Пәнінен syllabus


Физиканы оқытудың негізгі міндеттері



Pdf көрінісі
бет8/91
Дата20.05.2022
өлшемі2.12 Mb.
#458428
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   91
SYLLABUS ФОТ

Физиканы оқытудың негізгі міндеттері 
Физиканы оқыту міндеттеріне мыналар жатады: 
-ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде физиканың атқаратын маңызы және 
оның даму болашағын ғалымдардың физика мен техниканы дамытуда қосқан үлесін ашып 
көрсету негізінде оқушыларға идеялық, патриоттық тәрбие беру; 
-ғылыми 
білімдерді, 
эксперименттік 
фактілерді, 
ұғымдарды, 
заңдарды, 
теорияларды, физика ғылымының өзіндік әдіс-тәсілдерін, дүниенің қазіргі заманғы 
ғылыми бейнесін қалыптастыру; 
-материаның құрылымдық сарқылмасиығы мен біртұтастығын, физикадағы аса 
маңызды 
сақталу 
заңынының 
жан-жақтылығын, 
физикалық 
құбылыстардың 
диалектикалық сипатын, физикалық теориялардың сабақтастығы, физиканы дамытудағы 
теория мен тәжірибе арақатынасының міндетін, танымдағы іс-тәжірибенің ақарар 
маңызын ашу; 
-ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарымен, атап айтқанда, кешенді 
автоматтандырумен, электрониканың және микропроцессорлық техниканың, роботты 
техниканың, аомдық энергетиканың дамуымен, жаңа материалдарды жасау және өңдеу 
технологиясымен, физика заңдарының техника және өндіріс технологиясында 
қолданылуымен таныстыру; 


-өзбетімен білім алу және алған білімдерін қолдана білу, физикалық құбылыстарды 
бақылай және түсіндіре білу; сондай-ақ, оқулық, анықтамалық және хрестоматия 
әдебиеттерін пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру; 
-қайсыбір эксперименттік икемділікті қалыптастыру, құралдар мен аспаптарды 
пайдалана білу; өлшеу нәтижелерін шығара білу, және тәжірибе мәліметтері негізінде 
қорытынды жасай білу, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай білу; 
-физика мен техникаға деген танымдық ықыласын, шығармашылық қабілетін 
дамыту, мамандықты саналы таңдауға дайындау; 
-оқушыларға адамгершілік тәрбие беру, білім беру және сол білімдерін жетілдіру, 
еңбек етуге дайындау; 
-оқу материалын саралау принципін жүзеге асыру – негізгі фактілер, ұғымдар, 
заңдар, теорияларды және физика ғылымының әдістерін оқып үйренуге, теория негізінде 
физикалық құбылыстарды кең ауқымды қорытындылауға үйрету; 
-физикалық құбылыстарды, тәжірибе нәтижелерін аспап пен қондырғылардың 
жұмыс тәртібін өз бетінше түсіндіріп беруге, ғылымның негізгі бастапқы қағидаларын 
қолдана білуге үйрету; 
-оқушыларға физиканың ғылыми және теориялық негіздерін меңгерту; 
-оқушылардың жалпы ғылыми ойлауын дамыту – физикалық құбылыстардың, 
заңдар мен заңдылықтардың, қағидалардың мәнін олардың болу себептерін түсіндіру, 
құбылыстардың қалай болатынын алдын-ала болжау; 
-оқушыладың алған теориялық білімдерін, табиғатта, техникада, өмірде, жұмыста 
кездесетін физикалық құбылыстарды түсіндіруге қолдана білуге үйрету; 
-оқушылардың оқылған физикалық заңдар мен заңдылықтардың іс-жүзінде 
қолданылуы жайындағы білімдерін кеңейту; 
-оқушыларды әртүрлі физикалық аспап, құралдар мен қондырғыларды пайдалана 
білуге тікелей іс жүзінде дағдыландыру; 
-оқушылардың патриоттық және ұлттық мақтаныш сезімін тәрбиелеу; 
-физика курсын өзбетінше оқып үйренуге баулу; 
-оқулықта және арнайы берілген тапсырмалар бойынша оқу материалдарын талдай 
білу; 
-физикалық 
жаттығуларды, 
эксперименттік 
және 
оқыту 
тәжірибелерін, 
лабортаориялық жұмыстар мен есептер шығаруды еркін меңгерту, т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет