3-ТАҚЫРЫП.Мамандықтың бәрі жақсы Практикалық сабақ жоспары (3 сағат) 1-сабақ 1. Оқу орны, мамандық таңдау, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуі туралы ақпарат.
2. Мәтінмен жұмыс. Аудару, сөздікпен жұмыс жасау
2-сабақ 1. Іс-қимыл, оқиға, зат, адамдарға эмоциялық қатынастың және көзқарастың, бағалаудың берілуі.
3-сабақ 1. Есімдіктер, олардың түрлері және септелу ерекшеліктері.
2. Жаттығу жұмыстарын орындау
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 15, 16, 14, 18
СӨЖ-ге арналған тапсырма: 1. Тақырыпқа қатысты сөздік жасау.
2. «Мамандық» сөзіне сөзжұмбақ құру.
3. «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында ойталқы, жағдаяттық тапсырмалар құрастыру
4.Тақырыпқа қатысты конспект жазу.
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма: 1. Тақырыпқа қатысты сөздікпен жұмыс.
2. «Мамандық» сөзіне құрылған сөзжұмбақты шешу.
3. «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында ойталқыны талқылап, жағдаяттық тапсырмаларды орындау
4.Тақырыпқа қатысты конспектіні талдау.
1-тапсырма. ӘҢГІМЕЛЕСЕЙІК ... Әңгімелесу үшін жауап беруге тиісті сұрақтармен танысыңыз. 1) Кім болғыңыз келеді?
2) Сіз неге осы мамандықты таңдадыңыз?
3) Сізге осы таңдауды жасау қиын болды ма?
4) Болашақ мамандығыңызды шығармашылық деп санайсыз ба?
5) Осы саланың мамандары қандай болу керек деп ойлайсыз? Неге?
6) Қазіргі жастардың екінші мамандық алуы туралы не ойлайсыз? Бұл сіз үшін маңызды ма?
7) Сіз қандай екінші мамандық алар едіңіз? Неге?
8) Сіздің пікіріңізше, болашақ мамандықты таңдау үшін ең маңызды не: қабілет пе, жақсы ақша табу ма немесе басқа ма? Өз жауабыңызға дәлелдер айтыңыз.
9) Өзіңіздің таныстарыңыздың, туыстарыңыздың, достарыңыздың немесе белгілі адамдардың қайсысын нағыз маман деп айтар едіңіз? Сіз үшін кім үлгі болып табылады? Неге?
10) Жоғары білім алған, бірақ мамандық таңдауда қателескен адам не істеу керек? Өзіне ұнамайтын іспен айналысуды жалғастыра беруі керек пе, немесе өзінің қабілетіне байланысты басқа мамандық алуы керек пе? Неге?
11) Университетті бітірген соң, қайда жұмыс істегіңіз келеді? Сіздің елде мамандығыңыз бойынша қызықты жұмысқа тұру оңай ма, қиын ба?