Пәні бағдарламасының (syllabus) титулдық парағы пму ұс н


Пәнді оқытудағы міндеттері



бет3/17
Дата15.04.2024
өлшемі296.5 Kb.
#498752
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
175616 (1)

Пәнді оқытудағы міндеттері. Дене шынықтыру және спорт биохимиясы пәнін оқытуда келесі басты міндеттерді шешу қажет:

  • Адам ағзасында жүретін зат алмасу процесстерінің биохимиялық негіздері, реттелуі;

  • Адам ағзасында тыныштық күйде және дене жұмысы кезіндегі қуат алмасу ерекшеліктері, реттелу механизмдері;

  • Дене жұмысынан кейін тынығу кезінде қуат алмасу ерекшеліктері, реттелу механизмдері;

  • Жзүйелі дене жүктемелеріне бейімделу кезінде ағзада болатын биохимиялық процесстер;

  • Биохимия пәнінен алған білімдерін студенттердің әртүрлі спортпен жаттығу кезінде пайдалана білуге үйрету;

  • Спорттық жаттығу әсерлерінің нәтижесін бағалау, шамадан тыс шынығу және ағза жүйелерінің қажуы;

  • Спортшылардың жаттығу дәрежесін өсірудегі тамақтанудың биохимиялық негіздері;

  • Спорттағы биохимиялық бақылау әдістерін қолдану.



4. Білімге, біліктілікке, дағдыларға және құзырлыққа талаптар
Пәннің оқу барысында студенттер білуі керек:
биохимиялық зерттеулерінің объектері, статикалық жəне динамикалық биохимия, қазіргі замаңғы биохимияның жалпы проблемалары, нуклеин қышқылдарының ролі, жасушадағы зат алмасу жайлы түсініктері болу;
белок биосинтезі, негізгі кезеңдерін, белок биосинтезіндегі ДНҚ жəне РНҚ қызметтерін, рибосома, құрылымы, клеткадағы қызметі, геном, ген, кодон; белоктық инженерияның негізгі принциптері; липидтер, жалпы қасиеттері; витаминдер, құрылысы, қасиеттері, клеткадағы биологиялық қызметі; зат алмасу, жалпы зандылығы жайлы білу.
биотехнологияның тәжірибелік сұрақтарын шешу үшін, әсіресе жеке инженерлі энзимологияда және басқа пәндерді (молекулярлы биология, молекулярлы генетика, физиология) игеруде «Биохимия» курсы бойынша өз білімдерін пайдала білу;
органикалық қосылыстардың функционалды топтарын, әртүрлі класстардың табиғи органикалық қосылыстарын идентификациялау, ферменттермен жұмыс жасау жайлы дағдылар болу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет