Пәнінен Оқу әдістемелік кешен


№ 20 ОБСӨЖ ОБСӨЖ тақырыбы



бет32/41
Дата11.06.2016
өлшемі2.66 Mb.
#127531
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
20 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы:

Микроорганизмдердің әсерінен азотты заттардың өзгеріске ұшырауы. Клетка қабықшасының бояуды сіңіру қасиеттері. Грам әдісі бойынша бояу.

ОБСӨЖ жоспары:

Белокты заттардың ыдырауы.

Мочевинаның ыдырауы.

Микроорганизмдерді бояу.

Гумустың ыдырауы.


ОБСӨЖ мақсаты:

Микроорганизмдердің грамм –оң және грамм – теріс әдістерімен боялу жолдарымен, микроорганизмдердің азотты заттарға әсерін және олардың өзгеріске ұшырауына толық мәлімет беру.

Пайдаланатын әдебиеттер :

а) негізгі :

1. Гусев М.В Минеев Л.А. Микробиология.- М.:Изд-во Москва ун-та, 1985.

2. Колешко О.И. Микробиология.-Минск:Бышэйшая школа, 1977.

3. Кратки определитель бактерий Берги.-М.: Мир, 1980.

Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.

Шлегель Т. Общая микробиология.-М.:Мир,1972.

Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.

Шоқанов Қ.Н. Микробиология. Алматы, “Санат”,1997.

Құлдыбаев М. Ауыл щаруашылық микробиологиясы. Алматы, “Білім”,1994.

б )қосымша әдебиеттер

Аристовская Т.В. Микробиология процессов почвообразования. –Л.: Наука,1980.

Биотехнология.-М.: Наука,1984.

Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.:Наука, 1976.

Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.

ОБСӨЖ мазмұны:

Басқа элементтермен бірге азот, тіршілік тірегі белоктың құрамына кіреді. Жалпы табиғатта азот қоры мол. Оның көпшілігі тірі организмдердегі көміртегінің мөлшері 700 миллион тонна болса, азоттың жалпы мөлшері 10-25 миллион тоннаға дейін жетеді. Жылына жасыл өсімдіктер 20 миллион тоннадай көміртегін, 1-1,5 миллион тоннадай азот сіңіреді.

Атмосферада азоттың газ күйіндегі қоры мол болғанымен, онымен өсімдіктер қоректене алмайды. Олар топырақта болатын азоттың әр түрлі формаларының ішінен, тек минерал күйіндегі азотты сіңіре алады. Жалпы табиғатта азот айналымының төрт кезеңін байқауға болады. Олар: аммонофикация, нитрификация, денитрификация және атмосфера азотын микроорганизмдердің тікелей сіңіруі. Осы процестердің әрқайсысында өзіндік ерекшеліктері бар микроорганизмдер қатысады.

Белокты заттардың минералдануы

(аммонификация)

Клетка протоплазмасының құрамдас бөлігі белоктар болып саналады. Оның негізгі көзі - өсімдіктер, жануарлар, және микроорганизмдер. Бұлардың өлекселері топыраққа түскеннен кейін, ондағы микроорганизмдердің әсерінен шіри бастайды. Соның нәтижесінде аммиак бөлінеді. Міне, азоттың осындай жолмен минералдануын оның аммонификациясы деп атайды. Бұл процеске бактериялар ғана емес, микроскоптық саңырауқұлақтар, актиномицеттер де белсене қатысады.

Табиғатта аммонификация процесінің бастапқы кезінде спора түзбейтін таяқша бактериялар қатысса кейіннен спора түзетін - бацилла түрлері қатысады. Органикалық заттар ыдырағанда одан біраз мөлшерде энергия бөлінеді. Ал белок ыдырауының өнімі болып табылатын амин қышқылдары микроорганизмдер цитоплазмасының құрамына енеді.

Белоктар аэробты және анаэробты бактериялардың, актиномицеттердің, саңырауқұлақтардың әрекетінен ыдырайды. Мұның ішінде ең белсенділері : Бациллус (Б.Микойдес, В.Цереус, В.Субтилис), Псеудомонос (П.Флуоресценс, П.Аэрогеноза), Клостридиум (К.Спороченес, К Футрификус) туыстарының микробтары.

Белок өзара белгілі тіртіппен орналасқан аминқышқылдарынан тұрады. Оның құрамында 20 амин қышқылы болады. әрбір 20 амин қышқылы аяқталысымен оның жаңа тізбектері басталады. Құрамына қарай белоктар жай және күрделі болып бөлінеді. Гидролизденгенде жай белоктардан амин қышқылдары түзелсе, күрделі белоктан, амин қышқылдарынан басқа, органикалық және органикалық емес өнімдер пайда болады. Күрделі белокқа нуклеопротеидтер, мукопротеидтер, металлопротеидтер және гликопротеидтер жатады. Азот қосылыстары ортада аминдер түрінде болса, оларда амин қышқылдарына ыдырайды. Мәселен , аспаргин аспарагиназа ферментінің әсерінен аспоргин қышқылына айналады:

(H2N) CH2.CHNH2.COOH + H 2O  NH3 + HOOC,CH2.CHNCOOH

аспарагин аммиак аспарагин қышқылы

Белоктар аэробты жағдайда ыдырағанда одан көмір қышқыл газы, аммиак, сульфат және су пайда болады. Ал анаэробты жағдайда одан аммиак, аминдер, көмір қышқыл газы, органикалық қышқылдар (май және аса ұнамсыз иісті заттар - бензол, ферулин т.б.), аса ұнамсыз иісті меркапандар және индол, скатал, күкіртті сутегі заттардан бөлінеді. Мұны көбінесе белокты тағамдар бұзылғанда байқауға болады. Мал организмінде белок толық минералданбайды. Сондықтан малдың көңі алдын-ала шіріп, өзгеріске түспейінше өсімдіктерге сіңімсіз болады. Көңнен бөлінетін нитраттар өсімдіктерге аса пайдалы, сіңімді заттар.

Гумус заттары + О2  СО2 + Н2О + NН3 аммиак

Қарашіріктің ыдырауы барысында одан бірнеше қышқылдар (гумин, ульмин, крен) түзеледі. Бұл қышқылдардың топырақ құрамын жасауда зор маңызы бар. Қарашіріктің ыдырауы барысында одан бірқатар биотикалық заттар бөлінеді. Олар топырақ микроорганизмдерінің тіршілігіне қолайлы жағдай жасайды.



Мочевинаның аммонификациялануы.

Адам мен жануарлардан бөлінетін құрамында азоты бар заттардың біріне мочевина жатады. Адам несібесінде оның мөлшері 2%, ал сиыр несебінде 5% дейін барады. Ересек адам тәуілігіне 30-50 грамға дейін мочевина бөліп шығарады. Мочевина тіршілік барысында саңырауқұлақтардан да бөлінеді. Мочевинаның құрамында 47 проценттей азот бар. Мочевина күйінде азот өсімдіктерге сіңбейді. Ол тек уробактериялардың көмегімен ғана ыдырайды. Бұл бактериялардың шар тәрізді және сарцина сияқты. Таяқша бактериялардан мочевинаны жақсы ыдырататыны – бациллус проватус. Ол бір литр ерітіндідегі 140г. дейін мөлшердегі мочевинаны ыдыратады. Ал шар тәрізді уробактериялар - планосарцина уреа. 30г.- ға дейін ғана мочевина ыдыратады.

Уробактериялар аэробты организмдер . Орта реакциясы аздап сілтілеу болса оларға тіпті қолайлы.

Мочевина ыдырауы аса күрделі процесс емес. Негізінен ол уробактериялар клеткасында кездесетін уреаза ферментінің әсерінен ыдырайды:



NH2

СО + 2Н2О = /NH4/ 2CO3

NH2 көмір қышқыл

мочевина аммиак тұзы

Ыдырау барысында пайда болған көмір қышқылы аммиак тұзына, одан әрі көмір қышқыл газы мен аммиак және суға ажырайды:

/NH4/ 2CO3 = 2 NH3 + CO2+ H2O

Мочевина азоты мол болғандықтан минерал ретінде егіншілікте кеңінен қолданылады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Микроорганизмдердің азотсыз оргникалық заттарды өзгеріске ұшыратуы.

  2. Ашу процесі.

  3. Спирттік ашу процесі.

  4. Пентозафасфат жолы.

  5. Сүт қышқылды ашу процесі.

  6. Май қышқылды ашу процесі.

  7. Пропион қышқылды ашу процесі

  8. Микроорганизмдердің көміртегі қосылыстарын тотықтыруы.

  9. Көмір сутегінің тотығуы.

  10. Этил спиртінің сірке қышқылына тотығуы.


Тест тапсырмасы:

1. Спора түзетін бактерияларды қалай атайды?

А. Стрептококкалар

Б. Сарциналар

В. Стафилококкалар

Г. Бациллалар

Д. Бактериялар

2. Шар тәрізді бактериялар

А. Диплобациллалар

Б. Бациллалар

В. Стрептококкалар

Г. Микобактериялар

Д. Аталғандардың барлығы

3. Үтір тәрізді бактериялар

А. Спираллалар

Б. Спирохеталар

В. Микобактериялар

Г.Вибриондар

Д. Диплококкалар

4. Клетка қабығы неден тұрады?

А. Капсулалар

Б. Зооглеядан

В. Шырышты заттардан

Г. Цитоплазмадан

Д. Ядродан

5. Қанты мол ортада шырыш қабықшалар қалыңдап не түзіледі?

А. Цитоплазма

Б. Ядро


В. Муреин

Г. Капсула

Д. Клетка қабықшасы

21 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы:

Топырақтағы органикалық заттардың нитрификациялануы. Галофилді микроорганизмдер. Сәулелердің микроорганизмдерге әсері.
ОБСӨЖ жоспары:

Нитрлендіру процесі.

Денитрлендіру процесі.

Микроорганизмдердің молекула күйіндегі азотты сіңіру түйнек бактериялары.

Су ионы концентрациясының микроорганизмдерге әсері.



ОБСӨЖ мақсаты:

Микроорганизмдердің молекула күйіндегі азотты сіңіру жолдарына, органикалық заттардың нитрленуіне, денитрленуіне олардың ерекшеліктеріне мәлімет беру.

Пайдаланатын әдебиеттер :

а) негізгі :

1. Гусев М.В, Минеев Л.А. Микробиология.- М.:Изд Москва ун-та, 1985.

2. Колешко О.И. Микробиология.-Минск:Бышэйшая школа, 1977.

3. Кратки определитель бактерий Берги.-М.: Мир, 1980.

Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.

Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.

Шоқанов Қ.Н. Микробиология. Алматы, “Санат”,1997.

Құлдыбаев М. Ауыл щаруашылық микробиологиясы. Алматы, “Білім”,1994.

Генкель П.А. Микробиология с оснсвами вирусологии. Учеб. Пособие для студентов биол. фак. пед. Ин-тов. М., “Просвищение”,1974.271с.

б )қосымша әдебиеттер

Аристовская Т.В. Микробиология процессов почвообразования. –Л.: Наука,1980.

Биотехнология.-М.: Наука,1984.

Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.

Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.

ОБСӨЖ мазмұны:

Органикалық заттар топырақта ыдырағанда оның құрамындағы аммиак азоты қышқылға шапшаң тотығады. Азотты қышқыл тиісінше азот қышқылына айналады. Осы құбылысты нитрификация деп атайды. Ал бұл процеске белсене қатысатын организмдер – нитрификациялаушы бактериялар. С.Н. Виногарадский нитрификация процесі екі сатыда жүреді деген пікір айтты. Бірінші топтағы бактериялар аммиакты азотты қышқылға дейін тотықтырады, бұл нитрификацияның бірінші кезеңі, ал екіншісі – азотты қышқылдың азот қышқылына дейін тотығуы.

Нитрификацияға қатысатын бактериялар негізінен төрт туысқа жатады: нитрозомонас, нитрозоцистис, нитроспора және нитробактер.

Нитрозомонос – пішіні сопақша, мөлшері 1,5 мкм, микроспора түзбейді, қозғалғыш топырақта таралған.

Нитрозоцитиз- пішіні шар тәрізді, клеткалары шоғарланып орналасқан, сыртына шырыш қабықшасы – копсуласы бар.

Нитрозоспора – спирал тәрізді, ұзыны 20 микрондай. Көбінесе тың жерлерде тіршілік етеді.

Нитробактер - ұзыны бір микрондай, таяқша бактериялар. Спора түзбейді, анаэробты жағдайда жақсы өніп-өседі. Нитрификация процесінің осы бактериялардың қатысуымен жүруін мынадай схемамен көрсетуге болады.

а) 2NH3 + 3O2 = 2HNO2 + 2H2O

б) 2 HNO2 + О2 = 2 HNO3



Денитрификация

Белгілі бір жағдайларда, мәселен көміртегіне бай органикалық заттар шамадан тыс мол болған жағдайда, топырақта азот қышқылы тұздарының азайып кететіні анықталды. Бұл кезде топырақта жүретін процестердің нәтижесінде, азот тотығына (нитраттар, нитриттер), түрлі азотты тотыққа одан барып молекулалы азотқа айналады. Бұл процесті денитрификция, яғни нитрификацияға қарама – қарсы процес деп аталады. Бұл топырақта азот қорының азаюына әкеліп соқтыратын зиянды құбылыс.

Денитрификацияның тікелей немесе жанама жолдармен жүретін түрлері бар. Денитрификация тікелей жүргенде ол биологиялық жолмен, ал жанама жүргенде – химиялық жолмен жүреді. Биологиялық денитрификацияның өзі ассимиляторлық және диссимиляторлық болып екіге бөлінеді. Ассимиляторлық денитрификация кезінде азот қышқылы тұздары – нитраттар аммиакқа дейін тотықсызданады. Бұл құбылыс өсімдіктер мен микроорганизмдерге тән. Ал диссимиляторлық денитрификация кезінде нитраттар ауадағы оттегінің орнына органикалық заттарды тотықтырушы ретінде жұмсалады. Бұл процесс микроорганизмдерді қажетті энергиямен қамтамасыз етеді. Мұны кейде нитраттық тыныс алу деп атайды.

Молекула күйіндегі азоттық сарқылмас қоры атмосфера азоты. әр шаршы километр жердің бетіндегі ауада 8 млн. тоннадай азот бар. Бірақ осындай мол қорды өсімдіктер де , жануарлар да пайдалана алмайды. Мұны тек микроорганизмдердің ерекше бір тобы сіңіріп, органикалық азотқа айналдыратын қабілеті бар. Жеке өздері тіршілік ете отырып, ортаны азотқа байытатын микроорганизмдер барлығын 1888 жылы француз ғалымы Жарден анықтаған болатын. Ол ішінде азотсыз органикалық заттары бар, сырттан ешқандай азот көзі қосылмаған ыдыста микроорганизмдер ал қалса, ортаны азотқа байытатын дәлелдеді.

1885 жылы француз ғалымы М.Бертло дәл осындай құбылысты топырақтан байқады.

Азот сіңіретін микроорганизмдердің таза культураларын алғаш рет С.Н. Виноградский (1893) бөліп алған болатын. Ол анаэробты спора түзетін таяқша бактериялар. Аты - Glostridium pаsteurianum. Ол топырақта еркін тіршілік етеді, таяқша тәрізді өскен клеткалары спора түзетін анаэроб бактериялар. 1901 жылы Бейерник ашқан азобактер микробы да атмосфера азотын сіңіре алады. өскен клеткалары ірі шар тәрізді, қозғалғыш, шырыш қабық - капсуламен қоршалған. Бұлардың қазір бірнеше түрі белгілі. Олардың ішінде азотобактер агилес түрлері біршама жақсы зерттеледі. Азотобактердің барлығы дерлік аэроб бактериялар.

Мұнда өсімдіктер тамырына енетән түйнек бактериялары олардың тамыры бөлетін органикалық қосылыстармен қоректенеді, ал өсімдіктер байланысқан азотты қабылдайды.

1888 жылы бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырынан Ризовиум туысына жататын түйнек бактерияларын М.Бейерник бөліп алып, зерттеген болатын. Бұлар гром теріс, спора түзбейтін аэробты, таяқша тәрізді қозғалғыш бактериялар. Ол бактериялардың өсе келе көлемі үлкейеді, жуандайды. Мұндай клеткаларды бактероидтер деп атайды. Түйнек бактериялардың тіршілік ортасында витамандер, түрлі өсуді қолданушы заттар мол болғанда жақсы өніп- өнеді. Олар үшін орта реакциясы (зР) 6,5-7,5 шамасында болғаны дұрыс, ал қолайлы температурасы 24-26 градус жылылық болып есептеледі.

Табиғатта таралған өсімдіктердің көптеген өнімдерінде микориза болатыны анықталды. Бұл - өсімдік қабықтарына жабысып, бірлесіп өскен саңырауқұлақтар. Микоризалар эктотрофты және эндотрофты болып бөлінеді. Бұл саңырауқұлақтардың өніп-өсуі, даму циклі көпшілік жағдайда түйнек бактерияларына тым ұқсас. Олардың кейбір жағдайда атмосфера азотын сіңіре алатыны анықталып отыр. Бірақ бұл саңырауқұлақтар жеке тіршілік
Бақылау сұрақтары:

1. Нитрификацияға қатысатын бактериялар?

2. Денитрификацияның тікелей немесе жанама жолдары?
22 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы:

Микроорганизмдермен күкірт, фосфор және темір

қосылыстарының өзгеріске ұшырауы.



ОБСӨЖ жоспары:

Фосфор қосылыстарының өзгерістері.

Күкірт қосылыстарының өзгерістері.

Темір қосылыстарының өзгерістері.

ОБСӨЖ мақсаты:

Микроорганизмдермен күкірт, фосфор және темір

қосылыстарының өзгеріске ұшырау жодлдарымен, олардың ерекшеліктерінге мәлімет беру.



Пайдаланатын әдебиеттер :

а) негізгі :

1. Гусев М.В. , Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.

2. Колешко О.И. Микробиология.-Минск:Бышэйшая школа, 1977.

3. Кратки определитель бактерий Берги.-М.: Мир, 1980.

Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.

Шоқанов Қ.Н. Микробиология. Алматы, “Санат”,1997.

Құлдыбаев М. Ауыл щаруашылық микробиологиясы. Алматы, “Білім”,1994.

Генкель П.А. Микробиология с оснсвами вирусологии. Учеб. Пособие для студентов биол. фак. пед. Ин-тов. М., “Просвищение”,1974.271с.



б )қосымша әдебиеттер

Аристовская Т.В. Микробиология процессов почвообразования. –Л.: Наука,1980.

Биотехнология.-М.: Наука,1984.

Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.

Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.

Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.

Жизнь микробов а экстрмальных условиях.-М.: Мир, 1981.

ОБСӨЖ мазмұны:

1. Фосфор қосылыстарының өзгерістері. Өсімдіктер тіршілігінде азаттан кейін фосфордың маңызы зор. Ол көбінесе топырақта, өсімдіктерде, микроорганизмдер клеткасында, органикалық және органикалық емес қосылыстарда көп кездеседі. Фосфор – клеткадағы ең қажетті элемент. Ол тіршлікті жалғастырушы және тұқым қуалаушылықты анықтаушы нуклеин қышқылдарының құрамында болады. Тірі организмде ол тотыққан, яғни фосфат күйінде болады. Жалпы топырақта фосфордың ұшырауы екі процестен тұратыны мәлім. Оның біріншісі - органикалық фосфордың минерал қосылысқа айналуы да. Екіншісі фосфор қышқыл тұздарының ерімейтін қосылыстан ерігіш күйге көшуі.

Фосфордың органикалық формалары түрлі микроорганизмдер көмегімен ыдырайды. Бұл процеске псевдомонос және бациллус туыстарына кіретін бактериялар мен пенициллум, аспергиллус, ризопус, альтернария туысына жататын саңырауқұлақтар және актиномицеттердің бірқатар өкілдері қатысады. Кейде бұл процеске ашытқылардың да қатысатыны бар. Органикалық фосфордың микроорганизмдер көмегімен ыдырауы мына схема бойынша жүреді.Нуклепротеид  нуклеин  нуклеин қышқылынуклеотид  фосфор қышқылы. Органикалық фосфор ыдырағанда олардың біраз мөлшері микроорганизмдер клеткасында қалып қояды.

Ал қалған бөліктері топырақта кездесетін басқа элементтермен байланысып, өсімдіктерге сіңімсіз күйге айналуы ықтимал. Фосфордың органикалық емес қосылыстары, топырақта ерімейтін кальций фосфаты күйінде ( апатит, оксиапатит, фосфорит) болады. Олар көбінесе реакциясы бейтарап немесе сілтілі топырақта мол кездеседі. Бұл тұздар әрине өсімдіктерге сіңімсіз күйде болады. Бірқатар микроорганизмдер фосфор қышқылының ерімейтін қосылыстарын еритін күйге айналдыра алады. Бұларға түрлі актиномицеттер, саңырауқұлақтар және бактериялар жатады. Органикалық заттар ыдырағанда немесе тыныс алу барысында болған көмір қышқыл газы су бар жерде көмір қышқылына айналады да, ерімейтін фосфаттардың тез еруіне әсерін тигізеді. Бұл процесті мынадай формуламен көрсетуге болады:

Са3(РО4)2 + 2СО4 + 2Н2О  2Са НРО4 + Са (НСО3)2

Кейбір жағдайда фосфаттар топырақтағы нитрификацияланушы бактериялардың әсерінен пайда болған азот қышқылының әрекетінен де ерігіш күйге көшеді. Ал фосфордың сінімсіз қосылыстарын ыдырататын топырақ микроорганизмдері де табылады. Бұларды бірінші Р.А. Мелькина тауып, зерттеді. Оны Бациллус мегатериум деп атады. Олар фосфордың күрделі қосылыстарынан өз бойында кездесетін фосфотаза деп аталатын ферменттің көмегімен фосфор қышқылын босата алады екен. Ал мұндай фосфорды өсімдіктер оңай сіңіре алады. Бациллус мегатериум спора түзеді, пішіндері таяқша тәрізді, ұзындығы 2,5-3,5 микрон шамасында. Бастапқы өсу дәуірінде олардың клеткалары жеке болғанымен кейіннен жалғасып, тізбектеле бастайды.

Күкірт қосылыстарының өзгерістері. Табиғатта кездесетін күкірт қосылыстарының өзгерістері негізінен екі процеспен жүреді. Бірінші –күкірттің органикалық және органикалық емес қосылыстары күкіртті сутегіне дейін тотықсызданады. Екінші – осылай тотықсызданған күкірт қосылыстары молекула күйінде күкірт пен күкірт қышқылына дейін тотығады.

Күкірт тірі организмдер клеткасында кездеседі. Ал өсімдік қалдықтары, жануарлар өлекселері топырақта ыдыраған кезде, одан күкірт көбінесе күкіртті сутегі ретінде бөлініп шығады. Көбінесе күкіртті сутегі құрамында күкірт элементі бар белокты заттар ыдырағанда, яғни шірігенде пайда болады. Бұған шіріту бактериялары қатысады. Сонымен қатар күкірттің әр түрлі қосылыстары (SO2, SO3, H2S) түрлі вулкандар атқылауы кезінде газ күйінде бөлініп, атмосфераға таралады.

Күкірттің тотықсызданған органикалық емес қосылыстарының тотығуы, бірқатар автотровфы және гетеротрофты микроорганизмдер көмегімен жүреді. Бұларға Тиобациллус, Бегиотта, Тиотрикс туысына жататын жіпше бактериялар мен фотосинтез деуші жасыл және қошқыл бактериялар жатады. Жіпше бактериялар көбінесе балшықыт суларда кездеседі. Ал фотосинтездеуші бактериялар жай суларда, тағамдарда, теңіздің жойылма суында, көлдерде тіршілік етеді.

Тиобациллус туысына жататын бактериялар 1902 жылы Неополитан шығанағынан табылды. Олар тиосульфатты күкіртті сутегін, сульфидтерді тотықтыра алады. Бұлар спора түзбейді, ұзындығы 1-3 микрон шамасында. Олардың көпшілігі жіпшелер көмегімен қозғала алады.

Бұл бактериялардың клеткасында пигмент кездеседі. Оны бактериопурпурин деп атайды. Ол қажетті органикалық заттарды екі жолмен синтездейді. Бірінші жолы – хемосинтез, екіншісі - фотосинтез. Қошқыл бактериялардың ішінде күкірт сутегін күкірт қышқылына дейін тотықтыра алмайтын, сөйтіп өз бойына органикалық заттарды жинай алмайтын топтар да кездеседі. Ол органикалық заттарды , тек фотосинтез көмегімен жинақтай алады. Табиғатта кездесетін күкіртті сутегі тион бактериялары молекула күйіндегі күкіртті күкірт қышқылына дейін тотықтыра алады, бірақ олар өз клеткасына күкірт жинамайды. Олар кермек және тұщы суларда, топырақта кең тараған, спора түзбейтін өте ұсақ таяқшылар, пайда болған күкірт қышқылы топырақтағы кейбір қосылыстарды ерітіп, пайдалы сіңімді күйге айналдыруға көмектеседі.

Темір қосылыстарының өзгерістері.

Темірдің органикалық қосылыстарын микроорганизмдер ыдырата алады. Сонда молекуланың органикалық бөлігін микроорганизмдер өз қажетіне жаратса темір жеке күйінде ортаға бөлініп шығады. Бұл процесс көбінесе аэробты жағдайда, темірдің гидрит тотығы түрінде бөлінеді.

1888 жылы С.Н.Виноградский Лептотрикс туысына жататын бактериялар темірдің шала тотығының тұзын оның жай тотығына айналдыра алатынын анықтаған. Бұл процесс бактерияларға қажетті энергия көзі болып есептеледі.

Сонда реакция мына төмендегіше жүреді:

2РеСО3 + Н2О + Y2О2 =2Ре(ОН)3 + 2СО2 + 29 ккал.

Кейде осындай гидрат тотықтар көп жиналып, су ағатын құбырды бітеп қалатын да жағдай болады. Темір бактерияларының ішінде шар тәрізді, таяқша тәізді және жіпше тәрізділері де кездеседі.

Тест тапсырмасы:

1. Бактерия клеткасын бояуды ұсынған ғалым

А. Л. Пастер

Б. Грам


В. Р.Кох

Г. И.Мечников

Д.Н. Виноградский

2. Боялған клеткалар қалай аталады?

А. Грам оң

Б. Грам теріс

В. Липидтер

Г. Сахаридтер

Д. Аталғандардың барлығы

3. Мембрананың ойысуынан не түзіледі?

А. Цитоплазма

Б. Мезосома

В. Лизосома

Г. Ядро


Д. Вакуолья

4. Боялмаған клеткалар қалай аталады?

А. Грам оң

Б. Грам теріс

В. Липидтер

Г. Сахаридтер

Д. Аталғандардың барлығы

5. Клетка қабықшасында бояуды сіңіріп, ұстап тұратын зат

А. Липидтер – сахоридтер

Б. Белоктар – майлар

В. Глюкопептид - муреин

Г. Лизосома

Д. Аталғандардың барлығы

23 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы:

Микроорганизмдерді мал азығын даярлауға қолдану. Микроорганизмдерге акрилдердің әсері. Микроорганизмдердің қышқыл ортаға төзімділігі.
ОБСӨЖ жоспары:

  1. Оңай сүрленетін өсімдіктер.

  2. Қиын сүрленетін өсімдіктер.

  3. Жеке сүрленбейтін өсімдіктер.

  4. Микроорганизмдерге ауыр метал тұздарының әсері.
ОБСӨЖ мақсаты:

Микроорганизмдерге ауыр метал тұздарының әсерін, микроорганизмдердің мал азығын даярлаудағы маңыздылығын, микроорганизмдердің қышқыл орталарға төзімділік қасиеттеріне толық мәлімет беру.

Пайдаланатын әдебиеттер :

а) негізгі :


  1. Гусев М.В. , Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.

  2. Cтейниер Р., Эдельберг Э., Ингрем Д. Микр микробов: в 3-х т . М. Мир 1979

  3. Шлегель Г. Общая микробиология М: Мир 1987 567 стр

  4. Шигаева М.Х. Экология бактерий Учебное пособие А. Наука 2002 170 с.

  5. Березин В.Э. Основы вирусологии Учебное пособие . А. Наука 2002

  6. Заварзин Г.А. Колотилова Н.Н. Введание в природоведческую микробиологию Учебное пособие Книж дом Унив 2001 г. – 256 с.

  7. Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.

  8. Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.

  9. Пименова М.Н. Гречушкина И.Н. Азова Л.Г. Руководства к практическим занятием по микробиологии – М.МГУ 1983 302 стр.

Қосымша

  1. Бродо П. Плазмиды . М. – Наука 1989 , 688 с.

  2. Букринская А.Г. Вирусология М. Наука 1986 326 с.

  3. Готтшалк Г.А. Метобализм бактерий М. Мир 1982 г. 310 с.

  4. Елинов Н.П. Химимческая микробиология М. Выш школа 1989 г. 448 с.

  5. Елинов Н.П. Основы биотехнологии – СПб Наука 1995 600с

  6. Калакуцкий Л.В. Агре Н.С. Развитие актиномицетов – М. МГУ 1983 177с

  7. Кондратьева Е.Н. Хемолитотрофы и метилотрофы М. МГУ 1983 г.

  8. Перт С.Дж Основы культивирование микроорганизмов и клеток М.Мир 1978 г.

  9. Шигаева М.Х. Цзю В.Л. Систематика бактерий – А. КазНУ 140 стр.

  10. Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.

  11. Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.

  12. Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.

  13. Жизнь микробов а экстрмальных условиях.-М.: Мир, 1981.
ОБСӨЖ мазмұны:

Мал азығын консервілеу микробиологиясы.

Шырынды азық дайындау үшін қазіргі кезде сүрлеу әдісін қолданады. Сүрлеу дегеніміз-микробиологиялық және химиялық факторларды пайдалана отырып, жемшөпті маңызды биологиялық қосылыстармен байыту және консервілеу. Сүрлеудің жемшөп сақтаудың басқа тәсілдеріне қарағанда, сүрлемде шырын көр болады және онда қоректік заттардың көптеген мөлшері жақсы сақталады, азық микроорганизмдер тіршілігінен түзілген физиолоогиялық жағынан малға пайдалы қосылыстармен байиды. Сүрлем дайындаудың 2 түрі білгілі: жемшөпті “салқын” әдіспен сүрлегенде температураның +30-35 градустан аспауы тиіс. Бұл үшін жемшөпті тез арада шауып алып, турап, траншеяға салып, нығыздап, бетін қымтап тастайды. Сонда азықтағы қантты пайдалана отырып сүтқышқылы бактериялары орта 1,5 % -ке дейін сірке қышқылын түзеді. Бұл азықты ұзақ уақыт консервілеуге жеткілікті. Салқын тәсілмен салынған сүрлем 8-10 күн ішінде малға беруге дайын болады. Оның түсі жасыл сары, исі тұздалған көкөніс немесе жеміс иісіндей болады. Мал оны сүйсініп жейді.

“Ыстық” тәсілмен сүрленгенде траншеяны азыққа бірден толтырмайды. Алдымен жемшөпті қалыңдығын 1,5 м етіп алады да, 1-2 күн нығыздамай, сол күйінде қалдырады. Сонда мұндай шөп өздігінен қыза бастайды да температурасы 45-500С-қа дейін көтеріледі. Содан соң оның үстіне тағы да қылыңдығын сондай етіп шөп салады. Осы шөп салмағының әсерінен төменгі жемшөп нығыздалады. Ал беткі қабат тағы да қызады. Осылай жемшөпті қабат-қабат етіп салып, сүрлем қоймасын толтырады. Сөйтіп сүрлемді жақсылап нығыздап, ауа бармайтындай етіп қымтап жауып тастайды. Жоғары температурада, азықтағы қант бос амин қышқылдарымен байланысып, мелоидин деп аталатын, мал организміне жұғымсыз күйге айналады. Сондықтан “ыстық” тәсіл қазір тиімсіз деп табылады, практида қолданылмайды.

Сүрлем мәселесін ұзақ жылдар зерттеген көрнекті ғалым, профессор А.А.Зубрилин өзінің “қант минимумы” теориясын ұсынды. Ғалымның анықтауы бойынша сүрленетін жемшөпте рН-ты 4,2-ге жеткізуді қамтамасыз ететін сүт қышқыл түзілуіне қажетті қанттың проценттік мөлшерін “қант минимумы” деп атайды. Бұл теория бойынша әр өсімдіктің сүрлену дәрежесін оның құрамындағы қанттың мөлшеріне қарап алдын-ала білуге болатыны анықталады. Осы теорияның көмегімен барлық өсімдіктерді олардың сүрлену дәрежесіне қарай 3-ке бөлінеді.



Оңай сүрленетін өсімдіктер. Бұған жүгері, сорго, күнбағыс, капуста, қарбыз, асқабақ т.б. жатады. Бұл өсімдіктердегі қант мөлшерінен әлдеқайда асып түседі. Екінші сөзбен айтқанда бұл азықтардағы қант мөлшері “қант минимумынан” көп.

Сүрленуі қиын өсімдіктер. Бұған сиыржоңышқа, қызылбас, беде, картоп, қант қызылшасы, қамыс, жусан т.б. өсімдіктер жатады. Мұнда сүрлемге қажетті сүт қышқылын түзетін қант мөлшері өсімдіктердің сүрленуіне жеткілікті мөлшерде ғана болады. Өсімдікті сүрлеген кезде онда қанттың барлығынан қышқыл түзілмейді. Өйткені, сүт қышқылы бактериялары да өздерінің тіршілігі барысында қантпен қоректенеді. Соның нәтижесінде ашыған қанттан сүрлемді сақтаған кезде бұзбай ұстап тұра алатын қышқыл жинамайды. Сондықтан бұл топтағы өсімдіктерден сапалы сүрлем алу үшін, сүрлеудің арнаулы тәсілдерін (хим. Жолмен консервілеу, бұқтыру, бактериялы ашытқылар қосу т.б.) қолданылады.

Жеке өздері сүрленбейтін өсімдіктер. Бұған жантақ, мия, қалақай, соя, помидор, қауын-қарбыз пәлектері жатады. Бұл өсімдіктерде қант өте аз болғандықтан, қажетті қышқыл жинамайды. Жалпы сапалы сүрлем алу үшін “қант минимумы” теориясына сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген өсімдіктерді мынадай тәртіпте сүрлеу керек: а) оңай сүрленетін өсімдіктерді жеке күйінде сүрлеуге болады; б) сүрлеуі қиын өсімдіктерді бактериялы ашытқылар қосып сүрлеуге және химиялық препараттар қолданып консервілеуге болады; в) ал жеке өздері сүрленбейтін өсімдіктерді тек оңай сүрленетін өсімдіктермен араластырып сүрлеуге болады. Бірақ бақша дақылдары пәлектеріне мұндай ара салмақ мүлде жеткіліксіз. Сондықтан олардың 1 бөлігіне кем дегенде 5 немесе 6 бөлік оңай сүрленетін өсімдіктер қосу керек. Дақылдарды сүрлегенде сүт қышқылы бактериялары тіршілігінің нәтижесінде рН көрсеткіші 3,7-ге дейін төмендеп, азық шамадан тыс қышқылданып кетеді. Ал, мұндай сүрлеммен азықтандырылған мал түрлі ауруларға шалдығады. Мұны болдырмас үшін ашыған сүрлемді тұщыту тәсілдерін қолданады. Сүрлемге түрлі бұршақ тұқымдас шөптердің ұндарын қосады, мал азығындық фосфаттарды, кальций мен натрий тұздарын араластырады. Сода ерітіндісі сүрлемнің қышқылдығын едәуір бәсеңдетеді. Оның ерітіндісін бүріккен соң 1 сағат кейін малға беруге болады. Сода ерітіндісі сүрлемдегі артық қышқылды байланыстырады да, Na, Ca тұздары түзіледі. Сонда азық дәмденеді де мал организміне зиянсыз болады.

Әрине, әр топтағы сүт қышқылы бактерияларының сүрлемде тіршілік ететіндері бәрі бірдей өнім бермейді. Ортада жиналатын ашудың өнімдеріне қарай сүт қышқылы бактерияларын 2-ге бөледі.



  1. гомоферментативті сүт қышқылы бактериялары, өсімдік қантынан 98%-ке дейін

сүт қышқылын түзеді.

  1. гетероферментативті сүт қышқылы бактериялары, өсімдік қантынан 96%-тей сүт

қышқылын түзеді де, қалғандары сірке қышқылы, көмірқышқылы газы және аз ғана мөлшерде спирт үлесіне тиеді.

Өсімдіктердің құрамындағы 6 мүшелі гексоза қантынан басқа 5 мүшелі пентоза қанты да кездеседі. Ал, пентоза қанты бар сүрлемде міндетті түрде сірке қышқылы пайда болады. Сүрлемдегі сүт қышқылы бактериялары көбінесе мозофиль тобына жатады және олар 250 жылуда жақсы өседі. Азық температурасы 55-600 көтерілгенде спора түзе алмайтын болғандықтан сүт қышқыл бактериялары қырылып қалады.

Өндірісте бұлардың 3 түрі ұсынылып отыр. Олар: Амилометикалық сүт қышқылы стрептококкы, проплон қышқылы бактериялары, Лактобацимус Плактарум дайын препатраты – “Силоплант-34” және ацикодокальдарин. Құрамында қанты мол, оңай сүрленетін азықтар үшін амилометикалық сүт қышқылы (АСҚ) және пропион қышқылы бактериялары (ПҚБ) қосып қолданылады. Мұндағы мақсат – жүгері сүрлемінің шамадан тыс қышқылдануын тежеу және В12 тобындағы витаминдермен азықты байыту. Бұндай сүрлеммен азықтандырылған мал, әсіресе сауын малы түрлі асқазан ауруларына (ацидоз, китоз т.с.с.) шалдықпайды, олардың төлдері сау болады, өнімділігі қыс кезінде төмендейді.

Ал, Лактобациллус Плантарум – “Силоплант-34”, әсіресе бұршақ тұқымдас, т.с.с. белокты өсімдіктерден пішіндеме немесе сүрлем дайындауда қолдану ұсынылып отыр. Бұл сүт қышықылы бактериялары азықтағы аз мөлшерде болса да кездесетін қанттарды барынша тиімді пайдаланып, одан жемшөп консервілейтін органикалық қышқылдар (сүт және сірке қышқылы) түзеді. Соның арқасында май қышқылының жиналуы, белок заттарының ыдырап, ысырапқа ұшырауы күрт азаяды. Осы микроорганизмдердің көмегімен әрбір тонна консервіленген азықтан 40-50 азық мөлшерін артық сақтап қалуға жол ашылды.



Бақылау сұрақтары:

1. Мал азығын консервілеу микробиологиясының маңызы?



2.Салқын және ыстық пен әсер ету әдістері?

3. Оңай сүрленетін өсімдіктер?

4. Сүрленуі қиын өсімдіктер?

5. Сүт қышқылы бактериялары?

6. Жеке өздері сүрленбейтін өсімдіктер?

24 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы:

Топырақ микробиологиясы. Сапрофиттер. Паразиттер.
ОБСӨЖ жоспары:

1.Топырақ түзілу процесі және топрырақта микроорганизмдер қауымының қалыптасуы

2. Топырақтың негізгі қасиеті



  1. Топырақтағы микробиологиялық процестер.

  2. Сапрофит, паразит организмдер.
ОБСӨЖ мақсаты:

Микроорганизмдердің топырақ түзудегі алатын орнын, олардың қауымдастығы жайында, микробиологиялық процестер туралы және организмдердің маңыздылығына толық мәлімет беру.

Пайдаланатын әдебиеттер :

а) негізгі :

        1. Гусев М.В. , Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.

        2. Cтейниер Р., Эдельберг Э., Ингрем Д. Микр микробов: в 3-х т . М. Мир 1979

        1. Колешко О.И. Микробиология.-Минск:Бышэйшая школа, 1977.

  1. Шлегель Г. Общая микробиология М: Мир 1987 567 стр

  2. Шигаева М.Х. Экология бактерий Учебное пособие А. Наука 2002 170 с.

  3. Березин В.Э. Основы вирусологии Учебное пособие . А. Наука 2002

  4. Заварзин Г.А. Колотилова Н.Н. Введание в природоведческую микробиологию Учебное пособие Книж дом Унив 2001 г. – 256 с.

  5. Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.

  6. Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.

  7. Пименова М.Н. Гречушкина И.Н. Азова Л.Г. Руководства к практическим занятием по микробиологии – М.МГУ 1983 302 стр.

  8. Құлдыбаев М. Ауыл щаруашылық микробиологиясы. Алматы, “Білім”,1994.

  9. Генкель П.А. Микробиология с оснсвами вирусологии. Учеб. Пособие для студентов биол. фак. пед. Ин-тов. М., “Просвищение”,1974.271с.

  10. Қосымша

  11. Бродо П. Плазмиды . М. – Наука 1989 , 688 с.

  12. Букринская А.Г. Вирусология М. Наука 1986 326 с.

  13. Готтшалк Г.А. Метобализм бактерий М. Мир 1982 г. 310 с.

  14. Елинов Н.П. Химимческая микробиология М. Выш школа 1989 г. 448 с.

  15. Елинов Н.П. Основы биотехнологии – СПб Наука 1995 600с

  16. Калакуцкий Л.В. Агре Н.С. Развитие актиномицетов – М. МГУ 1983 177с

  17. Кондратьева Е.Н. Хемолитотрофы и метилотрофы М. МГУ 1983 г.

  18. Перт С.Дж Основы культивирование микроорганизмов и клеток М.Мир 1978 г.

  19. Шигаева М.Х. Цзю В.Л. Систематика бактерий – А. КазНУ 140 стр.

  20. Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.

  21. Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.

  22. Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.

  23. Жизнь микробов а экстрмальных условиях.-М.: Мир, 1981.

  24. Квасников И.Е., Нестренко О.А. Молочнокислые бактерии и пути их использования.-М.: Наука, 1975.
ОБСӨЖ мазмұны:

Топырақ түзуші немесе аналық жыныстар. Топырақты барынша терең зерттеу бұдан жүз жыл бұрын басталған болатын. Топрақ жөніндегі ғылымның негізін қалаушы В.В. Дакучаеваның ( 1845-1903) топырақты табиғаттың ерекше тірі денесі деп қарау керек деген сөзі күні бүгінге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ. Топырақ түзілетін тау жыныстарын, аналық немесе топырақ түзуші жыныстар деп атайды. Бұл жыныстар жел, су, температура тағы басқа сол сияқты жағдайлардың әсерінен үлкен құбылыстарға ұшырап отырады. Тау жыныстарының және ондағы миералдың осындай өзгеріске түсуін үгілу деп атайды. Үгілудің үш түрі бар олар : физикалық, химиялық және геологиялық үгінулер.

Химиялық жолмен үгілуде тау жыныстарындағы минералдық құрамы өзгеріп жаңа минериадар түзіледі. Бұл процестің негігі бір себеб-құрамында көмірқышқылы мен оттегі мол атмосфералық су. Биологиялық жолмен түзілгенде тірі организмдер тау жыныстарынан өзіке қажетті минерал заттарды алып, органикалық қосылысқа айналдырады.

Топырақтың миханикалық бөлігі. Топырақтың қатты бөлігі негізінен түрлі өзгерістерге ұщыраған аналық жыныстардан тұрады. Бұларға топырақ түзілу процесінде пайда болған дала шпаты, кварц, слюда, темірдің сулы тотығы және басқа да минералдар жатады. Механикалық құрамына ( түйірлерінің мөлшеріне) қарай топырақты бірнеше топқа бөлуге болады. Әр топырақ түйелерінің шамасы, түрліше болады. Топырақ суы. Топыраққа су жаңбыр, қар, бұршақ не шық түрінде түседі. Жер астындағы су немесе ыза суы топырақтың беткі қабатына таяу орналасқанда, мәселен, батпақтанған топырақтарда кездеседі.Топырақ ауасы. Топрақ кеуек болғандықтан, онда белгілі мөлшерде ауа да болады. Ауаның мөлшері топырақтың кеуектілігіне және ылғалдылығына тікелей байланысты. Топырақтың кеуектілігі мен ылғалдылығы тұрақты болмағандықтан, ондағы ауа мөлшері де құбылмалы болады. Топырақ пен ауа арасында болатын газ алмасуын оның тыныс алу деп атайды.

Топырақтың негізгі қасиетері.

Топырақтың сіңіру қабілеті. Топырақ бөлшектерінің топырақ ерітіндісіндегі әр түрлі қосылыстарды сіңіретін қабілеті бар. Топырақтың сіңіру қабілеті негізенен ондағы органикалық және миниралдық күйіне, шығу тегіне байланысты. Осыған орай сіңіру қабілеті саз және саздақ топырақта, әсіресе оның қарашіріке бай келетін түрлерінде күшті болады. Құм топырақтың сіңіру қабілеті өте нашар.



Топырақтың су-ауа режимі.

Су мен ауаның топырақ бөлшектерінің арасындағы бөлшектердің кеуетерді орналасатыны белгілі.

Ал топырақтың су және ауа режимі оның кеуектілік дәрежесіне тікелей байланысты.

Топырақтың жылу қасиетті.

Жылу топырақтың қажеті қасеитерінің бірі. Жылу әсерінен микро биологиялық және химиялық процестердің қарқыны өзгереді. өсімдіктердің өсуіне, дамуына қолайлы жағдай туады.



Топрақта кездесетін микроорганизмдер.

Топырақ микроорганизмдердің негізгі мекені. Олардың саны және түрлері топырақтың тиипіне және оның жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Топырақтың микроорганимге байлығы соншалық, тіпті оның 1 гр, ауру қоздырмайтын, яғни саратит бактериялар бірнеше жүзден миллиардқа дейін кездеседі ал микробтардың жалпы саны 1гр топырақта 1,5-2 миллиард шамасында болады. Қара топырақта жерден 1гр –да 5 миллиярд, құмдақ топырақта 3 мллияртай , ал орманды жердің күлгін топырағында 2 миллиардтай микроб клеткасы кездеседі.

Тамыр айналасында, яғни резосферада қажетті қоректік заттар ( азот, фосфор, канттар) мол болғандықтан онда микроорганизмдердің саны да анағұрлым көп болады.

Төменгі сатыдағы организмдерден топырақта мыналар кездеседі:



  1. бактериялар

  2. актиномицеттер және онымен тусыстас организмдер

  3. төменгі сатыдағы саңрауқұлақтар

  4. қыналар

  5. қарапайымдар


Тест тапсырмалары:

        1. Мембрана клетка құрғақ затының қанша пайызын құрайды?

А. 25-26

Б. 18-19


В. 10-17

Г. 8-15


Д. 6-16

        1. Бактерия қабықшасында кездесетін азоттық зат

А. Хитин

Б. Күкірт

В. Тимин

Г. Тилокоид

Д. Кликоген


        1. Бактерия цитоплазмасында кездесетін заттар

А. Гранулеза

Б. Кликоген

В. Волщин

Г. Күкірт

Д. Аталғандардың барлығы

4. Фотосинтездеуші бактериялардың цитоплазмасында кездесетін зат

А. Хромотин

Б. Күкірт

В. Тимин

Г. Тилокоит

Д. Кликоген


  1. Бактерия қозғалысының неше типі бар?

А. 5

Б. 3


В. 2

Г. 4


Д. 1

  1. Бір жіпшесі бар бактерияларды қалай атайды?

А. Монококкалар

Б. Монотрихтар

В. Стрептококкалар

Г. Бациллалар

Д. Перитрихтар

25 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы:

Топырақ микроорганизмдері және өсімдік. Желатинді қолдану. Қатты қоректік орта дайындау.
ОБСӨЖ жоспары:

  1. Топырақ микроорганизмдерінің өсімдіктерге әсері.

  2. Өсімдік тамырындағы микроорганизмдер.

  3. Мироорганизмдерден таза культура дайындау әдісі.
ОБСӨЖ мақсаты:

Микроорганизмдердің өсімдіктерге әсерін, олардың тамыр жүйелерінің айырмашылықтарына байланысты әсер етуін, қоректік орта даярлау әдістерімен таныстыру мәлімет беру.

Пайдаланатын әдебиеттер :

а) негізгі :

              1. Гусев М.В. , Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.

              2. Колешко О.И. Микробиология.-Минск:Бывшая школа, 1977 г.

  1. Кратки определитель бактерий Берги.-М.: Мир, 1980.

  2. Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.

  3. Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.

  4. Шоқанов Қ.Н. Микробиология. Алматы, “Санат”,1997.

  5. Құлдыбаев М. Ауыл щаруашылық микробиологиясы. Алматы, “Білім”,1994.

  6. Генкель П.А. Микробиология с оснсвами вирусологии. Учеб. Пособие для студентов биол. фак. пед. Ин-тов. М., “Просвищение”,1974.271с.

б )қосымша әдебиеттер

  1. Аристовская Т.В. Микробиология процессов почвообразования. –Л.: Наука,1980.

  2. Биотехнология.-М.: Наука,1984.

  3. Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.

  4. Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.

  5. Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.
ОБСӨЖ мазмұны:

Өсімдіктердің тамырында және тамырдың айналасында, яғни ризосферада

микроорганизмдердің көп мөлшерде кездесетінін атап өткен болатынбыз. Бұлардың ішінде басым көпшілігі спора түзбейтін бактериялар. Олар органикалық заттары мол топырақтарда көбірек өніп-өседі. Өсімдіктер ризосферасында саңырауқұлақтар да жектілікті. Бұлардың ішінде пеницилл, триходерма, фузариум саңырауқұлақтары көп тараған. Жас өсімдіктер тамырларының айналасында актиномицеттер орта бастайды.

Өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігі мен тамырларынан өніп-өсу барысында түрлі органикалық заттар бөлінеді. Мұны эндоосмос құбылысы деп атайды. Әрине көптеген себептерге байланысты бұл құбылыстың қарқыны да өзгеріп отырады. Вегетация дәуірінде бөлінетін осындай қосылыстар мөлшері өсімдіктер массасына шаққанда 10% және онда да көбірек шамада болады.

Өсімдік тамырында түрлі минерал және органикалық заттар түзіледі. Кейде оларда фосфор, калий, кальций, натрий және басқа да элементтердің қосылыстары барлығы анықталды. Тамыр айналасында тіршілік ететін бактериялар мен саңырауқұлақтар, бірте-бірте өсіп – жетілу кезеңі ішінде өсімдіктердің жапырақ – сабақтарына ығысады. Мұнда олар жапырақ-сабақтардан бөлінетін заттармен қоректенеді. Әрине өсімдіктердің жер бетіндегі денесінде микрооргагизмдердің барлығы бірдей емес, кейбір топтары ғана тіршілік етуге бейімделген. Микроорганозмдердің бұл тобын эпифит микроорганизмдер деп атайды.

Өсімдіктерге қоректік заттар әзірлеуде ризосфера микроорганизмдерінен басқа төменгі сатыдағы бірқатар организмдер белсене қатысады.

Ризосферадан фосфор мен көмірден басқа да оңай еритін азот қосылыстарын жиі, әрі көп мөлшерде кездестіруге болады.

Топырақты өңдеу, құрылымын жақсарту, суландыру, тағы сол сияқты шаралар пайдалы микроорганизмдер тобының ризосферада жиналуына қолайлы жағдай туғызады.

Топырақ микроорганизмдерінің өсімдіктерге әсері.

Табиғатта микрооргнизмдердің алуан түрлі топтары бар. Олардың ішінен өсімдікке қолайлы немесе қолайсыз әсер ететін топтарын да кездестіруге болады. Бұлар негізінен активаторлық, ингибиторлық және антагонистік микробтар.

Микроб – активаторлар. Топырақ микроорганизмдерінің бірқатары әр түрлі (витаминдер) биологиялық активті заттар бөліп шығарады. Бұларға түрлі витаминдер, ауксиндер, амин қышқылдары және басқалар жатады. Осындай микроорганизмдерді биологияда микроб – активаторлар деп атайды.

Микроб – активаторлар дәннің шығымдылығын арттырады, өркендердің дамуын шапшаңдатады, ал кейде олар өсімдіктегі биохимиялық процестердің бағытын да өзгерте алады. Мәселен, тамырларыдың айналасында бактерия болмаса немесе оның ұлпасының ішіне енбесе арзидия деп аталатын өсімдік мүлде өспейді. Ал өскен күннің өзінде гүлдемейді, демек жеміс бермейді. Бактериялар енгенде оның жақсы өніп-өсіп гүлдей алатыны анықталды.

Кейбір микрооргагнизмдер өсімдіктерге қолайлы әсер ететін витаминдерді бөледі. Жалпы зерттеулерге қарағанда топырақ микроорганизмдерінің 50 проценттейінің осындай қабілеті барлығы нықталады.

Микроб – ингибиторлар тұқымның өнгіштігін, өркеннің жақсы өсіп жетілуін тежейді, өнімді төмендетеді. Микроб – ингибиторлар осымен қатар микроорганизмдердің, саңырауқұлақтар мен балдырлардың тіршілігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл құбылысты антогонистік құбылыс деп атайды. Микроб - ингибиторлар саңырауқұлақтардан да табылды. Мәселен, фузириум микроскоптық саңырауқұлағы жүзім жапырағын сарғайтып зақымдайтын кейбір уларды бөлетіні анықталды. Ал пенциллиум зең саңырауқұлағы топырақта көптеп өніп улап, өсуін тежейді.

Микроб-антагонистер. Топырақ микроорганизмдерінің ішінде олардың басқа топтарының өніп-өсуін тежейтін, ал кейде құртып жіберетін де түрлері бар. Бұларды антогонистік микробтар деп атайды. Микроб - ингибиторлар мен микроб-антигонистер арасында айта қаларлықтай айырмашылық жоқ десе де болады. Ингибиторлар жоғары сатыдағы организмдерге (өсімдіктерге) әсер етсе, антагонистер төменгі сатыдағылардың (микроорганизмдердің) өніп-өсуін тежейді.

Пастер топалаңды қоздырушы микроорганизмдердің тауықтың обасын қоздыратын микроорганизмдерге қарсы күресе алатын қабілетін анықтады. Ал И.И.Мечников болса, сүт қышқылы бактерияларының шіріткіш микроорганизмдерді құртып жіберетіндігін ашты. Міне, осының негізінде ол адамның түрлі ішек-сүзек ауруларына қарсы сүт қышқылы бактериялары қатысуымен дайындалған түрлі сүт тағамдарын емдеуге кеңінен қолдануды ұсынады.

Табиғатта микроорганизмдер жеке тіршілік етпейді. Олардың белгілі бір түрлерінің арасында өзара күрес болып жатады. Бұл жағдай топырақта жиі кездеседі. Олар тіршілік әрекеті барысында белгілі бір зат бөлуге бейімделген. Мәселен, кейбір микроорганизмдер тіршілік әрекеті барысында ортаға аммиак, күкіртті сутегі, хлор ионы, алюминий, темір және басқа да элементтердің жиналуына әсерін тигізеді.

Микробтар бөлетін антибиотиктердің негізгі бір қасиеті, осы түрге жататын микроорганизмдерге әсер етпейді де, басқа топтағыларын қырып жібереді. Бұл әрине топырақта кездесетін микроорганизмдердің ара-қатынасын, санын реттейтін жағдай. Орта Азия өсімдіктерінің эпифит микроорганизмдерін зерттеген Е.И.Квасников жалпы осы өсімдіктердің эпифиттерге кедей екенін атап көрсетті. Бұл жердегі қуатты күн сәулесі, оның ішінде ультракүлгін сәуле эпифит микроорганизмдерге жойқын әсер етеді. Кейбір жағдайда эпифит микроорганизмдер ішінен у түзетін топтары да табылып қалады. Олар өсімдіктерді тікелей де зақымдай алады.



Бақылау сұрақтары:

1. Топырақ микроорганизмдерінің өсімдіктерге әсері?

2. Л.Пастер, И.И.Мечников және олардың замандастары зерттеген мәселелері?

3. Актиномицеттерден және басқа да микроорганизмдерден алынатын кейбір химиялық таза заттар?

4. Микробтар бөлетін антибиотиктердің негізгі қасиеті?

5. Табиғатта микроорганизмдердің тіршілігі?

6. Тамыр айналасында тіршілік ететін бактериялар?

7. Өсімдіктер ризосферасы?
26 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы:

Ауа және су микробиологиясы. Құрғақ бумен стерилдеу. Салқындатып стерилдеу. Пастеризация. Бактерия формаларын сүзгілеу.
ОБСӨЖ жоспары:

  1. Микроорганизмдердің таралуы.

  2. Микроорганизмдердің ауада таралуы.

  3. Микроорганизмдердің суда таралуы.

  4. Стерилдеу әдісі.
ОБСӨЖ мақсаты:

Микроорганизмдерге ауа мен судың әсерлерін, олардың айырмашылықтарын және стирелдеу түрлерін түсіндіру мәлімет беру.

Пайдаланатын әдебиеттер :

а) негізгі :

        1. Гусев М.В. , Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.

        2. Колешко О.И. Микробиология.-Минск:Бышэйшая школа, 1977.

        3. Кратки определитель бактерий Берги.-М.: Мир, 1980.

  1. Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.

  2. Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.

  3. Шоқанов Қ.Н. Микробиология. Алматы, “Санат”,1997.

  4. Құлдыбаев М. Ауыл щаруашылық микробиологиясы. Алматы, “Білім”,1994.

  5. Генкель П.А. Микробиология с оснсвами вирусологии. Учеб. Пособие для студентов биол. фак. пед. Ин-тов. М., “Просвищение”,1974.271с.

б )қосымша әдебиеттер

  1. Аристовская Т.В. Микробиология процессов почвообразования. –Л.: Наука,1980.

  2. Биотехнология.-М.: Наука,1984.

  3. Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.

  4. Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.

  5. Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.

  6. Жизнь микробов а экстрмальных условиях.-М.: Мир, 1981.
ОБСӨЖ мазмұны:

Микроорганизмдердің таралуы.

Микроорганизмдер-көбінесе 1 клеткалы, өте ұсақ, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер. Олар милиметрдің мыңнан бір бөлігі микранмен өлшенеді. Бұлардың құрлысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін кем дегенде 400-500 есе үлкейтетін арнаулы аспап – микраскоп қолданылады. Микроорганизмдердің басым көпшілігі – бактериялар. Олар ауада, суда, топрақта таралған.

Топрақта жүріп жататын негізгі биологиялық процестер, топырақтың құнарлығы, оның сапсымен құралуы микроорганизмдер тіршілігіне байланысты. Микроорганизмдер тіршілігінің нәтижесінде өсімдіктердің тамыры арқылы қоректенуі жақсарады, сөйтіп егіннің өнімділігі артады. Сондықтан микроорганизмдер тіршілігінің нәтижесінде топырақта азот, көмір тегі және фосфор элементтерінің көбейуіне мүмкіндік туады.

Микроорганизмдерді барлық суданда кездестіреміз. Әсіресе олардың басым көпшілігі су түбіндегі құқыстан, қоректік заттардың молырақ жерінде тіршілік етеді. Тіпті өзіміз тыныс алатын ауада да олар жеткілікті. Көбінесе олар ауасы нашар, әсіресе халқы тығыз, өнеркәсіп жиы орналасқан жерлерде көп тараған. Жалпы микроорганизмнің әлемінің табиғаттағы маңызы зор. Өсімдіктермен жануарлар қалдықтары микроптардың қатысумен шріп ыдырайды. Олардың денесіндегі түрлі химиялық элементтер ауа мен топыраққа тарайды. Осының нәтижесінде тіршілікке қажетті заттар қайтадан пайда болады.



Микроорганизмдердің суда таралуы.

Табиғатта кездесетін су – бактериялармен саңырауқұлақтардың екінші тіршілік ортасы болып есептеледі. Суға әрқашан күн сәулесі әсер еткенмен Микроорганизмдердің өніп өсуі үшін аса қауыпты емес. Микроорганизмдер қалыпты тіршілік ету үшін, суда қажетті қоректік заттар жеткілікті мөлшерде болуы керек. Суда органикалық заттар көп болса бактерияларда соғұрлым көп болады. Бактериялар санының өзгеріп отыруы судағы органикалық заттың мөлшеріне, су риякциясының (рн) және басқа жағдайларға байланысты.

Өзен суына қарағанда оның түбіндегі балшықтар бактерияларға байырақ келеді. Өзеннің жай жеріндегі бір гарам құрғақ балшықты 2250 мл бактерия кездеседі, ал суы ағымды жердің балшығында олардың саны 470 мл жетеді. Жауыннан кейін бактериялар саны көбейіп кетеді. Егер, жауынға дейін судың 1 мл-де 8 бактерия кездессе, жауыннан кейін оны саны 1223 жетеді. Күн ашық кезде керісінше болады. Жағада 1000 метр қашықтықта ашық күндері 1 мм суда 28 бактерия кездессе, бұлынғыр бұлытты күндері олардың саны 1229 жетеді. Бактериялар саны судың беткі қабатынан түбіне дейінгі тереңдікте бірдей болмай өзгеріп отырады. Әдетте судың бетінен есептегенде 5-20 см тереңдігінде бактериялар саны аса көп болады. Сөйтіп, су неғұрлым тереңнен алынса, бактериялар саны соғұрлым аз болады. Сонымен қатар жыл маусымдарыда бактериялардың суда таралуына едәуір әсер етеді. Бактериялардың ең көп болатын мерзімі май және июль айлары. Микроорганизмдер мұхит пен теңіз суында, әсіресе олардың жағалауында көп кездеседі. Жағадан қашықтықтаған сайын олардың саны азая береді. Шамамен 1мл суда 1000 бактерия бар деп есептегенде 1 шаршы км суда 1 т бактерия кездеседі. Олар судағы басқа тірі организдерге әсерін тигізбей қоймайды. Судағы бактериялар ондағы органикалық және минералды заттарды өзгеріске түсіріп қана қоймайды, сонымен қатар балықтарға қажетті қоректік заттар қорының аралық буыны болып есептеледі. Теңіз балшығы бактериялға өте бай келеді. Б.С.Буткивичтің зерттеуіне қарағанда 225 м тереңдікте жатқан балшықтың 1г 367,4 млн бактерия кездеседі. Әрбір грамм балшықтағы олардың салмағы 0,3 мг тең болады. Б.Л.Исоченканың солтүстік мұзды мұхиттағы Микроорганизмдерді зерттеу жұмыстарыбактерияларды жоғарыдан едәуір қашықтықта және әжептеуір тереңдіктеде де кездесетіні дәлелденді.

Жалпы теңіз суларында 2-3 % ас тұзы бар. Осындай ортада жақсы тіршілік ететін бактериялар тобы болады. Кейбір зерттеулерге қарағанда теңіз бактериялары 0,6 % ас тұзы бар ортада да тіршілік ете алатыны анықталады. Бұларды тұз телерантты бактериялар деп аталады. Мұнымен қатар голофилмді микоорганизмдерде де тұзды едәуір көп концентрациясында тіршілік ете алады. Теңіз суының бактерияларға жойқын, яғни бактерицидтік әсерінің зор маңызы бар. Мысалы, теңіз суы басқа судан бөлініп алынған бактерияларды жарты сағат ішінде қырып жібере алады. Ал, теңіз бактерияларының біразы басқа микроптрға жойқын әсер ететін антибиотик заттарды да бөлуге бейім келеді.

Ауасы шаң-тозаңсыз жерде жауған жауын суында және қарда бактериялар өте аз болады. Бұлардың 1 мм бар жоғы оншақты бактерия кездеседі. Ал, ауасы лас, шаң-тозаңды қалаларда жауған жауын суында немесе қарда бактериялар көп болады. Тұрмыста қолданылып жүрген құбыр суында да бактериялар кездеседі. Артезион суын сүзбеседе бактериялар өте аз болады. Мысалы, ауыз су түрлі өзендерден алынатын болса, ондай суды алдын-ала арнаулы сүзгіден өткізу керек. Сүзгіден өткен суда бактериялар саны азда болса кемиді.

Қабылдаған шама бойынша 1мл де 100 жуық бактериялар болса, ондай су жақсы, ішуге жарамды болып есептеледі. Ағын судағы бактериялар саны да өзгеріп отырады.



Ластанған судың биологиялық жолмен тазаруы.

Қандайда болмасын судың өзіндік биологиялық «қауымы» болады. Бұл организмдер қауымы тұрақты болады, қайта орта жағдайларына сәйкес өзгеріп отырады. Сондықтанда олар орта жағджайларына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді. Олар судағы органикалық заттардың өзгеруіне байланысты басқа организмдер мен алмасып отырады. Осыған сайкес әрбір судың ластану дәрежесі, анықталады, яғни олар жеке спорттың сапробтық аймақтарға ажыратылады. Осы спорттық аймақтарға қарай отырып, ондағы тіршілік жағдайларын анықтауға болады. Мұнда сапробтық деп белгілі бір дәрежеде минералданған және қажетті концентрациялы органикалық заттары бар, белгіілі бір организмдер ғана тіршілік ететін судың жинақталған физиологиялық ерекшеліктерін айтады. Осы ерекшеліктерге кез келген суда сапробтық аймақтардың белгілі бір ретпен алмасып отыратынын байқау қиын емес.



1. Полисапробтық немесе өте ластанған аймақ. Мұндай су өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарына бай келеді. Суда белок, еріген қанттар, пектин заттары, клечатка және басқада қосылыстар көп болады. Осы аймақта анаэроттық шіру процесі өте күшті жүреді. Әрине, тіршілік ететін организмдер де органикалық заттардың көп мөлшеріне, олардан бөлінетін көмір қышқыл газына, метанға, күкіртсутекке аса төзімді болады. Айтылған белок, клечатка заттары бұл аймақта шіру процесіне ұшырайды. Оттек болмайды. Сондықтан да мұнда анаэробты бактериялар көп. Мәселен, 1мл суда 1 млн-ға жуық бактериялар кездеседі.

2. Мезасапробтық аймақ. Бұл аймақта органикалық заттардың менералдануы тоқтамай жүре береді. Бірақ мұндағы белок заттарымен углевоттар құрам бөліктеріне ажыраған күйінде болады. Сондықтанда да тотығу процесі жүріп жатады. Әсіресе, аммиактың азот қышқылына дейін тотығуы өте қуатты жүреді. Органикалық заттардың қалғаны көмір қышқылына айналады. Судың бұл аймағының 1мл – нен 100 мыңдай бактерияны кездестіруге болады.

3. Олигосапробтық аймақ. Ол органикалық заттарға кедей, тірі организмдері өте аз, таза су. Бұл аймақтағы судың 1 мм – де 10- 1000 дейінгі бактериялар болады. Аммиак азот қышқылына, күкірт сутектің күкірт қышқылына тотығуы аяқталады. Аймақтың ерекшелігі – онда темі (II) огсидінің темір (III) гдрооксидіне айналу процесі жүреді. Тотықтыру процесін жүргізетін – темір бактериялар. Сондықтанда бұл аймақтың негізгі көрсеткіші болып есептеледі.

Микроорганизмдердің ауада таралуы.

Топрақта микрорганизмдер тіршілік етумен қатар, өніп - өсіп, көбейеді. Ауада олар едәуір мөлшерде кездеседі, бірақ өсіп - өнуіне мүмкіндік жоқ. Сондықтан ауа микрорганизмдердің уақытша мекені болып есептеледі. Ауаға микрорганизмдер шаң – тозаңдар мен көтеріледі де, қайтадан солармен бірге шөгеді. Егер, жер бетіне шөгіп үлгермесе ауада тез арада қырылып кетеді. Микрорганизмдер әсіресе, қозғалысы күшті, өнеркәсіп орындары көп қалалар үстінде ауада микрорганизмдер өте көп болады. Ал, керісінше ауыл, село, орман, тау, теңіз және Арктика мұздарының бетіндегі ауада микроорганизмдер өте аз. Органикалық заттарға бай өңделген топырақ бетіндегі ауада микрорганизмдер әжептеуір болады. Сол сияқты құмды, аңызақ жел тұратын жерлердегі ауада өте аз кездеседі. Тіпті бір жердегі ауада жауын жауғанға дейін микроптар көп болса, жауынан соң едәір азайып қалады. Ауаға көтерілген сайын микроптар да азайа түседі. Мұндай жағдайларда тіпті үлкен қалалардың үстінен де байқауға болады. Е.Н.Мушустиннің зеттеуіне қарағанда 500 м биіктікте әрбір текше метр ауада 2100 бактерия, 2000 м биіктікте 500-700 бактерия кездеседі екен.

Ауада микрорганизмдерге күннің ультра күлгін сәулесі күшті әсер етеді. Түссіз бактерияларға қарағанда пигменттері бар түсті бактериялар төзімділеу. Әдетте спора түзбейтін микроорганизмдер төзімсіз болғандықтан, спора түзетіндеріне қарағанда олардың саныда аз болады.

Жыл мезгіліне байланысты ауа микроорганизмдердің саны мен сапасыда өзгеріске ұшырап тұрады. Олардың ең аз мезгілі – қыс, ал көп болатын кезі – жаз. Көктеммен күзде олар көп болмайды.

Қыс кезінде қар жердің бетін жауып қалады да шаңның көтеруіне мүмкіндік бермейді. Ал, жаз кезінде жел шаң – тозаңдармен ауаға микроорганизмдерді ұшырып шығарады. Күзбен көктемде жауын шашын жиы болып көтерілетін шаң – тозаңда азайады. Сондықтан бұл мезгілде ауада микроптар көп болмайды. Ашық жерлерге қарағанда бөлме немесе үй ауасында микрорганизмдер өте көп. Мәселен, бөлме ауасының бір текше метрінде 100 000 жуық микрорганизмдер болады. Бөлмеде адам көп болған сайын көтерілетін шаңда көбейеді микроптар саны артады. Кейбір ауру туғызатын микрорганизмдер бөлме ауасына таралып тыныс алған кезде басқа адамға жұғады.

Бақылау сұрақтары:

1. Микроорганизмдердің таралуының ерекшеліктері?

2. Микроорганизмдердің ауада таралуының ерекшеліктері?

3. Ластанған судың биологиялық жолмен тазаруының маңыздылығы?

4. Микроорганизмдердің суда таралуы?

5. Көмірсулардың лимон қышқылына тотығуы.

6.Клетчатканың тотығуы.


  1. Патоген микроорганизмдер және олармен күресу жолдары.

  2. Сібір жарасы.

  3. Бөртпе оба.

  4. Микротосиндер.

  5. Холера , дифтерия, тұмау, аусыл, қтыру аурулары.

  6. Жұқпалы аурулардан сақтандыру мен емдеу.

  7. Иммунитет жөнінде ілім.

  8. Ауруларға қарсы организмдердің иммунитеті.

  9. И.И. Мечниковтың иммунитет бойынша жұмысы.

  10. Антибиотиктер.

  11. Микроорганизмдердің әсерінен азотты заттардың өзгеріске ұшырауы.

  12. Белокты заттардың ыдырауы.

  13. Мочевинаның ыдырауы.

  14. Гумустың ыдырауы.
27 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы:

Бактериялы тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығында пайдалану. Асептика және антисептика. Лаборатория ауасын дезинфекциялау.
ОБСӨЖ жоспары:

  1. Нитрагин.

  2. Азотобактерин.

  3. Фосфоробактерин.

  4. АМБ бактериялы тыңайтқыш.

  5. Силикат бактериялары.

  6. Дезинфекция.
ОБСӨЖ мақсаты:

Бактериялы микроорганизмдерді ауыл шаруашылық тыңайтқыштарында пайдалану жолдарын, дезинфекциялау түрлерін анықтау оның нәтижелерін көру туралы мәліметтер беру.
Пайдаланатын әдебиеттер :

а) негізгі :

        1. Гусев М.В., Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.

        2. Колешко О.И. Микробиология.-Минск:Бышэйшая школа, 1977.

        3. Кратки определитель бактерий Берги.-М.: Мир, 1980.

        4. Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.

        5. Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.

  1. Шоқанов Қ.Н. Микробиология. Алматы, “Санат”,1997.

  2. Құлдыбаев М. Ауыл щаруашылық микробиологиясы. Алматы, “Білім”,1994.

  3. Генкель П.А. Микробиология с оснсвами вирусологии. Учеб. Пособие для студентов биол. фак. пед. Ин-тов. М., “Просвищение”,1974.271с.

б )қосымша әдебиеттер

  1. Аристовская Т.В. Микробиология процессов почвообразования. –Л.: Наука,1980.

  2. Биотехнология.-М.: Наука,1984.

  3. Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.

  4. Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.

  5. Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.

ОБСӨЖ мазмұны:

Топырақтағы микроорганизмдердің пайдалы топтары үшін өнебойы қолайлы жағдай тумайды. Кейде бұл топтардың тіршілігі мүлде тоқталып та қалатын жағдайды кездестіруге болады. Сондықтан топырақтағы пайдалы микроорганизмдердің тіршілік әрекетін күшейту мақсатында оларды жеке өсіріп, содан соң топыраққа қолдан қосу ұсынылады. Мұндай микроорганизмдерден дайындалған препаратты бактериялы тыңайтқыштар деп атайды. Бактериялы тыңайтқыштар топырақты тиісті микроорганизмдермен байытады. Бұл мәселе жөнінен екі көзқарас бар екенін айту керек.



Нитрагин – бұршақ тұқымдас өсімдіктердің өнімін арттырып, сапасын жақсарту мақсатында қолданылады. Сонымен қатар нитрагин көмегімен атмосфера азотын биологиялық айналымға қосуға жол ашады.

Нитрагин препаратының негізін түйнек бактериялары құрайды. Түйнек бактерияларының тарихы бұршақ тұқымдас өсімдіктерді өсірумен байланысты.

Кейбіреулері петонды жақсы пайдаланады. Амин қышқылдарымен де қоректенетіндері толып жатыр. Олар өсу кезінде қанттардан – сахароза, глюкоза, лавулеза, мальтоза, декетриндерді және органикалық қышқалдарды жақсы пайдаланады. Сонымен қатар бірқалыпты тіршілік ету үшін оларға фосфор, күкірт, калий, магний, кальций, темір элементтері де қажет болады.

Микроорганизмдерден Нитрагин дайындау қиын емес. Алдымен түйнек бактериялары құрамында бір процент қанты бар арнаулы үлкен ыдыстарда өсіріледі. Бұл үшін бұршақ өсімдіктері қайнатпасынан қоректік орта дайындалады. Өндіріске арнап көзі 3-5 милиметр електен өткізілген, зарарсыздандырылған қарашірігі мол бейтарап реакциялы топырақ әзірленеді.

Нитрагинді тұқымға тек көлеңкелі жерде ғана жұқтыру керек. Өйткені күн сәулесі түйнек бактерияларын қырып жібереді. Тұқым аздап дегдігенде-ақ себуге кірісу қажет.

Азотобактерин.

Өсімдіктердің өсіп-дамуын зерттеу барысында ғалымдар топырақта осы өсімдіктер қолданған азотты қайтаратын микроорганизмдер болатынын дәлелдеді.

1893 жылы С.Н.Виноградский топырақта ауасыз жағдайда атмосфера азотын сіңіре алатын хлостридиум пастеурианум деген микроорганизмдерді тауып зерттеді. Бұдан соң 1901 жылы ғалым Бейеринк бау-бақша топырағынан еркін тіршілік ететін азотобактер хроокококум деп аталатын микроорганизмдер тапты. Олардың атмосфера азотын өте белсенді түрде сіңіріп, онымен топырақты байытатын қабілеті бар. Бұл микроорганизм басқаларға қарағанда көбірек зерттеледі.

Азотобактер тың және тыңайған жерде сирек кездеседі. Ал шымды-күлгін топырақ азотобактер тіршілігіне тым қолайсыз.

Фосфоробактерин.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет