Пәнінің контенті 5В050111 – Информатика


Дәріс 5. Тақырыбы: Жазба құрылымдық типі



бет13/21
Дата11.10.2023
өлшемі1.1 Mb.
#480348
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Олимпиада есептер3н шешу 2д3стер3

Дәріс 5. Тақырыбы: Жазба құрылымдық типі.
Мазмұны:
1.Жазба құрылымдық типі.
2. Жазбаны қолданып қиынырақ есептерді программалау
Жазу деп әр типті элементтерден құралған күрделі типті мәліметтік берілгендерді атайды. Жазуды құрайтын элементтер жазу өрістері деп аталады.
Жазудың сипатталу үлгісі:
Type тип атауы= Record
1- өріс атауы:1- өріс типі;
2- өріс атауы:2- өріс типі;

n- өріс атауы:n- өріс типі;
end;
var жазу атауы: тип атауы;
Мұндағы Record- жазу.
Жазудың кез-келген элементі былайша көрсетіледі:
жазудың аты. өріс аты;
Мысалы: S1. Fio -1-студенттің фамилиясы
S1. Fak -1-студенттің факультеті
S2. God_r -2- студенттің туған жылы
S1 жазуын жадыға енгізу операторы төмендегіше жазылады:
read (S1. Fio, S1. Godr, S1. Fak, S1. Kurs, S1. Nom_ b );
Жазуды жадыға былайша енгізу күрделі программаларды оқуға қиындық келтіреді. Оны оңайлату үшін программада With (қосу, біріктіру) операторы қолданылады.
With жазу атауы do
begin
жазу өрістерінің аттары енгізілген операторлар
end;
2. Жазбаны қолданып қиынырақ есептерді программалау:
Есеп: 1.Мерзімнен (күн, ай, жыл) және уақыттан (сағат, минут, секунд) тұратын жазба массиві берілген. Массивті өсуі бойынша реттеңдер.
2. Апта күні, бұл күндегі пар саны, пардың басталу және аяқталу уақыты, пән атауы, оқытушы фамилиясы деректерінен тұратын Сабақ кестесі айнымалысы берілген. Бұл деректер ішінен «Информатика» пәндік аймағына қатысты сабақ туралы толық ақпаратты шығарыңдар.
Дәріс 6.
Тақырыбы: Файлмен жұмыс. Программалауда файлды қолдану.
Мазмұны:
1. Файлмен жұмыс командалары.
2. Программалауда файлды қолдану.
Берілгендер файлы- жазулардан тұратын элементтер тізбегі. Файл ұзындығы, яғни бұл тізбектегі элементтер саны жұмыс процесінде өзгеріп отыратын кез-келген шама. Файлмен жұмыс жасау үшін бұл тізбектегі элементтерді оқу және жазу қажет. Файлмен жұмыс алдында файлдық айнымалы мен дискілік файл аты арасында байланыс орнатылады.
ASSIGN( файлдық айнымалы, файл аты);
(assign-тағайындау).
Файлдық айнымалы программаның Var айнымалыны сипаттау бөлімінде көрсетіледі.
Мысал: Var f1:text;
Begin
Assign(f1, ‘C:\ out. txt’);
…….
End.
Ашылған барлық файлдар программа аяқталған соң CLOSE(файлдық айнымалы) процедурасы арқылы жабылу қажет.
Мысал: Close(f1);
Сыртқы құрылғыда жазулы берілгендер файлын сыртқы файл деп, ал элементтері символ болып табылатын файлдар мәтіндік деп аталады. Текстік файлдың стандарт типі txt (текстік) болады.
Дискіде бар файлды ашу үшін
RESET( файлдық айнымалы ) ;
процедурасы қолданылады. Файлдан мәліметтерді оқу үшін қолданылатын READ енгізу процедурасының жазылу үлгісі төмендегіше болады:
READ( файлдық айнымалы, var1, var2,… );
Файлға жазу үшін
REWRITE( файлдық айнымалы ) ;
процедурасы қолданылады. (rewrite- жаңадан жазу).
2. Олимпиада есептерін шығару үшін студент ең алдымен, программалау тілін терең меңгеруі, оның компиляторымен жұмыс жасай алуы керек. Екіншіден, оқушы файлмен жұмыс істеуді білуі, сыртқы программамен іс-әрекетті ұйымдастыра білуі қажет. Файлмен жұмыс істеуді программалауға мысал ретінде 2002-жылғы қалалық олимпиаданың мынадай есебін келтіруге болады :


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет