Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Саяси цикл және басқару шешімдері



бет2/5
Дата24.02.2016
өлшемі0.74 Mb.
#16557
1   2   3   4   5

Саяси цикл және басқару шешімдері

Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол коғамның саяси жүйесінің уакыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудын өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т. с. с. Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала — өте күрделі құбылыс.

Онда әмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат-мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықган ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім кабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т. с. с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін артгыруға байланысты болады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жи- нақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.

Жалпы ұжымдық мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресми ұйымдар, ақпарат құралдары және т.б. қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді жоғарғы мемлекеттік билік институттары атқарады. Себебі, саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын негізгі тетік солар. Биліктің шоғырлану дәрежесі, саяси дамудың мақсат-мұратын айқындауға қатысатын топтардың арасындағы өкілеттілікті бөлу мәселелері олардың іс-әрекетіне байланысты.

Саяси субъектілердің өзара қатынастары, саяси өзгерістердің екпіні, т.т. да солардың іс-қимылдарымен айкындалады. Ұсақ саяси қарарлар күн сайын шығып жатады десе де болады. Ал көпшілік жұртты қамтитын ірі саяси шешімдер, құжаттар (Конституция қабылдау, сайлау, референдум өткізу сияқты) қоғам өмірінде сирек кездеседі. Оларды дайындауға, өткізуге көптеген адамдар тартылып, үлкен оқиғаға, саяси белеске айналады. Сондықтан саяси процесс белес-белес, циклмен дамиды десе де болады. Ондай мәселелерді көбіне билік институттары іске асырады. Демократиялық елдерде саяси процесс әдетте сайлау цикліне байланысты қалыптасады. Бұрынғы Кеңес өкіметінде СОКП-ның съездері бүкіл саяси жұмысқа ырғақ беріп, цикл содан басталатын. Саяси процесті ұйымдастыру түпкі ой, ниет, идеядан басталады. Кейін оны атқарушы субъект (үкімет, саяси серке т.т.) процестің теориясын немесе тұғырнамасын жасайды. Мұнда ең алдымен мақсаттандалады. Мақсат түпкілікті мұрат ретінде және жақын арада нақтылы нәтиже берерлік, жетістікке жеткізерлік болуы мүмкін. Осыған орай саяси процесті орындау, жүзеге асырудың құралдары, тәсілдері қарастырылады. Қанша уақыттың көлемінде іске асыруға болады, қанша адам, кімдер катынасады т.т. ойластырылады. Орындаушылардың алға қойған талаптарына жауап бере алуымен қатар, олардың жеткілікті қаржылары болуы керек. Саяси процестің әрбір кезеңі бақайшағына дейін мұқият тексерілгенінде ғана табысты болады.

Саяси процесс – күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, коғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. Саяси жүйені тұтас алсак, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады.

1 Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымдарды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін. Егер көпшілік жұрт жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Мұндайда саяси жүйе өзін-өзі қалпына келтіретін жағдайға жетеді.

2 Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске жеткен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді, жетілдіреді. Жаңа саяси қатынастар мен институттар құралады, саяси ережелер мен қазыналар, нышандар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарастары, іс-қимылдары бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниеге келеді.

3 Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Қоғамдағы әр түрлі адамдардың, топтардың, таптардың, бірлестіктердің қажетгіктері, мақсаттары сан қилы, бірталай жағдайда қарама-қарсы келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек. Бұл — саяси мәселе. Батыстың көптеген елдерінде биліктің әр тармағының (орталықтағы не жергілікті жердегі болсын) өз алдына бөлек сарапшы кеңесшілері, көмекші топтары және т.б. ақыл-кеңес беретін құрылымдары болады. Олар арнайы ғылыми-талдау жұмыстарын жүргізіп, ең дұрыс, қолайлы шешімдерді қабылдауға жәрдемдеседі. Мұнда шешім қабылдаушы саяси басқарушылар мен оны орындаушы бағыныштылардың арасында тығыз байланыс болуы керек. Бұрынғы Кеңес өкіметінде шешімді партияның бірінші хатшылары қабылдайтын. Олар ештеңеге жауап бермейтін. Жауапты партаппараттың айтқанын орындап, соның бұйрық, нұсқауларын, шешімдерін іске асырушы мемлекеттік органдар мекемелердің жауапты қызметкерлеріне артатын. Сондықтан ақылға сыйымсыз жағдай туған шешімді қабылдаушылар ештеңеге жауап бермейтін, ал жауап берушілер оны қабылдауға қатыспайтын. Мұның бәрі қандай нәтижеге әкелетіндігін өмір өзі көрсетті.

4 Саяси жүйенің жағдайымен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жұмысында шыға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты, жан сақ басушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.Ол екі жолмен жүргізіледі.

Біріншісі — мемлекеттік мекемелер, партия органдары, қоғамдық ұйымдар мен козғалыстардың белгілі бір құрылымдары арқылы жүзеге асады. Мұнда мемлекет аппаратына қарасты тексеру, қадағалау қызметтері, партиялық бақылау, ресми баспасөз органдары енеді. Бұл — саяси жүйедегі бақылау органдарының қызмет бабында атқаратын міндетті жұмысы, яғни өзін-өзі бақылауы.

Екіншісінде, саяси жүйенің жұмысына бақылау жасауға барлық азаматтардың қатысуына мүмкіндік жасалады. Мұны "төменнен бакылау" десе де болады. Бұл үшін қоғам демократиялық жолмен дамығанда ғана жағдай туады, тоталитарлық тәртіпте оған жол берілмейді.

Қоғам дамуының мақсатын айқындап, оны жүзеге асырушы билеуші тәртіп саяси процестің сипатын да білдіреді. Оны үшке бөлуге болады. Саяси тәртіптің қайталанып жұмыс істеуі. Мұнда саяси процесс басқарушылар мен сайлаушылар, азаматтар мен мемлекет арасындағы қалыптасқан қатынастарды сапа жағынан айтарлықтай өзгертпей, күнделікті орнына келтіріп, құр қайталайды. Яғни, мемлекет үйреншікті қалпында, әдеттегі ырғағында қызметін жүргізе береді. Онда саяси субъектілердің іс-әрекетінде жанашылдык, өзгерістен гөрі дәстүр мен саяси сабақтастық басты рөл аткарады. Саяси тәртіптің дамуы. Ел ішіндегі және халықаралық аренада саяси күштердің ара салмағында немесе әлеуметтік құрылымда өзгерістер болуы мүмкін. Басқарушы органдар өмірдің бұл жаңа талабын байқап, өз жұмысын соған орай бейімдейді.

Саяси даму биліктің жоғарғы және төменгі сатыларының өзара әрекеттестігімен, сан қилы ағымдар мен үрдістердің күресімен қоса қабаттаса жүреді. Мұның бәрі әлеуметтік және саяси құбылыстарды сәйкестендіруге жәрдемдеседі. Саяси тұтастықтың құлдырауы және ыдырауы. Бұл жағдайда саяси процестің даму бағыты саяси жүйенің тұтас өмір сүруіне келеңсіз әсерін тигізеді. Кірігу, жинақгалудың орнына саяси субъектілердің бөлшектену үрдісі басымдық алады. Билеуші тәртіптің ыдырауы күмән тудырмайды. Оның шешімдері басқару қабілетін жояды. Мұндай процеске Еуропа және Азия аймақгарындағы бұрынғы социалистік елдердің құлдырау, ыдырау тағдыры толық мысал бола алады. Билеушілер тобы өмірдің әлеуметтік-экономикалық және рухани талабына сай тиісті жауабын таба алмады. Сонымен, саяси процесс деп әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардын, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекетінің нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан, жағдайдан екінші жағдайға келіп ауысуын, өзгерісін, козғалысын айтады.

3 Қоғамдық мүдде

Мүдде - қоғамдағы әлеуметтік субъектілер іс-әрекетінің, өмір сүру бағдарының негізі, ішкі қозғаушы күші. Мүдде әлеуметтік, табиғи, мәдени қажеттіліктер негізінде пайда болады. Мүддені жіктеу барысында оның бірнеше салалары анықталады: қауымдық деңгейде – жеке дара, топтық, қоғамдық, жалпы адамзаттық; бағыттық аясы бойынша – экономикалық, саяси, діни, рухани; субъектінің сипатына байланысты – ұлттық, мемлекеттік, партиялық, кәсіби. қоғамдағы әлеуметтік субъектілер іс-әрекетінің, өмір сүру бағдарының негізі, ішкі қозғаушы күші.Әрбір жеке адам табиғи-материалдық деңгейде өзінің жеке басын қорғауға, өзін қамтамасыз етуге және ұрпақ қалдыру арқылы тіршілікті үзартуға мүдделі. Осыған орай, адамдар арасында өзара Мүдделі катынастар, бәсекелестіктер, кайшылықтар туындайды. Адамдардың, әртұрлі әлеуметтік топтардың рухани мүддесі негізінен, ақиқат заңын иойындап, сол жолмен жүруте тырысуынан басталады. Рухани тазалыкка ұмтылу, моральдық нормалар мен бағдарларды тіршідіктің қайнар көзіне айналдыру - түбінде адамның өз бойындағы калыптасқан табиғи өзімшілдігін жүгендеуше әкеле-осындай негіздерде қалыптаскан адамдық Мүдде ғана - нағыз дамуға себепкер болатын түсініқтер мен іс-қимылдар жүиесі болып табылады Мүдденің қалыптасуы әр түрлі әлеуметтік-демографиялық топта өзіндік басымдықтарға негізделеді, яғни кейде сезімдік ұшқырлық негізгі рөл атқарса, кейде зерделік байсалдылықтың басымдылығы байқалады.

Мүдде әлеуметтік субъектінің ішкі жан дүниесінен, дүниетанымынан, құндылық бағдарынан хабардар етеді және рухани дамумен, адамгершілік ұстанымдармен астаса отырып, өзінің парасаттылығымен ерекшеленеді. Әрбір жеке адамның Мүддесі, алдымен, оның қандай құндылықтарды бағалайтынына байланысты қалыптасады. Ол өз кезегінде қоғамдағы, тарихи кезеңдегі басымдылық танытатын сұраныстармен, қажеттіліктермен, құндылықтар жүйесімен байланысып жатады. Сондықтан жеке, топтық және қоғамдық мүдде бір-бірімен әлеуметтік деңгейде тығыз байланыста болғандықтан, осы қатынастар үнемі жеке тұлғалардың дара Мүдделеріне түзетулер енгізіп отырады.

Мүдде деңгейіндегі қайшылықтар заңды құбылыстар болып, әлеуметтік деңгейдегі әр түрлі қайшылықтарды туғызады және адамдар мен әлеуметтік топтар арасында шешімін табуға тиіс күрделі мәселелер бар екенін көрсетеді. Әрбір адамның дүниедегі қайталанбас даралығы, негізінен, оның дүниетанымы, өмірлік түсінігіндегі ерекшеліктер түрінде байқалып, әрқилы Мүдделер сипатында бейнеленеді. Мүдде деңгейінде көрініс берген жеке адамның қалауы мен тілектері біртұтас құбылыс болып келетін материалдық және рухани заңдылықтар ауқымында болады. Бұл адамзат дүниесі тарихының және болашағының рухани біртұтастығын білдіреді. Сондықтан әрбір қоғамның тұтастығы мен ішкі бірлігінің сақталуы, адамдар мен әлеуметтік топтар арасында түсіністіктің ұлғая түсуі мен әлеуметтік саланың жете дамуы үшін мүдде деңгейіндегі үйлестік пен үндестік терең болуы шарт, онсыз әр түрлі тартыстар көбейеді. Әрбір жеке адам табиғи-материалдық деңгейде өзінің жеке басын қорғауға, өзін қамтамасыз етуге және ұрпақ қалдыру арқылы тіршілікті ұзартуға мүдделі. Осыған орай адамдар арасында өзара мүдделі қатынастар, бәсекелестіктер, қайшылықтар туындайды. Адамдардың, әр түрлі әлеум. топтардың рухани мүддесі, негізінен, ақиқат заңын мойындап, сол жолмен жүруге тырысуынан басталады. Рухани тазалыққа ұмтылу, моральдық нормалар мен бағдарларды тіршіліктің қайнар көзіне айналдыру түбінде адамды өз бойында қалыптасқан табиғи өзімшілдігін жүгендеуіне әкеледі. Осындай негіздерде қалыптасқан адами мүдде ғана нағыз дамуға себепкер болатын түсініктер мен іс-қимылдар жүйесі болып табылады. Қазақ даласының ойшылдары – Қорқыт Ата, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи, Абай, Шәкерім өз еңбектерінде осы рухани мүдденің құндылығы туралы айтып, нәпсіні тұсап қана адамдық жолына түсуге болатынын көрсетті. Мұндай мүддені қалыптастыруда оқу мен білімнің, қанағат пен тәубенің, ізгілік пен қайырымдылыққа ұмтылудың рөлі зор екені ескертілді.

Аса маңызды қоғамдық мүдделердің бірі – ұлттық мүдде. Ол кең мағынасында – елдің жалпы ұлттық, мемекеттік. мүддесі, кез келген мемлекет халқының мұң-мұқтажына сәйкес келетін қоғамдық өмірдің барлық саласындағы қажеттіктердің жүйелі түрдегі көрінісі. Ұлттық мүдде мемлекет дамуының ішкі және сыртқы қатынастарының бағыт-бағдарымен, саясатымен тікелей астасып жатады. Бұл деңгейдегі әрқилы мүдде тарихта уақытында және тиімді түрде шешімін тауып отырса, онда қоғамдық дамудың өркениеттілігі, пәрменділігі, үйлесімділігі арта түседі, сондай-ақ мемлекеттің ішкі қайшылықтарының әлеуметтік тұтастықты бұзбауына негіз болады.

Ұлттық мүдденің тар мағынасындағы сипаты – этностық субъектінің мүддесі. Бұл деңгейдегі ұлттық М. әр түрлі халықтың ғасырлар бойы қордаланған этн. келбетін, ұлттық мәдениетін сақтап дамытумен байланысты. Әрбір ұлттың өзіндік “мені” осы ұлттық М-ні жария ету арқылы білінеді. Егер ұлттық мүдде басқа халықтардың есебінен емес, негізінен, этностың ішкі мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы айқындалса, ол жеке адамға да, ұлттық мәдениетке де, жалпы адамзаттық өркениетке де тиімді қызмет етеді. Кейде ұлттық мүдде діни-конфессиялық мүддемен астасып кетеді. Мұндай жағдайда әлеуметтік шындықта тек мәдени саладағы күрделі бірегейлену ғана жүрмейді, сондай-ақ мемлекеттік саясат саласында да біршама ерекшелігі бар мәселелер туындайды. Шынайы діни мүдденің мазмұны мемлекеттік саясаттан, қоғамдағы саяси процестерден алшақтау болып келеді әрі ұлтты іштей біріктіруге қызмет етеді.

Әлеуметтік-саяси мүдде қоғамдағы әлеуметтік топтардың әр түрлі қажеттіліктерінен туындайтын құбылыстар болып табылады. Әлеуметтік.-саяси мүдденің ортақтығы әр түрлі саяси топтарды жақындастыра түседі, олардың қоғамдағы рөлі мен мәртебесіне сәйкес әр қилы бағыттағы саяси бағдарларды, құндылықтық басымдылықтарды ұстануы саяси субъектілер арасында біршама жіктер туғызады. Мүдденің жіктелуін мақсат етуді абсолюттендіру саяси күштердің бір-бірінен алшақтауына әкеліп соғады. Мұндай әрекеттер адамдар арасында әлеум. қайшылықтарды тудырады. Саяси субъектілер арасындағы мүдденің саяси тартыстық сипат алуы – саяси қажеттілік болғанымен, пәрменді әлеуметтік даму үшін аса тиімді емес. Себебі бұл тартыстың, бәсекелестіктің түпкі негізі қоғамның іргесін шайқалтып, әлеуметтік іріткі туғызуы мүмкін. Сондықтан саяси күштер мүдделерінің жақындасуы әлеуметтік субъектілердің бірлігіне әкеліп, ол өз кезегінде көптеген қайшылықтарды оңтайлы шешуге негіз болады. Нағыз ұлттық мүдденің қалыптасуы қоғамдағы ұлттық идеяның мазмұнымен, құрылымымен байланысты.Мүдденің қалыптасуы әр түрлі әлеуметтік-демографиялық топта өзіндік басымдықтарға негізделеді, яғни кейде сезімдік ұшқырлық негізгі рөл атқарса, кейде зерделік байсалдылықтың басымдылығы байқалады. Мүдде әлеуметтік субъектінің ішкі жан дүниесінен, дүниетанымынан, құндылық бағдарынан хабардар етеді және рухани дамумен, адамгершілік ұстанымдармен астаса отырып, өзінің парасаттылығымен ерекшеленеді.

Әрбір жеке адамның мүддесі, алдымен, оның қандай құндылықтарды бағалайтынына байланысты қалыптасады. Ол өз кезегінде қоғамдағы, тарихи кезеңдегі басымдылық танытатын сұраныстармен, қажеттіліктермен, құндылықтар жүйесімен байланысып жатады. Сондықтан жеке, топтық және қоғамдық мүдде бір-бірімен әлеуметтік деңгейде тығыз байланыста болғандықтан, осы қатынастар үнемі жеке тұлғалардың дара мүдделеріне түзетулер енгізіп отырады. Мүдде деңгейіндегі қайшылықтар заңды құбылыстар болып, әлеуметтік деңгейдегі әр түрлі қайшылықтарды туғызады және адамдар мен әлеуметтік топтар арасында шешімін табуға тиіс күрделі мәселелер бар екенін көрсетеді. Әрбір адамның дүниедегі қайталанбас даралығы, негізінен, оның дүниетанымы, өмірлік түсінігіндегі ерекшеліктер түрінде байқалып, әрқилы мүдделер сипатында бейнеленеді.



Мүдде деңгейінде көрініс берген жеке адамның қалауы мен тілектері біртұтас құбылыс болып келетін материалдық және рухани заңдылықтар ауқымында болады. Бұл адамзат дүниесі тарихының және болашағының рухани біртұтастығын білдіреді. Сондықтан әрбір қоғамның тұтастығы мен ішкі бірлігінің сақталуы, адамдар мен әлеуметтік топтар арасында түсіністіктің ұлғая түсуі мен әлеуметтік саланың жете дамуы үшін мүдде деңгейіндегі үйлестік пен үндестік терең болуы шарт, онсыз әр түрлі тартыстар көбейеді. Әрбір жеке адам табиғи-материалдық деңгейде өзінің жеке басын қорғауға, өзін қамтамасыз етуге және ұрпақ қалдыру арқылы тіршілікті ұзартуға мүдделі. Осыған орай адамдар арасында өзара мүдделі қатынастар, бәсекелестіктер, қайшылықтар туындайды. Адамдардың, әр түрлі әлеум. топтардың рухани мүддесі, негізінен, ақиқат заңын мойындап, сол жолмен жүруге тырысуынан басталады. Рухани тазалыққа ұмтылу, моральдық нормалар мен бағдарларды тіршіліктің қайнар көзіне айналдыру түбінде адамды өз бойында қалыптасқан табиғи өзімшілдігін жүгендеуіне әкеледі. Осындай негіздерде қалыптасқан адамимүдде ғана нағыз дамуға себепкер болатын түсініктер мен іс-қимылдар жүйесі болып табылады. Қазақ даласының ойшылдары – Қорқыт Ата, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи, Абай, Шәкерім өз еңбектерінде осы рухани мүдденің құндылығы туралы айтып, нәпсіні тұсап қана адамдық жолына түсуге болатынын көрсетті. Мұндай мүддені қалыптастыруда оқу мен білімнің, қанағат пен тәубенің, ізгілік пен қайырымдылыққа ұмтылудың рөлі зор екені ескертілді. Аса маңызды қоғамдық мүдделердің бірі – ұлттық мүдде. Ол кең мағынасында – елдің жалпы ұлттық, мемлекеттік мүддесі, кез келген мемлекет халқының мұң-мұқтажына сәйкес келетін қоғамдық өмірдің барлық саласындағы қажеттіктердің жүйелі түрдегі көрінісі. өлттық мүдде мемлекет дамуының ішкі және сыртқы қатынастарының бағыт-бағдарымен, саясатымен тікелей астасып жатады. Бұл деңгейдегі әрқилы мүдде тарихта уақытында және тиімді түрде шешімін тауып отырса, онда қоғамдық дамудың өркениеттілігі, пәрменділігі, үйлесімділігі арта түседі, сондай-ақ мемлекеттің ішкі қайшылықтарының әлеум. тұтастықты бұзбауына негіз болады. Ұлттық мүдденің тар мағынасындағы сипаты – этностық субъектінің мүддесі. Бұл деңгейдегі ұлттық мүдде әр түрлі халықтың ғасырлар бойы қордаланған этностық келбетін, ұлттық мәдениетін сақтап дамытумен байланысты. Әрбір ұлттың өзіндік “мені” осы ұлттық мүддені жария ету арқылы білінеді. Егер ұлттық мүдде басқа халықтардың есебінен емес, негізінен, этностың ішкі мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы айқындалса, ол жеке адамға да, ұлттық мәдениетке де, жалпы адамзаттық өркениетке де тиімді қызмет етеді. Кейде ұлттық М. діни-конфессиялық М-мен астасып кетеді. Мұндай жағдайда әлеум. шындықта тек мәдени саладағы күрделі бірегейлену ғана жүрмейді, сондай-ақ мемлекеттік саясат саласында да біршама ерекшелігі бар мәселелер туындайды. Шынайы діни мүдденің мазмұны мемлекеттік саясаттан, қоғамдағы саяси процестерден алшақтау болып келеді әрі ұлтты іштей біріктіруге қызмет етеді. Әлеуметтік-саяси мүдде қоғамдағы әлеуметтік топтардың әр түрлі қажеттіліктерінен туындайтын құбылыстар болып табылады. Әлеуметтік-саяси мүдденің ортақтығы әр түрлі саяси топтарды жақындастыра түседі, олардың қоғамдағы рөлі мен мәртебесіне сәйкес әр қилы бағыттағы саяси бағдарларды, құндылықтық басымдылықтарды ұстануы саяси субъектілер арасында біршама жіктер туғызады. Мүдденің жіктелуін мақсат етуді абсолюттендіру саяси күштердің бір-бірінен алшақтауына әкеліп соғады. Мұндай әрекеттер адамдар арасында әлеуметтік қайшылықтарды тудырады. Саяси субъектілер арасындағы мүдденің саяси тартыстық сипат алуы – саяси қажеттілік болғанымен, пәрменді әлеуметтік даму үшін аса тиімді емес. Себебі бұл тартыстың, бәсекелестіктің түпкі негізі қоғамның іргесін шайқалтып, әлеуметтік іріткі туғызуы мүмкін. Сондықтан саяси күштер мүдделерінің жақындасуы әлеуметтік субъектілердің бірлігіне әкеліп, ол өз кезегінде көптеген қайшылықтарды оңтайлы шешуге негіз болады. Нағыз ұлттық мүдденің қалыптасуы қоғамдағы ұлттық идеяның мазмұнымен, құрылымымен байланысты
3 тақырып. Ұйымда басқару қызметінің ерекшеліктері
1 Мемлекеттік билік түсінігі.

2 Мемлекеттік билік пен мемлекеттік баскарудың өзара байланысы.

3 Қазакстан Республикасының мемлекеттік билік жүйесінің біртұтастығы.

1 Мемлекеттік билік түсінігі.

Жалпы саясаттың негізгі мәселесі билік, мазмұны билік үшін күрес, билікті жүргізу. Шығыстың ойшылы Ибн Холдун адамдардың басқа жан – жануарлардан ерекшелігі билік үшін күресуінде деп айтқан. Ал ағылшын философы Рассел физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғалымдарда нгізгі ұғым билік болып табылады. Билік негізінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдар бар:

1 теологиялық;

2 бихеверистік;

3 инструменталистік;

4 струптуалистік;

5 конфлектілік.

1 Телеологиялық анықтама - Билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді

2 Бихевиористтік анықтама - Бұл тұжырымдама бойынша билік басқа адамдардың жүріс – тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің негізгі түрі

3 Инструменталисттік анықтама - Мұнда билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі

4 Структуралисттік анықтама - Билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады

5 Конфликтілік анықтама - билікті дау- жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.

 Саяси биліктің пайда болуы мемлекеттің пайда болуымен тікелей байланысты. Билік ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай бөлінеді: ата-аналар билігі, мемлекеттік, экономикалық,саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани және т.б.

Саяси биліктің ерекшліктері, өктемдік сипаты бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі кәсіби басқарушылардың ерекше тобының болуыбасқаларға қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы және т.б. Саяси билік бар жерде теңсіздік бар, себебі, біреулері басқарады, екіншілері бағынады.

Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді.

Саяси билік таптық, топтық және жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді.

Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.

Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз- халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.

Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынандай екі шарт қажет.

Ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің басшысын белгілі бір мезгілге тура немесе жанама түрде халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс.

Мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

Немістің көрнекі ғалымы Маркс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің үш үлгісін көрсетті:

1 Әдет-ғұрыптық легитимдік – халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы: хан, патша, сұлтан, т.с.с.

2 Харизматикалық легитимдік – ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгі – қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Мысалы: Мұхаммед пайғамбар, т.с.с.

3 Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі – қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтың ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.

2 Мемлекеттік билік пен мемлекеттік баскарудың өзара байланысы

Билікті бөлу теориясы осыдан үш жүз жылдар бұрын пайда болған. Оның негізін қалаушылар болып ағылшындық философ — материалист, материализмнің идеялық — саяси доктринасын құрушы Джон Локк (1632 –1704) пен француздық философ және құқықтанушы Шарль Луй Монтескье (1689-1755) шықты.

Мемлекеттік билік бөлудің маңыздылығы мен қажеттіліктері жөніндегі Джон Локктың идеялары 1690 жылғы жарық көрген «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат» деген басты еңбегінде көрініс тапса, Монтескьенің идеялары «Персиялық хат» романында мазмұндалады. Бұл еңбегінде Джон Локк «билікті бөліске салу керек, себебі абсолютті  монархия-тирандық режимнің қалыптасуына ықпал етсе, заңсыздық — адамзат болмыс — бітіміне қарама-қайшы келеді, ал билікті бөлу қағидасы негізінде пайда болған жария саяси (мемлекеттік) билік адамдардың табиғи болмыс-бітімін сақтап, мүдделерін көздейді» десе,1 Шарль Луи Монтескье. Әрбір мемлекеттік биліктің үш тегі болуы керек: заң шығарушы билік, халықаралық құқық сұрақтарын жүргізетін атқарушы билік және азаматтық құқық мәселелерімен айналысатын атқарушы билік. Осы аталғандардың біріншісінде мемлекет басшысы немесе мекеме уақытша немесе тұрақты заңдар шығарады және әрекет етіп жатқан заңдардың күшін тоқтатады немесе оларға өзгертулер енгізеді. Ал екінші биліктің құзыретіне соғыс жариялау, бейбітшілік орнату, өкілдерді қабылдау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты күрделі мәселелері енеді. Сондай-ақ, үшінші билік қылмысты жазалауды, жеке тұлғалардың қақтығыстарын реттеуді жүзеге асырады. Сонымен қатар ең соңғы билікті соттық билік деп қарастыруымыз керек» деп салиқалы пікір  айтқан.1

Мемлекеттік биліктің кеңестік концепциясының негізін қалаушылар К.Маркс, Ф.Энгельс жене В.И.Ленин мемлекеттік билікті «жұмысшы корпорация» ретінде қарастырған. Көптеген уақыт бойы билікті бөлу теориясы кеңестік ғылыммен буржуазиялық болып есептелінеді. Яғни, мұндағы концепциялар мемлекеттің әр-түрлі органдары арасында қызметті, еңбекті бөлу қажеттілігін мойындамады.

Алайда уақыт өте келе билікті бөлу теориясы кең етек жая бастады. Осылайша, мемлекеттік биліктің механизмінің элементтері деген ұғым қалыптасты. Мұндай элементтер болып мемлекеттік билік субьектісі (билік жүктелуші) мен институттар (органдар, тікелей демократия нысандары) шықты. Мемлекеттік билік қоғамда үстемдік етуші әлеуметтік топтың, яғни халықтың мүддесін көздеуші ролге ие болды.

Мемлекеттік билікті бөлу қағидасының тарихы ежелден бастау алған. Француз құқықтанушысы Монтескье 1748 жылғы атаулы бір еңбегінде «Жеке тұлға саяси бостандықта болу үшін үкімет адамдар бір — бірінен қорықпайтындай дәрежеде ұйымдастырылуы қажет. Егер заң шығарушы және атқарушы билік бір адамның немесе бір магистратура органдарының иелігіне шоғырланса, онда бостандық болуы мүмкін емес, мұндай жағдайда қоғамда үрей, қорқыныш пайда болады және бүкіл билікті бір өзінің қолына алған монарх немесе сенат тирандық заңдар шығарып, оны тирандық сипатта қолдануы мүмкін.

Сонымен қатар, соттық билік заң шығарушы және атқарушы биліктен бөлінбесе, онда бостандық туралы әңгіме қозғау мүмкін емес. Егер сот билігі мен заң шығарушы билік біріксе субъектінің өмірі мен бостандығы ақылға қонымсыз кетуі мүмкін. Ал атқарушы билікпен біріксе сот қатыгездікке бой ұрады», — деген.

Билікті бөлу теориясы көптеген саясат зерттеушілерімен анықталды: идея Аристотелмен айтылып, теориялық, тұрғыдан Джон Локкпен (1632-1704 ж.ж) негізделді және дамыды, классикалық түрде Шарль Луй Монтескьемен (1689-1755 ж.ж) әзірленіп, бұдан кейін Алексендр Гамильтонмен, Джеймс Мэдисонмен жанданды.

Билік бөлу теориясының негізгі ережелері мынадай:

1) Билікті бөлу Конституциямен бекітіледі.

2) Конституцияға сәйкес Заң шығарушы, атқарушы   және соттық     билік әр-түрлі органдармен және адамдармен ұсынылады:

3) Барлық, билік тең

4) Ешқандай билік өзге билікке тиесілі құқықтарға ие бола алмайды.

5) Соттық билік саяси ықпал етуден тәуелсіз.

Билікті бөлу қағидасының теориялық және практикалық қайнар көздері — Ежелгі Греция мен Римде.

Ежелгі Грецияда Солон архонт бола тұра 400 кеңесін құрды және өз өкілеттігі бойынша бір-бірімен деңгейлес ареопаг қалдырды. Солонның сөзі бойынша осы екі орган мемлекеттік кемені кез-келген дауылдан қорғайтын якор болды. Кейінірек, б.э.д IV-ғасырда Аристотель өзінің «Саясат» еңбегінде мемлекеттік құрылыстың үш элементін көрсетті: заң шығарушылық кеңестік орган, магистратуралар және сот органдары. Екі ғасыр өткеннен кейін грециялық тарихшы және саяси қызметкер Полибий (210-123 ж.ж. б.э.д.) бұл құрамдас элементтердің қарсыласы отырып, бір-бірін қолдап отыратынын көрсетті. Ол аты аңызға айналған спартандық заң шығарушы Ликург туралы жазды.

Биліктің бөліну теориясы өзінің теориялық дамуын орта ғасырда тапты. Яғни Ағылшын философы Джон Локк (1690 ж) «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат» деген еңбегінде биліктің жекелеген бөліктерінің өзара әрекеті және өзара байланысы қағидасын қарастырған. Мұнда басымдылық билік бөлу механизмінде заң шығарушы билікте қалды. Ол елде жоғары, бірақ абсалютті емес. Қалған биліктер заң шығарушыға қарағанда бағынушы сипатқа ие.

«Мемлекеттік басқару туралы екі трактаттан» кейін жүз жыл өткен соң 1789 жылы 26 тамызда Францияның Ұлттың Жиналысымен қабылданған адамдар мен азаматтардың құқтарының Декларациясында «Билік бөлінбеген және құқықтарды пайдалануға қамтасыз етілмеген қоғамда, Конституция болмайды» делінген.

Джон Локктың көзқарасы француздық философ Шарль Луй Монтескьенің билікті бөлудің классикалык теориясын дамытты. Монтескьенің пікірі бойынша билікті бөлу жүйесінің болуы қоғамды мемлекеттік билікті шектен тыс пайдаланудан сақтайды. Ол «заң шығарушы және атқарушы билік бір тұлғаның қолына немесе бір мекемеге біріксе, онда бостандық болмайды, себебі сенат пен монарх тирандық заңдар шығарады. Сонымен қатар, егер сот билігі заң шығарушы және атқарушы биліктен бөлінбесе бостандық та болмайды. Егер осы үш билік бір мекемеге, бір тұлғаға біріксе онда бәрі құриды» деп жазған.

Бұл заңды. Себебі біз қазір өз таңдауымызды жасап мемлекеттік билікті өз орнына қоюдамыз. Бұл жерде жоғарыда аталған өткен ойшылдардың да пікірін бетке ұстадық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет