Пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус) Орал 20 ж



бет52/80
Дата22.06.2023
өлшемі3.26 Mb.
#475304
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   80
микроэк умкд Казиева А.Е.

Картельдің құрылуы Жоғарыда айтылғандай егер фирмалар жоғары деңгейдегі бағаны ұстап тұруға келіссе, онда олар бақталас пен бәсекелестерден гөрі жоғары пайда алады. Картель құрған уақытта өндірушілердің белгілі бір тобы тауардың бағасы мен өнім өндіру көлемі туарлы келісімге келеді, соның нәтижесінде пайдаларын жоғары деңгейге жеткізеді. Олигополиялық фирмалар бірігіп, бір монополия сияқты әрекет жасайды: олар тауардың бағасын жоғарлатады, ал өнім көлемін шектеп, бір деңгейде ұстап отырады. Сондықтан картельдің әрбір мүшесі белгілі бір квота тағайындалады. Картель кезінде пайданы неғұрлым жоғары деңгейе жеткізу мақсаты қалай орнатылатынын график түрінде көрсетейік (10.3-сурет):

10.3-сурет. Картель

Әуелі барлық фирмалар жетліген бәсеке жағдайында әрекет жасайды деп ұйғарамыз. Онда PK, QK – бәсеке бағасы және саладағы өнім шығару көлемі. Фирмалардың экономикалық пайдасы нөлге тең, Е нүктесі – бәсекелестік кезіндегі тепе-теңдік нүктесі. Енді, фирмалар картель құрып, бірікті делік. Онда пайданы барынша көбейту есебі монополия жағдайындағыдай болып шешіледі. PM және QM – монополия бағасы және жалпы өнім шығару көлемі. Сондықтан өнім көлемі QK-ден MR=MC болатын QM деңгейіне дейін қысқарады. Енді, бұл өнім шығару көлемі фирмалар арасында өзара бөлінеді. Мұндағы басты мәселе әр фирманың өнім көлемі квотасын белгілеп және оларды бақылау. Пайда қуған кейбір фирмалар өз пайдасын барынша көбейту үшін квотасын асырады. Егер салада көптеген фирмалар келісім шартын бұзса, онда ұсыныс (Q*-QK) көбейеді және баға PK деңгейіне дейін төмендейді. Сондықтан картель бағасын ұстап тұру үшін әрбір фирма өзінің квота мөлшерінен, яғни -нен өнім көлемін асырмауы керек. Іс жүзінде картельдер монополиялық баға жайлы келісу және квотаны енгізу мәселелерінде қиындыққа кездеседі.


Баға белгілеудегі лидерлік
Жоғарыда айтылғандай, олигополиялық фирмалар өзара бірігіп, баға мен өнім шығару көлемі туралы келісімге (ашық немесе жасырын) келген уақытта пайдаларын көбейтеді. Дегенмен, фирмалардың бәрін қанағаттандыратын бір деңгейдегі бағаны белгілеу қиын, әсіресе шығындар мен сұраныс өзгеретін болса. Егер нарықта бір басым фирма болып, ол баға белгілеудегі лидер болса, онда жоғарыда айтылған мәселелер өте жеңіл шешіледі. Бұл басым фирма баға белгілейді, ал қалған фирмалар – ілеспелі фирмалар болады. Іс жүзінде бұндай көрініс барлық олигполиялық нарықтарда кездеседі.
Лидер (басым) фирма бағаны қалай тағайындайтынын қарастырып өтейік. Фирма өзіне ең көп пайда әкелетін баға белгілейтіні бізге белгілі және бұл кезде шекті түсім шығынға тең болатыны шарт орындалуы керек. Сондықтан лидер фирма бірінші өзінің тауарына деген таза сұранысты анықтайды. Ол үшін басқа ілеспелі фирмалардың әр түрлі баға деңгейінде сата алатын өнім көлемін анықтайды (ілеспелі фирмалардың ұсыныс қисығын SF), содан кейін бұл көлемді нарықтағы сұраныс көлемінен шегереді. 10.4-суретте лидер фирманың тауарына деген таза (DN) сұраныс көлемінен (D) ілеспелі фирмалардың ұсыныс шамасын (SF) алып тастағандағы айырмасына тең болады.

10.4-сурет. Баға белгілеудегі лидерлік

Бұдан кейін фирма шекті түсімді (MRN) анықтайды және MRN=MC болғандағы өнім шығару көлемін (qL) табады. Осы көлемге сәйкес келетін баға (PL) басқа фирмалар үшін де белгіленген баға болады. Олар PL бағасы бойынша qF көлемінде өнім шығарады. Нәтижесінде нарықтағы жалпы ұсыныс көлемі qL = qL + qF болады7






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет