау кесу құрметіне тағам дайындап, көршілерді жинап, жеңіл-желпі құрмет көрсетіледі. Тұсау кескен адамға сыйлық беріледі.
Ант, серт, уәде – халқымыздың сенім кепілінің көрінісі. Ант жаудан өш алу, еларалық келісім, адалдықтан айнымау сияқты маңызы жоғары жағдайларда ғана айтылады. Ел ішінде антты бұзған адамды «ант атқан» деп жек көрген. Демек, ант – адалдық сөзі.
Айдар – ғұрып. Балалардың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ араластыра өріп қояды. Мұны «айдар» деп атайды. Бұл ғұрып негізінен ер балаға жасалады. Мысалы, Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың ұзын айдары болған.
Сәлемдеме – біреу арқылы жіберілетін аманат зат; туыстық жағынан жақын адамдардың бір-біріне жіберетін сыйы. Өзінің бару мүмкіндігі болмай, сол жаққа жол түскен таныс адамдар арқылы сәлемін жолдайды. Сәлемдемеге ақша, көйлек-көншек, орамал немесе соғымнан сақталған сыбаға жібереді.
Сөздікпен жұмыс:
Салт-дәстүр –
Жаңа қоғам
Тарихи қалыптасқан нормалар –
Рухани негіз -
Аластау -
Адыраспан -
Арша -
Көз тию –
Шашу –
Жаңа түскен келін –
Жаңа туған нәресте –
Ежелгі дәстүр –
Тұсау кесу –
Сенім кепілі –
Адалдықтан айнымау –
Айдар –
Сәлемдеме –
Аманат зат –
Соғымнан сақталған сыбаға –




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет