ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)



бет2/3
Дата11.06.2016
өлшемі429.81 Kb.
#127841
1   2   3

Орта ғасырлық драма. Орта ғасырлық драма мен театрдың дамуындағы екі бағыт. Діни театрдың дамуындағы негізгі кезеңдер. Моралитенің діни-жоғары қауымдық жанры. Халық театрының дамуы. Адам де ля Али шығармашылығы. Халық шығармашылығы – соти мен фарстар: «Адвокат Патлен» фарсы. Немістік фастнах-шпилдер.
5-тақырып. Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиет. Қайта өрлеу мәдениетінің көп құрамдылығы және қайшылықты жақтары.Оның орта ғасырлық мәдениетпен байланысы. Орта ғасырлық дәстүрді жалғастырудағы фольклор мен қалалық мәдениеттің ролі. Табиғат, антикалық пәссапа, риторика, поэтика және поэзия туралы гуманистік антикалық ілімдердің қайта жандануы.

Итальян әдебиеті. Қайта өрлеудің алғашқы кезеңіндегі әдебиет (Треяенто).

Қайта өрлеу қозғалысының Италияда пайда болуының жағдайлары мен себептері. Қайта өрлеу ренессанстық мәдениеттің әдебиетке ықпалы.

Ф.Петрарканың өмірі мен шығармашылығы. Петрарка – тұңғыш еуропалық гуманист. Римдік поэзияны, риториканы насихаттауы. Латын тілін мәдениет тілі ретінде бағалауы. Петрарканың өзіндік бағасы және оның әдеби танымы («Ұрпаққа хат», «Христ пен Цицерон арасындағы күрес», «Әлемдік көзқарас»). Петрарка лирикасының орта ғасырлық жаңалықтары. Лаура бейнесі және сомдалуындағы көркемдік тәсілдер. Сонеттеріндегі лирикалық кейіпкер бейнесі. Шендестіру тәсілі. «Петраркалық стиль» және оның еуропалық ренессанстық поэзияның дамуына ықпалы.

Дж. Боккачоның өмірі, шығармашылығы. «Неопалитандық кезеңдегі» шығармаларындағы махаббат сарыны. «Амето». Боккачо шығармаларындағы пастораль. «Фьяметта мадоннаның элегиясындағы» автобиографизм, риторикалық психологизм. «Декамеронның» италян көркем прозасының дамуына ықпалы. Боккачоның италиян және еуропалық новеллистикаға әсері.

Толысқан қайта өрлеудің әдебиеті. Антикалық әдеби жанрлардың қайта түлеуі және жаңа латын поэзиясының гүлденуі.

Флоренция Кватрочентаның көрнекті мәдени орталығы. Феррара куртуаздық және гуманистік дәстүрлер орталығы. Ренессанстық рыцарлық поэмалардың пайда болуы. «Ғашық болған Роланд».

Ренессанс дәуірінің кейінгі кезіндегі әдебиет. (Чинквекенто) Бембо – ұлттық әдеби тілдің теоретигі. Ренессанстық әдебиеттегі аристократтық бағыт. Тастрало – жалпы еуропалық ренессанстық жанр.Маньеризмнің пайда болуы және оның негізгі белгілері. Тассо шығармашылығы. «Азат етілген Иерусалим» - діни-батырлық эпостың пайда болу үлгісі.

Италияның ренессанстық драматургия мен театрдың қалыптасуындағы ролі.Аристоның, Макиабеллидің, Аретиноның, Бруноның және т.б. драматургиялық шығармашылығы. Макиабеллидің «Мандрагорасы»- ғылыми комедияның үлгісі.

Драманың антикалық теориясының қайта түлеуі. Аристотель мен Гораций поэтикасы және антикалық-мифологиялық тарихи сюжеттердегі ренессанс трагедияларының тууы. Трагикомедия жанрының қалыптасуы.

Неміс әдебиеті. Қайта өрлеу дәуіріндегі неміс әдебиетін дәуірлеу. 17-5ғ. соңында неміс гуманистерінің риторикалық мәдениеті және жаңа латындық әдебиеті (Цельтис және т.б.)

16ғ. бірінші жартысындағы халықтық көпшілік әдебиет, олардың түп көздері(орта ғасырлық аңыз, христиандық әфсана,қалалық фольклор,рыцарлық роман). «Тиль Эйленшпигель» - авантюралық халықтық роман. Доктор Фауст туралы «Халық кітаптарындағы» мифтік-поэтикалық және натурпәлсапалық көріністер.

Бюргерлік әдебиет, оның орта ғасырлық, сатиралық, дидактикалық түрлермен байланысы.

Француз әдебиеті. Қайта өрлеу дәуіріндегі Франциядағы тарихи-әдеби процесті дәуірлеу.

16ғ. бірінші жартысындағы поэзияның дамуы. Маро шығармаларындағы орта ғасырлық дәстүр, лирикасының жанрлық құрамы. Лиондық мектеп өкілдеріндегі пераркизм мен жаңа платондық көзқарас.

Рабленің өмірі мен шығармашылығы. «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романының әдеби генезисі мен жанрлық негізі. Бес кітаптық роман желісіндегі тақырып, идея, композиция,тіл, стиль мәселелерінің шешілуі.

Испан әдебиеті. Испаниядағы әдеби дамуды дәуірлеу. Ауызша лиро-эпикалық поэзияның дамуы. Романстар, олардың тақырыптық, пішіндік ерекшеліктері, жазба әдебиетке әсері.

Испан әдебиетіндегі роман жанрының түрлері. Рыцарлық романның генезисі, орта ғасырлық куртуаздық романдармен, италияндық, рыцарлық дастандармен байланыстары.

Сервантестің өмірі мен шығармашылығы. Пасторальдық романы «Галатея». Драматургиясы, сүйіспеншілік- батырлық сюжеттегі новеллалары (Өсиет- өнегелік новеллалары).

«Дон Кихот» романындағы пародиялық астар, стилистикасы.

Лопе де Веганың өмірі мен шығармашылығы. «біздің заманымыздағы комедия жазудың жаңа өнері» трататындағы ұлттық драманың мәселелері.

Траихи драмаларындағы халық пен билеушілер бейнелері, сюжеттік коллизияның сипаты.

«Севильдің жұлдызы» халықтық-батырлық драмасы. «Шалғындағы ит» комедиясы.

Ағылшын әдебиеті. Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиетін дәуірлеу. Поэзияның, прозаның, драматургияның дамуы. В. Шекспир (1564-1616) шығармашылығы. Оның шығармашылық кезеңдері. Бірінші кезең. «Сонеттеріндегі» әлемнің мифопоэтикалық суреттері: уақыт пен мәңгілік; петраркизм мен неоплатонизм; Дос пен Қараторы бикеш образдпры; лирикалық кейіпкер бейнесі. Бірінші кезеңдегі драматургия. «Қанды трагедия», «Ричард ІІІ» және Шекспир шығармашылығындағы зұлымдықты суреттеу мәселесі. «Генрих ІV» пьесасындағы шынайы дана билеушіні тәрбиелеу мәселесі. «Венециандық көпес», «Он екінші түн» пьесаларының өзекті мәселелері.«Ромео мен Джульеттағы» трагедиялық қақтығыстардың шешімі.

Шекспир шығармашылығының екінші кезеңіндегі драматургия. «Гамлет», «Отелло», «Король Лир», «Макбет» трагедияларындағы өзекті мәселелер.

Шекспир шығармашылығының үшінші кезеңіндегі драматургия. Трагикомедияларындағы мейірімділік пен зұлымдылық күштерінің қақтығысы және оның шешілуі. Трагикомедияларындағы аңыздық-әпсаналық орта.

Шекспирдің әлемдік драматургиядағы орны және оның мұраларының жаңа дәуір мәдениетіндегі маңызы.



5-тақырып. 17ғ. батыс елдерінің әдебиеті.

ХV ғ. ренессанстық гуманизмнің дағдарыстары. Монтень, Шекспир, Сервантес және қайта өрлеу дәстүрлері. ХVІІғ. әдебиетіндегі үш бағыт және оның көрнекті өкілдері.

ХVІІғ. Ренессанстық реализм (Лопе де Вега, Бен Джон Сон). Олардың шығармашылықтарындағы демократиялық бағыттар, негізгі тақырыптар, гуманистік көзқарастар, классицизм мен Барокко өкілдерімен полемика. Авантюралық романдар. Қайта өрлеу дәуіріндегі сатиралық әдеби дәстүр.

Барокко. Ренессанстық және орта ғасырлық барокко мәдениетінің күрделілігі және ішкі қайшылықтары.негізгі тақырыптары. Аристократиялық бағыт. Мәселелердің космостық кеңістігі (Адам және аспан әлемі) және бейнелеу жүйесі.Бейнелеу мен сәулет өнеріндегі барокко.

Класссицизм. Классицизмнің эстетикалық теориясының бастау көздері: кереметтік идеалы туралы түсінік. Біртұтастық теориясы (орын, уақыт, әрекет).

Көркемдік әсер алу бірлігінің ұғымы. «Жоғары» трагедия мен «Жоғары» комедия туралы түсінік.

Классицизм әдебиетінің тақырыбы мен кейіпкері. «Мәңгілік типтер» секілді кейіпкерлер.

Шекспир дәстүріндегі театрдан классицизм театрының айырмашылықтары. ХVІІғ.француз классицизмінің екі кезеңі. (Корнель классицизмі және Расин классицизмі.)



ХVІІғ итальян әдебиеті. Италиядағы экономикалық және саяси жағдайды нығайтудағы Папа үкіметінің маңызы. Әдебиеттегі бостандық, азаттық сүйгіш ойлар (кампанелла, Күн қаласы).Әдебиеттегі аристократиялық гадонизм. Марино шығармашылығындағы Барокко.

ХVІІғ. неміс әдебиеті. Он үш жылдық соғыстың экономикалық, саяси зардаптары. Неміс жазушыларының соғысқа қарсылық тақырыбындағы шығармалары. Грифиустың «Отанның көз жасы» туындысы.

Гиммелсхаузеннің «Симплиции симплициссумус» романы.Оның соғысқа, феодализмге қарсылық бағыты. Романдағы демократиялық, бостандық сүю ойлары. Романның көркемдік ерекшеліктері, пәлсапалық ирония, авторлық шешіміндегі фантастикалық нышандар.



ХVІІғ. испан әдебиеті. Әдебиеттегі ренессанстық реализм. Ұлттық драма теориясы.Лопе де Веганың шығармашылығы, демократиялық көзқарастары. «Қой қайнары» батырлық драмасы. «Севиль жұлдызы» драмасындағы дворяндыққа қарсылық сыны. Лопе де Вега поэзиясындағы оптимизм. Испан прозасындағы саяси сатира, консептизм. Гонгор және гонгоризм.

Кальдерон шығармашылығы – испан драматургиясындағы барокконың саяси және көркемдік принциптерінң басты билеушісі. Кальдеронның «Өмір деген түс» атты пәлсапалық драмасы. Кальдерон драматургиясының кейіакерлер жүйесі, аллегориялық пернелеу. Пәссапалық пайымдау. Оқиға және кейіпкер. Кейіпкерлер тілі.



ХVІІғ. ғасырдағы француз әдебиеті. Классицизм - ХVІІғ. француз әдебиетінің ең басты көркемдік-стильдік бағыты, оның тарихи себептері. Француз классицизмі теориясы мен практикасының жалпы еуропалық маңызы. Француз классицизмі тарихының екі кезеңі.

Корнель трагедиялары. «Бақ», «Гораций». «Цинна», «Помсевкт».

Расин трагедиялары. «Андромаха», «Британик», «Федра», «Авлидадағы ифигения». Расин трагедияларындағы адамгершілік мәселелері. Расин театрындағы драмалық қақтығыстар (конфликт). «Аталия» трагедиясы.

Мольердің «Тартюф», «Дон Жуан», «Сараң» комедиялары.

Буалоның «Поэтикалық өнер» атты теориялық трактаты. ХVІІғ. француз поэзиясындағы мысал жанры (Лафонтен), француз прозасындағы афоризм жанры (Ларошфуко). Сатиралық проза (Шарль Сорель).

ХVІІғ. ғасырдағы ағылшын әдебиеті. Бен Джонсон шығармашылығындағы ренессанстық реализм.

Мильтон шығармашылығы. «Жоғалған жұмақ», «Оралған жұмақ» поэмалары.Ақын шығармаларындағы пуритандық дүниетаным менгуманистік ойлары арасындағы қайшылықтар.

Жаңғырту (реставрация) дәуірінің әдебиеті (Уичерли және Конгрива комедиялары)

Англиядағы классицизм, Драйден шығармашылығы.


6-тақырып. 18ғ. батыс елдерінің әдебиеті.

Әдебиеттегі ағартушылық бағыт, оның эстетикалық мазмұнының негізгі сипаттары.Ағартушылық классицизм (Корнельдің «Эдипі» мен Вольтердің «Эдипі»), оның ХVІІғ.классицизмінен айырмашылығы. Ағартушылық реализмнің мәселелері.

Ағартушылық эстетикасының басты принципі - әдебиеттің саяси бағыттылығы. Ағартушылық әдебиеттегі батырлық және әсерлілік, ұнамды кейіпкер, сентиментальдық, сатиралық бағыттар. Ағартушылық әдебиеттің басты жанры – пәлсапалық роман мен повесть. Пәлсапалық повестердегі аллегориялық нышандар. Трагедиялардағы ағартушылық классицизм. Драма жанры және драматургиялық реформа. (Дидро, Лессинг, Бомарше).

ХVІІІ ғасырдағы ағылшын әдебиеті. Даниель Дефоның «Робинзон Крузо» романы. Джонатан Свифттің «Гулливердің саяхаттары» памфлеттік-аллегориялық романы. Самюэль Ричардсон – жанұялық- тұрмыстық романның негізін қалаушы. Қарапайым адамдардың адамгершілік жан-дүниесін ашу. Ричардсонның оқиғалы, баяншы көркем қара сөзді дамытуы.Баяндаудағы оқиғалықтан бас тарту, кейіпкердің рухани өмірін тәптіштей, тереңдей ашу. Генри Филдинг (1707- 1754)- ағылшынның реалистік роман жанрын жасаушы. «Джозеф Эндрюс» романы. «Қолбала Том Джонстың тарихы» романы ХVІІІ ғасырдағы Англиядағы әлеуметтік шындықтың реалистік бейнесі. Тобайас Смоллет және оның романдары. «Перигрин Пиклдың басынан кешкендері», «Родрик Рэндмның басынан кешкендері». Сентиментализм бағыты. Сезім мен табиғатқа табыну. Ауыл мен ескі замандық дәстүрлерді дәріптеу. «Тристрам Шендидің өмірі мен пікірлері» психологиялық романының 19ғ. психологиялық романға дайындық болғаны. Бернс – шотландтық ірі ақын. Оның лирикасындағы шаруалар өмірінің суреттелуі. Сатиралық өлеңдері («Екі ит», «Көңілді қайыршылар», «Освальд бикештің өліміне мадақтау»), ода, «Тэм О Шантер» атты күлдіргі поэмасындағы сентименталистердің қабірлік поэзиясын келекелеу.Бернс лирикасының негізгі әуені – Отанға деген махаббат. Азаттық, әлеуметтік теңдік – Бернстің саяси мұраты.

ХVІІІ ғасырдағы француз әдебиеті. ХVІІІ ғасырдағы француз ағартушылық әдебиетінің тарихи маңызы. Вольтер – Руссо, Андро, Даламбер, Гельвецкий, Гольбах және т.б. ағартушылар жас буынының дем берушісі, тәрбиешісі. «Энциклопедияның » жариялана бастауы – француз ағартушылық әдебиеті тарихындағы жаңа кезең.

Монтескье – француз ағартушылық әдебиетінің бастаушысы. «Парсылық хаттар» пәлсапалық романы. Романның эпистолярлық пішіні.

Вольтер «Кандида», «Ақкөңіл» повестері. «Брут», «Заира», «Магомет» трагедиялары. Дени Дидро және энциклопедистер(Гельвецкий, Гольбах, Даламбер).Дидро - өнер теоретигі. «Салондар», «Драмалық әдебиет туралы», «Актер туралы парадокс».

Жан Жак Руссо – сентиментализм әдебиетінің көрнекті өкілі. Дворяндық өркениетке сын және «табиғи жағдай» теориясы («Ғылым мен өнер туралы ой», «Теңсіздіктің тегі мен негізі туралы ой») – қоғамның экономикалық негізін сынауға арналған тұңғыш еңбектердің бірі. «Эмиль» педагогикалық романындағы жаңа адам бейнесі. Руссоның «Сыр» романының әлемдік мемуарлық әдебиеттегі орны, француз әдебиетіндегі роман-өмірбаян жанрының дамуына әсері. «Жаңа Элоиза» және сентименталдық роман жанры. «Табиғи адам» теориясы және оны романның көркемдік сипатымен ашу. Сезімді айшықтау. Табиғатқа табыну. Руссоның ХІХ ғ. романтикалық әдебиет тарихындағы орны.

Бомаршенің Фигаро туралы трилогиясы.Фигаро образы – саяси үстемдік үшін күрес кезіндегі буржуазияның ұнамды қаһарманы. Альманива бейнесі – француз дворяндық ортасының 1789ж. революция қарсаңындағы ыдырауының кейпі. «Фигароның үйленуі» туралы Пушкиннің, Белинскийдің, Герценнің пікірлері. Бомарше комедияларына Моцарттың, Россинидің жақындығы.

ХVІІІ ғасырдағы итальян әдебиеті. Карло Гольдони – итальян театрының реформаторы. «Екі қожаға бір қызметші», «Есерсоқтар», «Деревнялық трактирщица» комедияларындағы қызметші бейнесі.

Карло Гоццидің «Үш апельсинге сүйіспеншілік»,«Турандот ханшайым», «Король бұғы» комедиялары.



ХVІІІ ғасырдағы АҚШ әдебиеті. Тәуелсіздік және АҚШ-тың құрылуы үшін соғыстар, оның әдебиетте бейнеленуі (көсемсөз, поэзия).

Аборигендер мәдениеті. Ұлттық әдебиеттің қалыптасуы. АҚШ әдебиеті үшін еуропалық дәстүрлер мен ағартушылық пәлсапасының мәні. В.Франклин, Т.Пейн,Т.Джефферсон атты солтүстік америкалық ағартушылардың қызметі, көсемсөздік шығармашылығы. Ф.Френо (1752- 1832) шығармашылығы.- АҚШ-тың тұңғыш ұлттық ақыны екені. Ф.Френо поэзиясы американ революциясына ағартушылық ойларды қосудың сипаты, оның шығармаларына классицистік және романтикалық бағыттардың қатынасы.



ХVІІІ ғасырдағы неміс әдебиеті. Лессинг Готхольд Эфраим (1729-1781) – немістің көрнекті ағартушысы. Лессинг - өнердің теоретигі («Лаокоон», «Гамбургтік драматургия»). Лессинг эстетикасының материалистік мазмұны.Лессинг драматургиясы. «Минно фон Барихелм» пьесасындағы жеті жылдық соғыс дәуіріндегі неміс өмірінің шынайы суреті, халық бейнесі. «Эмилия Галотти»- немістік абсолютизмнің озбырлығына қарсылық. «Дана Натан» драмасының ағартушылық бағыты. Лессингтің өлең танудағы реформалары. Неміс тілін дамытудағы Лессинг шығармаларының мәні. «Дауыл мен тегеурін» әдебиеті, штюмерлер бүлігінің кертартпалыққа, тоқыраушылыққа қарсылық мазмұны. Гете Иоганн Вольфганг (1749-1832) – неміс халқының ірі ақыны. «Жас Вертердің азап шегуі» және неміс сентиментализмі. Гетенің алғашқы эстетикалық ойлары. («Шекспир күніне»). «Гец фон Берлихинген» тарихи драмасындағы бүлікшіл қайшылықтар. Гете Италияда. «Вильгелм Мейстер» - философиялық роман,ондағы әлеуметтік қиялшылдық. «Фауст» трагедиясы. Трагедияның тууы және көркемдігі. Композиция. Фаусттың іздену жолы.. Мефистофель және таным диалектикасы. Фауст және Маргарита трагедиясы. «Фаусттың екінші бөлімі». Фауст және шығармашылық белсенділік. Фауст - ғылымдағы артта қалушылық пен кертартпалыққа қарсы бүлікші-күрескер. Фауст және әдемілік туралы ежелгі дәстүрлі табыну. Фауст- ойдағыдай қоғамды құрушы. Фауст пен Мефистофель – трагедияның пәлсапалық келбетіндегі қарама-қайшылықтардың тұтастығының бейнесі. Фаусттың, Мефистофельдің, Маргаританың көркем портреттері. Фауст туралы аңызды Пушкиннің өзіндік шешіммен жазуы. Т.Манн және И.Бехер Гете туралы. Шиллер Иоганн Фридрих (1759-1805). Шиллердің алғашқы драмалары және «Дауыл мен тегеурін» қозғалысы. «Қарақшылар», «Зұлымдық және махаббат» драмалары. Республикашыл Верина бейнесі.Өлеңмен жазылған «Дон Карлос» драмасы. Эстетикалық тәрбие туралы теориялық еңбектері. Шиллер трагедиялары: «Валленштейн»,«Мария Стюарт», «Вильгелм Тиль» трагедиясындағы бостандық туралы ойлар. Шиллердің көркемдік әдісі.. Жуковскийдің аудармалары.

7-тақырып. 19ғ. батыс елдерінің әдебиеті.

Кіріспе. ХІХ ғ. әдебиетін шартты түрде кезеңдерге бөлу:

1) 1789-1830 жж. романтизм әдісінің қалыптасуы мен әсер-ықпалы;

2) 1830-1871жж. реализм әдісінің қалыптасуы мен үстем бола бастауы;

3) 1848-1871жж. романтизм мен сыншыл реализм әдістерінің белсенді қолданыла бастауы.

Романтизм.Романтизмнің Батысеуропалық және АҚШ әдебиетінде ХІХ ғасырдың басында пайда болуы. Романтизм – шығармашылық әдіс.Суреттеулер шындықтың қиялға негізделіп,қияли шындық арқылы бұрынғы және болашақ уақытты бейнелеу. Романтизм әдісіндегі шығармалардың көркемдік желісіндегі арманшылдық, азаматтық әуен, автор тілінің әсерлі сезімге толы бояуы қанық ойлары.

Романтизм әдісінің көркемдік тұрғыдағы жеңісінің көріністері. Лирикалық жанрлардың дамуы, тарихи роман жанрының тууы, адамдық дербес, өзіне ғана тән қарама-қайшылықты ашу.

Германиядағы романтизм. Гофман романтизмінің мазмұныдворяндық орта мен тоғышарлар әлемін сатира тілімен сынау. Кейіпкерлерінің ерекшелігі – екіжүзділік әлемінен қашып, монастырға кету, фантастикалық күштермен одақтасу. «Скюдери бикеш», «Мартин шебер және оның көмекші шебері» шығармалары. «Мурра мысықтың тұрмыстық орныққан пікіолері» романы – немістік княздік дворяндық қоғамның жексұрындық келбетін сатиралық сынау туындысы. «Құртақандай Цахес» - бөтен еңбекті иелену идеясының фантастикалық бейнеленуі. Гофманның романтикалық әдісіндегі ирония, сарказм, юмор. Автор сөздерінің әуезділігі.

Англиядағы романтизм. Дж.Г.Байрон (1788-1824) шығармашылығы - әлемдік әдебиеттегі романтикалық өмір танушылықты бейнелеудің озық үлгісі. Байронның поэтикалық жаңашылдығы. (романтикалық кейіпкер бейнесі, лиро-эпикалық поэма жанры, өлеңдік өлшемдер).Чайль Гарольд бейнесі арқылы еуропалық елдердегі озбыр билеушілерді әшкерелеуі. Байронның лиро-эпикалық романтикалық-бүлікшілік, шығыстық поэмалары. «Корсар», «Гяур». Пәлсапалық драмалық дастандары «Манфред», «Шильон тұтқыны», «Чайль Гарольдтың сапары» шығармаларындағы озбырлыққа қарсылық, бостандық сүйгіш әуендер. Байрон шығармашылығының итальяндық кезеңі. Шығармаларының көп жанрлылығы. Поэма, сатира, драма, өлеңмен жазылған роман. Кайн және Байрондық романтикалық кейіпкердің өсу эволюциясы. «Қола ғасыр» - Байрон шеберлігінің саяси сатирадағы шыңы.

«Дон Жуан» - өлеңмен жазылған роман. Романдағы кейіпкер сомдауда реалистік бағыттың күшеюі, тарихи -әлеуметтік шындықтың кеңдігі, уақыт шындығын бейнелеудегі энциклопедиялық сипат.

Байронның Грециядағы кезі. Оның грек халқының азаттық күресіне қатысуының әсерінен туған лирикалық өлеңдері. («Кефалониидегі күнделіктерден», «Менің отыз алтыдағы күніме»).

Байрон және чартистік поэзия. Байрон және дүние жүзі әдебиеті. Байрон шығармашылығының идеялық-эстетикалық және тарихи маңызы.

П.Б.Шелли (1792-1832). Өмірі, шығармашылығы. Лиро-эпикалық, дидактикалық поэмалары. «Королева Маб», «Исламның көтерілісі». Шелли лирикасының түрлері: саяси-әлеуметтік («Англияның еркектеріне», «Англия», «Мемлекеттік айбындылық»); пәлсапалық («Батыстық желге ода», «Бұлт», «Ой әдемілігінің әнұраны»); махаббат (Мери Уолстон – крафт Годвин, «Джейнге»); табиғат тақырыбын жырлауы және оның Шеллидің пәлсапалық көзқарастарына байланысы. «Азат етілген Прометей» поэмасындағы бас кейіпкерлер, жинақтаушылық, сиволикалық, аллегориялық тақырып ерекшелігі. Беатриче бейнесі. Шеллидің эстетикалық көзқарастары. «Поэзияны қорғау» атты трактаты.

В.Скотт (1771-1832). Скотт – тарихи роман жанрын жасаушы. Баяндаудағы екі бағытты композициялық сипат: ұнамды кейіпкердің махаббаттық-романтикалық тарихын сипаттау, әлеуметтік қайшылықтарды, тарихи бейнелерді шыншылдықпен бейнелеу. Жергілікті және тарихи ерекшеліктерді, фольклорлық элементтерді пайдалануы, стильдік ерекшеліктері. Англия мен франция тарихына байланысты «Айвенго» романы.

А.Дюма (1803-1870). Тарихи-шытырман оқиғалы романдары. Оқыс оқиғаларды баяндау, суреттеу шеберлігі.

Жорж Санд (1804-1876). Романтикалық бүлікшілердің бейнесі(«Лелия», «Орас» романы). Кейіпкердің халықтық күресте романтикалық сипатта қайта жаңғыру қалпын суреттеуі.

В.Гюго (1802-1885)- францияның ұлттық ақыны, француз романтизмінің ірі тұлғасы. Ол – ақын, драматург, прозашы. Гюго – француз поэзиясының жаңашылы. Мысалы, «Бур-графтың аңшылығы». «Париждік әулие ананың соборы», «Жергілікті ерекшелік» романындағы әлеуметтік тақырып кейіпкерлері: Клод Фролло, Эсмеральдо. «Шеттетілгендер» романындағы тарихи кеңдік, халық өмірінің панорамасы: еркектің,әйелдің, бүлдіршін тағдырларының жан Бальжан, Фантин, Козетта, Гаврош бейнелері арқылы суреттеуі. «Тоқсан үшінші жыл» романындағы Говэн, Лантенак, Симурден бейнелері.

Ж.Верн (1828-1905) – ғылыми-фантастикалық роман жанрын қалыптастырушы. «Он бес жасар капитан» романы.

Польшадағы романтизм. ХVІІІғ. Соңы мен ХІХғ.бірінші жартысындағы Польшадағы ұлт-азаттық күрес. Поляк әдебиетіндегі романтизмнің қалыптасуындағы ағартушылық әдебиеттің орны.



А.Мицкевич (1798-1855) – поляк романтизмінің негізін қалаушы. Оның шығармашылығындағы алғашқы кезең.(«Филареттер жыры», «Жастыққа ода» ) . «Балладалар мен романстар» - романтизмнің поэтикалық манифесі. Мицкевичтің классицизм эпигондары мен қайшылықты көзқарастары. «Гражина» поэмасындағы азаматтық әуен. «Дзядтар» поэмасындағы бүлікші мен қайғы. Мицкевич Ресейде. «Қырым сонеттеріндегі» лиризм. «Конрад Валленрод» поэмасының поляк көтерілісін дайындаудағы маңызы. Мицкевич Батыс Еуропада. Эмиграциядағы өмір. «Пан Тадеуш» поэмасы – поляк халқының ұлттық эпопеясы. Мицкевичтің көсемсөздік және педагогикалық қызметі.

Ю.Словацкий – А.Мицкевич дәстүріндегі романтизмнің көрнекті өкілі. Романтикалық драмадағы еңбектері: тарихи драма, драма-ертегі, ұлт-азаттық күресіне арналған драмалары («Кордиан»).



АҚШ әдебиетіндегі романтизм. АҚШ әдебиетіндегі демократиялық а демократиялық ағымның күшеюі және оның құл иеленушілікке қарсы күреске байланысты дамуы.

В.Ирвинг (1783-1859) – американ әдебиетіндегі новелла жанрының негізін салушы. «Эскиздер кітабы». Шығармашылығының түп негізі.

Дж.Купер (1789-1851) – американдық роман жанрын жасаушы. Тарихи, шытырман оқиғалы, теңіз туралы, тұрмыстық және әр түрлі романдар жазуы.. Купен шығармашылығындағы үндістер тақырыбы.

Г.У. Лонгфелло (1807-1882). «Еріксіздік жырлары» атты өлеңдер топтамасындағы құл иеленушілікке қарсы әуендер. Лонгфелло шығармашылығының «Гайавата туралы жыр» поэмасындағы үндістің халықтық шығармашылығына негізделген фольклорлық бейнелілік.

Э.По (1809-1849) – американ әдебиетіндегі көрнекті тұлға шығармаларының көркемдік ерекшеліктері және поэтикалық жаңашылдығы («Құзғын», «Қоңыраулар», «Анабель Ли» және т.б.) . Эстетикалық- теориялық еңбегі – «Композиция пәлсапасы». Новеллалық еңбектері – «Эшерлер үйінің құлауы», «Мальстремдеп төмен түсу» .Детектив жанрын қалыптастыруы: «Морг көшесіндегі кісі өлтірушілік». Ғылыми фантастиканы қалыптастыруы: «Ганс Пфал деген біреудің әдеттен тыс бастан кешкендері».

Г.Бичер Стоу (1811-1896) – аблициондық әдебиеттегі ең әйгілі жазушы әйел. «Том ағайдың лашығы» романының құлдыққа қарсы күрестегі маңызы.

Уйтмен –көрнекті американ ақыны. «Шөптердің жапырақтары» жинағы. Композициясы, стиль ерекшеліктері.

ХІХ ғасырдағы сыншыл реализм.

Реализмнің қалыптасуындағы қоғамдық, пәлсапалық және эстетикалық алғы шарттар. Жартылыстану ғылымдарының дамуы және олардың материалистік түсініктің қалыптасуы үшін маңызы. Реалистік теориялық құжаттары. О.Бальзак (1799-1850) «Адамдық комедияға кіріспе» және «Бейл туралы этюд».

ХІХғ. Реализм және ағартушылық реализмнің дәстүрлерінің айырмашылықтары. Әлеуметтік қалып пен ортаны бейнелеудегі жаңа көзқарас, типтендіру мен даралаудың дамуы, психологиялық талдаудың тереңдетілуі. Прозалық жанрлардың, романның дамуы. Очерк және оның реализмінің қалыптасуындағы орны.



9- тақырып. 20ғ. батыс елдерінің әдебиеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет