Пәнін меңгеру жөніндегі оқыту бағдарламасы (Syllabus)


-тақырып. Дауыссыз дыбыстар. Ескі түркі тілі дауыссыздар жүйесі, оның қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі



бет10/25
Дата28.09.2023
өлшемі436 Kb.
#478923
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
7-тақырып. Дауыссыз дыбыстар. Ескі түркі тілі дауыссыздар жүйесі, оның қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:)

  1. Дауыссыз дыбыстар.

  2. Ескі түркі тілі дауыссыздар жүйесі, оның қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі.

Көне түркі тілінде 16 дауыссыз фонема болған. Олар мыналар: б, п, д, т, к — қ, г — г, й, ч, с, ш, з, м, н, ң, л, р; қ — к, г — г дыбыстары дербес фонемалық қызмет атқармаған, қ жуан дауыстылармен айтылса, к жіңішке дауыстылармен айтылған, сол сияқты г — жуан дауыстымен айтылатын қ дыбысының ұяң варианты да, г — жіңішке дауыстылармен айтылатын к дыбысының ұяң варианты ретінде ғана қолданылған. Қысқасы, 4 дыбыс екі дауыссыз фонеманың көрінісі болған.
Көне түркі жазуы консонанттық негізде жасалған. Сондықтан жеке дауыстылардан гөрі буын сапасын дауыссыздар таңбасы арқылы белгілеу ол жазуда басым болған. Жазудың дауыссыздарды белгілейтін таңбалары, соған сәйкес үш түрлі топқа бөлінеді: жуан дауыстылармен бір тіркесте айтылатын дауыссыздар б, д, г, қ, л, н, р, с, т, й, жіңішке дауыстылармен бір тіркесте айтылатын дауыссыздар б, д, г, к, л, н, р, с, т, й; жуан дауыстылармен де, жіңішке дауыстылармен де айтылатын дауыссыздар м, н, ң, п, ш, ч, з. Сонымен, дауыссыз дыбыстарды белгілейтін таңбалар үш түрлі: жуан буындағы дауыссыз таңбасы, жіңішке буындағы дауыссыз таңбасы, жуан буыңда да, жіңішке буында да айтыла беретін дауыссыз таңбасы.
Аффиксгер құрамында д~ т,г~к, г~ қ дыбыстары сәйкес қолданылған, яғни олардың өзара ауысуы аффикстерді қызметі жағьшан ерекшелемеген.
Сөз басында д, г, г, н, ң, р, з айтылмаған. Ал л^ ^дыбыстары басқа тілдерден енген сөздердің басында ғана айтылған. М, б дыбыстары сөз басында бірі екіншісінің орнына айтылады: мен — бен, мің — бің (мың), маңа — баңа, (маган), менгү — бенгү (мәңгі). Бұл ауысу соңғы мұрын жолды дыбыстың ықпалы болу керек деген пікір бар.
Сөздің соңында ң дыбысы г (г) дыбысына сәйкес қодданылады: тәуелділіктің II жағы мен жедел өткен шақтың жекеше II жағы және -г (г) түріңде айтыла береді.
Қазақ тілі - қыпшақ тобындағы тілдер тобына жатады. Ал
қыпшақ тобындағы тілдердің қарлуқ, оғыз тобындағы тілдерден
фонетикалық негізгі айырмашылықтары мына төмендегідей^І) 8 —
9 дауысты дыбыс бар, ы, і, у, и дыбыстары түрлі мәнермен айтылады:
татар, башқүрт тілдеріндегі бүл дыбыстар қазақ, қарақалпақ, ноғай
тілдеріндегі сондай дыбыстарға сәйкес келе бермейді; 2) аффикстер
қүрамында еріндік дауыстылар айтылмайды; 3) сөз қүрамындағы
еріндік үндесу әлсіз. Қазақ тіліңце сөздің бірінші буынында еріндік,
кейінгі буындарда қысаң дауыстылар келсе, алдыңғылары соңғыларға
әсер етеді. Бірақ өте өлсіз байқалады, соңдықтан жазуда ескерілмейді;
4) созылыңқы дауыстылар жоқ. Екінші топқа жататын созылыңқылар
орнына қыпшақ тілдеріңце дифтонгілер айтылады; 5) көне түркі
тіліндегі г, г дауыссыздары мен дауыстылардың тіркесі орнына
өзгерген жаңа тіркестер (ау, ой, ыу, ей, ій, уй, үу, үу) қолданьшады;
6) көптеген тілдерде сөз басында айтылатын қатаң п орнына үяң б
айтылады, бірақ жіктеу есімдіктері м, б дыбыстарымен мен, бен
түріңце дыбысталады; 7) сөз басыңда қатаң т, қ, к дауыссыздары
жиі қолданылады; 8) сөз басыңца дж дыбыстары жарыса қолданылады; 9) соз ішінде екі дауысты дыбыс аралығында п, қ, к қатаңцары үяңдап кетеді.
Қыпшақ тілдерін ортақ қүбылыстар, екінші жағынан, оларды түркі тіддерінің басқа топтарынан ерекшелейтін белгілер осылар. Ал кене тілдердегі з, д дыбыстарының орнына й дыбысының айтылуы, қатаңцар мен үяңдардың жіктелуі тек қыпшақ тілдеріне ғана емес, жалпы Батыс Хун тармағына тән белгілер.
Қазақ тілінің этногенездік негізі жайлы осы орайда айта кететін бір жай:
Қазақ тілі қыпшақ тілдері тобына жатады дейтін түрақталған көЗкдрасты қостай отырып, оның тек қана қыпшақ тайпалар одағы тіліне үласа бермейтін кейбір субстраттық қүбылыстары бар екеңцігін атап айту керек. Соңғы уақыттағы зерттеулер ондай қүбылыстар Орхон-Енисей заманьшан, қалса Махмуд Қашқари заманынан тарихта белгілі оғыз тектес халықтар тілдеріне барып жалғасатын-дыгын дәлелдеп отыр.
Томанов М. Махмуд Қашқари XI ғасырдағы түркі тілдерінің фонети-калық қүрылымы туралы "Қазақ тілі мен әдебиеті" жинағы. Алматы, 1971. ІҚазақ тілі қарақалпақ, ноғай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тобын қүрайтыны, яғни Ноғай ордасы халықтарының негізінде қалыптасқаны да мәлім. Дегенмен, қазақ халқының субстраты қатарыңда басқа да тілдік негіздер болғандығы айқын (ол туралы аддыңғы тақырыпта айтылады). Соған орай қазақ тілінің тек езіне ғана тән ерекшеліктер мынадай: 1) фузияда л~д~ ш сәйкестігі бар; 2) соз басында айтьшатын й ~ ж ~ дж сәйкестігінен қазақ тіліңце ол позицияда ж дыбысы айтылады^ Й дыбысы эпизодтық ыңғайда біріккен сөздер қүрамында сөз ортасында ғана айтылады: тас; 4) қазақ тіліндегі ш қарлүқ тілдеріңдегі ч дыбысына сәйкес, с дыбысы ш дыбысына сәйкес қолданылады; 5) сөздің абсолют басыңда үяңдардангөріқатаңцаржиіқодданылады, бірақт~д,б~псәйкестігі сирек те болса үшырайды; 6) интервокал позицияда т, қ, к дыбыстары үяңдайды, бірақ қазақы, қалмақы тәрізді сөздер қүрамында үяндамай, қатаң сыпатын сақтайды; 7) қазақ халық тілінде мына тәрізді дыбыстар сәйкестіктері бар: а ~ ы (оңтүстік, Қостанай, Түрікменстан түрғындарында жиі), о ~ у (Оңтүстік, Маңқыстау, Түрікменстан, Қарақалпақстан түрғындары тілінде жиі), й ~ ж ~ дж (Шығыс Қазақстан, Шу бойында). Бүл сәйкестіктер көбіне бір тіл қүрамында ғана емес, тілдер арасында кездеседі.' Айталық а ~ ы сәйкестігі түркі тілдері мен чуваш тілі аралығында кездеседі, т.бл
Қазақ тілі фонетикалық жүйесінің біраз ерекшеліктері әр түрлі дәуірде басқа мәдениеттермен, тілдермен байланыста болудың, әр түрлі қарым-қатынасқа түсудің нәтижесі іспеттес қалыптасқан.
Ондай жолмен пайда болған ерекшеліктердің бастылары мыналар: 1) араб-парсы мәдениетінің ықпалымен создің абсолют басыңда, бірінші буында з, г, г, ә дыбыстары айтылатын бодцы;
2) Біздің заманымыздың алғашқы жылдарында-ақ Еділ, Жайық төңірегінде мекеңцеген қазақ тайпаларының Шығыс славяндар-мен - орыстармен қарым-қатынасының; ХҮІІІ ғасырда Қа-зақстанның Россия қол астына кіруінің нәтижесінде әбден түрақты сипат алған байланыстың нәтижесінде орыс тілінің қазақ тіліне әсер күшейді. Бүл байланыс, бүл ықпал Октябрь революциясынан кейін мүлдем жаңа сапаға ауысып, қазақтың бүкіл әдеби тіл жүйесінің жаңа бағытта дамуына ықпал жасады. Мүның нәтижесінде қалыпта э дыбысы орнықты.
г, з дыбыстарынан басталатын сездердің аумағы кеңейді: зал, заман, зоотехник, газ, газет, т.б. в, ф, х, ц, ч, щ дауыссыздары осы дыбыстар айтылатын сөздермен бірге келіп орнықтьь] Дегенмен, бүл дыбыстардың кейбірінің қолданылуы қазақ одеби тілі тарихында бой көрсеткені бар. ХҮШ-ХІХ ғасырларда қолданылған "кітаби тіл" деп аталатын тіл құрамында ф, х, ч дыбыстары қолданыс тапқаны рас. Алайда ол тіл (кітаби тіл) көбінесе азын-аулақ оқығандардың ана тілі болды да, халық арасында кең қолданыла алмады. Сондықтан ол заманғы қазақ әдеби тілі сол дыбыстарды қолданды десек те, қазақ халық тілі ондай дыбыстарды білді деп айта алмасақ керек. Оның үстіне, ч аффрикаты сөйлеу тілінде бүрыннан бар дыбыс. Бірақ әдеби тілде ол дыбыс интернационалдық сөздермен бірге келіп орнықты.
Соңғы замандарда батыс тілдермен (ең әуелі орыс тілімен) баиланысқа түсіп, қарым-қатынастың жиіленуі қазақ тілінің дыбыс тіркесімділігіне ықпал етті. Қ, к дауыссыздарының тіркесу мүмкіндігі үлғайды - қ қатаң дауыссызы тек жуан дауыстымен ғана емес, жіңішке дауыстылармен де тіркесетін болды^қате, қызмет, к дауыссызы интернационалдық сөздер құрамында жуан дауыстылармен қатар айтылып қалыптасты. Осы ерекшеліктің екінші біл салдары - қазақ тілінде едәуір топ құрайтын сездер қүрамында сингармонизм - буын үндестігі сақталмайтын дәрежеге жетті: газетке, костюмшең, командирден, т.б.-
Жалпы алтайлық консонантизм қазақ тілінде біраз озгеріске үшыраған сыпатында орныққан. Бүл жағынан келгенде С. Е. Маловтың қазақ тілін ең жаңа тілдер тобына жатқызуының үлкен дәлелі бар. Р ~ з сәйестігінің қазақ тілінде з варианты сол қалпында да, өзгерген күйінде де қалған: көз, жаз, сондай-ақ болымсыздық қосымшасы -мас (з > с). Р~з сәйкестігінің кейінгі варианты й: тіре ~ тайа, л ~ ш сәйкестігі де сондай дәрежеде түрақталған: бес (беш ~ білек), тус: талтус (тал - чуваш тілінде тус, талтус), есіт (ес - (і) т - өзгелік етіс, елт - чуваш тілінде есіт), т.б. Сонымен бірге, бұл дыбыс сәйкестіктердің барлық компоненттері де қазақ тілінің периферийлік қүбылысы ретінде сақталып қалған: көр, көз, жар, жаз, еліт, есіт, қыз, қырқын, т.б. Жаңа, кейін қалыптасқан дыбыстар конститутивтік белгілерге айналды да, олардың байырғы көне варианты сирек үшырайтын эквивалент болып қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет