Пәні бойынша дәріс тезистері тақырып 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет10/41
Дата22.11.2023
өлшемі167.79 Kb.
#484054
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Философия лекции 2023

Өзін-өзі бақылау сауалдры:


1.Жан, ақыл, парасат, рух дегенді қалай түсінесіз?
2.Шәкәрімнің үш анығы. Шәкәрім рух туралы. Рух және адамның рухани қызметінің табиғаты. Тәндік және руханилық тақырыптарынан түйген ойыңыз?
3.Бейсаналықтың философиядағы негізгі концепцияларын кімдер зерттеп жазған?


ТАҚЫРЫП 4. Болмыс. Онтология және метафизика


Дәрістің мақсаты: Болмыс және Абсолют. Құдай-әлем қатынасы мәселесі. Абай дүниетанымдағы Құдай және адам мәселесі."Идея" ұғымы. Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі қарастыру, талдау, түсіну.

Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу. Онтология – болмыс туралы ілім. Бар болудың онтологиялық құрылымы.Болмыс және бейболмыс (Парменид, Зенон). Болмыстың түрлері. Платон мен Аристотельдің философиясындағы болмыс мәселелері. Әл-Кинди және Ибн-Рушд концепциялары. Жаңа заман философиясындағы субстанция мәселесі (Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбниц). М.Хайдеггердің "фундаменталды онтологиясы" (Dasein). "Материя" ұғымы. Материалдық әлем болмысы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт.Философияның негізгі ұғымдары: дүние, заман, мән, құбылыс, мазмұн, форма, жалпы, жеке, бүтін, бөлік, сан, сапа, өлшем, терістеу, себеп, салдар, қажеттілік, кездейсоқтық, мүмкіндік, шындық. Болмыс және Абсолют. Құдай-әлем қатынасы мәселесі. Абай дүниетанымдағы Құдай және адам мәселесі."Идея" ұғымы. Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі. Идея және рухани құндылықтар болмысы. Виртуалды шындықты философиялық зерделеу пәні ретінде талдау.


жоспар:


  1. Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу. Онтология – болмыс туралы ілім.

  2. Абай дүниетанымдағы Құдай және адам мәселесі.



Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу.Онтология – болмыс туралы ілім.
Таяуда ғана өткен жақын тарихымызда философия пәнін окуды «материя» ұғымынан бастау дәстүрі болған. Өйткені ол маркстік философияның, жалпы алғанда, бүкіл материалистік йііштгың негізінде жатқан ұғым болатын-ды. Мұндай жағдайда солау көне заманда пайда болған «болмыс» ұғымы ескерусіз қалған болатын. Алайда бұл көзқарасқа бүгінгі таңда өзгерістер енш, философия пәнінің ең шегіне жеткенінше көлемді ұғымы – болмыс категориалдық жүйеге енгізілді. Оның негізгі себебі, болмыс уіъшы материя ұғымынан гөрі, көлемі жағынан кең: материя мен рухты бірдей қамтиды, өйткені дүниеде кең түрде алып қарағанда екі-ақ нәрсе өмір сүреді, ол, бір жағынан, материя, яғни өлі және тірі табиғат болатын болса, екінші жағынан, материалдық емес - идея, сана, рух. Уақытында ұлы И.Кант айтып кеткеніндей, Құдайдың барлығын, я болмаса жоқтығын ешкім ешқашанда дәлелдей алмайды, ол - ашық сұрақ. Бірақ дүниеде өмір сүрш жатқан тірі адамның жан дүниесі, сана-сезімі, рухы барын ешкім де теріске шығара алмас.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, болмыс ұғымының қайнар көзі Дүниеде «болу», «өмір сүруге» келіп тіреледі (салыстырыңыз: орыс тілінде «бытие» - «быть», ағылшын тілінде «Ьеіп§» - «іо Ье» деген стістіктен шыққан). Олай болса, болмыс ұғымы - дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық категория. Әрине, дүниеде өмір сүріп жатқан нәрселердің сан алуан қасиеттері бар - олар көк - қызыл, ауыр - жеңіл, дымқыл -құрғақ, т.с.с. шексіз айта беруге болар еді. Бірақ олардың бәрін біріктіретін қасиет - олардың болуы, өмір сүруі, яғни - болмысы. Іің алдымен осыны ұғып алмай, біз әрі қарай еш нәрсеге талдау жасай алмас едік. Бұл - философиялық бастама.
Алайда философия тарихына жүгінсек, бұл арада ойшылдар-дың үлкен қиындыққа тап болғанын байқаймыз. Өйткені айнала қоршаған дүниеге зерделі көзбен қараған адам бірде-бір мәңгі өмір сүріп жатқан нәрсені таба алмайды. Қарапайым адам да, Дүниеде біртуар тұлға да бұл өмірге келіп, содан кейін уақыты келгенде -кетеді. Далада жатқан тас та мыңдаған жылдардан кейін қүмға, шаңға айналып, ғайып болады. Яғни болмыс бейболмысқа ауысып жатады. Мұны байқаған біздің бабаларымыз Дүниені «жалған» деп түсінген. Үнді ойшылдары да Бұл Дүниені «ұлы сағым - Мая» деп атаған. Ал ұлы Гегельге келер болсақ, ол болмысты «жоғала бастаған болмыс», «Дүние дегеніміз - мәңгілік қалыптасу» деп түсінді.
Болмыс ұғымы - мейлінше кең ұғым болғаннан кейін, оған қарсы тұрған ұғым - бейболмыс, яғни ештеңе, жоқтық. Бір қарағанда, болмыс үтымы мейлінше кең болғаннан кейін, мазмү-н жағынан алғанда мардымсыз болып көрінеді. Бірақ, соған қарамастан, сонау көне заманнан бастап оған әртүрлі мағына беріліп, Батыс пен Шығыс дүниесезімі мен дүниетанымы екіге бөлініп, осы күнге дейін созылып келе жатқан айырмашылықты тудырды. Мұның өзі де философияның өмірмен тығыз байланысты екенін, Адамзат өркениетінің түп-тамырында жатқанын көрсетсе керек.
Сонымен егер нақтылы өмір сүріп жатқан сезімдік, кемеліно I келмеген Дүние мен қатар идеалды болмыс болса, ал бейболмыс тіпті болмаса, онда айнала қоршаған мәнді ортаны идеалды болмысқа сай етіп өзгертуге, жетілдіруге болады. XX ғ. өмір сүргеи көрнекті Еуропа ойшылы Теяр де Шарденнің: «Дүние әлі жаратылып біткен жоқ, ол жаратылу үстінде. Оны әрі қарай жетілдіретін негізгі күш - адамзат», - деген ойының да Парменид-1 тің болмыс түсінігімен ұштасып жатқанын байқауға болады. Сонымен Батыс мәдениеті әкстраверттік (ехіга - латын сөзі, сыртқа бағытталған деген мағына береді), айнала қоршаған ортаны танып-біліп, соның негізінде жетілдіруге бағытталған болыи шықты.
Болмыс ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің төңірегінде философияда ежелден бері және қазір де қызу пікірталас болып келеді, өйткені болмыс мәселесі дүниеге көзқарастық және методогиялық басты мәселелердің бірі болып табылады. Не себепті құдайдың болмысы, яғни ол бар ма, әлде ол жоқ па? – деген сұрақтың төңірегінде ғылыми көзқарас пен діннің арасында ымырасыз күрес жүріп келеді?
Болмыс ұғымы – философияның ең ежелгі әрі маңызды категориялардың бірі. Ол жалпылай алғанда «бар болу», «өмір сүру» мәселесін қамтиды. Бұл түсінік адамның айнала қоршаған ортаны біртұтас әлем есебінде танып білуге ұмтылуынан туындаған.
Осы заманда болмыстың екі түрі бар. Тар мағында болмыс – адамның санасынан тәуелсіз , тысқары өмір сүретін объективті, материалдық дүниені білдіреді. Ал кең мағынада алған болмыс түсінігі бардың бәрін, өмір сүретіннің барлығын – материалдық дүниемен қоса рухани дүниені де, яғни адамдардың санасын, ақыл-ойын, жан сезімін қамтиды. Философтар болмыстың өткені мен ертеңі жайында ортақ пікірге келмеді. Бір тобы бұл шексіз дүние өткінші емес, әрқашан болған және бола береді десе, енді біреулер дүние бола береді, бірақ кеңістікте де, уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп көрсетуге тырысты. Сөйтіп болмысқа қатысты мәселелердің біртұтас желісі қалыптасты.
Философия тарихында болыс ұғымын тұңғыш енгізген, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид еді. Оның пікірінше, болмыс дегеніміз – бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу – болмыссыздық. Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, мәңгілігіне, ең бастысы бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.
Антикалық дәуірдің өкілі Платонның ойынша, болмыс дегеніміз – мәңгілік өмір сүретін, өзгермейтін сана тектес рухани идеялар дүниесі. Идеялар – заттар мен құбылыстардың түпнегізі, оларды анықтап өмірге келтіруші. Заттар дүниесі пайда болады, өткінші, тозады, өледі, яғни шынайы болмыс емес, бар болғаны идеялар дүниесінң күңгірт бейнесі ғана.
Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлық философияныың өзегі – Құдай болмысы. Құдай мәңгі, уақыттан да кеңістіктен де тысқары тұр. Ол бүкіл әлемді , адамды жаратушы. Қайта өрлеу дәуірінде, әсіресе, Жаңа заман дәуірі де ғылым мен техниканың өрістеп дамуына байланысты философияда адамға, ғылым мен ақыл-ойдың жетістіктерін адам игілігіне пайдалануға бетбұрыс болғаны белгілі. Осыған орай болмыс ұғымын табиғатпен ұштастыруға, адамның жаратушылық қабілетімен, ақыл-ой пәрменділігімен байланыстыруға ұмтылыс пайда болды ( Ф.Бэкон, Р.Декарт) Неміс классикалық философияның аса ірі өкілі Г.Гегель шынайы болмыс – «абсолютті идея» деп тұжырымдады. Ол Платон арнасын жалғастыра отырып, болмыс мәселесіне объективті идеализм тұрғысынан келгенімен, ең бастысы, болмыс ұғымына диалектикалық сипат беріп, даму процесінде қарастырды.
Болмыстың түрлері туралы мәселе философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негігі мәселесін – ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені – түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін бөлу керек. Негізгі түрлері:
1.табиғат болмысы немесе заттар және процестер болмысы
2.адам болмысы
3.рухани болмыс
4.әлеуметтік болмыс
Болмыстың жоғарыда қаратырылған негізгі өмір сүру көрініс табу түрлерінің әрқайсысының өзіне тән заңдылықтары бар – олар физика, биология, антропология, социология, т.б. сияқты сан алуан ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондай-ақ, олар белсенді түрде өзара қарым-қатынасқа түсіп, тұтас байланыс құрайды, бір-біріне өтіп отырады. Ең бастысы, дүние болмысы тұтас, тұрақты, үйлесімді, сөйте тұра, үнемі қозғалыста, өзгермелі, құбылмалы. Оның ашылмаған құпиясы, ақтарылмаған сыры әлі де көп. Адам оны игеру жолында, игілікке пайдалану ниетінде іздене бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет