ПӘнін меңгеру жөніндегі оқыту бағдарламасы (Syllabus)



бет4/6
Дата16.07.2016
өлшемі451.5 Kb.
#203767
1   2   3   4   5   6

10-тақырып. Сөз түбірінің дамуы. Қосымшалар. Сөз жасаудың қалыптасқан тәсілдері.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:



  1. Сөз түбірінің дамуы. Қосымшалар.

  2. Сөз жасаудың қалыптасқан тәсілдері.

Түбірдің тарихи сипаты. Қазіргі қазақ тілінде тын, қарт, қария, айт, кел, кет төрізді әр түрлі грамматикалық кластарға жататын сөздер — түбір (жалаң түбір) деп танылады да, айтыс, келіс, кетіс, қарттық, тыныш тәрізді сол түбірлерден әр түрлі аффикстер арқылы жасалған сөздер туынды түбірлер немесе туынды сөздер деп қаралады. Осы сөздерді өзара салыстырғанда, олардың өз арасында да кейбір алшақтықтар кездесетіндігі байқалады. Мысалы, қарт, қария, кәрі — бүл үшеуіне ортақ морфема қар-, -т, -йа, -і белгісіз қосымшалар, түбір қүрамына қатысы жоқ элементтер, айт, айтыс, айқай, ортақ түбір ай-, сонда айтыс сөзінің қүрамындағы қосымшалар -ыс және -т элементі, ал айқай алдыңғылармен түбірлес екені мағыналық байланысынан көрінеді. Кейде бір-бірімен тікелей мағыналық байланысы жоқ сөздерді салыстыру арқылы да ортақ түбірді ажыратуға болады: кел, кет, кері сыртқы өзгешелік бүл сөздердің соңғы дыбыстарында ғана, ал алғашқы беліктері бірыңғай (ке-), қал, қайт, қайыр етістіктерін өзара салыстырғанда да алдыңғы морфемалар бірыңғай да (қа-), -л, (й) т-, (й) ыр морфемалары ғана езгеше болып шығады. Бүл фактілер кейбір антонимдік қатынасты сез.парларының қалыптасуы да белгілі дәрежеде арнаулы аффикстер арқылы болғандығын керсетеді. Қысқасы, осы азғана фактілер тобына жасалған талдаудың әзі де (және тек бір ғана тіл ыңғайында) қазіргі тіл нормалары бойынша бөліп-жаруға келмейтін жалаң түбір деп қаралатын сөздердің недәуір тобы "мағынасыз" түбірлер мен "белгісіз" қосымшаларға ажырайтындығын көрсетеді.

Олардың арғы негізі жайлы қазіргі түркологиядағы екі пікір: а) олардың арғы негізі дербес сөздер деп қарайтын көзқа-рас; ә) кез келген қосымшаның арғы негізі дербес сөз деп қарауға бола бермейтіндігі, олардың біразының о баста-ақ қосымша екендігі жайлы, бүл пікірлерді дәлелдейтін фактілер. Қосымшалардың синкретизмі, ескі түркі тіліндегі бүл қүбылыстың іздері. Қазіргі тілдегі грамматикалық кластар бойынша жіктелген қосымшалар тіл дамуы-ның соңғы, жоғарғы сатысының жемісі екендігі. Сөз жасаудың қалыптасқан тәсілдері. Аффиксация, оның шығуы мен қалыптасуы жайлы. Субстантивация, сөздің синтаксистік қол-данылуы - сездердің грамматикалық кластарға жіктелуінің негізгі тәсілдерінің бірі. Сөз таптарының шығуы мен қалыптасуы. Сәздердің грамматика-лық кластарға жіктелуі жайлы пікірлер. Ескі түркі (Орхон-Енисей жазбалары), орта ғасырлық түркі тілдерінде (Қашқари, Абу-Хайян, "Кодекс куманикус" материалдары бойынша) сөздердің морфоло-гиялық топтарға жіктелуінің қазақ тіліне үқсас әзгеше қүбылыста-ры. Ерекше қүбылыстардың тарихи-тілдік негіздері.

Қазақ тілінің, жалпы түркі тілдерінің түбір морфемасы жайлы сөз қозғалғаңда, түбірдің фонетикалық қүрылысы мен сыпаты, аумақ көлемі жайлы мәселеге соқпай өту мүмкін емес. Мәселе мынада: түркі сөздерінің байырғы түбір морфемасы бір буынды болып келеді. Сейтіп түбір морфема екінші жағынан буын ретінде де үғынылады. Сондықтан да алғашқы түбір, негізгі түбір дейтін үғымдар сол түбірді қүрайтын буынның сыпаты жайлы үғыммен тығыз байланысты болады. Лексикалық қордың үйтқысы бір буынды түбірлер болуы тек қана түркі тілдерінің емес, жалпы алтай тобына жататын тілдердің ортақ ерекшелігі болып табылады. Бүл ерекшелік, яғниібайырғы түбірдің бір буындылығы, қазіргі түркі тілдерінің бойында да сақталған. Қазіргі қазақ тілінің сездік қорында бір буынды түбірлер, екі томдық "Қазақ тілінің түсіңдірме сөздігі" бойынша 60 процентке жуық, яғни, қазіргі қазақ тілінің сөздік қорының жарымынан кобі тек қана бір буынды түбірлер. Сәз топтары ьщғайынан қарастырғанда, етістіктер қүрамында бір буынды түбірлердің саны екі буындыларға қарағанда әлдеқайда аз, бірақ сол азғана топ бір буындылар барлық етістіктердің үйтқысы болып отырады.

Бір буыңды түбірлер аффиксацияның нәтижесінде көп буындыға (екі буынды, кейде үш буынды) айналып, кейін осының езі түрақты қүбылысқа айналған. Қазіргі тілдегі екі буынды байырғы түбірлердің кебісі-ақ жай кәздің өзіне де байырғы түбір мен қосымшаға ажырайды. Мысалы, аршы, ашы, айық, үрік тәрізді етістіктерді арық, ашшы, үркек есімдерімен және айыр етістігімен салыстырғанда, ортақ түбірлер ар-, аш-, ай-, -үр шығады.



Дегенмен, екі буындылардың (тіпті кейбір үш буындылардың да) қалыптасуын беріде болған қүбылыс деп қарауға болмайды. Егер хронологиялық жүйемен қарастырсақ, бір буындылармен қатар 2—3 буынды түбірлердің актив қолданылуын Ү-ҮІІІ ғ. ескерткіштерінен үшыратамыз. Орхон-Енисей тобына жататын ескерткіштер ішіндегі ежелгілерінің бірі, зерттеулерге қарағанда, Енисей ескерткіштері. И. А. Батманов бір буындылармен қатар екі буынды түбірлердің, сондай-ақ үш буынды түбірлердің де Енисей ескерткіштері тілінен кездесетіндігін, бірақ бір буындылардың басымдығын көрсетеді. Орхон ескерткіштерін зерттеуші Ғ. Айдаров ол жазбалар тілінде түбір зат есімдердің кебіне бір буынды, екі буынды болып отыратындығын көрсетеді. Ал үш буынды зат есімдер күрделі сөз түрінде келетіндігін айтады. Бірақ Ғ. Айдаров зерттеуінше етістік түбірлер тек бір буынды, не екі буынды ғана болып келеді.2 Дегенмен, сол екі буынды етістік түбірлердің кейбірін түбір мен қосымшаға ажыратуға болады. Ғ. Айдаров керсететін уды (үйықтау) етістігін сол жазбаларда кездесетін у есімімен салыстыруға болады, сонда соңғы -ды қосымша болып шығады, сол сияқты йасы, тыңда, йаңыл тіс гіктерін де түбір (йас, тың, йаң) мен қосымшаға ажыратуға әбден болды. Көне үйғыр жазбалары тілін жете зерттеген В. М. Насилов сондай ескі қалдықтарды салыстыру арқылы дөлелдене алады. Түркі тілдерінің көпшілігіндегі сияқты, қазақ тілі де көне түркілік г, г, д, б дыбыстарының дауысты дыбыстармен тіркесі дифтонгілерге айналған тілдер тобына жатады. Бірақ қазақ тілінде дифтонгілермен айтылатын түбірлермен қатар, көне г, г, д, ^дыбыстарының жаңа сапаға — қатаңға айналған түрін сақтаған да сөздер бар. Қазіргі қазақ тілінде екі топ параллельдер (әрине, тарихи) үшырасады. Бір тобы дыбыстардың жоғарғы айтылған тарихи ауысуларының негізінде қалыптасқандар. Бірақ ондай түбірлер сан жағынан аз. Олар: бій, бек, сөз, сап (сөз саптау тіркесінің қүрамында), тақ, тау, сық (бір нәрсені сықты), сый (сыйып отырды), тоқ, той тәрізді түбір сөздер. Бүлардың бір сыңары "жаңа" дыбыстармен (у, й) айтылса, екінші сыңары көне түркілік г, г дыбыстарының қатаңдаған тарихи варианттарымен келген. Мүндай тарихи параллельдердің екінші бір тобының ерекшелігі мынада: олардың бір сыңары дербес сөз болып келсе, екінші сыңары туынды сөз (туынды түбір) қүрамында ғана сақталып қалған. Қазақ тілінде, егер дыбыстардың тарихи ауысуларын еске алсақ, мынадай сөздерді салыстыру жолымен тарихи түбір деп қарауға болады: сау//(саушылық, сау кісі, сауыгу), сақаю (сақайды, сақайып келеді), МҚ: саг, ій: ійілді, иілді — бугілді, егілді, егіліп кетті, егіл-тегіл, МҚ: егді (ійді), егілді (ійілді), егішді (ійісті), егседім (егсе-дім — ійгім келді), қый (шаш қию, жіпті қию), қырқ (жун қырқу, бір нәрсенің артық жерін қырқу). Мына дыбыс ауысуы бар: р>з>й, бақ (багып отырды, бақты), байқа (байқап отырды, байқады), Малов: бақ — смотреть, МҚ: бақды (бақты, қарады), бақыш (қарап, байқап отыру), бақыг (багу, көз тастау), жау (жауды), жаңбыр, МҚ: йагмур, жай, жайыл, жадыра (кәңілі жайланды, кәңілі жадырады), Малов: йад (распространять), йадрат (распустить хвост, распустить), йадыл (распространяться). Сөйтіп көне түркілік материалдарды ескерсек, қазақ тілінде екі түрлі ыңғайда қодданылатын сөздер бір түбірдің екі варианты екенін көреміз. Сой, сойым (сойымдық мал), соғым, ортақ түбір сог (й<г), пыс (диал, ас пысты), пысық (пысық кісі), МҚ: бышыг — дайындалган піскен, бышыг аш — дайындалган, піскен, бышыг аш — дайындалган, піскен ас, бышыг ет — дайындалган, піскен ет. Қазақ тілінде әдеби норма ретінде бүл сөздің жіңішке айтылатын варианты орнықты. Көне түркі тілінде қат етістігі, қатыг сын есімі, қатыгдан етістігі, қатыгды үстеуі қолданылған. (ДТС, 432-433). Осы сөздер қазақ тіліңде қат (еш езгеріссіз), қату, қатулан, қатты түрінде айтылады. Байырғы түбір (қат) еш өзгеріске түспесе де, туынды түбірлер фонетикалық езгеріске үшырағаны мәлім: -ыг>у, қату, қатулан, содан соң сол буынның сөз ортасында элизияға үшырауы: қатыгды>қат(ыг)ды>қатты. Қазақ тіліңдегі пышақ зат есіміне негіз болған етістік сөз еркін қолданылмайды. Әуелі етістік түбірден жасалғандығы соңғы қосымшадан ғана байқалады. Бірақ осымен мәндес піш (киім піш) етістігі бар. Малов: быч — резать, бычку — нож, түр: бычку — пила, азерб: пычгы — нож. Мүнан сөз соңындағы аффрикатгың жалаң дыбысқа айналуын, оның басқа бір буынды созге негіз болуын, бірақ екі ортадағы мағыналық байланыстық әлсіреуін байқауға болады. Қазақ тіліндегі аудар, аудыр, ауыс, ауна, ауытқы, аума (аумаған: өзі әкесінен аумаған) туынды түбірлері ау байырғы түбірінен тарағандығын олардың арасындағы мағыналық байланыс дәлелдейді. Алайда осы түбірлердің ақтар, ақтарыл етістіктерімен байланысы жай көзге байқала бермейді. Кене түркі тілінде аган — быть низвергнутым, агна — валяться, биться, агтар — повергать, агтарыл — быть поверженным, повернуться, опрокинуться (ДТС, 17 — 23). Коне түркілік етістік түбір ер түрлі түлғалану (бірде -ан, бірде -на немесе -тар) арқылы әр түрлі грамматикалық үстеме мәнерлерге ие болған. Қазақ тілінде бүл сез екі түрлі фонетикалық сипатта орныққан. Соның саддарынан ақтар мен аудар туынды түбірлері тікелей түбірлес дәрежесінде ұғынылмайды.

Дыбыстардың тарихи ауысулары арқылы езгерген бірқатар түбірлер қазіргі тілде дербес күйіңде емес, тарихи негіздердің ғана қүрамында орнығуы да кездеседі. Кейбір фактілер келтірейік: жақын, жуық соңгы —ын, -ық қосымша, екі сезге де негіз болған түбір — жаг. Малов: йагут (жақындату, етістік, түбірі — йаг, -ут қосымша), йағыл (етістік, жақында, -ыл қосымша), йагуқ (жақын, есім), йагру (жақында, үстеу), жугір, жуйрік, жуйткі (г>й), жуг — жуй, Малов: йугрук ат (жүйрік ат), йугур (жүгір), ауна, ақтар (бір нерсені аударды, ақтарды), МҚ: агнатты (аунатты), ақтарды (ақтарды, жерді аударып айдады), бауызда (мадды бауыздады, тамағынан буындырды), Малов: баг — душить, богуз — горло, богузлан — бытъ заколотым, бау < баг, МҚ: богды — буындырды, сықты, богаз — тамақ, боглунды — буынды, баг//баг>бау//бу. Сейтіп қазақ тіліндегі бауызда, буын етістіктері қүрамындағы түбір қазір дербес қолданылмайтын, бірақ тарихи негіздер қүрамында екі түрлі вариантта сақталған бір түбір болып шығады. Бүл керсетілгендерге дербес зат есім түрінде айтылатын бугалық сезін қосу керек. Қурга, қура (шеп қурады, сулы зат қүрғады), Малов: қуру - высохнуть, быть сухим, қуруг — сухое дерево, қурут — сушить, куры — сохнуть, быть сухим. МҚ: қур — қурғақ (оғызша), қурыды — қүрғады. Олай болса, қазақ тіліңдегі қурга, қура етістіктері нәтижесі. Соның салдарынан етістік түбір мен сын есім түлғасы сыртқы пішіні жағынан бірдей болып шыққан. Екінші сөзбен, бүл жерде фонетикалық конвергенция қүбылысының нәтижесін көреміз.



Қазіргі тілдегі бірсыпыра түбірлер -ра//ре түлгалы болып отырады. Сан жағынан бүлар аса үлкен топ та емес. Кейбір фактілерге қарағанда -ра екі түрлі аффикстің қосындысы. Мысалы, ажыра етістігі соны дәледцейді. Көне түркі тілінде адыр, соның фонетикалық бір варианты ажыр//аджыр. Онда сонғы негіздің ескіруімен байланысты қосылған қосымша болып шығады. Сондай-ақ, Э. В. Севортян былжыра1 етістігін қазақ тілінің фактілері негізінде былжыра түріңце жіктейді. Өйткені қазақ тілінде былжыр сын есімі бар, сонда есімді етістікке айнаддыратын қосымша -ра емес, -а. Қазақ тілінде осымен мәндес (олай болса түбірлес болуы да әбден ықтимал) былшы етістігі де бар. Бүл да байырғы түбір емес, негіз. Мағыналық жағындағы мынадан көрінеді: былшы — процесс, процестің нәтижесі — былжыр. Айырмашылық бірінде ж, бірінше ш дыбысының айтылуы. Алж>ш ауысуы түркі тілдерінде әр кез кездесіп отыратын қүбылыс. Қазақ тілінде ж-ның ш-ға ауысуы говорлар қүрамында бар.

Сонымен, қазақ тіліндегі былжыр туыңды етістіктің арқылы есімге айналуы, былжыра сол есімнің -ра арқылы етістікке айналуы болып шығады.



Байырғы түбірлердің біразы -ы//-і аффиксімен күрделенген. Фактілерге қарағанда, бүл аффикс арқылы күрделенгең түбірлер есімдер тобынан да, етістік тобынан да табылады. аффиксі арқылы күрделенген кейбір байырғы сөздерді талдап көрейік: жоры, көне түркі тілінде: "йор — объяснить, толковать", "жор-ы. Қазақ тіліндегі негіз байырғы түбірдің мағынасын сақтап қалған. Оқы, Радлов "Сөздігінде" — "оқу — звать, приглашать, кричать, петь, читать, учиться", ал мүның өзі: "оқ — крик, голос, слово" (т. II. ч. 2). Сөйтіп бүл жердегі түлғалық өзгерістерді былай көрсетуге болады: оқ-ы: оқы+у (г)>оқу. Әрине, бүйрық рай түлғасы туынды етістіктүлғасынан барып жасалған. Жасы етістігін қырғыз тіліндегі жоошу, жоошы сөздерімен (алдыңғысы — етістік, соңғысы — сын есім) салыстыруға болар еді. Осы салыстыруды занды деп қарасақ, онда қазақ тіліндегі жасы етістігі жуас сын есімімен тарихи түбірлес болып шығады. Бүлай салыстыруға дәлел — қырғыз тіліндегі варианттың созылыңқы дауыстымен, ал қазақ тіліндегі варианттың дифтонгімен айтылуы, ақыр соңьшда үшеуінің арасындағы семантикалық байланыс. Ірі Радлов "Сөздігінде"ф — гной... — ірі~ гаить, киснуть, испортиться" (т.І. ч.2). Алғашқы түбір қазақ тілінде дербес қолданылмайды, тек туынды етістік және сонан жасалған есім түлғалары ғана айтылады. түлғалы етістіктердің ішінде таты (астың түзы татыды) етістігі назар аударады. Өйткені осы туьшды түбірмен қатар тат (астан тату) етістігі де айтылады. Түбірлердің әр түрлі түлғалануы деп қарау керек. Қазақ тілінде тат (тат басты), тат (астан тат), есім, етістік омоним түбірлері бар. Сонымен, түбірлердің дамуын оның тарихи өзгерісінен бөліп қарауға болмайды. Түбір сөз қүрамындағы фонетикалық өзгерістерді ескермей түрып, оның даму ерекшеліктерін білу мүмкін емес. Фонетикалық озгерістің нәтижесінде: а) кене түбір тарихи негіздің қүрамында ғана сақталады, ә) кене түбір дербес те, тарихи негіз қүрамында да қолданылуы мүмкін. Соңғы жағдайда бүкіл сез қүрамының кенеруіне байланысты оның дербес қолданылатын тарихи сыңарымен бірдейлігін салыстыра талдау арқылы ғана байқауға болады: б) кене түбірдің тарихи езгерісін анықтау үшін дыбыс өзгерістерінің түрлерін айқындау керек.

Түбірлердің фонетикалық сипатының өзгеруі тілдің даму барысында олардың кенеруіне себеп болады. Фонетикалық езгеріске үшырап, семантикалық жағынан кенерген түбірлер, кебіне, қосымшалармен біріккен түрде орнығып қалады. Мүндай негіздер екі түрлі. Кейде байырғы түбірі де, қосымша да ез дербстігін жоғалтқан, кейде түбір дербестігін жоғалтқанмен, қосымша қазір де актив немесе керісінше түбір дербестігін сақтаған, бірақ қосымша "өліге" айналып кеткен.



11-тақырып. Сөз таптарының шығуы мен қалыптасуы. Септеу категориясының дамуы.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:



  1. Сөз таптарының шығуы мен қалыптасуы

  2. Септеу категориясының дамуы.

Тіліміздегі "есімдер" деп аталатын топқа жататын сездердің грамматикалық кластары тарихи даму түрғысынан бір-бірімен үштасып, байланысып жатады. Мысалы, зат есімнің жеке семантикалық топтарының қалыптасуы жайлы айтқанда дөл сондай түлғалы сын есімдер тобының қалыптасуына назардан тыс қалдыруға болмайды. Сондай-ақ, зат есімдер мен сын есімдер жайында оңгімелегенде солармен орайлас қолданылатын сан есімдер мен ссімдіктерге де соқпай кетуге болмайды. Бүлардың қазіргі тіліміздегі қызметі мен қолданыс жағынан ыңғайластығы олардың тарихи қалыптасу ерекшеліктерімен үштасып жатады.

Сөздердің грамматикалық кластарға жіктелуі сөйлем ішіңдегі мәні мен қызметіне байланысты болған құбылыс. Айталық, сөйлем қурамында үнемі бастауыш қызметінде жүмсалу, яғңи, айтылатын ойдың иесін білдіріп, басқа сөздерге төуелсіз қолданылу зат есімдердің дербес, тәуелсіз қолданылатын сез ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасады. Акад. И. И. Мешанинов бүл турады: "Зат есім езінің сейлемде заттық мағынадағы мүше (бастауыш және толықтауыш) болуымен жіктеліп шықты" — дейді.1 Ал сол зат есімдермен іргелес, соларға бағынышты қолданылатын сын есімдердің сөз табы ретінде қалыптасуы туралы индоевропа тіддерінің материалдары негізінде акад. В. М. Жирмунский: "Грамматикалық жағынан түлғаланған сын есімдер категориясының қалыптасуы, яғни, есімдердің зат есімдер мен сын есімдерге жіктелуі, индоевропа тілдерінде салыстырмалы грамматика әдістері арқылы көрінеді", - дейді.2 Нақ осы түжырымды түркі тілдеріндегі, солардың бірі - қазақ тіліндегі зат есімдер мен сын есімдерге де қолдануға болады. Алтай тілдері тарихын зерттеушілер де сез таптарының қалыптасуы туралы осыған үқсас пікір айтады.3 Сонымен, есім сез таптарының грамматикалық класс ретінде қалыптасуы тек зат есімдер мен сын есімдер арасындағы байланыстан ғана көрінбейді, олардың басқа топтарының да аддыңғы екі топқа қатысынан байқалады.

Бұл айтылғандарға қоса акад. И. И. Мешаниновтың сөздердің атрибут (анықтауыш) мүше больш жүмсалуынан сын есімдер, пысықтауыш мүше ретінде жүмсалуынан — үстеу қалыптасты дейтін ескертпесін еске алу керек. Егер осы айтылғандардың бөрін қорытындылай келсек, есімдердің әрі грамматикалық класс болуымен бірге, лексикалық та топ екендігін, осы ерекшеліктердің өзі, айналып келгенде, олардың тарихи қалыптасуынан туғандығын кореміз.

Есім сөз таптарының ішінде оқшау түратыны — үстеулер. Үстеулер шығу теркіні, қалыптасу төсілі жағынан да өр қилы. Морфологиялық жағынан үстеулер бірде есім негізді болса, бірде етістік негізді болып отырады. Осындай әр түлғалылық оларды біршама кеш қалыптасқан грамматикалық класс деп қарауға мүмкіндік береді. Бүгінгі тілдегі көпшілік үстеу создердің қүрама болшектерге оңай ажырауы да соған дәлел.

Есімдердің бір тобы — сан есімдер түп негізі жағынан басқа сез таптарымен үштасып жататыны тіл білімінде әр кез айтылып келеді. Егер сандық үғымды білдіретін сөздердің қалыптасуы аналитикалық ойдың синтездеу дәрежесіне котерілуінің нәтижесі екенін еске алсақ, мүндай пікірдің дүрыстығы әсте талас туғызбайды.

Сонымен, есім сөз таптарының дамуы, тарихи өзгерісі олардың бірыңғай қалыптасуына алып келді. Есім сөз таптарын, оларға тән категориялар мен тәсілдерді тарихи түрғыдан қарастырғанда да осы ерекшелік ескерілуге тиіс болады.



Зат есім — есімдер тобындағы сездердің ішіндегі дербес қолданылатыны. Есімдердің басқа топтары осы зат есімдер айналасына топталып, осыған қатысты ғана қодданылады. Сейтіп зат есімдер тек заттық мән-мағына туғызушы ғана создер емес, соған сөйкес дербес қодданылатын да сөздер.

Қазіргі қазақ тіліндегі зат есім категорияларының негізгі түрлері көне түркі тілінде де кездеседі. Ол тілде де зат есімдер басқа сөз таптарымен салыстырғанда септелетін, көптелетін, тәуелденетін сездер есебінде ерекшеленген. Зат есімдерге тән грамматикалық категориялардың түлғалық (кейде фонетикалық) озгерістерін, жеке аффикстердің пайда болуын және кейбір семантикалық өзгерістерін (мәнінің тарылуы, кеңеюі) еске алсақ, олардың қайсысының да өздерінің негізгі қызметтерінен айнымағандығын байқауға болады. Сондықтан зат есім деп аталатын сез табының тарихи өзгерісі, оның тарихи жаңаруы туралы әңгіме қозғау мүмкін де бола бермейді.



Көптік категориясы және көптік жалғаулары. Түркі тілдерінің коне дәуірлеріне қатысты мүралар тілінде де жекелік мәнді білдіретін арнайы аффикстер болмағаны мәлім. Коптік мән арнайы жалғаулар арқылы да, яғни, морфологиялық төсіл, сөздің игксикалық мағынасы, яғни, лексикалық төсіл арқылы және сөз пркестері, яғни, синтаксистік төсіл арқылы да берілген.

Кейбір жеке сөздердің лексикалық мағынасының өзінде тасу, жинақтау үғымы жатады. Мысалы, йылқы (жылқы), барым щу іік дуние) тәрізді сөздер қолданылуына қарай жекелік те, топтау 11 ымын да берген. Сонымен бірге, көптік үғым сан есім мен зат •і Імиің тіркесі арқылы да жасалған. Мысалы, алты йегірма йаиі да жинақтау мәнін берген. Сол себептен ол тілді зерттеушілер бұл қосымшаны да көптік жалғаулардың тарихи түрінің бірі деп қарайды .

Тәуелдік категориясы және тәуелдік жалғаулары. Меншіктік пен меншіктелуші арасындағы қатынас, яғни, тәуелділік категориясы түркі тіддері қүрамындағы байырғы қүбылыстардың бірі. Мүңдай түжырымға дәлел — түркі тіддері тарихыңдағы ең көне мүралар тілінде де қазіргі тілдегі тәуелдік категорияеы мен оның көріністері көп өзгеріссіз (қазіргі тілмен салыстырғанда) берілген. Көне түркі тілінде тәуелдік категориясы морфологиялық тәсілмен (арнаулы қосымшалармен), морфология-синтаксистік тәсілмен (ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі), синтаксистік төсілмен (ілік жалғаулы жіктеу есімдіктері арқылы) берілген. Тәуеддік жалғаулары көне мүралар тілінде мына төмендегідей болып отырады:

Жекеше: I ж. -м, (ым, -им, -ум, -ум, -ам, -ем)ң будун-ым (халқым), қаң-ым (әкем), қут-ым (қутым, бақытым). II ж. -ң, (-ың, -иң, -уң, -үң, -уң, -аң, -ең): қут-ың (сенің бақытың). III ж. -ы, -сы, (-ы, -и, -сы, -си, -зы, -зи): уйасы (оның уясы, урпагы), қаганы (ханы) айгучысы (уәзірі).

Тәуелділіктің үшінші жағының бастапқы түлғасы -ың, -сын (-ин, -син) деген пікір бар. Ал Орхон-Енисей жазбаларында мынадай сөйлем бар: ...табғач будунка беглік үры оғылың кул болты, сілік қыз оғлың күң болты (табғач халқына мықты үлы қүл болды, таза қызы күң болды). Осы сөйлемдегі оглың, қыз создері тәуелдік жалғаудың III жағыңда түр, бірақ өдеттегідей -ы емес, -ын.

Көптік: I жақ: -мыз (-мыз, -миз, мүз, -мүз, -ымыз, -имиз, -умуз, -амаз, -әмәз), ханымыз, ечимиз, қағанымыз.

II жақ: -қыз, -киз, (-ыңыз, -иңиз), -унуз, -үнүз: адашыңыз (сіздің
жолдасыңыз), қағаның (сеңдердің хаңдарың).

III жақ: -ы, -сы, -си, (-зы, -зи) —сылар, -силар.

Жазбалар тілде төуелдікте түрған сез жіктеу есімдіктерімен тіркесіп те, тіркеспей жеке де айтыла береді. Яғни, қазіргі қазақ тіліндегідей, бірде менің кітабым, бірде кітабым түріңде жеке де айтылады. Төуеддік жалғауларының ашық дауыстылардан басталатын варианттары кене түркі тілі ескерткіштерінің бәрінде бірдей кездесе бермейді. Бүл варианттар көбінесе Шығыс Түркістаннан табылған жазбалар тілінде (манихейлік текстер, сол сияқты кейбір үйғыр жазбаларында) ғана үшьфасады, яғни, үйғырлық вариантгар. Тәуелдшіктің II жағыңдағы сөз езінің аддындағы сөздің ілік септікте түруьш бірде керек етсе, бірде керек етпейді. Бүл жағынан да қазіргі қазақ тілінің заңдылықтарымен астасып жатады.

Сонымен қатар, қазіргі қазақ тілінде тәуедділік мән синтаксистік жолмен де берілетіні де мөлім. Мысалы: біздің үй, сіздің дала, т. б,/ Меншіктілік мән туғызудың нақ осы тәсілі ежелгі түркі ескерткіштерінің тіліңде де кездеседі: Бегін ат (бектің аты) (КТ). Мүңда да тіркестің соңғы сыңары тәуелдік жалғаусыз келген. Орта ғасыр ескерткіштерінде мүндай конструкцияның мына темендегідей варианты кездеседі: Бу Мекке біздің турур — Бүл Мекке біздікі. Бу бәйіт анындүр — Бүл әлең онікі. Бүл көмекші етістікпен келген, қазақ тіліндегі -нікі түлғалы конструкцияға сәйкес қолданылған. Бүл фактілерге қарағанда, "бүл кітап — менікі" тәрізді конструкциялар осындай тіркестердің негізінде пайда болса керек, —-нікі аффиксі қүрамы жағынан күрделі, тарихи жағынан екі бөлікке бөлінеді: -нің — ілік септік қосымшасы, -кі - сын есім жасайтын жүрнақ. Ілік септік қосымшасының соңғы дыбысы (-ң) элизияға үшырап, -кі аффиксімен бірігіп кеткен. Қазақ тіліндегі -нікі аффиксі өзі жалғанатын сездің соңғы дыбысының ықпалына қарай бірнеше вариантта айтылады: қаланікі, ауылдікі. Түркологияда В. В. Радловтың ізімен тәуелдіктің дауысты дыбыстардан басталған варианттары алғашқы болуы керек дейтін пікір айтылып келеді. Кене түркі ескерткіштерін хронологиялық түрғыдан салыстырып қарағанда, төуелдік жалғауларының көптік түлғасының III жағыңда мынадай ерекшелік бар: V—ҮІІІ ғасырлар ескерткіштерінде тәуелдік жалғауларының III жағы кептікте де, жекелікте де бірдей бір ғана аффикс арқылы беріледі (-ы, -сы — түбірдің соңғы дыбысына қарай). Ал ортағасырлық ескерткіштерінде екі түрлі: бірде жекелік түлғамен бірдей, бірде -ылар, -сылар түрінде, яғни, -лар көптік жалғауы қосылып келеді. Алғашқы тәсілде бір ғана аффикс контекстегі мәніне қарай бірде заттың бір кісіге, бірде кеп кісіге қатысты екенін білдірсе, екінші тәсілде аффикстер де әр түрлі болып отырады. Хронологиялық түрғыдан, сойтіп алғашқы тәсіл ескі де, соңғы тәсіл жаңа болса керек. Қазіргі қыпшақ тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде алғашқы, ескі тосіл сақталған да, оңтүстік тіддерінде, татар, т. б. тілдерде соңғы, жаңа тәсіл пайда болған. Түркологияда тәуелдік жалғауларының арғы негізі - жіктеу есімдіктері дейтін пікір түрақтадцы. Түркі тідцерінің, тіпті жалпы алтай тілдерінің тарихын зерттеушілер ете көне дөуірде екпін түскен буыннан кейін айтылған жіктеу есімдіктері бара-бара өзінен бұрьш түрған, негізгі 101 и калық екпін түскен сөздің энклитикасьша айналған дейтін пікірді рге шығармайды. Осы постпозициялық қолданыстың соңғы грамматикалық кластарға жіктелуі бір ғана сөз табына тәндігін көрсетпейді, қайта жалпылығын дәлелдейді. Ал грамматикалық мән тұрғысынан (зат атауы не сын есім) жіктелуі, сөздердің синтаксистік қолданылуының нәтижесі.



Сын есімдердің грамматикалық класс ретінде қалыптасуы зат есімдермен байланысты құбылыс. Зат есімдер зат жайлы ұғыммен бірге сын, сапа ұғымдарын да бойына жинаған грамматикалық класс болды. Бүгінгі тіл білімі түрғысынан синкретикалық үғым мен қызметтегі бүл зат есімдер сөз, сөйлем қүрамында субьекті мен обьектіні білдірмей атрибуттық та мән туғызып, сондай қызмет атқарады. Анықтауыш деп аталатын синтаксистік категория осылай, зат есімдердің сөйлем, сөз қүрамындағы қызметінің бір түрі ретінде қалыптасты. Ал анықтауыш қызметінде зат есімдердің қолданылуы, сөйтіп анықтауыш категориясының қалыптасуы бір затты екінші зат арқылы үғынуға негізделді. Екінші сөзбен, заттарды өзара салыстыру жолымен, бір-бірінен айырым белгілері мен салыстырма артық-кемдігін байқау арқылы жүрді. Сонда тіл қүрамында алғаш рет сын, сапаны білдіргендер зат мағыналы сөздер. Ондай сөздер басқа бір содай сөздермен салыстырғанда белгілі бір затқа не заттар тобына тән қасиет пен белгіні айқынырақ, анығырақ білдіретін болады.Айталық, қатты нәрсені, затты таспен теңестіруден барып тас жер, жүмсақ, сусыма жерді қүммен теңестіруден барып қүм жер, т. б. Сөз тіркестері немесе анықтауыш қызметіндегі сөздердің тобы қалыптасады.Синтаксистік анықтауыш категориясы осы тәрізді сөз мағынасын кең түсінуге негізделген қолданыстан басталды. Мұндай қодцаныстың барысында бірсыпыра сөздер лексикалық шектеліске түсті: сөз әрі зат үғымында, өрі сын, сапа үғымында түрақтады. Қазақ тіліндегі ақ, кек, қара тәрізді сөздер сондай жіктелістің нәтижесі: ақ және зат атауы (ағарған созімен синоним), әрі түстің атауы, кок—зат есім (аспан мәні), әр түстің атауы, қара—зат есім (кісі, көрінетін жанды зат—көпшілігінде мал), түстің атауы. Адам ойының айналасындағы дүниені анализдеу қабілетінің одан әрі дамуы создердің лексикалық жіктелісіне аналогия жасау барыында сын, сапа категориясын синтаксистік тәсілмен білдіру дәрежесіне жетеді. Сойтіп алтын қасық, ағаш күрек, темір қақпа тәрізді тіркестер жасалады, яғни, жоғарыда аталған синтаксистік анықтауыш категориясы қалыптасады. Түркі тілдерінің үлкен ерекшелігі — сын, сапа категориясын білдіретін арнаулы марфологиялық түлғалар жүйесі болмаған, тілдің даму барысында да ондай жүйе қалыптасқан жоқ. Түркі тілдері создерінің оңдай грамматикалық класын басқа жолмен қалыптастырды: есім, етістік туынды түбірлер қолданыстың барысында сын, сапаны білдіретін создер тобы болып түрақталды. Грамматикалық мүндай жіктелістің бірден-бір критерийі — синтаксистік анықтауыш категориясы немесе зат есімге қатысты айтылып, ешбір морфологиялық озгеріссіз оның анықтауышы болу қызметі. Қазіргі тілдегі қызыл, сары, жасыл тәрізді тек қана түстің атауы ретінде айтылатын негізгі сын есімдер мен етістікке жақындығы, түбірлестігі синтаксистік қызметімен айқындалатын берік, шебер, үлық, үлы, кіші тәрізді сын есімдер сондай қодданыстың нәтижесінде ғана сын есімдер тобында тұрақталып қалған. Мұндай тұлғалы создердің сын, сапа мәнінде түрақталуының екінші бір ерекшелігі бар; туынды түбірлерді жасайтын қосымшалар жүйесі де сын есім жасайтын қосымшалар тобы ретінде қайта үғынылды. Олардың кейбірі (мысалы, -л: қызыл, жасыл) тек сол сөздер құрамында ғана қалса, кейбірі сын есім жасаудың актив төсілі болып қалыптасады (мысалы, -қ: толық бөлек). Сонымен, сын есімдердің арғы негізі ең алдымен есім синкретизмінен басталды, етістіктің есім тұлғалары мен тольгқты. Соның барысында сын есім жасайтын біршама аффиксация жүйесі қалыптасты. Соңғы қүбылыстың шығуы сын есімдерді морфологиялық жағынан ерекшеленетін грамматикалық класс деп қарау мүмкіндігін берді. Анығында, зат есімдермен немесе етістіктермен салыстырғанда сын есім о баста айқын морфологиялық сыпаты бар грамматикалық кластар қатарына жатпайды. Ондай сыпатқа тілдің барысыңда ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет