Пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Индустрияландыру: ұлттық өндіріс» бөлімі Тыңдалым және айтылым Тапсырма Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтінде көтерілген мәселеге байланысты автордың негізгі ойын, мәтін арқылы оқырманға не айтқысы келгенін анықтап, сұрақтар құрастырыңыз, өз пікіріңізбен баға беріңіз. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10] мәтінМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы" ұлттық телекөпірі барысында жоғары технологиялық бірқатар жаңа өндіріс ошағын іске қосады» деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ұлттық телекөпір барысында бүкіл ел бойынша онлайн режимінде жаңа индустриалды- инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық, агроөнеркәсіптік жобалар іске қосылатын болады. Атап айтқанда, "Қазақалтын Технолоджи" компаниясы Ақсу ауылында алтын өндіру фабрикасын іске қосады. Ақтөбе облысында машина жасау және металл өңдеу секторында мұнай-газ жабдықтарын өндіру және құбырлар шығарумен айналысатын "Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты" ЖШС зауыты ашылды. Ал Атырау облысында ("Жігермұнайсервис" ЖШС) роботты дәнекерлеу әдісімен металл құрастырмалары өндірісі іске қосылмақ. Тамақ өнеркәсібінде және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуде Солтүстік Қазақстан облысындағы "Маслодел" ЖШС, "Тетра Пак" ЖШС жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталған сүт зауытын ашады. Шығыс Қазақстан облысында "Восток-Молоко" ЖШС жоғары технологиялық жабдықтары орнатылған сүт кешенін модернизациялаған. Бұдан бөлек, Батыс Қазақстан облысында жаңа құс фабрикасы іске қосылады. Сондай-ақ телекөпір барысында Жамбыл облысында "Оргстрой" кәсіпорны гранит, мәрмәр және гипс өндіру, жарылғыш құрылғыларды өндірудің жаңа технологиясын өңдеу бойынша өндіріс ашуды жоспарлап отыр. Алматы облысында "Psi Stroy Industriya" ЖШС металл конструкцияларын шығаратын зауытты, Коринская ГЭС баламалы энергетикалық жобаны іске қоспақ. Ал Қарағанды облысында ескі көліктерді қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорын жұмыс істей бастады. Кәсіпорын жылына тозығы жеткен автокөліктердің 50 мыңын қайта өңдеуге қауқарлы. Бұған қоса, телекөпір барысында Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және Еуразия құрлығындағы логистикалық торапты құру жобасын іске асыру мақсатында Мемлекет басшысы бірнеше нысандардың іске қосылатынын атап өтті. жүктеу/скачать 170.83 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |