Пәнді оқытудың мақсаты



бет10/12
Дата16.04.2024
өлшемі137 Kb.
#498912
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Қазақ тілі пәнінен диктант жинағы 4-сынып (1)

Диктант № 8
Мақсаты: Қазақ тілінің бағдарлама талаптарындағы білім, білік, дағдыларын тексеру, қаншалықты меңгергендерін бақылау.
Міндеті: -Ұсынылған тапсырмаларды талапқа сай орындау.
- қиын сөздердің мағынасын ашу,жазылу тәртібін түсіндіру.
Білім-біліктілігі: Сөз құрамында берілген сөзді талдау. Мәтіннің мазмұнына байланысты ат қою.Тәуелдік,көптік жалғауларын анықтау.

Шоқан Уалихановты замандастары шығыстану іліміндегі қайталанбас ірі тұлға деп танығаны белгілі.


Суретшілік - өнер, тарихшы - географ, этнограф, фольклорист, саяхатшы Шоқанның сегіз қырының бірі ғана. Шоқан атауының өзі оның бала жастан зерек, алғырлығын байқатады. Шоқан туған жерінің дархандығына тартса керек. Қысқа өмірінде қыруар шаруа тындырған.
Шоқан Қашқарда алты ай тұрып, күрделі еңбектер жазды. Петербургте әйгілі ғалымдар алдында баяндама жасады.
Шоқан таза пікірлі, ақ жүректі, ұлт - жанды жігіт болған. Оның бар талабы ғылымға ұмтылу, халқына пайда келтіру болған. (75 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
1. Жатжазуға тақырып қой.
2. Саяхатшы (І нұсқа), суретшілік (ІІ нұсқа) сөздерін сөз құрамына талдаңдар.
3. Бірыңғай мүшелерді табыңдар.
Диктант № 9
Мақсаты: Қазақ тілінің бағдарлама талаптарындағы білім, білік, дағдыларын тексеру, қаншалықты меңгергендерін бақылау.
Міндеті: -Ұсынылған тапсырмаларды талапқа сай орындау.
- қиын сөздердің мағынасын ашу,жазылу тәртібін түсіндіру.
Білім-біліктілігі: Сөз құрамында берілген сөзді талдау. Мәтіннің мазмұнына байланысты ат қою.Сан есімді және сын есімдерді талдау.

Сүт тағамдарының ішінде қымыздан кейінгі бағалы сусын- шұбат.Оның түйе сүтінен жасалатыны барша жұртқа белгілі. Шұбат та қымыз сияқты ашытылып, тері, ағаш, қыш ыдыстарға құйылып сақталады, пісіледі. Шұбат қымызға қарағанда дәмді, жұмсақ, майлы әрі қоюлау болады. Оның қуаты мен дәрулік қасиеті қымызданеш кем емес. Екі-үш күндік шұбат ең жақсы , сапалы шұбат деп есептеледі.


Қазақтар түйе сүтіне сиыр, қой сүтін қосып, қатық, сүзбе, құрт, ежегей дайындайды. / 66 сөз/


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет