Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің тізімдемесі


Пәннің мақсаты мен міндетті



бет6/85
Дата11.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#480347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Сараптаушы жүйелер

Пәннің мақсаты мен міндетті:
«Сараптаушы жүйелер» пәнін жүргізудің мақсаты- сараптау жүйелерін тұрғызудағы теориялық білім мен практикалық дағдыны қалыптастыру. Пәнде қарастырылатын мңселе- қолданылып жүрген сараптау жүйелері арқылы оларды тұрғызу технологиясы мен программалық жүзеге асырылуы негізінде жаңа сараптау жүйелерін тұрғыза білу тәсілдерін үйрету.
Курстың қызметі: Оқытылу объектісі сараптаушы жүйелер болып табылады. Оқытылу пәні сараптаушы жүйелерді құру болып табылады, сараптаушы жүйенің таратылуын соңғы нәтижесіне дейін жеткізу. Білімдік әдіс мақсатында жүйелік және программалық қамтамасыздандырумен жабдықталған дербес компьютер қолданылады. Оқу белсенді оқу әдістерімен қолданудан тұрады. Тәжірибелік жұмыс дербес компьютерде жүзеге асады, оның көмегімен нақты есептер мен тапсырмалар шешіледі, жеке жұмыстар орындалады. Сабақтарда демонстрациялық және қосымша материалдар кеңінен қолданылады.
Курстың мақсаттары:

  • Жасанды интеллект, сараптаушы жүйелер мен логикалық программалау концепсиясын оқыту;

  • Сараптаушы жүйелердің негізгі ұғымдары, атрибут, обьектілермен танысу;

  • Білім қорының өңдеу кезінде қолданылатын программалардың құрал-жабдығымен танысу;

  • Логикалық программалау негіздерін үйрету;

  • Пролог программалау жүйесімен жұмыс ұйымдастыру принциптерін үйрену.



Пәнді оқыту есептері:
Пәнді игеру барысында логикалық программалау тілдері негіздері жалпы қарастырылып Пролог, Turbo және Visual Пролог тілдерін әртүрлі салалардағы жобалау, жоспарлау, болжау, шешім қабылдауға қолдау көрсету есептерін шешуде қолдану қарастырылады.


Пререквизиттер.
Сараптамалық жүйенің схемасын өңдеу білу;
Білім қоймасының сәйкес моделін таңдай алу;
Нақты тақырып саласы үшін программалау тілдері арқылы сараптамалық жүйені іске асыра білу.


Постреквезиттер.

“Сараптаушы жүйелер” пәнін оқып үйренгеннен кейін студенттер сараптамалық жүйелерді қолдану мен құру тәсілдерін жетік меңгеріп, күрделі есептер шығару қабілеттері жоғарылайды;







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет