Одан кейін оқушыларға дыбысты адам құлағының қабылдауын, яғни жиілігі 20 Гц-тен
20000 Гц аралығында қабылдайтыньш, ал жиілігі 20 Гц-тен кем инфрадыбыстар, ал
жиілігі 20000 Гц-тен артық улътрадыбыс, 10
9
Гц-тенүлкені гипердыбыстар деп аталатыны
айтылады. Сондай-ақ дыбыс толқындарының сипаттамалары (жиілігі, интенсивтілігі,
спектрлік құрамы) қарастырылады. Дыбыс толқынының интенсивтілігі дыбыстың тарау
бағытына перпендикуляр орналасқан бірлік ауданға
бірлік уақыт ішінде келген
энергиямен сипатталады. Дыбыс толқындарының интенсивтілігінің өзгешелігін адам
дыбыс қаттылығымен айырады. Дыбыс қаттылығы тербеліс амплитудасына тәуелді:
дыбыс амплитудасы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым дыбыс қатты болады. Дыбыс
жоғарылығы тербеліс жиілігіне тәуелді: дыбыс көзінің тербеліс жиілігі неғұрлым үлкен
болса, соғұрлым шығарған дыбысы жоғары болады. Барлық басқа күрделі дыбыстардың
тоны обертондар (қосымша дауыс құбылысы) деп аталады. Обертондар дыбыс тембрін
анықтайды, яғни бір дыбыс көздерін келесіден ажыртауға мүмкіндік беретін қасиеті.
Мысалы, рояль даусын, домбыра немесе скрипка даусынан оңай ажыратамыз.
Электронды осциллографқа микрофонды қосып камертонның
қарапайым тонының
(монохраматты синусоида толқыны) және музыкалық аспан дыбысын (бірнеше
жиіліктердің қосындысы негізгі тон мен обертондар) және шу (үздіксіз жиіліктер
жиынтығы) осциллограммаларының айырмашылықтары көрсетіледі.
Дыбыс толқындарының резонанс құбылысы оның толқындық қасиетінің дәлелі болып
табылады.
Резонанс құбылысының пайдалы және зиянды жақтарын айтып өту керек. Мысалы
музыкалық аспаптарда дыбысты күшейту үшін резонаторлар қолданылады. Гитарада,
скрипкада және басқа да ішекті аспаптарда резонатор қызметін сыртқы қораптарының
(астыңғы және үстіңгі) бөліктері атқарады. Резонаторлар аспап шығаратын дыбысты
күшейтуге көмектеседі және бір аспаптың үнін екіншісінен
ажыратуға болатын дыбыс
құбылысының бояуы тембрді береді. Дыбыс тембрі резонатордың өлшемі мен формасына
ғана емес, оның қандай ағаштан жасалғанына және жаққан лак құрамына тәуелді. Бұл
резонанстың пайдалы жағы. Ал зиянды жағына телефон, микрофон, дыбыс
зорайтқыштарда мембрана мен катушканығ еріксіз тербелісі пайда болады. Осы еріксіз
тербелістер құрылғының өз тербелісімен сәйкес келгенде қаттырақ дыбыс шығын, беріліп
жатқан хабардың дауысында бұзылу пайда болады. Сонымен, бұл құрылғыларда резонанс
құбылысы пайдасыз.
Соңында, оқушыларды дыбыстың шағылу құбылысымен таныстырып, жаңғырықтың
қай уақытта болатыны түсіндіріледі. Адам
құлағы екі дыбысты ажыратады, егерде
олардың шығу аралығы 0,1 с- тан кем болмаған кезде.
Тақырыпты қайталап жалпылау сабағын өткен кезде серпімді толқындарын барлық
диапозонымен және олардың қолданылуымен таныстырылады.
Мысалы, төменгі жиіліктегі серпімді толқындар жер сілкінісін зерттеуде, әрі жер
сілкінісінің тіркеуде қолданылады. Инфрадыбыс көздері,
атмосферадағы жел, найзағай,
жер қыртысындағы жарылысты тіркеуде және т.б. қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: