Жұмыс формасы: практикалық тапсырмамен байланысқан лекция .
Сабақ уақыты 40-45 минут.
Күтілетін нәтиже: Қарым-қатынас құру барысында отбасылық деструкция, сәтсіздікті болдырмау.
Сабақ мазмұны
Ақпараттық материал: Ғашықтық. Махаббат. Сезімдік мәдениет.
Ғашықтық деген не? Физиологтар кейбір кезде еркек пен әйелдің бірін-бірі көргенде таңқаларлық сезім пайда болатынын, жүректері қаттырақ соғып, денесі жеңіл тартып, жаны рахатқа бөлене қалатынын зерттеп қарапты. Оның бірнеше себептері анықталыпты.
Биологиялық: адамның бойынан шығатын өзге жыныстыны тартып тұратын феромон
аталатын ерекше бір заттың болуы.
Гипноздық: бір көргенде ғашық болу үшін көз ала алмай біраз уақыт қарап қалу жетерлік.
Психоталдамалық: қыз әкесіне, ұл анасына ұқсаған әйелді іздейді және сондай адамды
көргенде ерекше сезім пайда болады.
Топографиялық: қыз бен жігіттің ең алғашқы сезімі есте сақталып қалады, сондай адамды
көргенде ерекше тартылыс пайда болады.
Онегиндік: бір көргенде ғашық болып ұмыта алмау. Бұл адамның көп уақыт жалғыздық
сезініп, өз идеалын жолықтыра алмай жүргенде болады. Ғашықтық деген тіпті сезім де емес, ол – қажеттілік, адамдардың бірге болуға деген ұмтылысы. Сезімдерді басқаратын жүйе кейіннен, 8-17 ай өткенде қосылады.
Ал бастапқыда ғашықтық – тәуелділік. Оны есірткіге елігіп қалғанға ұқсатуға болады.
Біреуге ғашық болып қалсаң, оны бірте-бірте көбірек қажет етіп тұрасың. Ғашық болып қалған адам тәуелді, оның мінезі де өзгеріп кетеді. Ғашықтық сезім ұдайы ең биікте бола алмайды. Тіптен дүниеге бала келгеннен соң да ол сол бұрынғы жаңа ғашық болған қалпында қалып қоймайды. Оны айтасыз, бір әйелден бала көрген еркек тағы бір әйелден бала көруге ынтығатын кездер де жиі кездеседі. Сол сәттен аман- есен өтіп кеткен жұбайлар тұрақты тұрмыс кешеді.
Романтикалық махаббатты ұзаққа созылатын махаббатқа айналдыратын рецепт жоқ шығар,
бірақ өзің сүйіп жейтін тәтті тортты қайта-қайта жегің келетіні, сүйіп тыңдайтын музыкаңды қайта-қайта қоя бергің келетіні екеуара махаббатты да ұзаққа созуға болатынына мысал бола
алады. Енді бір мысал айтайын: соны түсінсең,ғашықтық пен махаббаттың айырмашылығын түсінесің.
.....Бір сұлу қызға екі жігіт бірдей ғашық болыпты. Біреуі қызға келіп жақсы көретінін
айтыпты. Қыз: «Анау тұрған таудың басында түні бойы от жанып тұратын болса, саған тұрмысқа шығамын», - депті. Жігіт орындауға жөнеліпті.
Сол күні екінші жігіт те келіп қызға көңілін білдіргенде қыз: - Таудың басындағы түнде от
жанады, сол отты сөндірсең саған тиемін, - депті. Бұл жігіт те атына мініп тауға қарай асығыпты. Таңға жақын екінші жігіт тау басына шығып, оттың жанына барса, отқа салған ағаштар жанып таусылуға айналыпты, жанында бір жігіт тоңғанынан оранып отырып, қалың ұйқыға кеткенін білмей ұйықтап қалған екен. Жігіт әйелдің ниетін сонда танып, отқа таң атқанша жетерлік ағаш тастап, ұйықтап жатқан жігіттің жамылғысын қымтап, төменге түсіп кетіпті.
Үйлесімді, бақытты отбасын құру — күрделі процесс, алғашқы жылдарында дағдарысты басынан кешпеген отбасылар аз болар.
Әсіресе тойға дейін жастар бір – бірін ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке- өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі – зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады.
Отбасын құрудағы басты қателіктердің бірі танысқақнан кейін «ғашықтар» болашақ жарының мінез-құлқы, жеке тұлғалық қасиеттеріне мән бермей, немесе,екі жастың әлеуметтік желі арқылы танысып, бірін-бірі жете біле бермеуінде. Бұлар отбасылық қарым-қатынаста ең қажетті нәрсе екенін білмейді. Үйленгенге дейінгі қарым-қатынас қызықты кештер, көңіл көтерулер, сыйлық жасау,т.б.(конфетно -букеточный период), қыздың боянып-сыланып, сыртқы және ішкі (мінез көрсетпей) ал жігіттің «мырза», «ойындағысын біліп, тілегін екі етпей жүрген кездерінде үйленуге бел буады. Ал тұрмыс бұның бәрін өзі «реттейді», демек ғашық болу аз, махаббат керек. Махаббат туралы жыр-хикаялардың бәрі екі адам қосылғанға дейінгі уақытқа көп көңіл бөледі. Ал ең негізгісі әрі қарайғы өмір ғой... Махаббат – екі ғашық адамды жалғастырушы, сүйіктілер мен сүйгендер тұрғанда, махаббат та шексіз. Егер екі ғашық адамның тілегі бірге, жүрегі бірге соғып, бірін-бірі тыңдап, келісіп өмір сүрсе, сол жалындары қартайғанша сөнбейді; оларды өлім де ажырата алмайды. О дүниеге өткенде де бірін-бірі сүйеді, себебі, жан өлмейді, ол – мәңгілік; ғашық адамдардың жаны жер бетінде олар бірін-бірі қандай сүйсе, о дүниеде де ажырамай, биік асқақ сезіммен қайта қауышатын көрінеді.
2. Практикалық тапсырма: Болашақ жарыңызға тән қасиеттер тізімін жасаңыз.
Шамамен былайша:
- түсіністік
- шыдамдық
-сенімділік
- қамқорлық
- кешіре білу
- сексуалдық
- еңбекқорлық
- шынайылық
- сену
- сыйластық…
Психолог В. Зацепин, қыздар пысық,алғыр, көңілді, билей алатын, бойы ұзын, әдемі, жігітерді ұнатып, ал жарының еңбекқор, ақылды, шыншыл, адал, салмақты, қамқор етіп елестетеді дейді.
Ал жігіттер әдемі, сұлу, көңілді, биші, әзілді түсінетін қыздармен жүріп, ал жарының адал,әділ, көңілді, еңбекқор болса екен дейді.
Сөйтіп, жастар некеге белгілі бір сапалардың қажет екенін түсінеді.Бірақ, күнделікті қарым-қатынаста сыртқы түр-тұлға, қызықты көңіл көтеру маңыздырақ болып кетуі көрініс беруде.
Достарыңызбен бөлісу: |