Пәні бойынша дәріс тезистері тақырып 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет7/41
Дата22.11.2023
өлшемі167.79 Kb.
#484054
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Философия лекции 2023

Карл Густав Юнг (1875 - 1961) – архетиптер теориясын қарастырды. Архетиптер - әмбебап бейнелер, жалпы адамзаттылық ығыстырылған өмірлік энергияның «коды». Архетиптер - барлық адамдарда туа біте пайда болатын «ұжымдық бейсаналық» құрылымы, адамзаттың «шифрленген» құпия тарихы, ізгі ақиқаттар. Олар адамның ұжымдық өміріне, шығу тегіне байланысты. Архетиптер адам психикасында тұқым қуалау арқылы тарихи сақталады. Архетиптер адамға түс көру, бейне, әпсана, парапсихологиялық эффект, қиял, галлюцинация арқылы көрінеді. Оларды санамен, парасат, ақылмен байқауға болмайды, архетиптер - тылсым, құпия дүние. К.Юнгтың пікірінше философия мақсаты - адамға архетиптерді «ашып беруге» көмектесу, оның мағынасын, мәнін ұғыну, сол арқылы өзін және қоршаған шындықты тану.


Постмодернистік философиясындағы сана мәтін ретінде (Ж.Деррида, Ж.Делез).
ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарының аяғында Францияда постмодернизмнің философиялық негізін қалаған постструктурализм деп аталып кеткен жаңа ағым пайда болды. Постструктурализм — қазіргі батыстық гуманитарлық ойдың идеялық бағыты ХХ ғасырдың соңында Батыс Еуропа мен АҚШ əдебиеттануында батыл əсер етуші эстетикалық ағым.
Постструктурализм өмірге структурализмнің кеңістігін тарылту мақсатында дүниеге келген. Постструктурализмнің негізгі өкілдері: Ж.Деррида, Ж.Делёз, Ф.Гваттари, Ж.Бодрийяр, Ю.Кристева, Ж.-Ф.Лиотар, Р.Барт, М.Фуко.
Постструктуралистер үшін əлем — мəдениеттің идеологиялық жазба түріндегі феномені. Сондықтан əр тұлғаның санасы — мəтіндер жиынтығы. Дерриданың айтуынша, текстен басқа ештеңе жоқ, əр адам тек мəтіндер ішінде қарастырылуы мүмкін. Бүкіл əлем, шегі мен шеңбері жоқ мəтін деп қабылданады. Постструктурализмнің негізі — мəтінді дəл түсіну, не болмаса оны түсіндіру мүмкін еместігін көрсету. Нақты көркем шығарманы талдағанда аталған ғалымдар міндетті түрде мағынасы түсініксіз, екіұшты, көпмағыналы анықтаулары бар шығармаларды алға шығарады. Ж.Дерриданың — «смысловая неразрешенность» — «түсіндірілмейтін мағына» түсінігі əр мəтіннің негізгі түбірі болып табылады. Бұл ретте ол ұйымдастырушы, яғни басты ұйытқы, ұстаным деп айқындалады.
Постмодернистік суреткерлердің дүниетанымындағы қайшылықтары, саналы түрдегі хаос деп олардың хаостық əлемді қабылдаудағы жəне осы хаосты көркем мəтінде көрсету үлгісінің моделін жасайды. Ал, постструктурализм, ең алдымен, батыс қоғамында болған жəне болатын заңды құбылыс, яғни өзін-өзі ақтап шығу жəне заңдастыру үшін қолданылатын барлық позитивтік ақиқаттарға, мақсаттар мен тұжырымдарға қарым-қатынасы бойынша методологиялық күмəндану приципін бекіту ретінде көрсетіледі. Жалпы постструктурализм доктринасы өзіндік мəні бойынша адамзат білімінің табиғаты туралы позитивтік түсінікке теориялық əсері болып табылатын «эпистемологиялық күмəндану» көрінісі болып табылады.
Ғалымдар философияның классикалық түрлерін ғасырдан ғасырға бір сұраққа жауап беруге тырысумен байланысты күйзелген деп бағалай отырып, постструктурализмнің негізін қалаушы ретінде танылған Ж.Дерриданың философиялық ойдың шегін кеңейтуге арналған жаңа əдісі «деконструкцияны» ұсынады. Ж.Деррида шынайылыққа қосылған мағыналарды жеңіп шығудың жалғыз амалын олардың тілді терең талдау арқылы қайта құруынан көреміз, бұл ойлау қабілетін еркін етеді, онда ешқандай сұлбалар болмайды, ал мəнге ие болу философиялық ой қозғау процесінде болады деп сендірді.
«Деконструкция» ұғымы болмыстың іргелі тəжірибесін айқындау емес, «болмыс» ұғымының бəрін қамтитын, пафостық бас тарту деп саналатын Ж.Деррида ұсынған шығармашылық стилі. Ж.Деррида деконструкцияда болмысты мағыналы түсіну-түсіндіру түбегейлі мүмкін емес деген пікір айтады. Негізінде «деконструкция» ұғымын Ж.Лакан енгізген, алайда біз Ж.Дерриданың мəтіндерінен толық теориялық негіздеме ала аламыз.
Деконструкция тарихи жəне мəдени дəстүрмен байланысты «жоғары» затты жоюға бағытталған тарихилыққа, сызықтыққа жəне прогрессивизмге, яғни модернизм, идеяларына қарсы бағытталған деп саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет