Пәні: «Квалиметрия» Мамандығы: 5В073200-«Стандарттау, сертификаттау және метрология» Атырау, 2017 Жасақтаушы(лар)



бет88/158
Дата16.02.2022
өлшемі1.23 Mb.
#455425
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   158
kvalimetriya (1)

3-практикалық жұмыс

Тақырып: Өнім сапасының деңгейін бағалаудың аралас әдісі
Сабақ мақсаты: студенттерді сапа саласындағы негізгі стандартталған терминдермен және анықтамаларымен таныстырып, үйрету.
Өнім сапасын басқару

Өнім сапасын басқару

Өнімді жасау және пайдалану немесе тұтыну кезінде оның сапасының қажетті деңгейін бекіту, қамтамасыздандыру және ұстап тұру мақсатында жүзеге асырылатын іс-қимылдар.

Өнімнің сапа басқару жүйесі

Өнім сапасын басқару кезінде материалды-техникалық және ақпараттық құралдардың көмегі арқылы өзара қарым-қатынас жасайтын басқару объектілерінің және басқару органдарының жиынтығы.

Өнімді мемлекеттік аттестаттау

Өнімнің сапа категориясына жатқызуын қарастыратын және оның сапасын жоспарлы түрде жоғарлатуға және ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізуге бағытталған ұйымдық-техникалық шаралар жүйесі.

Жұмыскердің еңбегінің сапасы

Жұмыскердің бекітілген талаптарға сәйкес белгілі-біртапсырманы орындауға бағытталған талпыныс және қабілеттілігіне сай еңбек қызметкерінің үрдіс қасиеттерінің жиынтығы.

Жұмыскердің еңбегінің сапа көрсеткіші

Еңбектің үрдіс қасиеттерінің және оның сапасын құрайтын нәтижелердің мөлшерлі сипаттамасы.

Өнімді шығару сапасы

Нәтижелері бекітілген талаптарға және осы үрдістің сәйкестігіне байланысты өнімді шығару үрдісінің қасиеттерінің жиынтығы.

Өнімді шығару сапасының көрсеткіші

Өнімді шығару үрдісінің сапасын және осы үрлістің нәтижесін құрайтын қасиеттердің мөлшерлі сипаттамасы.

Өнімді пайдаланудағы тиімділік көрсеткіші

Эксплуатациялық шығындар есебімен нақты эксплуатациялық жағдайда өнімді пайдалану кезінде пайдалы нәтижелер жетістігі дәрежесінің мөлшерлі сипаттамасы.

Өнім сапасын болжау

Белгіленген кезде немесе берілген уақыт интервалында дайын болатын, өнім сапасының көрсеткіштерінің мүмкін болатын мәндерін анықтау.

Өнім сапасын жоспарлау

Берілген уақыт интервалы бойында берілген уақыт кезінде сапа көрсеткіштерінің талап етілетінмәндеріне өнімді шығару бойынша негізделген тапсырмаларда бекіту.

Өнім сапасын бағалау

Өнімнің сапа көрсеткіштерінің бекітілген талаптарға сәйкестігін тексеру.

Өнімнің сапасын қадағалау

Арнайы органдармен жүзеге асырылатын, өнім сапасын қадағалау.

Квалиметрия

Өнім сапасын мөлшерлі әдіспен бағалау болып табылатын ғылым саласы.

Өнім сапасын басқару жүйесіндегі басқарушы орган

Басқарушы әсер етуді өндіретін, өнім сапасын басқарудағы жүйе бөлігі.

Өнім сапасын басқару жүйесіндегі басқару объектісі

Басқарушы әсер ету таратылатын, сапа басқару жүйесінің бөлігі.

Өнім сапасын басқару деңгейі

Өнім сапасын басқару жүйесіндегі басқару органының иерархиялық жағдайы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет