Пәні: Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсаринның дидактикаға қосқан үлесі» Мамандығы: Орындаған: тобының студенті


Ы. Алтынсариннің әңгімелері мен өлеңдеріндегі дидактиканың тәрбиелік идеясы



бет4/8
Дата04.04.2024
өлшемі112.17 Kb.
#497621
1   2   3   4   5   6   7   8
Ыбырай Алтынсаринның дидактикаға қосқан үлесі

1.2.Ы. Алтынсариннің әңгімелері мен өлеңдеріндегі дидактиканың тәрбиелік идеясы

Кітаптың беташары оқуға шақырудан басталып, оның әлеуметтік мәнін түсіндіру болса, сонымен қатар негізгі тақырыбының бірі еңбек. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде, ең кішкентай жәндіктердің де өмір, тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші құрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа дейді. Мысалы, Ыбырайдың «Әке мен бала» - деген шығармасында мынадай мәселе қарастырылады: Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: «Анау тағаны, балам, ала жүр», - деп. Бала әкесіне: « Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын», — деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты: «Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: «аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың»,-деді». Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, «аз жұмысты қиынсынып», бойкүйездікке салынушылық өмірде көп кездеседі. Бұл – жақсы әдеттің нышаны емес. Сондықтан балаларды жастайынан-ақ бойкүйесіздікке, жалқаулыққа қарсы еңбекке тәрбиелеу мәселесіне Ыбырай ерекше көңіл бөлген. Жастарды еңбек етуге дағдыландыруды үгіттеген оның басқа да әңгімелері аз емес.


Жазушы «Атымтай жомарт» әңгімесінде еңбекті дәріптейді. Ешнәрсеге мұқтаждығы жоқ Атымтай еңбектен ұдайы қол үзбейді. Бұл ел аузында ертегі-жыр болып кеткен, ежелгі араб жртының әңгімесіі болатын. Ыбырай осы ел аузындағы ертегіні балаларға арнап, әңгіме ұсынды. Әңгіменің идеясы да кейінгілерге үлгі боларлық жағы да Атымтайдың сөзінен анық көрінеді. Атымтай бір сөзінде: «Күн сайын өз бетімнен тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады екен», - дейді.
Алтынсариннің тәрбие жөніндегі негізгі тақырыбының бірі – талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы ешбір алға баспаған болар еді. «Талапты ерге нұр жауар» - деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған пікір. Жастық шақ – жігер, қайраттың толы кезі. Бойдағы жасырын талант, өнерлерін жарыққа шығарып, қалатын кезде осы. Ол үшін талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, өзіңнің не нәрсеге қабілетің, ыңғайың бар, қолыңнан не келеді, соныжақсы біл, қай өнердің соңына түссең, әрі өзіңе, әрі қоғамға пайда келтіре аласың, талаптан да таңдап ал. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап-жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі де мүмкін. Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дегенді айтады. Міне, Ыбырай «Талаптың пайдасы» - деген әңгімесінде өзінің осы пікірін, негізгі идеясыын жеткізіп бере алды.
Ыбырай жас ұрпақтарға дұрыс тәрбие беру, оларды жас кезінен дұрыс баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса айқын жолға сал деді. Бұл жөнінде де елге үлгі боларлық әңгімелер жазды. Ыбырай осы тақырыпта жазған бір әңгімесінде: «Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. «Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен қисық біткен?» - деп сұрады баласы. «Ата-анаңның тілін алсаң, ана ағаштай сен де түзу болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай бағысыз өсерсің, Мынау ағаш бағусыз өз қалпымен өскен», - деді атасы. «Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой», - деді баласы. «Бағу-қағууда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді түзеп, пайдалы іске үйретпесем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық біткен ағаштай қисық өсерсің», - деді.
Бұл әңгіменің оқушылар үшін де оқытушылар үшін де үлкен тәрбиелік мәні бар. «Баланы жастан» дегендей, оған жас күнінен түзу тәрбие беру оның болашақ өмірі үшін керек. Есейіп кеткен соң қисығын түзеу қиынға түседі. Кейде сол қисаюмен барып, мерт болады. Ыбырайдың бұл әңгімесі қазіргі мектеп балаларын тәрбиелеу үшін де үлгі бола алады.
Махаббат, мейірімділік туралы әсіресе, «Мейірбанды бала», «Шеше мен бала», «аурудан аяған күштірек» деген үш әңгімесін алуға болады.
Махаббат, мейірімділік ата мен ананың үй-ішіне деген махаббатынан басталады. Адамгершілікті ту қып көтерген ұлы адамдар да алдымен өз атасын, өз туғандарын сүйеді. Олардың кейбіреулері өсе келе тек «атасының баласы болмай, адам баласы» бола біледі. Тек өзіме болсын деген мешандық көзқарасты аттап өтіп, адам деген ардақты атқа ие болушылардың шын бақыты үшін қол созады.
«Мейірімді бала» әңгімесінде 13 жасар қыз патшаның үкімі бойынша қолы кесілуге бұйырылыған әкесі үшін патшаған арыз етіп, өз қолын кесуге ұсынады. Қыз: «Тақсыр, жұмыс жасап, бала-шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз», - дейді. Мұнда жас қыздың тек қана атасы емес, анасы мен бауырларына деген де махаббаты суреттеледі.
«Бай баласы мен кедей баласы» атты Алтынсариннің әңгімесінде, бізше, үлкен идея бар.
Ғасырлар бойы еңбекшілерді қанап, халықты қанауды ата мирасындай көріп, соның арқасында үлде мен бүлдеге оранып өскен бай баласының басына күн туғанда дәрменсіздігін суреттеу арқылы жазушы сол қоғам құрылысының тамыры шіріп, оның адамдары өмірдің жасаушысы, күресушісі емес, бишарасы үстемдік етуші таптың үлкені – жауыздық пен қаярлықтың қапшығы да, жасы – мүгедектіктің бейнесі деген қорытындыға келетін сықылды.
Ыбырай шығармалары оқушыларды неге тәрбиелейді?
1.«Бай баласы мен жарлы баласы». Шыдамдылық, батылдық, сабырлылық, тапқырлық, көрегендікке тәрбиелейді. Еңбекке деген қоғамдық, таптық көзқрасты бейнелейді.
2.«Атымтай жомарт». Қайырымдылыққа, қарапайымдылыққа, мақтанша болмауға, азды қанағат етуге тәрбиелейді. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады. Төрт түлігі сай бола тұра еңбек етуді, кем-кетік, жетім-жесірге көмектесуді ұмыстапаған, тапқан малды орынды жұмсай білген Атымтай жомартты жастарға үлгі етеді.
Тәрбие бағу-қағудан басталады.
«Әке мен бала» әңгімесі «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың», - дейді.
«Асыл шөп» әңгімесі – ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, ата «сабыр» деген, - дейді.
Сабырлылық, шыдамдылық, төзімділік, ұстамды болуға үндейді.
«Бақша ағаштары» әңгімесі Тәрбие бағу-қағудан басталады деген ойды меңзейді. Тәрбиелі болуға, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға үйретеді.
«Мейірімді бала», «Шеше мен бала», «Аурудан аяған күштірек» Мейірімділік, рахымды болу, адамға жақсылық ету, төзімділік сияқты жақсы қасиеттерге баулиды. Бала әке-шеше алдында өзін мәңгі қарыздар сезінуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет