ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)



бет3/3
Дата11.06.2016
өлшемі429.81 Kb.
#127841
1   2   3

Франция әдебиеті

Сыншыл реализм әдебиетінің ерекшеліктері. Француз өнеріндегі импрессионизм және әдебиетке ықпалы. Француз әдебиетіндегі натурализм мен символизм. Декаданттық әдебиет. Париж коммунасының әдебиеті.

Эжен Потье – француздың пролетарлық поэзиясының өкілі. Пролетарлық революциялық өлеңдері: «Халық», «Бұзылған ескі үй», «1870 жылғы 31 қыркүйек», «Интернационал», «Халық жолы», «Американың жұмысшысы – Францияның жұмысшысына».

Натурализм – 1848 жылғы революциядан кейін пайда болған бағыт. Натурализм эстетикасының негізі – позитивизм пәлсапасы. Золя – натурализм теоретигі. «Экспериментальдық роман», «Романистер - натуралистер», «Театрдағы натурализм» мақалалары. Шынайылық талабы, табиғатқа, шын фактіге адалдық. Типтендірудің реалистік принциптеріне қарсы фактіге ғана табыну. Биологизм. Тұқым қуалаушылық теориясы. Бейнелеудегі документтілік пен дәлдік. Ағайынды Гонкурлардың, Золяның, медандық топ жазушылардың шығармаларындағы натурализм.

Эмиль Золя (1840- 1902). 19 ғасырдағы романтикалық және реалистік өнерді игерген суреткер. «Жерминаль», «Жер», «Тас-талқан» романдары. «Ругон Маккары» (20 томдық романдар сериясы), «Үш қала» трилогия, «Төрт евангелия» (романдар сериясы).

Сыншыл реализм. Ги де Мопассан (1850-1924). Мопассан- Флобердің шәкірті. Шығармалары: «Тоқаш нан», «Телье орны», «Милон ағатай», «Мадемуазель Фифи» новеллалары, «Өмір», «Қымбатты дос» романдары.

Анатоль Франс (1844-1924). Жазушы шығармашылығының пәлсапалық және эстетикалық негізі. Ағартушылық дәстүрлер. Христиандық догматизмді сынауы. Франстың сатирасы. Шығармалары: «Сильвестер Боннардың қылмысы, «Танс», «Қаздың табандары королевасының асханасы», «Жером Куаньяр мырзаның пайымдаулары», «Қазіргі тарих» романындағы Үшінші Республикадағы буржуазиялық қоғамға сатиралық сын. Профессор Бержери бейнесі. «Кренке Биль» әңгімесіндегі халық өкілі адамының бейнесі. «Пингвиндер аралы» роман-памфлетіндегі қоғамдық –саяси мәселе, жинақтаушылық аллегориялық формалары. «Құдайлар аңсайды» романындағы якобиндік диктатураны бейнелеу.

Ромен Роллан (1866-1944). Әдебиеттегі, мәдениеттегі реализм мен демократия үшін күресуге арналған демократиялық көзқарастары. Музыка танушылық еңбектері.Бетховен туралы алты томдық кітабы. «Бетховен. Ұлы шығармашылық дәуірлер (1927-1945)», «Біздің уақытымыздағы музыканттар», «Өткен уақыттағы музыканттар», «Гендель». Драматургиясы: «Сенімнің трагедиясы» циклында «Қасиетті Людовиг», «Уақыты келеді», «Революция театры» циклында «Қасқырлар», «Ақыл-ой салтанаты», «Дантон», «14 шілде». Романдары : «Жан Кристоф». Кристоф – автор идеяларының жарқын көзқарасы. Көсемсөздік мақалалары: «Жекпе-жек үстінде», «Нышан», «Әскери жылдар күнделігі». Ролланның шығармашылық әдіс ерекшеліктері.

Луи Арагон. Шығармашылығындағы тақырыптық және поэтикалық жаңашылдығы. «Құштарлыққа толы апта», «Шындап опат болу».

Германия әдебиеті

Неміс әдебиетіндегі сыншыл реализм және натурализм. Сыншыл реалимнің германия әдебиетіндегі жаңа кезеңін дамытуда натурализмнің маңызы.

Томас Манн (1875-1955). Пәлсапалық роман шебері. «Будденброктар» романындағы психологиялық иірімдер, көркемдік жинақтаулар. «Тристан», «Тонио Крегер», «Венециядағы өлім» новеллаларындағы өнер мәселесінің тақырыбы.

Генрих Манн (1871-1950) ХХ ғ. көрнекті неміс сатиригі. Г.Манн шығармашылығындағы буржуазиялық-юнкерлік монархияға және пруссакшылдықтың реакциялық идеологиясына сын. Романдары : «Арманды жер», «махаббатқа ықылас», «Әйел құдайлар». «Мұғалім Унрат», «Шын ықыласпен қол астына қараушы». Көсемсөздері: «Рух және әрекет», «Вольтер мен Гете», «Рейхстаг» памфлеті – милитаризмді айыптау. Г.Манн шығармашылығындағы карикатура, гротеск әдістерінің қолданылу ерекшеліктері.


Тәжірибешілік сабақтардың тақырыптары

1-тақырып

Кіріспе. Батыс елдері әдебиетінің әдеби даму ерекшеліктері



2-тақырып

Германия әдебиетіндегі романтизм



3-тақырып

Франция әдебиетіндегі романтизм

Франция әдебиетіндегі революциялық мазмұндағы шығармалар.
4-тақырып.

ГИ де Мопассан шығармашылығы


5-тақырып.

О.Бальзак шығармашылығы



6-тақырып

Қазіргі әдеби байланыстар


СӨЖ мазмұны

4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі


1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

12 (1х12)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

6 (1х6)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

30

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Реферат

Семестр тапсырмасын қорғау

33

5

Бақылау жұмысын орындау

Бақылау жұмысы

Бақылау жұмысын қорғау

30

6

Бақылау шараларына дайындық




РК1,

6




Барлығы







117


Ағымдағы үлгерімнің және межелік бақылаудың салмақтық үлестері

Ағымдағы үлгерімнің және межелік бақылаудың салмақтық үлестері 0,7 және 0,3

2010-2011 оқу жылына жіберу рейтингі және қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері:




Қорытынды бақылаудың түрі

Бақылау түрлері

Весовые доли

1

Емтихан

Емтихан

0,4

Жіберу рейтингі

0,6

2

Сынақ

Сынақ

0,4

Жіберу рейтингі

0,6

3

Құрстық жұмыс

ҚЖ

0,4

Жіберу рейтингі

0,6

СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі және «Батыс елдер әдебиеті» пәні бойынша 050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған



бақылау іс-шараларының күнтізбелік кестесі Ағымдағы үлгерімдерді бақылау іс-шараларының күнтізбелік кестесі


р/с

СӨЖ түрі

Ең жоғары ұпай

Берілген мерзімі

Тапсырылатын мерзімі

Тапсырылатын мерзімі







1 сабақ үшін


Оқу сессиясында алынатын ұпайлар

Аралық сессияда алынатын ұпайлар

Емтихан сессиясында алынатын ұпайлар










30

30

40

1

Дәріс сабақтарына дайындалу және қатысу

3


18




18

2

ТС қатысу және дайындалу

3







18

3

СӨЖ, БЖ дайындалу




12

30

4

4

Межелік бақылау










100



11 Курстың саясаты

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету.

Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы балл 100 б. қойылады. Курсты өту барысында төмендегідей марапаттау ұпайлары қойылады:

- дәріске қатысу – 1 балл.

- тәжір. сабаққа қатысу – 1 балл.

- тәжір. жұмысты орындау – 5 балл.


Тәжірибешілік жұмыстарын орындау барысында

  • Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру – 1балл;

  • Шығармаларды талқылау – 2 балл;

  • Жазба жұмыстарын орындау – 2 балл;


Өздік жєне курстық жұмыстарын орындау және қорғау барысында:

  • материалды толық меңгеру – 2балл.

  • Талқыланатын тақырыптың, жоба мәселесінің мазмұнын ашу – 1 балл

  • Лексика-грамматикалық және стилистикалық сауаттылығы – 1 балл.

  • Материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 1 балл.


Студенттер білімін аралық бақылау тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.
Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жеткіліксіз немесе айып санкциялары қолданылады:

  1. сабақты босату (себепсіз);

  2. тапсырмаларды уақытымен орындамау;

  3. тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберу, яғни,студент материалды толық меңгермеген жағдайда.

Егер студент сабаќќа себепті жаѓдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаќќа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ балы азайтылады.
Пән бойынша қорытынды рейтинг мына формула бойынша анықталады:
Қ = Р1 + Р2__ ӨҮаү + Е*ӨҮе+КЖ*ӨҮкж

мұндағы Р1, Р2, Е, С,КЖ – бірінші, екінші рейтингте алған ±пай бойынша емтихандағы балл көрсеткіші

ӨҮаү, ӨҮе, ӨҮс, ӨҮкж – ағымдық үлгерімнің семестрдегі үлестері.

Студент сынақты тапсырмай алуы үшін жинаған балы 100 болу керек.

Егер оқу жоспарында емтихан мен сынақ қарастырылған болса, онда сынақ ағымдық бақылау түрі деп есептеледі.

КЖ ғылыми жетекші қатысуымен комиссия алдында қорғалады және пікірмен бірге бағаланады. Пән бойынша қорытынды рейтинг 2-кестеге сай баллдан сандық баламаға, әріптік және дәстүрлі бағаға ауыстырылады. Сөйтіп, оқу жетістіктері журналына және рейтингтік ведомостьқа жазылады. Ведомость пен сынақ кітапшасына дәстүрлі үлгімен баға қойылады.

Егер пән бойынша емтиханнан басқа курстық жұмыс қарастырылған болса, онда сынақ кітапшасына дәстүрлі үлгімен Кж балына сай баға қойылады.

Студенттердің білімін анықтау көрсеткіші


Балл түріндегі қорытынды баға

Балдың сандық баламасы

Әріп жүйесі бойынша бағалау

Дәстүрлі жүйе бойынша қойылатын баға

Емтихан, дифф. сынақ

сынақ

1

2

3

4

5

95-100

4

А

өте жақсы

Есептелді


90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

Жақсы

75-79

2,67

В-

Жақсы

70-74

2,33

С+

қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

Д+

50-54

1,0

Д

0-49

0

F

қанағаттанарлықсыз

есептелмеді

Егер студент емтиханда F деген баға алса, оның қорытынды рейтингі анықталмайды. Ведомостьқа «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. Егер пән бірнеше семестрде өтетін болса, онда балл түріндегі баға орташа есеппен қорытылады:

Қ= _Қ1122+...+Қnn

К12+...+Кn

Мұнда Қ1 2 n – семестр бойынша балл түріндегі қорытынды баға;

К12n – семестр бойынша пән сағаты

n – семестр саны
12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Артамонов С. История зарубежной литературы ХҮІІ-ХҮІІІ в.в. –М., 1978.

  2. Анихин Т.В., Михальская Н.П. История английской литературы. –М., 1985.

  3. Андреев Л.Т. История французской литературы. –М., 1987.

  4. Зарубежная литература второго тысячалетия. –М., 2001.

  5. Елизарова М.Е. и др. История зарубежной литературы ХІХв. –М., 1989.

  6. Ивашева В.В. История зарубежной литературы. ХіХ –М., 2004.

  7. История всемирной литературы. – М., 1984.

  8. История зарубежной литературы Средние века эп. Возрождения. –М., 1982.

  9. История всемирной литературы. –М., 1984.

  10. История зарубежной литературы ХҮІІв. Под ред. З.С.Плавесина.

  11. История зарубежной литературы ХҮІІІв. Под ред. В.Неустроева. –М., 1984.

  12. Тронский И.М. История античной литературы. – М., 1987.

Қосымша:

13.Бахтин М.М. Франсуа Рабле и народная культура средневековья и Ренесанса. М., 1990.



14.Набоков В. Лекции по зарубежной литературе. М., 1998.

  1. Мифы народов мира. В 2-х т. –М., 1990.

  2. Поэтика древнегреческой литературы. –М., 1981.

  3. Поэтика древнеримской литературы. –М., 1989.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет