Str (x, a)- x бүтін немесенақты санды а символдық тұрақтыға түрлендіретін процедура.
Val (a, x, c) процедурасы Str-ға кері процедура. Ол а символдық тұрақтыны х санға айналдыруды жүзеге асырады. Мұндағы с- бүтін айнымалы. Егер а-ны х-ке түрлендіру мүмкін болса, яғни а-ның барлық символы сан болса, с айнымалысының мәні 0-ге тең. Керісінше жағдайда, с- ның мәні 1- символдың нөміріне тең.
Олимпиадалық есептерді программалауға түрлі есептер беріледі. Есеп 1. 01 тізбегі. a1, a2, a3...тізбегі нөл және бір цифрларынан құрастырылады. 0110100110010110... тізбегі былайша құрастырылады: алдымен нөл жазылады. Сонан соң келесі әрекет қайталанады: жазылған бөліктің оң жағына 0-ді 1-ге, 1-ді 0-ге алмастырып цифр жазылады, яғни келесі тізбекті аламыз: 0 - > 01 - > 0110 - > 01101001 - >...
Берілген N бойынша (N < = 100000) aN- ді табу керек.
Енгізу мысалы:
13
Шығару мысалы:
0 Дәріс 3. Тақырыбы: Ішкі программаларды қолданып, қиынырақ есептердің программасын құру.
Мазмұны: 1.Функцияны қолданып программалау 2.Процедураны қолданып программалау 3. Рекурсия Паскаль тілінде ішкі (көмекші) программаның 2 түрі бар: процедура және функция.
Процедураның стандарт түрлерімен Read, Readln, Write,Writeln енгізу-шығару процедураларымен, символдық айнымалыларды түрлендірудің Delete, Str,Insert,Val процедураларымен т.с.с біз бұрыннан таныспыз. Программалаушыға сонымен қатар, өзінің процедура және функция жасауына болады.
Процедура деп қандай да бір есепті шешуге арналған атауы бар программа бөлігін атайды.
Процедура программаның процедураны сипаттау бөлімінде көрсетіледі.
Процедураның жазылуының жалпы түрі:
PROCEDUREпроцедура аты (типтері сипатталған формальды параметрлер тізімі); <сипаттау бөлімдері>