Пәнді оқытудың мақсаты



бет8/12
Дата16.04.2024
өлшемі137 Kb.
#498912
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Қазақ тілі пәнінен диктант жинағы 4-сынып (1)

Диктант № 4
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасын меңгертілуі деңгейін аңықтау
Міндеттер: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялық
ережелерді практикалық түрде меңгерілуі.
Оқушылардың сауатты , көркем жазу дағдылары.
Мақта - бағалы өсімдік
Мақта- аса бағалы өсімдік.Одан тамаша талшық алынады.Жабайы мақтаның талшығын адамдар өте ерте уақытта- сонау адамзат мәдениетінің алғашқы кезінде –ақ жинай бастаған екен.Сөйтіп, мақта ежелгі заманнан мәдени өсімдікке айналды.Оны ең әуелі Үндістан, кейін Қытай мен Мысырда өсіре бастады.Үнділер басқалардан бұрын мақтадан жеңіл де жұқа,торғын маталар муслин және әдемі шыттар тоқуды үйренді.
Қазір мақта Үндістанда,Америкада,Қытайда және басқа елдерде егіледі.Біздің елімізде Орта Азия республикасында , Оңтүстік Қазақстанда өсіріледі. (72 сөз)
«Балбұлақ»журналынан.
Грамматикалық тапсырма.

1 нұсқа



2 нұсқа

1.Бірінші сөйлемді құрмаласқа сөйлемге айналдырып жаз.

2.Екінші сөйлемді жалаң сөйлемге айналдырып жаз.

3. Жалқы есімдерді теріп жаз.

Диктант № 5
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасын меңгертілуі деңгейін аңықтау
Міндеттер: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялық
ережелерді практикалық түрде меңгерілуі.
Оқушылардың сауатты , көркем жазу дағдылары
Кішкентай жігіт.
Кішкентай Жәнібек үлкендерге еліктеп, сөйлегенді қызық көретін.Бірде ауылдан бейтаныс ағай бұлардың үйіне қыдырып келе қалды.жәнібектің әке –шешесі жік-жапар.Ағайдың көзі томпиған Жәнібекке түсті. Оның басынан сипап қораптағы кәмпитті қолына ұстатты да, төрге өтті.Жәнібектің шкафта сақтап жүретін фотосурет альбомы бар еді.
Ол тезірек шкафтан соны алды да, ағайдың жанына келді.қонақ та оған көңіл бөліп, сөзге тартты. Жәнібек ағайға өзінің жаттаған өлеңі мен ертегісін айтып, екеуі мәре-сәре болды. (69 сөз)
Грамматикалық тапсырма

1 нұсқа



2 нұсқа

1.Мәтіндегі соңғы сөйлемнен бірыңғай мүшені тауып, астын сыз.

2.Күрделі сөздерді теріп жаз.

3.Мәтіндегі бірінші сөйлемнен сөз тіркестерін теріп жаз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет