Пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып



бет18/25
Дата22.08.2023
өлшемі170.83 Kb.
#476170
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
ТЖБ 10 сынып жаратылыс тану казак тили

Жазылым


Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, сөздер мен сөйлемдердің қатесіз жазылуын ескеріңіз.
[10]



  1. Қазіргі кезде жаһанданудың әсерінен салт-дәстүрімізді ұмытып бара жатырмыз деген қауіп жиі айтылып жүр. Сіздің ойыңызша, жаһандану біздің салт-дәстүрлерімізге кері әсерін тигізбес үшін не істеу керек? Салт-дәстүрлерімізді жаһанданудың құрбаны еткізбеудің жолдарын ұсына отырып, сыныптастарыңызға хат жазыңыз.

  1. Адам өмірін сақтау – қоғамдағы басты міндеттердің бірі. Адамның өмірін сақтау үшін түрлі сақтандыру қорлары да көптеп құрылуда. Олардың қазіргі уақыттағы жұмыстары адамдарды қаншалықты қанағаттандырып жүр? Осы турасында еліміздегі беделді сақтандыру компаниясының басшысынан интервью алыңыз. Интервью жазу барысында ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолдануды ескеріңіз.

Балл қою кестесі




Тыңдалым және айтылым




Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

1

9-10

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз
қателерді жібереді.

Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.

2

7-8

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.
Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан
қолдауды қажет етеді.

5-6

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.

3-4

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете
алмайды.

1-2

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін
қателер жиі кездеседі.

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға
өте аз қатысады.

Оқылым







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет