Пәнін меңгеру жөніндегі оқыту бағдарламасы (Syllabus)



бет9/25
Дата28.09.2023
өлшемі436 Kb.
#478923
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
А. М. Щербак. Сравнительная фонетика тюркских языков. Стр. 28 - 33. Алайда қазақ тілі ол фонеманы сақтамаған; әр түрлі өзгерістердің нәтижесінде ол фонемасымен ұласып кеткен. Дауыссыз дыбыстар құрамында болған бұл өзгерістердің қайсысы да грамматикалық тұлғаларға ықпалын тигізді. Бір кезгі бір сипатты, бір вариантты тұлғалардың кейбірінің қазіргі тілде бірнеше вариантта ұшырасуы соның нәтижесі. Мысалы, кетік, қатық есімдерінің құрамындағы -ік, -ық пен тұйық етістік (қимыл есім) жасайтын қосымшасы дивергенцияның нәтижесі. Сондай-ақ сусы, көлгірсі туынды етістіктерін жасайтын -сы, қансыра тәрізді етістіктер жасайтын -сыра қосымшасының -сыр бөлігі, сын есім жасайтын -сыз қосымшалары да дыбыстық өзгерістердің нәтижесіңде пайда болған, тарихи тұрғыдан бір ғана қосымшаның әр түрлі варианттары ғана.
Кейбір грамматикалық тұлғалардың о баста әр басқа дыбысталса да, дыбыстық өзгерістердің нәтижесінде бір ғана сипатқа келгені байқалады. Қазіргі тілімізде етістіктер құрамында қолданылатын ортақ етіс қосымшасы -с, әдетте болымсыздық қосымшасымен айтьілатын с(~з) сондай өзгерістердің нәтижесі. Соңғы қосымшаның о баста түрінде дыбысталғанын көне түркі материалдары, қазіргі түркі материалдары да растайды, ал түрікмен тілі фактілері бұл бұдан да ерте дәуірде түрінде дыбысталғанын дәлелдейді (-мар). Ортақ етіс қосымшасы бір кезде түрінде дыбысталған. Сөйтіп екі түрлі дыбысталған екі тұлға қазіргі тілде дыбыстық өзгерістердің нәтижесінде бір ғана сыпатта орныққан.
Түркі тілдерінің оғыз тобын түгелге жақын қамтыған ұяндау (палатализация) процесі қыпшақ тобына тән емес. Басқа да қыпшақ тілдеріндегі сияқты, қазақ тілінде де сөздің абсолют басыңда қатаң дауыссыздар, ұяңдармен салыстырғаңда, көбірек айтылады.
Жалпы түркі тілдеріндегі сөздің абсолют басының "оғыздық" және "қыпшақтық" түрлерінің қалыптасуы соншалық ежелгі құбылыс емес. Тарихи зерттеулер түркі тілдерінде сөздің абсолют басының қатаң болғанын, яғни қатаң дыбыстардан ғана басталғанын дәлелдеп отыр. Сөздің басы тек қатаң дыбыстардан ғана басталуы, ежелгі дәуірлерде дауыссыздардың ұяң, қатаң болып бөлінуі фонемалық дәрежеде болмағандығын көрсетеді. Ал кейін оғыз тіліндегі сөздің абсолют басының ұяңдауы созылыңқы дауыстылардың ықпалы дейтін пікір түркологияда қазір дәлелденіп отыр. Қазақ тіліндегі бута мен пута, бал мен пал, диірмен мең тиірмен, туз бен дуз тәрізді параллельдер тілдік сондай күйдің қалдықтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет