Пәні: Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсаринның дидактикаға қосқан үлесі» Мамандығы: Орындаған: тобының студенті



бет7/8
Дата04.04.2024
өлшемі112.17 Kb.
#497621
1   2   3   4   5   6   7   8
Ыбырай Алтынсаринның дидактикаға қосқан үлесі

ҚОРЫТЫНДЫ

Адамның дүние туралы түсінігі алғашында анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл-ой жұмысын туғызады. Бірақ білім бере беру жеткіліксіз, ақылдық қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлау, сұрақ-жауап тәсілдері қолнанылған. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білім құштарлығының, қисынды ойларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет. ОСыған орай, сабақтың бірден-бір белсенді өтуіне себепші, оқушылардың өз деңгейін көрсетуге ықпал ететін құралдың бірі – тақырыптың мазмұнынаа сәйкес жасалған дидактикалық материал болып табылады.


Ы. Алтынсарин түсінігінде білім дегеніміз айналадағы ақиқатты тану. Сондықтан «табиғат ақыл деп жазды, -ол, - айналадағы қоршаған өмірді ғана қамтуға қабілетті, ал оны дамытып, біздің көргенімізді де білуге мүмкіндік беретін- дүниелік білім ғана», - деді.
Ы. Алтынсарин өзінің ұстаздық қызметіне байланысты қазақ жастарын оқытып-тәрбиелеу мәселесі ең негізгі, басты мәселе деп есептеді. Халқы үшін қызмет ететін білімді адамдардың қатарын көбейту арқылы қазақ қоғамының мешеулігін жоюға болады, сондықтан жастарды оқытып, тәрбиелеуден, тәрбие ісінің құдыретінен артық ешнәрсе жоқ, - деп түйеді Ыбырай.
Ыбырай Алтынсариннің жеке басына, оның шығармашылығына, эпистолярлық және публицистикалық мұрасына жаңа дәуірдің басында - жаңа мыңжылдықта және 21 ғасырда жүгінудің баламасы жоқ.Алтынсарин шығармашылығын қарастыру ол өмір сүрген және құрған уақыт пен қоғамның автономды қабатынан тысқары. Ұлттық интеллигенцияның бастаулары мен қазақ мәдениетінің дамуы барлық шығармашылық процестердің даму ағынында болды. Алтынсарин шығармашылығы экран ретінде, әр түрлі мақсаттағы мұқаба ретінде қолданылған. Оның бейнесін үстірт нәрселерден тазартатын кез келді. Ыбырай Алтынсарин шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихындағы маңызы өте зор. Көрнекті ағартушы және педагог, ақын және аудармашы, қазақ реалистік прозасының алғашқы үлгілерін жасаушы Алтынсарин қазақ даласын жоғары мәдени құндылықтар әлеміне танытқандардың бірі болды.
Ы.Алтынсариннің жан-жақты қызметі қазақ халқының экономикалық, мәдени және рухани дамуына ықпал етті.
Арқалық қаласында Алтынсарин мұражайы ашылды, Тобылдың жағасында көрнекті ағартушыға күмбезді ескерткіш орнатылды.
Бүгінгі бай шығармашылық мұра бізге Ыбырай Алтынсаринді қазақтың тұңғыш ағартушысы-жаңашыл, ғалым-этнограф, фольклортанушы ғана емес, сонымен қатар қазақ әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі деп атауға құқық береді.
Ыбырай Алтынсарин шығармаларында көтерілген екінші бір өзекті мәселе: жастарды түрлі жақсы қасиеттерге баулу, жаман қасиеттерден жирендіру мәселесі. Оның «Хрестомтиясының» бірінші беттерінен-ақ балаларды оқуға, өнерге, ұқыптылыққа, тазалыққа, мейірімділікке шақырған әңгігімелер мен өлеңдер жиі кездеседі.
Бала жанының зергері Ы. Алтынсарин әңгімелерінің бәр-бәрі де бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмұны тартымды. Олардың жан дүниесіне әсер етерліктей етіп берілген. Осы әңгімелердіі мұғалімдер мен ата-аналар балаларды ұқыптылық пен сабырлылыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу мақсатында пайдалануға болады.
Қорыта айтқанда, Ы. Алтынсариннің өз халқын оқуға, өнерге үндеуі надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кезде әлеумет өміріндегі теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі оның творчествосының халықтық жағы десек, қазақтың қазіргі ержеткен проза жанрының және балалар әдебиетінің ең алғашқы негізгі салушы болды. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин жазба әдебиетіміздің төрінен заңды түрде орын алып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет