Пән туралы мәлімет: Атауы: «Бүгін бала, ертең-ата-ана»


Топтық жұмыс: берілген материалдар бойынша «Бақытты отбасын құру факторларын» табу және талдау



бет17/19
Дата15.12.2023
өлшемі71.76 Kb.
#486739
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
f60a2252fc459d

Топтық жұмыс: берілген материалдар бойынша «Бақытты отбасын құру факторларын» табу және талдау.

С.В. Ковалев бойынша, жастарда («Сіздің идеалыңыз» атты сұрақтама бойынша алынған деректер) өмірлік серігін таңдау кезінде махаббат «құрмет», «сенім», «өзара түсіністіктен» кейін төртінші орынға қойылған. Некеде «махаббатты» тықсыру айқын көрінеді. Қыз балалар мен ұл балалар отбасын өз сезімдеріне кедергі деп санайды.


В.А.Сысенко отбасылық өмірге дайындық бойынша іс-әрекеттің негізгі бағыттарын былайша тұжырымдайды:
1) адамгершілік (неке құндылығын, балаларды ұғыну т.б.);
2) психологиялық (ерлі-зайыптылық өмірге қажет психологиялық білімдер);
3) педагогикалық (балаларды тәрбиелеуге дағды мен ептіліктер);
4) санитарлы-гигиеналық (неке және тұрмыс) гигиенасы;
5) экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық.
Жасөспірімдерде отбасылық өмірге дайындықты қалыптастыру проблемаларының көптеген аспектілері ішінде қазіргі қоғамдағы отбасы мен некенің әлеуметтік рөлін дұрыс түсіндіру, азаматтық құқықтың, сананың болуы маңызды болып табылады.
Қазіргі уақытта қоғамда бұрын белгіленген және қоғамдық санада бекітілген отбасындағы нормалар мен мінез-құлық үлгілерін реттеуші әрекеттердің айтарлықтай әлсірегендігі байқалады. Бұл қазіргі жағдайда дәстүрлі отбасыларда маңызды рөл атқарған кейбір қажетті қызметтердің жоғалғандығымен байланысты. Бұрын күйеу-жұбайы және әйел-жұбайына тән функционалды рөлдер айтарлықтай өзгерді. Неке мен отбасы жекелеген адамдар түсінігінде интимді және формалды емес қатынастар қажеттілігін қанағаттандырудың негізгі құралы ретінде көрінеді.
Некелік-отбасылық қатынастардың тұрақтылығы неке отбасылық өмірге эмоциялық жағымды қатынасты анықтайтын тұлғаның әлеуметтік-психологиялық бағытыттарының жүйесі ретінде түсінілуіне және жасөспірімдердің отбасылық өмірге дайындығына байланысты.
Жасөспірімдерді ерте кезден-ақ үй шаруашылығына тартып, отбасылық міндеттерді орындауға үйрету керек. Балаларды бос уақытты отбасымен өткізуге, демалыс күндерді ата-аналармен өткізуге үйрету қажет. Ұл бала мен қыз бала міндеттерін ажыратып бөлуге болады. Бірақ, отбасылық өмірдің психологиялық жағына баса мән берген жөн.
Балада балалық шақтан қарама-қарсы жынысқа құрмет көрсетуді үйрету керек. Бозбалаға өзінен жүкті болып қалған әйелді тастап кету аморальды екендігін түсіндіру керек. Бойжеткенге жалаңаштанбай киінуді, боянып, сыланбауды, жеңілтек жүріс жүрмеуді үнемі ескертіп, өзін әдепті ұстауын айтып отыру керек. Балаларды тәрбиелей отырып, оларда мынадай қасиеттерді қалыптастыру қажет: шыдамдылық, кішіпейілдік, әдептілік, адамгершілік, инабаттылық, батылдық, жігерлік, ұстамдылық т.б. Баланы адамдармен қарым-қатынас жасай алатындай, олармен тіл табыса алатындай етіп тәрбиелеген жөн. Осылайша тәрбиеленген бала отбасылық қиындықтарды оңай жеңе алады. Отбасында бақытты өмір сүру - өте сирек қасиет. Алайда оны балалардың бойында тәрбиелеуге болады және тәрбиелеу қажет. Сіздіңше, бақытты отбасын құру факторлары қандай?

4. Практикалық- топтық тапсырма: Колледждегі студенттік отбасы (екеуі де студент) санын анықтау. 17-қараша-студенттер күніне орай «Бақытты студенттік отбасы» атты тренинг ұйымдастыру


5. Қорытындылау.


5 тақырып Ер адам мен әйелдің психологиясы.
1. Ақпараттық блок. ″Ержүректік пен нәзіктік ″.
2.Жаттығу "Екі әлем".
3. Практикалық тапсырма : Жігіттер «қыздар туралы,қыздар жігіттер туралы коллаж құрастырады.
4. Пікірталас ″Ер мен әйелдің бірге болуы үшін қандай ұқсастық пен ерекшелік керек?″ Практикалық тапсырма: Отбасындағы әйел адам мен ер адамның тұрмыстық міндеттеріні айырып тізім құру. Нәтижесін талдау.
5«Сұраңыз-жауап береміз» жаттығуы.
6. Қорытынды рефлексия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет