8 сыныпта тұрақты ток электр двигателінің жұмсы, айнымалы ток генераторының,
трансформаторының құрылысы мен жұмысы оқытылады. Электр энергиясының
өнеркәсіпте, транспортта, ауылшаруашылығында пайдаланылуы жөнінде түсінік беріледі.
10 сыныпта оқушылардың электр энергиясының
алынуы және пайдаланылуы
жөніндегі білімі кеңейтіліп тереңдетіледі, электрленудің негіздері анықталады, ірі және
кішігірім су электр станцияларының құрылысы туралы айтылады.
Политехникалық білім беруде физикалық және техникалық мазмұндағы
лабораториялық жұмыстар да өте-мөте бағалы. Мұндай жұмыстар оқушыларды әртүрлі
иехникалық құралдардың,
механизмдердің, түрлі жабдықтардың, құрылғылардың
құрылыстарымен және қызметімен таныстырып, өлшеуіш құралдармен жұмыс істеуге
дағдыландырады.
Мұндай политехникалық мазмұндағы лабораториялық жұмыстар оқушылардың
сызбалар мен кестеларды шартты белгілерді пайдаланып үйренуіне мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: