Пәні: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі Пәннің коды: Курс: 4 Кредит: №1



бет29/49
Дата12.07.2023
өлшемі170.13 Kb.
#475642
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49
метод-ПЗ-СД-анест-и-реан-каз

Ситуациялық есептер:

    1. Дефибрилляция жүргізу кезінде АРИТБ мейірбикесі келесідей жолмен электродтарды орнатты: біреуін орта қолтық асты сызық бойынша оң жақтан 8 қабырға деңгейінде, ал екіншісін алдыңғы стерналды сызық бойынша сол жақтан 8 қабырға деңгейінде қойып және 100кДж разряд берді. Мейірбикенің іс - әрекетін бағалаңыз.

    2. АРИТБ – да науқас препараттарды енгізу кезіндегі шеткі күре тамыр катетерін кіргізу орнындағы ауыратын сезiнулерге наразылық білдірді. Мейірбикенің іс - әрекеті қандай?

    3. АРИТБ мейірбикесі шеткі катетер процедуралары кезінде науқастың төсегіне бұқтырманы түсіріп алды, содан соң оны көтеріп, осы бұқтырмамен катетердің кіру жерін жапты. Мейірбикенің әркетін бағалаңыз.

    4. Аурухананың қабылдау бөліміне автожолы апатынан толық есін жоғалтқан зардап шеккенді жеткізді. Мейірбике әрекеті.

5. Реанимация бөлімінде дәрігер науқастың өлгенін анықтады. Мейірбикенің іс – әрекеті 2 сағаттан кейін жүргізілді.
а) Ауру балада өкпе ісігі. Осы науқасқа оттегін қолданудың ерекшелігі қандай? Манипуляция техникасын айтып беріңіз.
б) Бөлімшеде оттегі берудің орталығы жоқ, ал науқасқа тез арада оксигенотерапия жүргізу қажет. Оттегімен әлі толтырылмаған оттегі жастығы ғана бар. Мейірбике жастықты қалай толтырады және оны науқасқа қалай дұрыс беруі қажет? Жастықтан оттегіні берудің жылдамдығы қандай?
в) Жаңа туылған сәбиде пульс жиілігі минутына 54. Жүрекке жанама массаж жасауға бол ма? Жауабын түсіндіріңіз.

2 сабақ
1.Тақырыбы: Жедел тыныс жетіспеушілігі кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері. Оксигенотерапия. ГБО.
2.Мақсаты:Жедел тыныс жетіспеушілігі кезіндегі жедел көмекті ұйымдастыру және іске асыру бойынша білімі мен іскерлігін қалыптастыру.
3.Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:

  • жедел тыныс жетіспеушілігінің даму механизмін (ЖТЖ);

  • ЖТЖ классификациясын;

  • ЖТЖ стадияларын;

  • ЖТЖтүрлерін;

  • ЖТЖ кезіндегі интенсивті терапия схемаларын;

  • ЖТЖкезінде қолданылатын медикаментоздық препараттарды;

  • кеңірдектің және бронхтардың өткізгіштігінің радикалды әдістерін қамтамасыз етуді;

  • оксигенотерапия және гипербарикалық оксигенация көрсеткіштерін (ГБО);

  • оксигенотерапияны жүргізудің жабдықтары және әдістерін (барокамера, оттектік палатка, жастық, оттегі баллоны, орталықтық берілім);

  • бет – перде арқылы оттегіні беру техникасын, мұрын катетерін;

  • оксигенотерапияны жүргізу барысындағы техника қауіпсіздігін;

  • оксигенотерапияның асқынулары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет