Пәні бойынша дәрістік кешен


Дәріс. Уыт және уытты экстрактілердің жалпы технологиясы



бет36/48
Дата22.08.2024
өлшемі348.49 Kb.
#503199
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48
тамак өнімд технолог

12Дәріс. Уыт және уытты экстрактілердің жалпы технологиясы


Дәрістің жоспары (1 сағат):
1. Уыт өндірісі.
2. Дәнді сулау.
3. Дәнді өсіру.
4. Уытты кептіру.
Әдебиет : 1,5,6,7,8,10,11,15,17,18,21
Кілт сөздер: уыт, уыт технологиясы.



  1. Уыт өндірісі

Уыт – крахмал түйіршіктерінің еруге және ашуға (глюкоза, фруктоза, мальтоза және галактозаға ыдырауы) қабілетті көмірсуларға айналдыратын энзимдерді өз бойында жинайтын өсіп кеткен дән. Дәнді өсіру кезінде белсенді фермент – диастаза түзілетін биохимиялық процестер жүреді. Диастаза крахмалдың қантқа айналуындағы катализатордың ролін атқарады. Уытты арпа мен қара бидай және сұлыдан дайындайды.
Уыт өндірісі келесі технологиялық деңгейлерден тұрады: дәннің алғашқы тазартылуы; дәннің сақталуы; дәннің екінше мәрте тазартылуы; дәннің сұрыпталуы;дәннің жуылуы мен дезинфекциясы; дәнді сулау; дәнді өсіру; кептіру(құрғақ уыт алу); дәнді сабақшаларынан тазарту; уытты біраз уақыт ұстау.
Дәнді-дақылдыларды реттелуші және арнайы жасанды жағдайда өсірудің технологиялық процесін «уыт өсіру» деп атайды.
Уыттың бірнеше түрін әсіресе сыра қайнату зауыттарында дайындайды. Уыт өндірісінің аппаратуралы-техникалық схемасы 1суретте көрсетілген.Өндіріс орынына дәндік масса (көбінесе сұлы) әр-түрлі қоспада келіп түседі. Мұндай жағдайдағы дәндік масса уыт өсіруге жарамсыз болғандықтан оларды тазалайды. Яғни топырақ, құм, шаң, дәндік қоспалар, зиянкес қоспалар (жәндіктер) мен металдық қоспалардан тазартылады
Ірі дәндерге қарағанда ұсақ дәндер ылғалды тез сіміреді және ары қарай жылдам дамиды. Сондықтанда дәндердің бір қалыпты дамуы үшін оларды алдын-ала біркелкі фракциялар бойынша сұрыптайды.
Дән сақтау үшін бункерге 1 түседі, ол жерден шлюздік затворлардың көмегімен 2 аралық бункерге 3 мөлшерленеді. Дәндер таразыда өлшеніп 4, ауалық сепараторда 5 тазартылады. Сепаратордан соң тазартылған дәндер қайта таразыда 6 өлшенедіде силосқа 7 келіп түседі. Өндіріске келген дәндер қайтадан ауа сепараторында 8 шаңнан тазартылады. Магниттік сепараторда 9 дәндер кез келген ферро-қоспалардан тазартылады. Триерде дәндер жәндіктер мен олардың тұқымдарынан тазартылады.
Сепараторда 11 астық дәндері размері бойынша бөлінеді. Әр-түрлі фракциядағы дән бункерге келіп түседі 12, ол жерден дозатор арқылы кірден шайылып дезинфекциялану үшін суландыру чанына 13 мөлшерленіп түседі. Бұл чанда астық жуылудың нәтижесінде неше түрлі қоспалар мен жеңіл дәндерден тазартылады. Ол жерден ылғалданған астық келесі суландыру чанына 14 көшіріледі.
Арпаның құрамындағы ылғалдық 14-15%- ті құрайды. Дәндегі белсенді өмірлік процестер 30%- тік ылғалдықта, жылдам біркелі сабақтануы 38% - тік ылғалдықта, ферменттердің жинақталуы 44-48%- тік ылғалдықта басталады. Сондықтан суландырудың басты мақсаты - сабақтандыруға тиімді ылғалдылық деңгейіне жету. Суландыру процесінде дәннің барлық ферменттік комплексінің терең қайта құрылымы өтеді, яғни ферменттер белсенділі көрсетіп, дәннің вегатативті бөлшектері (айдарша, сабақша) дами бастайды.



1-сурет. Уыт өндірісінің аппаратуралы-техникалық схемасы:
1, 12 — бункерлер; 2— шлюздік затвор; 3 — аралық бункер; 4,6таразылар; 5, 8— ауа сепараторы; 7—силос; 9— магниттік сепаратор; 10 — триер; 11 — сепаратор; 13, 14 — суландыру чаны; 15— уыт өсіретін аппарат; 16—сушилка; 17— сабақ кесуші машина; 18— сабақтарға араналған силос; 19— құрғақ уытқа арналған силос; 20 — полирлеуші машина.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет