ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен


№1 зертханалық жұмыс. Автоматтандырылған блокировка кезіндегі пойыздардың қозғалысы (3 сағат)



бет4/4
Дата15.06.2016
өлшемі405.5 Kb.
#138040
1   2   3   4

№1 зертханалық жұмыс. Автоматтандырылған блокировка кезіндегі пойыздардың қозғалысы (3 сағат).

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Автоматтандырылған блокировкамен жабдықталған жоларылықтар жұмысымен танысу;

2. Автоматтандырылған блокировкалы жоларылықтағы пойыздардың жүріс тәртібі мен пойыз және станса қызметкерлерінің міндеттерін үйрену;

3. Автоматтандырылған блокировка кезінде пойыздарды қабылдап-жөнелту ережелерімен танысу.
Бақылау сұрақтары:

1. Автоматтандырылған блокировка кезінде жоларалыққа кіру тәртібі?

2. Автоматтандырылған блокировка жұмыс істемей қалған кездегі пойыздардың қозғалысы қалай жүзеге асады?

3. Автоматтандырылған блокировканың жұмыс істемей қалуын көрсететін жағдайлар қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Эксплуатация железных дорог / Под ред. В.М. Акулиничева и В.В. Повороженко. – М.: Транспорт, 1982. – 382с.

2. Ф.С. Гоманков. Технология и организация перевозок на железнодорожном транспорте: Учебник. – М.: Транспорт, 1994. – 209с
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2, 7]

1. «ҚТЖ» ҰК АҚ пойыздарды қабылдап-жөнелтуге қатысты жаңа нұсқаулықтарын оқу.

2. Жоларалықтарды автоматтандырылған блокировкамен жабдықтау барысындағы өткізгіштік қабілеттіліктің артуы.

№2 зертханалық жұмыс. Жартылай автоматтандырылған блокировка кезіндегі пойыздардың қозғалысы, пойыздарды қабылдап-жөнелту (3 сағат).

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Жартылай автоматтандырылған блокировкамен жабдықталған жоларылықтардағы пойыздардың жүріс тәртібімен танысу;

2. Блок-қосыны бар жоларалықтардың жұмысы;

3. Автоматтандырылған блокировка кезінде пойыздарды қабылдап-жөнелту ережелерімен танысу.

Бақылау сұрақтары:

1. Жартылай автоматтандырылған блокировкалы бір жолды телімде пойыздар қандай тәртіппен қозғалады?

2. Бөгеліп қалған пойызды жөнелту кезіндегі станса кезекшісінің міндеті?

3. Блок-қосындар қандай жоларалықтарда болады?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Эксплуатация железных дорог / Под ред. В.М. Акулиничева и В.В. Повороженко. – М.: Транспорт, 1982. – 382с.

2. З.С. Бекжанов. Теміржолтану негіздері: Оқулық. – Алматы: Тамыр, 1995. – 320б.

3. Ф.С. Гоманков. Технология и организация перевозок на железнодорожном транспорте: Учебник. – М.: Транспорт, 1994. – 209с


СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2, 7]

1. «ҚТЖ» ҰК АҚ пойыздарды қабылдап-жөнелтуге қатысты жаңа нұсқаулықтарын оқып меңгеру.

2. Жартылай автоматтандырылған блокировкалы жоларалықтағы қауіпсіздік ережелерін оқып білу.

№3 зертханалық жұмыс. Телефонды байланыс құралы кезіндегі пойыздардың қозғалысы (3 сағат).

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Телефонды байланыс кезіндегі жұмыс жүйесімен танысыу;

2. Пойыздық телефонограмма журналын толтыруды үйрену;

3. Біржолды және қосжолды жол телімдерінде пойыздық телефонограммаларды толтыру формаларын меңгеру .
Бақылау сұрақтары:

1. Пойыздық телефонограмма журналы қандай тәртіппен толтырылады?

2. Пойыздық телефонограмма журналын толтыру, оның формалары?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Заглядимов Д.П., Петров А.П. и др. Организация движения на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.

2.Т.К. Балгабеков. Управление эксплуатационной работой и организация перевозок на транспорте: Учебное пособие. Караганда: КарГТУ, 2003. – 223с.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2, 3, 7]

1. «ҚТЖ» ҰК АҚ бекіткен байланыс жүйесіне қатысты жаңа нұсқаулықтармен танысу.

2. Ақпараттық желілік жүйенің қолданылуы мен тиімділігі.

№4 зертханалық жұмыс. Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған жол теліміндегі пойыздардың қозғалысы (4 сағат).

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Диспетчерлік орталықтандыру кезіндегі пойыздардың жүрісін реттеу;

2. Пойыздарды қабылдап-жөнелту және айлалық жұмыстар жасау;

3. Диспетчерлік орталықтандыру жүйесі істен шыққан кездегі пойыздардың жүрісін және стансадағы жұмысты басқару.
Бақылау сұрақтары:

1. Диспетчерлік орталықтандыру жүйесі кезінде бұрмалы бағыттамалар мен белгілерді беру қалай жүзеге асады?

2. Диспетчерлік орталықтандыруда жергілікті басқару дегеніміз не?

3. Диспетчерлік орталықтандыру жүйесі істен шыққан кездегі қандай шаралар атқарылады?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Кочнев Ф.П., Сотников И.Б. Управление эксплуатационной работой железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с.

2.Заглядимов Д.П., Петров А.П. и др. Организация движения на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.

3. А.К. Угрюмов, Г.М. Грошев, В.А. Кудрявцев, Г.А. Платонов. Оперативное управление движением на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1983. – 240с.


СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2, 3, 8]

1.Диспетчерлік орталықтандыру жүйесінің қазіргі заманғы озық үлгілері.

2.Диспетчерлік орталықтандыру жүйесінің жол телімінің өткізгіштік қабілеттілігіне тигізетін әсері.

№5 зертханалық жұмыс. Барлық байланыс құрылғылары істен шыққан кездегі пойыздардың қозғалыс тәртібі (3 сағат).

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Барлық байланыс құрылғылары істен шыққан кезде пойыздардың жоларлықтарға және стансаларға өту ретімен танысу;

2. Біржолды жол теліміндегі қозғалыс тәртібін үйрену;

3. Қосжолды жол теліміндегі қозғалыс тәртібін үйрену.
Бақылау сұрақтары:

1. Барлық байланыс құрылғылары істен шыққан кездегі атқарылатын алғашқы қауіпсіздік шаралары?

2. Қандай пойыздарды жөнелтуге болмайды?

3. Біржолды және қосжолды жол телімінде пойыздар қандай тәртіппен қозғалады?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Управление эксплутационной работой и качеством перевозок на железнодорожном транспорте / Под ред. П.С. Грунтова. – М.: Транспорт, 1994. – 544с.

2. А.К. Угрюмов, Г.М. Грошев, В.А. Кудрявцев, Г.А. Платонов. Оперативное управление движением на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1983. – 240с.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [3, 5, 8]

1. Қазіргі заманғы байланыс құрылғылары.

2. Байланыс құрылғылары істен шыққан кездегі қауіпсіздікті сақтауға арналған нұсқаулықтармен танысу.

№6 зертханалық жұмыс. Пойыздарды қабылдап–жөнелту (4 сағат).

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Стансаның техникалық тарқару актісі;

2. Пойыздарды қабылдап-жөнелту тәртібін меңгеру;

3. Пойыздарды қабылдап-жөнелту кезіндегі станса кезекшісінің және басқа қызметкерлердің міндеттерін үйрену.
Бақылау сұрақтары:

1. Стансаның техникалық тарқару актісі дегеніміз не?

2. Станса кезекшісінің негізгі міндеттері?

3. Электрлік орталықтандыру жүйесі дегенміз не?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. З.С. Бекжанов. Теміржолтану негіздері: Оқулық. – Алматы: Тамыр, 1995. – 320б.

2. А.К. Угрюмов, Г.М. Грошев, В.А. Кудрявцев, Г.А. Платонов. Оперативное управление движением на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1983. – 240с.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [2, 3, 5]

1. «ҚТЖ» ҰК АҚ бекіткен нұсқаулықтарды оқып меңгеру.

2. Стансаның негізгі қызметкерлерінің міндеттері..

№7 зертханалық жұмыс. Теміржол жолдарында және ғимараттарында жұмыс жасау кезінде шаруашылық пойыздарының және өздігінен жүретін құрамалардың қозғалысы (3 сағат).

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Пойыздардың қозғалыс тәртібі және қызметкерлердің міндеттері;

2. Қос жолды автоматтандырылған блокировкалы жолдағы олардың қозғалыс тәртіптерін үйрену.


Бақылау сұрақтары:

1. Жоларалықты жабу қандай тәртіппен жүзеге асады?

2. Жоларалықтағы жұмыс уақытының ұзақтығы қалай белгіленеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Т.К. Балгабеков. Управление эксплуатационной работой и организация перевозок на транспорте: Учебное пособие. Караганда: КарГТУ, 2003. – 223с.

2. Управление эксплутационной работой и качеством перевозок на железнодорожном транспорте / Под ред. П.С. Грунтова. – М.: Транспорт, 1994. – 544с.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2, 7]

1. «ҚТЖ» ҰК АҚ бекіткен Техникалық пайдалану ережелерінің осы тақырыпқа қатысты тармақтарын жазып алу.

2. Жоларалықты уақытша жабудың қозғалыс керегеніне ықпалы.

8 зертханалық жұмыс. Қалпына келтіргіш, өрт сөндіргіш пойыздардың, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамалардың және көмекші локомотивтердің қозғалысы (3 сағат).


Жұмысты орындау тәртібі:

1. Қалпына келтіргіш, өрт сөндіргіш пойыздардың, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамалардың және көмекші локомотивтердің жұмыс кезіндегі жоларалықтардағы қозғалыс тәртібін меңгеру;

2. Аталған құрамалардың атқаратын негізгі қызметтерімен танысу.

Бақылау сұрақтары:

1. Қалпына келтіргіш, өрт сөндіргіш пойыздарды шақыру хабарында қандай мәліметтер көрсетілуі керек?

2. Жоларалықтап тоқтап қалған пойызға қандай шаралар қолданылады?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Эксплуатация железных дорог / Под ред. В.М. Акулиничева и В.В. Повороженко. – М.: Транспорт, 1982. – 382с.

2. Т.К. Балгабеков. Управление эксплуатационной работой и организация перевозок на транспорте: Учебное пособие. Караганда: КарГТУ, 2003. – 223с.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [4, 5, 7]

1. «ҚТЖ» ҰК АҚ бекіткен Техникалық пайдалану ережелерінің осы тақырыпқа қатысты тармақтарын жазып алу

2. Қалпына келтіргіш, өрт сөндіргіш пойыздардың, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамалардың және көмекші локомотивтердің түрлері және олардың техникалық сипаттамалары.


№9 зертханалық жұмыс. Стансадағы айлалық жұмыстар (4 сағат).

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Айлалық жұмысты жасау ережелерімен танысу;

2. Айлалық жұмыстарға жетекшілік жасау, жұмысқа қатынасатын жұмысшылардың міндеттері және байланыс құрылғыларын білу;

3. Жылжымалы құраманы станса жолында қоюдың және оны бекітудің шама-шарттарын есептеуді меңгеру.
Бақылау сұрақтары:

1. Айлалық жұмыстарға кім жетекшілік жасайды және жұмыс айлалары кімнің бұйрығымен жүзеге асады?

2. Құрамаларды жолға қойып табантіректермен бекіту қалай есептеледі?

3. Қандай жағдайларда құрамаларды бекітуге арналған табантіректер саны арттырылады?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Т.К. Балгабеков. Управление эксплуатационной работой и организация перевозок на транспорте: Учебное пособие. Караганда: КарГТУ, 2003. – 223с.

2. Методические указания по расчету норм времени на маневровые работы, выполняемые на железнодорожном транспорте. Утв. МПС РФ. – М.: Транспорт, 1998. – 84с.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [3,5, 8]

1. «ҚТЖ» ҰК АҚ бекіткен Техникалық пайдалану ережелерінің осы тақырыпқа қатысты тармақтарын жазып алу



2. Айлалық жұмыстарды жасау барысындағы қауіпсіздік ережелері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет