Қабылдау үшін бақылау - бұл бақылаудың өндіріс процесіндегі соңғы сатысы, бұл кезде ол кешенді түрде тексеруден өткізіледі. Сонымен, өнімнің қабылдануына жүргізілетін бақылау нәтижесінде өнімді тұтынушыға жеткізуге және оның тұтынуға жарамдылығы жөнінде шешім қабылданады.
Бақылаудың бақылаушы объектіге ықпал ететін екі түрі қаралған: бұзылғыш және бұзылмайтын бақылау.
Өнімнің пайда болуы және қолданысқа түсу сатысына қарай бақылаудың екі түрі жүргізіледі: өндірістік және пайдалану. Өндірістік бақылау, бүкіл қосалқы, дайындық жүргізетін және технологиялық операцияларды қамтиды. Пайдалануға жіберілген бұйымдар мен пайдаланылу процесі пайдалануды бақылау объектілерінің қызметін атқара алады.
Бақылаудың негізгі міндеттерінің бірі – сапа көрсеткіштерін анықтау болып табылады.
Сапа көрсеткіштерін анықтау - қарапайым өлшеу міндеті, ол құралдар - сайман арқылы немесе сараптық түрде шешілуі мүмкін. Соңғысына – тіркеу, органолептикалық және социологиялық әдістер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |