Үздіксіз бақылау – бақыланатын параметрлер туралы ақпарат түскен бойда үздіксіз жүргізілетін бақылау.
Үздіксіз бақылау тұрақсыздық танытқан кезде технологиялық процеске бақылау жүргізуді білдіреді, ол кезде оның сандық және сапалық сипаттары қамтамасыз етілуі тиіс. Ол бақылау автоматтандырылған жабдықтар арқылы жүзеге асырылады.
Мерзімдік бақылау – бақыланатын параметрлер туралы ақпарат түскеннен кейін белгілі бір уақыт интервалы өткен соң жүргізілетін бақылау. Өнім бірліктері мен технологиялық процестерге жүргізілетін мерзімдік бақылау, өндірісте белгіленген және тұрақты технологиялық процестер кезінде жүзеге асырылады.
Жедел бақылау – фирма стандарттарында белгіленген жағдайда және уақыттың сәті түсуіне қарай жүргізіледі. Ол жүргізілген бақылау операциясының, технологиялық тәртіптің дұрыс жүргізілгендігін тексеру үшін тағайындалуы мүмкін. Жедел бақылаудың тиімділігі оның аяқ астынан болатындығымен ерекшеленеді. Жедел бақылау тікелей өнімнің дайындалып, жөнделіп жатқан немесе сақтаулы тұрған жерінде жүзеге асырылады.
Кірісті бақылау - бұл жеткізушінің тұтынушыға (тапсырыс берушіге) жеткізген өнімін тексеруі. Өнімді өндіріліп жатқан, жөндеу жүргізіліп жатқан, тұтынушы кәсіпорын пайдаланып жатқан кезде жүргізілетін бақылаудың бір түрі. Бақылаудың бұл түріне жеткізушіден келіп түскен шикізатты, материалдарды, жартылай дайын өнімді, дайын өнімді, олардың техникалық құжаттарын тексеру жатады. Кірісті бақылау міндетті болып саналмайды, бірақ кейбір жағдайларда ол өте пайдалы әрі қажет. Мысалы, өнімнің сапасы сақтау және тасымалдану кезінде өз көрсеткішін өзгертіп алуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |