6.Жетімдер мен қарттар үйлерімен, ондағы тұрғындар өмірімен таныстыру .
Өз отбасыңды құру жөніндегі ойларың мен жобаларыңа осы жандардың тағдырларынан нендей түйін түйдіңіздер?
7.Қорытындылау
№4 тақырып.Отбасылық өмірге, үйленуге дайын болу 1. Жаттығулар «Сіздің отбасыңыз?»
2. Зерттеу: Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері.»
3. Топтық жұмыс: Бақытты отбасын құру факторларын табу және талдау.
4. Практикалық- топтық тапсырма: Колледждегі студенттік отбасы (екеуі де студент) санын анықтау. 17-қараша-студенттер күніне орай «Бақытты студенттік отбасы» атты тренинг ұйымдастыру
5. Қорытындылау.
Жаттығулар «Сіздің отбасыңыз?»
А)«Отбасы мүсіні» жаттығуы Жаттығуды орындау үшін, әртүрлі өмірлік жағдайларды ойнау үшін қажет болатын жиһаздар жиналған бөлме қажет.
Әр қатысушы кезекпен мүсіншігіе айналады. Ол өз отбасының бейнесін «жанды мүсін» үлгісінде жасайды. Бұл үшін ол қатысушылар арасынан отбасы мүшелерін өзі таңдап, бөлмеге орналастырады. Идеал ретінде мүсінші өзінің роліндегі басқа адамды да таңдады.
Егер отбасы мүшелері қатысушылар санынан көп болса, мүсінші өз ролін өзі ойнайды. Мүсінді аяқтағаннан кейін мүсінші өзінің жұмысын талдайды. Неліктен отбасы мүшелері осылай орналасты. Бұдан кейін жетекші мүсіншіге отбасын өзі көргісі келетіндей етіп қайта орналастыру ұсынылады.
Ә) «Отбасы оқиғалары» жаттығуы Жаттығуды орындау үшін үлкен қағаз парақтары және түрлі –түсті қарындаштар немесе фломастерлер қажет болады.
Әрбір қатысушы қағазды екіге бөледі де, екі отбасылық естеліктің суретін салады –бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы ішінде болатынын бейнелейді. Сурет салып болғаннан кейін, әр қатысушы топқа өз суретін көрсетеді де, салынған оқиғаны түсіндіріп береді.
2.Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері Сыналушының аты-жөні, тегі: ___________________________________
Жасы: ___________________
Жынысы: ___________________
Ұлты: ___________________
Зерттеу мерзімі: ______________
Нұсқау:
Болашақта отбасын құрған кезде Сіздің ойыңызша ерлі-зайыптылардың және баланың міндеттері мен құқықтары қандай болуы тиіс? Төменге өз ойыңызды парақ бетіне түсіруіңізді сұраймыз.
Баланың міндеттері