Пәні: «Квалиметрия» Мамандығы: 5В073200-«Стандарттау, сертификаттау және метрология» Атырау, 2017 Жасақтаушы(лар)


Лекция№8 Тақырыбы:Мемлекеттік қадағалау



бет53/158
Дата16.02.2022
өлшемі1.23 Mb.
#455425
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   158
kvalimetriya (1)

Лекция№8

Тақырыбы:Мемлекеттік қадағалау(4 сағат)

1.Мемлекеттік қадағалау жүргізілуі

2.Қадағалау мақсаты

Қазақстан Республикасының стандарттау заңы бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмыстары мемлекеттік стандарттың міндетті талаптарының орындалуын /сақталуын/ тексеру қажет болған жағдайда жүргізіледі. Бұл талаптарға қоршаған орта мен адамдардың денсаулығы, азаматтардың мүлкі, өнім, жұмыс, қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көрсеткіштер, сонымен қатар техникалық және ақпараттык сәйкестік, өзара алмасымдылық, бақылау әдісінің бірдейлігі, өлшеу мен таңбалаудың бірың-ғайлылығы, нарықтық экономика жағдайына сәйкес бақылау мен қадағалау механизмдерінің көрсеткіштері жатады.

Бақылау мен қадағалау түсінігі ұқсас. Айырмашылығы тек өкілеттілігінде: қадағалау жұмысын сол объектіге ұйымдық бағыныштылығы жоқ мекеме жүргізеді. Қадағалау жұмысы заңнамалық талаптарды орындау жөніндегі мемлекеттік қызметтің бірден бір түрі болып табылады. Сондықтан қадағалау қызметінің саласы әкімшілік қадағалау деп те аталады.

Бақылау жұмыстары мемлекеттік стандарттың міндетті талаптарының орындалуын тексеру, салалық және өндірістік стандарт, техникалық құжаттарды әзірлеу, пайдалану кезінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» заңы бойынша мемлекеттік қадағалау мен бақылау жұмыстары мемлекеттік стандарттың міндетті шарт-талаптарына қатысты іс қызметтің барлық салаларында жүргізіледі1. Сонымен қатар арнайы бағыттағы мемлекеттік басқару орындары мемлекеттік қадағалау және бақылау өкілеттігін иемдене алады. Мысалы:


  • санитарлық эпидемиялық қызмет;

  • мал дәрігерлік бақылау; фитобақылау;

  • экологиялық қызмет;

  • атом өндірісін қадағалау;

  • көлікті бақылау;

  • дәрі-дәрмекті бақылау;

  • кедендік бақылау т.б.

Мемлекеттік стандарттау және жоғарыдағы бақылау орындары облыс, қала аймақтарға өз өкілеттіліктерін бөлісетін өздерінің аумақтық орындарын /бөлімшелерін/ құрады.

Мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмыстарын тек қана лауазымды адамдар жүргізеді. Қадағалау жұмыстарын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандартының мемлекеттік инспекторлары жүргізеді. Бақылауды мемлекеттік стандарттар органдары және жоғарыда аталған ұйымдар мен мекемелердің өкілетті тұлғалары жүргізеді.

Қадағалау және бақылау жұмыстары арнайы нұсқау, ереже, нормалар негізінде реттеліп, жүргізіледі. Қадағалау, бақылау жұмыстарының нәтижесінде тиісті құжаттар даярланып, кемшілік /заң бұзушылық/ орын алған жағдайда қылмыстық, әкімшілік және материалдық шаралар белгіленеді. Мемлекеттік қадағалау, бақылау жұмыстары мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.

Қазақстан Республикасындағы стандарттар мен өлшем құралдары және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік қадағалау жүйесінің мақсаты:



  • өнім, жұмыс, қызмет сапасы мәселелерінде тұтынушылар мен мемлекет мүддесін қорғау, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • өнімнің сапасын талдау жұмыстарын дамыту;

  • өнім сапасын талдау және мемлекеттік қадағалау нәтижелерін кері ақпарат көздері ретінде пайдалану және тиісті басқармалық шешім қабылдау жөніндегі пікір дайындауға негіз болдыру;

  • өлшем қүралдарының сәйкестік деңгейін қамтамасыз ету;

  • сертификатталған өнім мен сертификаттау шартының сақталуын инспекциялық бақылау;

  • сапасыз өнім шығару фактілерінін жолын кесу, брактің пайда болу себептерін жою үшін жедел шаралар қолдану;

  • аккредиттелген сынақ лабораториялары мен сертификатталған өндірістерге инспекциялық бақылау жүргізу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет