3. ″Миға шабуыл″.Ерте үйленудің мотивтері мен себептері.
4. Ақпараттық материал
Отбасы — неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990).
«Үйлену оңай, үй болу қиын». Бұл мақалды бүгінгі күні жиі қолдануға тура келеді. Мұның себебін өзіміз көріп те, біліп те жүрміз. Отбасын құрып, өмірге ұрпақ әкелу – өмір заңдылығы. Ерте ме, кеш пе, әр адам бұл өмірден өз теңін табады. Дегенмен, қай уақытта, қай жаста жанұя құрған дұрыс? Көп жастар шын сезім деп оның "подделкаларына" алданып қалып, үйленеді: жылулықты қажетсіну , аяушылық, достықты махаббаттан ажырата алмау, жалғыздықтан қорқу, есеппен үйлену, керек еткенге мақтаныш, кейде жай нәпсі-физиологиялық қажеттілікті өтеу. Бұл олардың отбасылық қарым-қатынасына салқынын әрине тигізеді.
Байқап жүргеніміздей, қазіргі уақытта жастардың ерте үйленіп, жастай тұрмысқа шығып жатқан тағы себептері бар. Бұған көп жағдайда қызды өз еркінен тыс алып қашу немесе олардың аяғының ауырлап қалуы себеп болып отыр.
Жалпы, ерте шаңырақ көтерген жастар ата-аналарына көп ауыртпалық түсіреді. Және мұндай жанұяда ұрыс-керіс те көп болады. Психологтардың пікірінше, ерте некелесу бұл білім алудан қол үзу, сондай-ақ жас күйеу де балалықтан толық арылмағандықтан әкелік парызын атқаруға дайын болмайды екен. Көрініп тұрғандай, мұндай неке ұзаққа бара бермейді. Алайда қазір жастар арасында мектеп қабырғасында жүріп-ақ үйленіп жатқандары бар...Ешкімге ауыртпалық түсірмей, өз аяқтарына тұрған кезде үй болған дұрыс екен деген ойға шомасың. Сондықтан жастар құр нәпсіге еліктеп, сезімге беріліп үйлене салмай немесе еріксіз алып қашпай, бәрін ой елегінен өткізіп алған жөн. Оның үстіне отбасын құратын жандар отбасылық жауапкершіліктің де қандай екенін, ер мен әйелге жүктелген міндеттерді де ұғып алмайынша үйленуге асықпағаны дұрыс. Сонымен, ерте үйленудің де, кеш үйленудің де қажеті жоқ. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, бәрінің де өз уақытысымен болғаны дұрыс.
5. Қорытындылау.
№3 тақырып Отбасы туралы. Отбасының құқықтық аспектілері
Сабақ мақсатын хабарлау.
Ақпараттық блок.Отбасы – некеге және туыстық қатынастар негізінде бірлесе өмір сүретін шағын әлеуметтік топ.
3. «Отбасы мен үшін» сауалнамасы.
4. ″«Менің отбасым –қазір және ертең»″. тренинг.
5. Қазақтардың отбасы мен неке құру ерекшеліктері Отбасы жүйесі, құрылымы, қызметі және дамуы Отбасылық қарым-қатынас психологиясы. (лекция – диалог)
6.Жетімдер мен қарттар үйлерімен, ондағы тұрғындар өмірімен таныстыру Қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |