Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің тізімдемесі



бет81/85
Дата11.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#480347
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Сараптаушы жүйелер

G) Ассоциативті тізімдер



  1. PAIR функциясы екі берілген тізімдердің элементтерін функция мәні ретінде өңделіп шығатын ассоциативті тізімге біріктіреді. Егер берілген тізімдердің екіншісі біріншісінен қасқа болса, онда функция анықталмаған.

  2. DPAIR функциясы PAIR функцисы секілді әрекет етеді, бірақ бірінші аргумент мәні функция мәніне ауыстырылады.

  3. ASSOC функциясы мән ретінде бірінші элементі берілген өрнекпен сәйкес келетін берілген ассоциативті тізімнен реті бойынша бірінші жұпты өңдеп шығарады. Егер мұндай жұп жоқ болса, NIL мәні өңделіп шығады.

  4. PAIRLIS функциясы PAIR функциясына ұқсас және бұл функцияның айырмашылығы бұл ассоциативті тізім құрмайды, бұл ағымдағы тізімге жаңа жұп енгізеді.

  5. SUBST функциясы берілген z өрнектің (оның үшінші аргумент мәніне) екінші аргумент мәнімен y сәйкес келетін (қандай тереңдікте болмасын) барлық өрнекшелер орнына x өрнегін (бірінші аргумент мәнін) қояды.

  6. SUBLIS функциясы берілген у өрнегінде (оның екінші аргументі мәні) берілген ассоциативті тізімде (екінші аргумент мәні) осы өрнектерге кейбір өрнектердің сәйкестігі орнатылған барлық атомдарды ауыстырады. Қайта өңделген өрнек функция мәні ретінде қайтарылады. SUBLIS функциясы SUB2 функциясының көмегіне сүйенеді. Бұл функция берілген атом (екінші аргумент мәні) үшін мән ретінде не берілген ассоциативті тізімде оған сәйкестік орнатылған өрнек, не осы атомның өзін егер мұндай өрнек жоқ болса қайтарады.

  7. SASSOC функциясы ASSOC функциясы секілді және одан айырмашылығы берілген ассоциативті тізімде берілген өрнек үшін ешқандай сәйкестік табылмаған жағдайда, мән ретінде атауы немесе анықтаушы өрнегі SASSOC функциясының үшінші аргументі ретінде берілген функцияны (аргументсіз) шақыру нәтижесі беріледі.



Н) Функционалдар





  1. APL-APPLY функциясы функцияның бірінші аргументі болып табылатын f=(f1 f2 …fN) тізіміндегі әрбір fi функциясын функцияның екінші аргументі болып табылатын x=(x1 x2 …xN) тізіміндегі сәйкес xi элементіне қолданады да, нәтижелерден құралған тізімді қайтарады.

  2. MAPLIST функциясы оның екінші аргументі (функциональді) ретінде берілген функцияны бірінші аргумент ретінде берілген тізімге бүкілдей кезектестіре және алдынғы тізімнің бірінші элементтерін алып тастаудан кесектестіре алынатын барлық тізімдерге қолданады. Функциның нәтижесі алынған нәтижелерден құралған тізім болып табылады.

  3. MAPCAR функциясы MAPLIST-ке ұқсас. Айырмашылығы берілген функция MAPLIST функциясын шақырған жағдайда қолданылуы мүмкін болатын тізімдердің бірінші элементтеріне қолданылады.

  4. MAP функциясы оның екінші аргументі ретінде берілген F функциясы қандай да бір кері эффектіге ие болған жағдайда орынды. Бұл функция кезектестіре MAPLIST жағдайында қолданылатын аргументтерге қолданылады, бірақ өңделіп шыққан нәтижелер қолданылмайды және сақталынбайды. MAP функциясының мәні NIL-ге тең (ал егер F функциясын шақыруға арналған кезектегі аргумент атом болса, онда осы атомға).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет