ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы



бет2/4
Дата10.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#126249
1   2   3   4

Әдебиетке қосқан үлесі


М.Ғабдуллин ғылыми-зерттеу саласында көп еңбек етті. "Қазақ халқының ауыз әдебиеті" (1958, 1964) атты күрделі монографиялық еңбегінде Ғабдуллин ауыз әдебиетін зерттеудің ғылыми-методологиялық негіздерін айқындап, қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, лиро-эпостық дастандар, айтыс өлеңдері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер туралы жан-жақты терең ғылыми талдаулар жасады, олардың ғылымдық, тәлім-тәрбиелік мәнін ашып көрсетті. Бұл еңбек жоғары оқу орындарына арналған оқулық ретінде бірнеше рет қайта басылып шықты. Ол 8-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" оқулығын (1952-1957) жазды. М.Ғабдуллиннің көркем шығармадағы тырнақ алды туындылары дивизиялық, майдандық газеттерде жарық көрді. Шығармалары жеке жинақ болып, соғыстан кейін жарияланды. "Менің майдандас достарым" (1947), "Алтын жұлдыз" (1948), "Майдан очерктері" (1949), "Сұрапыл жылдар" (1971) атты кітаптарына енген әңгіме, очерктерінде М.Ғабдуллин майдан өмірін суреттеп, жауынгер тұлғасын, кеңес өкіметінің адамдарының Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһармандық бейнесін суреттеді. Педагог-жазушы ретінде ол жас ұрпақтың тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлді. "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" (1966) деген кітабында М.Ғабдуллин бесік жырынан бастап, батырлар жырына дейінгі халық поэзиясының тәрбиелік мәнін ашып, оны іс жүзінде пайдаланудың тәсілдерін көрсетеді. Сонымен бірге балаларды патриотизмге, шыншылдыққа тәрбиелеу, олардың болашаққа сенімін арттыру, жас баланы дұрыс сөйлеуге үйрету жөнінде ата-аналарға педагогтық кеңес береді.

Қызметтері


М.Ғабдуллин ӀӀ-ӀV сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО Жоғарғы Кеңесінің парламенттік тобының құрамында Финляндияда (1953), Бельгияда (1957), Югославияда (1957) болды. Ғабдуллин еңбекшілер депутаттарының Алматы облыстық, қалалық Кеңестерінің депутаттығына, Қазақстан КП Алматы облыстық, қалалық, Фрунзе аудандық комитеттерінің мүшелігіне бірнеше рет сайланды. Ленин ордені, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жүлдыз, Ұлы Отан соғысы ордендерімен наградталған. "Қазақ халқының батырлар жыры" кітабы авторларының бірі.[1]

Шығармалары: Менің майдандас достарым, А., 1947; Алтын жұлдыз, А., 1948; Май­дан очерктері, А., 1949;Проблема народ­ности қазахского героического эпоса, А., 1953.Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1958;Майдан очерктері, А., 1959;Ел намысы - ер намысы, А., 1966;Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес, А., 1966;Сұрапыл жылдар. А., 1972;Қазақ эпосы, А., 1971;Менің майдандас достарым, А., 1985.


«Майдан очерктері», «Сұрапыл жылдар», «Менің майдандас достарым» атты кітаптарын оқи отырып, ол кісі басқарған ротаның қан майдандағы шешуші нүкте Дубосеково сияқты басқа да маңызды бекеттерді қорғауда қандай жанқиярлық ерліктерге барғандарын мектеп қабырғасынан оқып өскенбіз.аспирант Ғабдуллин екінші дүние жүзілік соғысқа дейінгі ғылыми ізденістері барысында «Қобыланды батыр» жырын ғылыми зерттеу проблемалары» деген тақырыпта едәуір ізденістер жүргізген екен.
Алайда соғыс киіп кетіп, ниет еткен бұл халықтық ісін едәуір жылдарға шегере тұруына тура келген еді. Соғыс аяқталғаннан екі жыл кейін, яғни 1947 жылы аталған тақырыбын одан әрі түбегейлі зерттей түсіп, ғылыми диссертациясын қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын иеленген болатын.Арада тағы біраз жылдар өткенде қазақ ауыз әдебиетін зерттеушілер үшін оның ғылыми-методологиялық шарттарын қалыптастыруға айрықша үлесін қосқан екен. Сонымен бірге «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» деген қомақты дүние жазып, онда ауыз әдебиеті үлгілерін бала тәрбиесінде қалай тиімді пайдалануға болады деген өзекті мәселені қозғаған болатын.Ол кісі жайлы ғылыми анықтамалықта былай делінген: «1959 жылы оған филология ғылымдарының докторы атағы берілді. 1967 жылы КСРО Педагогика ғылымдары Академиясының толық мүшесі, академигі болып сайланды. 1963 жылдан 1973 жылға дейін М.Ғабдуллин ҚазССР Ғылым Академиясы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында фольклор бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. М.Ғабдуллиннің әдеби қызметі 1938 жылдан басталды. Оның қазақ фольклоры мен әдебиеті туралы жазған 100-ден астам мақалалары республикамыздың газет, журналдарында жарияланды. Ол ҚазССР Ғылым Академиясының қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген көптомдық “Қазақ әдебиетінің тарихы” кітабының негізгі авторларының бірі. Қазақ мектептерінің 8-сыныбына арналған «Қазақ әдебиеті», Педагогика институты студенттеріне арналған «Қазақ фольклоры», «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес», «Фольклор және әдебиет», еңбектерінің авторы. Т.Сыдықовпен бірігіп «Қазақ халқының батырлық жыры» монографиясын, көрнекті қазақ жазушыларының шығармашылығы туралы бірнеше сын мақалаларын, мектеп жұмыстары жөнінде ағарту зерттеулерін жазды. М.Ғабдуллин қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Ол үш мәрте (1946-1958жж.) КСРО Жоғары Кеңесіне депутат болып сайланды. М.Ғабдуллиннің еңбегін жоғары бағалап, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады. Оған 1961-жылы ҚазКСР-не еңбегі сіңген қоғам қайраткері атағы берілді».

Мәлік Ғабдуллин туралы Борис Полевой «Елдің Ері» деген көркем очерк жазған. Очеркте бір жауынгер ән айтып отырады. Ол ән батыр Мәлік туралы екен. «- Мұның кім жайында өлең айтып отырғанын білесіз бе? Ол, жақында ғана біздің батальонға келіп, жауынгерлермен әңгімелесіп кеткен Мәлік Ғабдуллинді жырлап отыр, - деп, лейтенант Плимов бізге өлеңінің жайын түсіндірді:

– Ол, Мәлік – батыр, әрі күшті, әрі ержүрек дейді. Қыр түлкісінен айлакер, ақ бөкендей саққұлақ, жау дүрсілін қырымнан біледі. Ақ тұйғындай қырағы, бұққан жауды қиядан көреді. Темірдей қатты білектері неміс төбеттерін қырудан қалжыраған емес: қанша қырса, сонша көбейе береді. Үрейі ұшқан немістер Мәлікті көрген жерден-ақ зыта бастайды.

1941 жылдың күзінде, немістердің октябрь ішінде Москваға жасаған шабуылында жас ғалым, дивизияның барлық жауынгерлерімен бірге астананың іргесін қорғады. Руза өзенінің жағасынан асығыста қазылған тоң қатқан сазды окоп Мәліктің бірінші өткен соғыстық мектебі болды.

Мәлікке оққа ұшқан взвод командирінің орнын басуға тура келді. Сол взвод ең бір қиынға түскен, арпалыстан көз ашырмаған сол қанатты қорғады. Берілген бұйрық: немістерді өзеннен өткізбеу, қанша сұрапыл айқас болса да табан жылжытпау, ақтық күш сарқылғанша тырп етпеу еді.

Мәліктің алғаш көрген соғысы тым-ақ сұрапыл болды. Дем алдырмай, көз аштырмай, мұрын сіңбіртпей, түтеген оқ бір тынбаған аяусыз айқас ұзақ күнге созылды. Немістің бір ротасы өзеннен өтпек болып күні бойы ентеледі. Немістердің әрбір атакасын тойтарған сайын жас ғалым өзінің командирлік міндетіне сенімді түрде кірісіп, бойы түгел үйрене берді. Оның тек 43 жауынгері қалған екен. Қазылған жыралар суға толып қалған екен. Азық таусылуға жақын.

Келер күн бойы взвод үздіксіз соғыста болды. Немістер өзеннің нақ жағасына әкеліп үш машина толы жаяу әскер түсірді. Бронебойщиктер оқтың астына алып, тоқтап үлгіргенше машиналарды өртеп те жіберді. Машиналардан қарғып түсе бастаған фашист әскерлерін пулеметчиктер баудай түсірді, енді немістер біздің взводты бір бүйірінен соқпаққа айналды. Мәлік взводы осы қоршауда тағы бір тәулік соғысты. Сухарь желініп болды. Темекі бітіп, жұрт балдыр тарта бастады. Соңғы оқтар да бітуге таянды. Взводта 23 қана жауынгер қалды. Мәлік бұл жерді тастап, жау қолын кесіп өтіп, өз бөліміне қосылуға бел байлады.

Мәлік взводын үш күн бойы ағаш ішімен жүргізіп отырды. Төрт күннен бері нәр татпаған аш адамдар жауынгерлік тәртіпті бір бұзбастан келе жатты.Пулеметтерді жаяу сүйретіп, жаралыларды плащ-палаткамен алысып жүрді.

Кешке қарай алдыңғы шолғыншылар – алдымызда немістер алған деревня бар деген хабар әкелді.отряд ағаш арасына тоқтады. Зерттеуге жіберілген сержант Коваленко төрт сағат жоқ болып кетіп, қайтып келіп,деревняда немістің штабы бар,қару-құралдың мол складтары бар; әлі бекінбеген, бірақ, қору мықты деген анық хабар айтты.

Мәлік қалаға шабуыл жасап, немістердің азық-түліктерін соғыспен тартып алуға байлам жасады.

Мәлік бел байлаған шабуыл жоспарында тездік пен айла отрядтың әлсіздігін түгел байқатпауға тиіс еді . таңертен отряд деревняны қоршап алып, барлық отыз екі пулеметтен оқты бұршақтай боратты. Содан кейін, немістерге ес жидырмай, «уралап» айғай сала ,жауынгерлер қаланың төрт жағынан бірдей қаптап , деревняға өздері ұмтылды. Соғыстың нәтижесін деревняның ортасында , көшеде болған қысқа ғана қол айқаста шешілді. Немістер өлгендерін де, азық- түліктерін де, қару жарақ складтарын да тастай қашты. Гитлердің 27 қанды балағы қолға түсті. Жеті күннен кейін немістердің майдан шебін бұзып-жара мәлік отряды өз дивизиясына қарай өтіп кетті . манағы отыз екі пулеметті отряд аман алып келді . жауынгерлердің көбі өз мылтықтарынан басқа, бір-бір неміс автоматтарын ала келіпті . он алты жаралы жауынгер көтеруде келді. Ақ көңіл, алып денелі Коваленко өз полкіне төрт жасар бала вованы ала келді, ол баланы мәлік екеуі немістер өртеп жіберген деревнядағы көп өліктің ішінен тауып алған еді. Мәлікті дивизия командирі генерал Панфиловтың өзінің көргісі келді. Сұңғақ бойлы, талдырмаш жаста Панфилоф ұзақ айналдырып қарады. Шынын айтқанда мәліктің денесіне соғыстық әскери киім әлі қона да қоймаған кезі еді.- мә, саған ғылым адамы! Жарайсың! Жаман солдат болмассың, - деді ол Мәлікке жарықшақты дауысымен.»
2-тақырып Ж.Жабаев

Жоспар:

1. Өлеңдері

2. Айтыстары

Жамбылдың ақындық өнерінің қазақ халқының қоғамдық-рухани өмірінің шындығымен тығыз байланыстылығы. Ақынның алғашқы кездегі өлең-жырлары.Алғашқы ақындық айтыс, сөз қағысулары («Кәмшат қызға», «Жаныс ақынға », Бөлек қызбен, Айкүміспен қағысулары) қоғамдық, әлеуметтік өмір шындықтары туралы шығармалары («Кедей күйі», «Жылқышы», «Қуғын», «Мәнке туралы», «Зілді бұйрық»).

Жамбылдың Құлмамбетпен, Сарыбаспен, Досмағамбетпен, Шашубаймен айтыстары.Жамбылдың айтыстағы өнері. Ақын шығармаларының көркемдік кестесі. «Замана ағымы» поэмасы, оның тақырыбы мен идеясы.

Ұлы Отан соғысымен байланысты туған шығармалары («Отан әмірі», «Қамал бұзған қаһарман», «Ата жаумен айқастық», «Өмір мен өлім белдесті»).

Ақынның «Москваға», «Ленинградтық өрендерім», «Алынбас қамал» атты өлеңдерінің мазмұны мен мәні.

«Өтеген батыр» поэмасының тақырыбы мен идеясы.Ақынның халық аузындағы аңызға байланысты мотивтерді пайдаланып, оларға қоғамдық мән бере жырлауы.Дастанның көркемдігі, ондағы мифтік элементтер.

«Сұраншы батыр» поэмасының тарихи негізі. Поэмадағы ерлік, ел қорғау мәселесі, теңдікті аңсау. Сұраншының ерлігін жастарға үлгі тұту. Поэманың образдық жүйесі.Ж.Жабаев творчествосын зерттеудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері.

Халық поэзиясының даму ерекшеліктері, жанрлық құрамы мен поэтикалық жүйесі.


3-тақырып И.Байзақов

1. Поэмалары

Шығармашылық өмірбаяны. Байзақов – импровизатор ақын. Ақынның алғашқы шығармалары. Поэмалары. «Құралай сұлу» (1825), «Қойшының ертегісі» (1925). Бұл екі поэмаға тән ортақ белгілер мен дара ерекшеліктер. Халық өмірі мен жастардың әлеуметтік теңсіздік, оған қарсы күрес шындығының суреттелу жолдары.

«Алтай аясында» (1933-34) поэмасы. Шығармадағы оқиғаның желісі. Ақынның образ жасау шеберлігі. Балағаз, Жоламан, Қаутін, Қырмызы, Құсан, Кәпік, Көбік.

«Он бір күн, он бір түн» (1938), «Кавказ» (1939) поэмалары. «Ақбөпе» (1940) поэмасы: тақырыбы, сюжеті. Әмірхан, Тәуке, Ақбөпе образдарының даму, өсу жолы. Ақбөпе образының ақын творчествосындағы үлкен жетістік екендігі.

Ақын поэмаларының тіл байлығы. Поэмаларының жанрлық ерекшеліктері, олардың поэтикалық жүйесінде фольклор мотивтерінің қызметі.


4-тақырып. М.Әуезов шығармашылығы

Жоспар:

1.Әңгімелері

2. Повестері

3. Драмалық шығармалары

4. «Абай жолы» романы
М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі

Әуезов әңгімелері туралы М.Қаратаев былай дейді: «бұрын қорғансыз жандардың бақытсыздығы сүйгеніне бара алмаған тек әйел теңсіздігіне ғана байланысты көрінсе, М.Әуезов пен Б.Майлин творчествосында сонымен бірге жетім-жесірлікке, кедейлікке және әлеуметтік теңсіздіктің басқа да түрлеріне байланысты» алынды. Екінші: М.Әуезов теңсіздік пен әділетсіздіктің түрлерін өмірдің көп салаларында көрсету үстінде көркемдік шеберлік жөнінде лелеулі жаңалық жасады – ол нағыз көркем психологиялық прозаның шынайы үлгілерін салды.

М.Әуезов 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» мен 1928 жылы жазған «Қилы заман» повесінің арасындағы бір топ прозалық шығармаларының қай-қайсысында да Толстой мен Тургеневтің, Чехов пен Горькийдің дәстүрінде адам әрекеттерінің психологиялық дәлелдемелерін бейнелеуге бейімдігін көреміз.

«Абай жолы» романының алғашқы кітабы 1938-1940 жылдары «Телқара» деген атпен қағазға түсті. «Оқудан қайтқанда», «Қат-қабатта» атты тараулары 1939 жылы баспасөзде жарияланды. Романға кірісер тұста Леонид Соболевпен бірігіп «Абай» трагедиясын жазды. 1940 жылдың күзінде «Телқара» атты бірінші кітап жазылып бітті. Әуелі араб әрпімен баспаға тапсырылып, кейін кирилл әрпіне түсірілген «Телқара» 1942 жылы шілде айында «Абай» деген атпен басылып шықты.Бейсенбай Кенжебаев баспа қызметкерлеріне құпиялап шығартады. «Абай» романы қызу талқыланды. Ғ.Мүсірепов «Абай» романы туралы деген мақаласында жұрттан өзгеше пікір айтты. Ол романдағы Қодар мен Қамқа оқиғасының кіргізілгенін құптамады. Құнанбайдай әкім, Абайдай ақын шыққан елге бұл оқиға мін деді. Талай елге аударылатын шығармада қазақ еліне сын болатын мұндай жайтты айтудың қажеті жоқ еді деді. Романды қазақтың елдігін танытатын шығарма деп өзінің әділ сыншы екенін танытты. Ол кезде елдік туралы сөз қозғаудың өзі қауіпті болатын.Романдағы бірнеше басты кейіпкерлерді бір-бір сөзбен бағалады. Мысалы, Сүйіндік жалтақ, Бөжей сыр бермес, Қаратай жеңген топтың қасында. Құнанбайдың шешендік сөздерін жетілдіру керектігін ұсынды. Басқа сыншылар айтқан Құнанбайдың Қодарды өлтіртудегі мақсаты оның қыстауын иемдену деген пікірге қарсы болды. Құнанбай көзі тірісінде Байсалдардың жерін тартып алды, сонда Құнанбайдың қорыққаны Қодар болып па деді. Абайдың Қуандық қызбен байланысын арзан мінезге балады.

З.Қабдолов өзінің «Менің Әуезовім» роман – эссесінің аяқталмай қалған екінші кітабында «Абай» романы туралы Қ.Сәтбаевтың пікірін келтіреді: «Абай» романы – аса көрнекті көркем шығарма ғана емес, бағалы ғылыми еңбек. «Абай» романына қалың оқырман ғана емес, әр саладағы ғалымдар да назар салмай өте алмайды. Ғалым-филолог одан фольклордың бай материалдарына қанығумен қоса, қазақ әдеби тілінің тууы мен қалыптасуын көреді. Ғалым-этнограф қазір көне заманмен қоса көнерген небір тұрмыстық бейнелер мен өмір құбылыстарын біледі. Құс салып саят құрған, қыз ұзатып, ас беруді, өлік жөнелтуді суреттейтін тараулар, билер айтысы мен билік шешкен қазылық көріністерінің әрқайсысы жеке-жеке ғылыми-этнографиялық толайым еңбектерге пара-пар. Ғалым-экономистер Қазақстанның 19 ғасырдағы халықтың мал шаруашылығы құрылысынан нақты мәлімет алады. Ғалым-юристер шариғаттан бастап, билер кесіміне шейінгі даланың заң жобаларынан бағалы мағлұматтар жинайды. Терең жазушының шебер қолынан шыққан «Абай» романының шын мәніндегі көркем энциклопедия екені осы ғой!» (З.Қабдолов. Дана дидар.59-б.)

1949 жылы 10 сәуірде Әуезовке екі томдық «Абай» романы үшін Бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлық беріледі.Шетел әдебиеті мен әдеби сынында әділ пікірлер айтылып жатты. 1954 жылы «Абайды» неміс тілінде оқып, өз отандастарына насихат жүргізген неміс әдебиетшісі Альфред Курелла 1957 жылы неміс газетінде Әуезовтің шеберлігіне тамсанып мақала жазады.

Қабдоловтың «Менің Әуезовімде» «Абай» туралы, Құнанбай туралы орыс жазушысы Леоновтың мынадай сөздерін келтіреді: «Тірі пендеге бас имейтін тәкаппар Леонов өмір мен өнер туралы түгесілмес философиясын тек Әуезовпен ғана бөліспекке келеді.


  • Мұхтар Омарханович, Сіздің ақыл-ойыңызға, сыр-сезіміңізге суарылған Құнанбай бейнесіндей ғажайып бейне сізге дейін бүкіл әлем әдебиетінде жасалған жоқ, соны білесіз бе? Біз стандартқа айналдырған ұнамды кейіпкер, ұнамсыз кейіпкер дегендер бар, қалай ойлайсыз: Құнанбай ұнамды ма, ұнамсыз ба? Екеуінің шекарасын сіз қалай жойып жібердіңіз? Әлгі ұғымның адамдарында спектрдың екі-ақ түрі – ақ бояу, қара бояу ғана бар. Ал сіз басқа бояуларды қайдан тауып, қалай қосып жүрсіз? Құнанбайдың «адамның құны не болса, міні де – сол!» дегені қандай терең философия!» (сонда, 48-б.)


5-тақырып С.Мұқанов

Жоспар

1. Шығармашылық өмірбаяны

2. «Балуан Шолақ» повесі

3. «Ботагөз» романы

С.Мұқанов әдебиетке «Жалшының зары», «Бостандық» деген өлеңдерімен келді. Алғашқы адымын саяси лирикадан бастады. С.Мұқанов – кемел прозашы.Ол әр кезеңде сирек те болса, шеберлік мектебі саналатын әңгіме жанрына ат басын бұрып отырған. Әңгімелерінен суреткерлік нышан («Әсия», 1925), өтпелі дәуір шындығы («Азғын», 1927, «Кер заман» 1928, «Әмеңгерлік азабы» 1928), өндіріс тақырыбы («Суалмас сауын»,1933; «Алтын аймақ», 1934-37), Отан соғысы оқиғасы («Тіл алушылар», 1942; «Батыр қыз» 1944), көтерілген тың («Аспаз») сырына қанығамыз. «Ақбөпенің сыры» (1927), «Достар» (1937), «Балуан Шолақ» (1940-41), «Бақташының баласы» (1953), «Жарқын жолмен» (1931) повестерін жазды. «Бақташының баласы», «Жарқын жолмен» – балаларға арналған повестер.

С.Мұқанов – кең тынысты романшы. «Адасқандар» (1931) – алғашқы әлеуметтік-психологиялық роман. Роман оқиғасы, кейіпкерлері өмірде болған. Аталмыш туындының жазылуы, суреттелінетін жәйлер жөнінде жазушы «Мөлдір махаббат былай жазылды" атты макаласында ("Қазақ әдебиеті, 1959, 23 қазан), "Өмір мектебі" сынды мемуарлық (1970, 262 б.), жұбайы М.Мұканованың естелігінде(«Кемел еді , кең еді". - Кітапта: "Кәдімгі Сәбит Мұканов" 1984, 324-325 бб.), К.Ергөбековтың "Сәбит Мұқанов" (1989, 68-69 бб.), Р.Тұрысбектің "Дүниетаным және шығармашылык." (1993, 101-137бб.) зерттеу кітаптарында кең көлемде сөз етіледі.

Роман 1959 жылы «Мөлдір махаббат» деген атпен басылып шықты.

3. «Жұмбақ жалау» романы 1916 казақ халкынын. үлт-азаттык күресін, революция тұсындағы жылдарды, күрескерлер бейнесін реалистік үлгіде көрсетті. Романда Казакстандағы 1910-20 жьлдардағы окиға, әлеуметгік кайшылықтар (бай мен кедей арасындағы жер мәселесі мен майдан жұмысына жастарды алуға т.т.) кеңінен көрінеді. Кейінірек "Ботакөз" аталған бұл автордың дүниетаным иірімдері ізденіс пен шеберлік биік белеске шыққаны анық аңғарылады. Сол себепті барлық жетістіктерімен казак әдебиетінің 30-жылдарда кандай көркемдік табысымен қорытындылаған кезендік туынды санатында". Роман композияциясын ("Тұнғиықта", "Таң атарда", "Күн күлімдегенде"), кейіпкерлер жүйесінен (ауыл кедейлерінің өкілдері - Аскар, Амантай, Кузнецов, Ботакөз, Балтабай, Бүркітбай, Кенжетай т.б.), бай-болыстың өкілдерінен (Итбай, Кошкин, Кулаков, Сарбас т.б) өмірдің өзінен алынған шындық, шеберлік үлгілері көрінеді.

Шығармa кейіпкерлері өмірде болған. Әдеби бейнелер: Аскар - Сәкен, Амантай-Аманкелді, Итбай болыс-патша сенатына құрметіне ие болған Сайын Кыдыров, Базархан, Мадияр жөнінде де дерек көздері бар.

Романнын көркемдік табысы - өмір шындығымен, окиғалык өріс пен сюжеттік желісінен төңкеріс такырыбы әрі терең, әрі шеберлікпен көрініс тапкан. Сол себепті де "Ботакөз" романымен С.Мұқанов халықтың түрмысын, тарихын, мәдениетін, ойы мен сезімін жете білетін әлеуметтік жазушы ғана емес, сонымен катар көркем сөздін шебері екенін тағы бір көрсетті... "Ботакөз" казак әдебиетінің зор әлеуметтік - тарихи және эстетикалык мәні бар аса ірі шығармаларының бірі.


6-тақырып Ғ.Мүсірепов

Жоспар

1. Шығармашылық өмірбаяны

2. «Ер ана», «Ақлима» әңгімелері

3. «Қазақ солдаты» романы

4. «Оянған өлке» романы

5. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясы

1. Төңкерістен кейін мектепті бірге бітірген 20 шақты баламен «Ақмола облысының оңтүстік партизандарының группасы» деген отрядқа қосылып, ақ казактарға қарсы күреседі. Кейін ауылда әскери комиссар, аудандық милиция бастығының орынбасары қызметтерін атқарады. Сол кезде елге танымал С.Мұқановпен кездесіп, оның кеңесімен Орынбордағы жұмысшылар факультетіне түседі. 1925 жылы «Едіге» әңгімесі «Еңбекші қазақ» газеінде жарық көреді.

1927-28 жылдары Шортандыдағы орман шаруашылығы техникумында оқытушылық қызметін атқарды. 1928 жылы «Тулаған толқында» атты алғашқы повесінде ақтар мен қызылдар соғысы кезіндегі қазақ ауылы өмірі суреттеледі. Бұл шығармада Ғ.Мүсіреповтің суреткерлікке тән таланты, өзіндік ерекшеліктері айқын көрінді. «Ұзамады, ұзын астауға салынып балқыған бағланның еті келді. Бүгілген тізелер жазылып, көсіліп мінгескен аяқтар жиналды. Еріндегі насыбайлар кілемнің астына тасталды. Екі құлағы қалқайып, езуі ыржиып, таңдай көрініп жатқан қозының басы мен теңкиіп жатқан сары қазысы бар ұзын астау келіп сылқ ете түсті» деген жолдардан Ғ.Мүсіреповтің стиліне тән жылы юмор, бейнелілік, ықшамдылық байқалады.

«Талпақ танау» (1933) – отызыншы жылдардағы қазақ әңгіме жанрының айтулы табысы. Колхоз бастығы Сәден көрші шаруашылықтың шошқа өсіріп, пайда тауып отырғанын көріп, бірнеше шошқа сатып әкеледі. Шошқаны кәпірдің малы санайтын ауыл адамдары алғашында оған үрке қарайды. Есен деген момын адамды жабылып жүріп шошқа бағуға көндіреді. Әңгімеде юмор, психологизм жарқырап көрінген.

«Шұғыла» әңгімесі сол кездегі солақай саясатты барынша әшкерелеген, оған қаймықпай қарсылық көрсеткен, туған халқы алдындағы азаматтық борышын адал орындаған, ащы шындықты шынайы бейнелеген туынды. Даладағы қазақтың аштан қырылғанын айтады.

Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығында ана тақырыбы айрықша орын алды. Ол аналарға арнап он шақты әңгіме, повесть жазды («Ұлпан»).
2. Ғ. Мүсірепов Ұлы Отан соғысы жылдарында да ана тақырыбына қайта оралып, екі әңгіме жазды. Оның бірі – «Ер ана» (1942). Онда жау уақытша басып алған селода ауру немересімен қалған Наталья ананың партизандар көмген минаны жарып, неміс офицерлері орналасқан мектеп үйін өртеп, ормандағы партизандарға қосылуы суреттеледі.Кішкентай қаладағы мектепте Натальяның немересі Лида ауырып жатады. Қыз жатқан соң қауіпсіз болар деп немістер де орналасады.

– Мына бір еврейдің құрт көзін ! – деген әмір берілгенде, ақ гипстен жасалған Пушкин мүсіні терезеден атып шықты.

Мұнда автор фашистердің еврейлерге деген өшпенділігін аңғартып отыр. Олар Натальяны түн ішінде немересімен далаға шығарып жібереді. «Наталья қарға кеудесінен кіріп отыра қалған Толстой мүсінін көрді. Қалың қабақтың астынан түйіле қараған шүңірек көздер әлденені айтып, әмір етіп тұрғандай, «Аннаны» бастарда жазған «егер кегім бір алынса!» деген сөздері еске түседі». Наталья бомба көмілген жерге от жағып, кетіп қалады. Бір кезде мектептің күлі көкке ұшқанын көреді.

Ал  «Ақлима» (1944) әңгімесінде жалғыз ұлы соғыста ерлікпен өлген ананың майданнан мүгедек болып оралған Сапар деген жігітті асырап алып күтуі, оны өз баласы Қасымнан кем көрмеуі баяндалады.Ақлима баласы Қасымнан қара қағаз алған. Бірақ тағы бір хат келеді. Оны көрші қыз Нұрила оқып береді.Хат Сапар деген жігіттен екен. Оның шешесі Ақлима тұрып жатқан үйде бұрын тұрып, қайтыс болған. Баласы шешесінің қазасынан хабарсыз екен. Ол танк ішінде өртеніп, екі аяғынан айрылады. Мұрны да жасанды.Енді жасанды аяқ салғызғалы жатқанын жазады.Ақлима оны өз баласындай күтіп алуға бел байлайды. Жазушының айтпағы: соғыс талай ананы ұлынан айырды, сондықтан соғыс кезінде талай Ақлима мен Сапар секілділер «екі жарты бір бүтін» болып бірінің қайғысын бірі толтырған.

3. 1945 жылы «Қазақ батыры» деген атпен повесі шықты. Кейін өңделіп, «Қазақ солдаты деген атпен шықты». Совет Одағының батыры Қайырғали Смағұлов бас кейіпкер Қайрош Сарталиевтің түп тұлғасы ретінде алынған.Жазушы өмірде нақты болған адамның өмір жолын тізбектеп жаза бермейді. Оларды суреткерлік елегінен өткізіп, оқиғаларды саралап, іріктеп береді.

«Қазақ солдаты» – Ғ.Мүсіреповтің проза саласындағы елеулі табысы. Роман алғашында «Қазақ батыры» (1945) деген атпен шықты. Кейін «Қазақ солдаты» болып қайта жарияланды. Роман Отан соғысына арналып жазылған. Шығарманың композициясы қазақ солдаты Қайроштың басынан кешкендерін көркем баяндау арқылы құрылған. Совет Одағының батыры Қайырғали Смағұлов бас кейіпкер Қайрош Сарталиевтің түп тұлғасы ретінде алынған.

4. «Оянған өлке» (1953) романы қазақ әдебиетінің үздік туындысы. 19 ғасырдың екінші жартысынан Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ даласындағы өндіріс тақырыбын көрсетеді. Мыңдап жылқы айдаған дала шонжары Жұманның бар малы бір жұтта қырылып қалады. Ал Игілік бай заман ағысына ілесе білетін жаңашыл бай ретінде көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет