Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің тізімдемесі



бет73/85
Дата11.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#480347
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   85
Сараптаушы жүйелер

Бақылау сұрақтары



  1. Хронов дизъюнкті деп нені түсінеміз ?

  2. Пролог тілінде қолданылатын хроновтық дизъюнкттердің негізгі түрлерін көрсетіңіз ?

  3. Резольвента дегеніміз не ?

  4. Мақсатты редукциялау операциясының мәні неде ?

  5. Пролог-бағдарламаны түсіндеру жолында айнымалылардың аттарын өзгерту не үшін қолданылады ?

  6. Унификация және барынша жалпы унификатор дегеніміз не ?

  7. Не үшін алмастырып қоюда айнымалы алмастырылушы термге сәйкес келмеуі керек ?

  8. Жоғарыда келтірілген Лисп тіліндегі түсіндіргіш үшін Пролог-бағдарламаның ұсынылуының тізімдік формасының синтаксисін анықтаңыз ?

  9. Берілген түсіндіргіштегі environment нысанасы не үшін қолданылады ?

  10. Түсіндіргіште айнымалылардың атын өзгерту қандай жолмен іске асырылады ?

  11. Түсіндіргіште резольвента қалай ұсынылады және мақсаттың редукциясы қалай іске асырылады ?



СӨЖ орындау барысында төмендегі әдебиеттерді пайдалану:

  1. О. Камардинов Жасанды интеллект. Сараптаушы жүйе. Пролог. Шымкент-2003

  2. П. А. Шрайнер Основы программировангия на языке Пролог. Курс лекций. Учебное пособие.-М.:Интернет-Университет Информ Технологий, 2005

  3. Ж.Л. Лорьер Системы искусственного интеллекта. М.,Мир, 1991

  4. Доорс Дж и др. Пролог – язык программирования будущего. М.:Финансы и статистика, 1991

  5. А. Янсон Турбо Пролог в сжатом изложении. М.,Мир, 1991

  6. Экспертные системы. Принципы работы и примеры. Под ред. Р. Форсайта.- М.:Финансы и статистика, 1987 Базы знаний для интеллектуальных систем

2 СӨЖ


Тақырыбы: Сараптаушы жүйені дайындаудың кезеңдері.
Мақсаты: Сараптаушы жүйені дайындаудың кезеңдеріне жеке тоқталу.
Бірінші кезеңде білім жөніндегі инженер басшылығымен проблемалық облыс есеп анықталып, сараптаушы маман ізделеді және жүйені дайындау шығыны мен одан түсетін пайда талданады.
Екінші кезеңде бағыттың дұрыстығына көз жеткізу үшін сараптаушы жүйенің прототипі түп тұлғалық үзіндісінің моделі дайындалады.
Үшінші кезеңде орындалатын әрекеттер түп тұлғалық нұсқа қанағаттанарлықсыз жұмыс істейтін болса, негізгі нұсқаны шығару үін сараптаушы мен білім жөніндегі инженер түп тұлғаны бағалап, оған қандай өзгерістер, қандай қосымшалар енгізу қажеттігін шешеді.
Төртінші кезеңде нәтижелілігін тексеру үшін дайындалған сараптаушы жүйені тестілеу орындап,қателерін табу, басқарудың тиімділін анықтау арқылы жүйенің бағалауы жүргізіледі. Бағалау пайдаланушылар, сараптаушы мамандар мен программалаушыларды қатыстырып орнындалады.
Бесінші кезеңде сараптаушы жүйе өзі жұмыс істейтін ортада дайындалған басқа программалық құралдармен түйістіріледі және жүйемен жұмыс істейтін адамдар оқытылып үйретіледі. Дайындалған жүйелердің пайдаланылуын анықтау үшін маман жүйеге нақты есептер қойып, оның жұмысты атқаратынын қадағалйды. Тиімді жұмыс істеу үшін жүйені қолда бар берілгендер қорымен және басқа жүйелермен байланыстырып, түйістіру қажеттігі жұмыстың ең негізгілерінің бірі. Мысалы, қазіргі кезде қолданылатын жүрген диагностикамен айныласатын Duff сараптаушы жүйесі өзінің жұмыс ортасымен жақсы түйістірілген.
Алтыншы кезең. Жүйені түрлі программалау тілдерін, барлық қосымша құралдарды пайдаланатындай ету, жан-жақты жұмыс жүргізуін қамтамасыз ету. Сараптаушы жүйені дайындауда асығыстық жасамай жан-жақты, тиянақты дайындау керек. Мысалы, бір проблеманы шешу үшін дайындалатын жүйеге бір сараптаушы маманды қатыстыру жеткіліксіз болу мүмкін. Білім қорын толық пайдалануға ыңғайлы түрде дайындау күрделі жұмыс. Жасанды интеллект және сараптаушы жүйелерді программалаудың алдында тұратын негізгі мәселелердің бірі – білімді көрсету. Білімді түрлі нұсқаулармен, модельдермен көрсетуге болады. Ол есептің шешуін жеңілдету мақсатында сала білімін құрылымды ету тәсілі. Мәселені дұрыс көрсету үшін оның барлық элементтерінің толық көп мәнді емес, артық түрде берілмеуін қатаң қадағалау керек. Осыларды ойластырған кезде шешімді іздеу кеңістігі (есептің мүмкін болатын барлық шешулерінің жиынтығы) дұрыс айқындалып, еспеті шешу қиындығы анықталады және есеп абстрактілі, келісті болып шығады. Бұлай дайындалған есеп мәселені тұйық формада тұжырымдау немесе көрсету делінеді. Мысалы, бүтін натурал х сандардың жиынынан х3 +8=9х теңдеуін қанағаттандыратын сандарды табу керек есебі тұйық формада берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет