Пәнінен Оқу әдістемелік кешен


№ 19 ОБСӨЖ ОБСӨЖ тақырыбы



бет31/41
Дата11.06.2016
өлшемі2.66 Mb.
#127531
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
19 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы:

Иммунитет жөніндегі ілім. Модификация. Трасформация. Трансдукция.
ОБСӨЖ жоспары:

Ауруларға қарсы организмдердің иммунитеті.

И.И. Мечниковтың иммунит жөніндегі жұмысы.

Антибиотиктер.

Микроорганизмдердің генетикалық өзгергіштігі.


ОБСӨЖ мақсаты:

Микроорганизмдердің модификациясына, трансформациясына, трансдукциясына олардың айырмашылықтарына тқталып, иммунитет жайында және ауруларға қарсы тұру жолдарына толық мәлімет беру.

Пайдаланатын әдебиеттер :

а) негізгі :

1. Гусев М.В., Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.

2. Колешко О.И. Микробиология.-Минск:Бышэйшая школа, 1977.

3. Кратки определитель бактерий Берги.-М.: Мир, 1980.

Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.

Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.

Шоқанов Қ.Н. Микробиология. Алматы, “Санат”,1997.

Құлдыбаев М. Ауыл щаруашылық микробиологиясы. Алматы, “Білім”,1994.



б )қосымша әдебиеттер

Аристовская Т.В. Микробиология процессов почвообразования. –Л.: Наука,1980.

Биотехнология.-М.: Наука,1984.

Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.:Наука, 1976.

Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.

Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.


ОБСӨЖ мазмұны:

Фитонцидтер.

Иммунитет – патогендік микробтардың, олардың токсиндері мен басқа да табиғатта биологиялық бөгде заттардың әрекетін малдың немесе адам организмінің қабылдаушылық мәні. Иммунитеттің мәні патогендік агенттердің енуі мен әрекетіне байлансты организмнің, ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін физиологиялық қорғанс реакциясы комплексінің көрінуінен тұрады. Қорғаныс реакциясын көрсету қабілеттілігі тұқым қуалаушылық сипатымен түсіндіріледі немесе өмір сүрген уақыт ішінде пайда болады.

Шығу тегінің белгісіне байланысты иммунитетті екі түрге бөледі: табиғи және пайда болған (иелік). Табиғи иммунитет (түрлік, тұқым қуалаушылық) бұл басқа түліктерге зақым келтіретін ауру қоздырушылардың әрекетіне кейбір мал түрлерінің ауруға бейімсіздігі. Ол тұқым қуалаушылықпен беріледі және де мал организмнің физиологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы: ірі қараның ешқашан сақаумен ауырмайтыны, шошқа обасының қоздырушысына сезімталдығы жоқ екені белгілі.

Пайда болған иммунитет организмге енген және инфекциялық процесс қоздырған патогендік микробтардың әрекетіне қарсы реакцияның салдарынан немесе жасанды иммунизацияның нәтижесінен дамиды. Бұл жағдайда осы аурудың қоздырушысына (токсинге) байланысты малдың реактивтігі өзгереді, оны бұзуға, зиянсыз етуге немесе шығарып тастауға қабілеттілігін тудырады. Пайда болған иммунитет тұқым арқылы берілмейді. Және табиғиға қарағанда беріктілігі төмендеу.

Пайда болған иммунитет табиғи немесе жасанды бола алады. Ауруға бейімсіздік организмнің иммунологиялық қайта құрылуына себепкер болғандықтан ауырып өткен инфекциядан кейін ( постинфекциялық) өрістеген, табиғи пайда болған иммунитетті активті дейді. Бұндай иммунитет 1-2 жыл кейбір жайларда өмір бойы (мысалы, обамен ауырған иттерде, шешекпен ауырған қойларда) сақталады.

Енесінен ұрыққа планцета арқылы немесе уызбен (колестрольді иммунитет) және сүтпен берілген антителдердің нәтижесінен жасалып табиғи пайда болған иммунитет пассивті де болады. Бұндай жағдайда ауруға бейімсіздік күші бірнеше аптадан бірнеше айға дейін сақталады.

Жасанды пайда болған иммунитет вакцина енгізу, сонымен қатар аурудан айыққан немесе гипериммундалған малдардың кан сарысуын немесе осы сарысумен бөлініп алынған глобулиндерді енгізу нәтижесінде өріс алды.

И.И. Мечников фагоцитоз жөнінде және оның организмді ауруды қабылдамайтын қасиетіндегі рөлі жөнінде ілім жасады. Егер организмге ерімейтін басқа бір затты енгізсе, оның айналасында мезодермалық клеткалар, ең алдымен, лейкоциттер шоғырлана бастайды. Бұдан ол осы клеткалардың организмде қорғаныш рөлін атқаратыны туралы пікір айтты. Жасалған бірнеше тәжірибелерден кейін И.И. Мечников организмге басқа ауру қоздыратын микробтар енгенде, онда сол микробтарды жоюшы, яғни “жолдамаушы” клеткалар – фагоциттер түзіледі, деген қорытынды шығарды. Осындай клеткалар мен қатар түрлі антигендердің әсерінен организмде арнаулы қорғаныш заттар - антителоларда түзіледі. Антигендерге тірі микробтар, олардың уы өлген микробтар және әр түрлі белоктар жатады. Ал антителалар осы айтылған заттар әсер еткенде организм ұлпаларында түзілетін заттар және олардың сол антигендермен күресіп, оларды құртып жіберетін де қабілеті бар. Негізінен антителолар көкбауырдың лимфалық ұлпасында, лимфалық түйіндерінде түзіліп, одан қанға таралады. Антителолар организмде иммунитет құруға белсене қатынасады. Және организмнің қасиетін күшейте түседі.

Антибиотиктер (гректің “анти”-қарсы, “биос” - тіршілік деген сөзінен шыққан, яғни тіршілікке, өмірге қарсы зат) деп атайды. Антибиотиктерді көптеген актиномицеттер, бактериялар және саңырауқұлақтар да бөледі. Антибиотиктердің микробтардың тіршілігін тежейтін әрекеті бар. Бұл жағдайда олар бактериостатикалық әсер етеді, кейде антибиотиктер микробтарды қырып жібереді. Оны бактерицидтік әсер деп атайды. 1871 жылы орыс ғалымы В.А. Манассеин зең саңырауқұлақтарының бактерияларды жойып жіберетін қабілетін ашты. Бұдан бір жылдан соң А.Г. Палотебнов оны іріндеген жараға салып, жақсы нәтижеге ие болады. Осыдан бастап миробиология ғылымында антибиотиктерді іздестіру жөнінде көптеген зерттеулер жүргізілді. Соның нәтижесінде қазір қолданылып жүрген көптеген антибиотиктер белгілі болды. Солардың кейбір аңыздыларына тоқталып өтейік.

Пенициллин - пенициллум зең саңырауқұлағынан алынған. Ол көптеген стрептококктарға , стафилококтарға күшті әсер етеді. Таяқша тәрізді микробтар мұның әсерінен төзімді келеді, оны қазір медицинада, ветеринарияда кеңінен қолданады.

Стрептомицин - актиномицеттен алынады. Ол туберкулез таяқшасының тіршілігін тежейді. Бруцеллез және ішек ауруларын емдеуге қолданылады.

Громицидин - топырақта кездесетін боциллус бревис деп аталатын таяқша бактериядан бөлінген. Жануарлардың бірқатар ауруларына қарсы қолданылады.

Биомицин - актиномицеттің бір тобынан алынған. Бұл да жануарлар мен адам ауруын емдеуге қолданылады. Соңғы жылдары мал мен адам ауруларыа қарсы қолданылатын басқа да біраз антибиотиктер табылады және олар жан-жақты зерттелуде.
Бақылау сұрақтары:

1. Микроорганизмдерге химиялық, биологиялық факторлардың әсері.

2. Ортаның қышқылдық және сілтілік дәрежесі.

3. Оттегі мен Сутегі иондары.

4. Көмір қышқыл газының әсері.

5. Синергизм.

6. Тағамды сақтау мен косервілеуде микроптар тіршілігін сыртқы орта факторларымен реттеу.

7. Биоза принципі.

8. Анабиоза принципі.

9. Ценабиоза принципі.



  1. Абиоза принципі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет