Қазақстан Республикасы – демократиялық мемлекет.
Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет ең алдымен Конститутция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзім біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды.
Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндікті береді. Бұл ретте оларға Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес сөз, ар – ождан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу «ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дамуын шешу , сондай – ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі.
Демократиялық мемлекеттің санаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Мемлекеттік қызмет институтын реттеу 1995 жылғы Крнститутцияда қарастырылды.
Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық.
Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет.
Бұл Қазақстандағы діни мекемелер мен діннің мемлекетпен ажыратылғандығын білдіреді. Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы басқа нанымдық ағымдардың ісіне мемлекет араласпайтындығын білдіреді. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрылып, жұмыс істейді.
Сонымен бірге әркімнің ар – ұждан бостандығына құқығы бар, оны жүзеге асыру мемлекет алдындағы міндет. Наным немесе атеизм мәселесі - әркімнің
өзіндік ұстанымы.
Елдегі дін қабылдау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды.
Қазақстан – құқықтық мемлекет.
Қазақстан Республикасының Конститутциясы – құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты. Оның негізгі принциптері: азаматтар үшін – «заңды тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі», мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін – «заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат» болып табылады. Құқықтық мемлекет жұртшылық пен мемлекеттік лауазым иелерінің құқықтық мәдениетін арттыруды, барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары дәрежеде көтеруді мақсат тұтады. Құқықтық мемлекеттің сапалық белгісі – адам және азамат құқығы мен бостадығына халықаралық өлшем деңгейінде кепілдік беру болып табылады. Сот билігінің тәуелсіздігі мемлекет пен азаматтың өзара қатынасының дәйекті жүргізілетіндігіне кепілдік бере алады.
Қазақстан - әлеуметтік мемлекет.
Конститутцияда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет болуымен қатар, әлеуметтік мемлекет болып та табылады. Мемлекеттің әлеуметтік сипатын Республика Конститутциясында көрсетілгендей, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым,, мәдениет, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және жағдайы төмен отбасыларына көмектесу сияқты шаралардан көруге болады. Әлеуметтік мемлекет азаматтың ең төменгі күнкөріс қажеті мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын жасауды талап ету құқығын мойындайды.
Бұл шараларда әлеуметтік мемлекет жалпы және мақсатты әлеуметтік бағдарламалар арқылы жүзеге асырады. Алайда әлеуметтік мемлекетті
«социалистік мемлекет» деген ұғыммен шатастыруға болмайды. Әлеуметтік мемлекет нақтылы экономикалық мүмкіндіктерге сай әлеуметтік қамқорлықтарды өз міндетіне алады және азаматтардың еңбек пен кәсіпкерлік белсенділігінің төмендеп, теңгермелік көңіл – күйдің болуына жол бермейді. Қазақстандық демократияның ажырамас конститутциясық институты, сонымен бірге мемлекеттік жоғарғы лауазымды адамының (Президенттің) орнын алмастыру мен өкілдік органдары (Парламентті, маслихаттарды және жергілікті өзін - өзі басқару органдары) құру тәсілі – ерікті сайлау.
Ерікті сайлау үшін негізгі үш жағдай сақталуы тиіс. Біріншіден, баламалы ұйғарымдылық (альтернативті), сайлаушының бірнеше кандидаттың біреуін ұйғару мүмкіндігі; екіншіден, сайлау науқанының барлық сатысындағы қоғамдық бақылау; үшіншіден, сайлаушылардың өз еркімен дауыс беруі.
Қазақстан егемендігі, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасып, ол қамтамасыз етіледі. Демократия және құқықтық дәрежеге өту процесі одан әрі жалғасуда.
Достарыңызбен бөлісу: |